232
деп таныстырды. Сол Тимурдан: «Неге айқайлап жатырсыңдар? Мен
жаңадан келген адаммын. Менің сырымды білмейсіңдер? Маған неге
қарсы боласыңдар?» дегенде, Тимур: «Сіз бұрын Қазақстанда қызмет
еткен жоқсыз. Қазақ халқының кім екенін, оның мінезін, салт-дәстүрін,
тілін, дінін, жер жағдайын, экономикасын білмейсіз. Сіз қалай бастық
болуға келісіміңізді бердіңіз?» деген сұрақ қойды. Колбин: «Біріншіден,
мені бұл жерге партия жіберді. Мен – партия солдатымын. Ал екіншіден,
салт-дәстүр, экономи ка тәрізді білмейтін салаларды білуге болады. Тіл
мәселесіне келгенде мен бұдан 1,5 жылдай бұрын Грузияда қызмет еттім.
Сол кезде грузин тілін жетік үйреніп алдым. Мен қазақ тілін де солай жетік
үйреніп алып, ке рек болса сендерге үйретемін» — деп жауап берді. Тимур
грузин тілін білсе керек, екеуі 5 минуттай грузин тілінде сөйлесіпті. Содан
әлгі бала: «Мен сіздің пікіріңізді түсіндім. Дұрыс», – деді. «Олай болатын
бол са, жолдастарыңа тарқасын деп айт,» – деп әлгілерді шығарып салды.
5-10 минуттан соң терезеден қараса, 500-дей жігіт алаңнан кетіп қалды деді
бізге.
Колбин қазақ тілін неге үйренді?
– Колбиннің қазақ тілін үйренуге деген ниеті болды демексіз гой?
– Колбин «Қайткен күнде де қазақ тілін үйренемін» дегеннен кейін,
шынында да неге жәрдемдеспеске, осыған бір оқулық жазу керек шығар деп
ойланып қалдым. Тілші ретінде Колбиннің қазақ тілін үйрену, әдіс-тәсілі
қалай екен деп сұрастырдым. Жиналыстарда: «Міне, үйренейін деп едім,
ешқандай оқулық жоқ. Қазақ тілінде 1954 жылы шыққан Мұсабаевтың
сөздігі бар. Осы сөздіктен басқа сөздік жоқ екен» деген сөзді талай рет айтты.
Содан кейін қазақ тілінен ол кісіге сабақ беретін әйел кісімен хабарласып,
қалай үйреніп жүр деп сұрадық. «Үйренгісі келетін ойы бар, бірақ оған
уақыты жоқ. Анда-санда шақыртып бір сабақ алады», – деді ұстазы. Содан
үйренгені: «Сәлеметсіздер ме?» деген сөз болды. Бірақ, кетерінде марқұм
«Қош, сау болыңдар!» деген сөзді айтпай кетті ғой. Мұны айтып отырған
себебім, Қазақстанға келген жаңа бастық біздің топырақтағы үлкен
проблемалардың ең бастысы тіл екендігін білді. Сөйтіп, келе салысымен ол
тіл саясатымен шұғылданды. Ол қазақ тілі мен орыс тілін мемлекеттік тіл
болу ын ұсынды. Осыған келген кезде біздің қазақ зиялыларының пікірі бір
жерден шыққан жоқ. Мен тілші ретінде шығып: «Қазақ тілі мен орыс тілін
қатар қою арғымақ пен мәстек атты парлап жегумен бірдей. Біреуі ілгері
тартады, біреуі кейін тартады. Өйткені, біреуі дамыған тіл, екіншісі кеудем
басты болған дамымай қалған тіл. Екеуін қатар қоюға болмайды. Егер біз
дамыған ел боламыз десек, бір-ақ тіл болуы керек. Ол – қазақ тілі. Бұл
233
заңды талап». Қазақ тілінің дәрежесін көтеру жекелеген адамдардың,
ат төбеліндей азаматтардың қолынан келмейтін іс еді. Не істеу керек
де ген сұрақты шешу үшін осы институтта тіл үшін күресетін «Қазақ
тілі» қоғамын құру керек деген шешімге келдік. Сол қоғамның
бағдарламасын, ережесін, жарғысын, Әнұранын жаздық.
– «Қазақ тілі» қоғамын ашуға сол кездері Сіздерге кімдер
көмектесті?
– «Қазақ тілі» қоғамы ашылғанда, тұрақты кеңсеміз болмай
қиналдық. Ел ішінде жақсы ісімен танылған Балташ Тұрсымбаев
ол кезде министр болып тұрған кезі. Ол кезде «Ана тілі» газеті де
ашылып қойған. Бірақ, 20 адамға жуық қызметкерлер отыратын
бөлме таппадық. Балташ Тұрсымбаевқа ба рып, жағдайды айттық.
Ол кісі дереу тапсырма берді. Тапсырма орындалмағаннан кейін өзі
барып, бізге тиесілі бөлмені ұстап отырғандарды қуып шықты. Қазақ
тілі қоғамына кезінде осылай үлкен жәрдем істеген. Сол үшін бұл
кісіге көп рахмет. Біз оның жәрдемін ылғи айтып жүреміз. Өзбекәлі
Жәнібеков те «Қазақ тілі» қоғамына көп тер төкті.
Өзгелер ақымақ, біз ақылды болғанымыз ба?
– «Егер ғалымдар латын қарпіне көшу дұрыс деп шешсе, мен
қарсы емеспін» деп еді Елбасы осыдан бірнеше ай бұрын. Соңғы сөз
сіздерде, сіздер не дейсіздер?
– Президент: «Егер халық қалап жатса, ғалымдар латын тілінің
кажет екенін дәлелдеп жатса, мен қарсы емеспін» деген. Ол кісі осы
пікірінде жүр. Енді қалың жұртшылықпен ақылдасу керек. Мәселе
осыған келді де тоқтап қалды. 1993 жылы Анкарада «Егемендік алған
түрік елдерінің жиналысы» болды. Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан,
Түркменстан, Қырғызстан елдерінің өкілдері қатысты. Сол жылы:
«Біз латын жазуын қабылдауымыз керек. Бұл қазақтар үшін
ғана емес, бүкіл түркі әлемі бірігуі үшін қажет. Кеңес үкіметі
кезінде Қытайдағы қазақ бауырларымыз біресе латиницаға, біресе
арабшаға көшті. Бұл қазақтарды бір-біріне қоспаудың тәсілі
ғой. Біз сиам егіздері сияқты орыстармен басымызбен жабысып
қалдық. Солардан ажыраудың бір тәсілі осы – латын жазуы деп
ойлаймын», – деп Президенттің атына ашық хат жаздым. Бізден
басқа Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркменстан, Татарстан, гагауыз
түріктері, қырым татарлары, қысқасы, Түркияны қоса есептегенде
түркі халықтарының жартысынан көбі латын жазуына көшті. Ал біз
әлі бір тоқтамға келген жоқпыз. Мәселе ресми түрде жоғарғы жаққа
234
қойылған жоқ. Қазір кітап жазып жатырмын. Сол аяқталған соң, осы
мәселені алға қоямын ғой деймін.
– Қазір көнетүркі жазуын көтеріп жүрген бастамашыл топ
белсенді жұмыс істеуде. Тіпті, Рунология институтын ашуды да
ойлап жүргендер бар. Сіз осы мәселеге қалай қарайсыз ?
– Мен түгелдей қарсымын. Оны айтып жүрген Аманқос Мектептегі
деген жігіт осында Тіл білімі институтында істеген. Орхон-Енесей-
Талас өзені бойынан табылған тастар жазуындағы жалпы белгілердің
саны 100-ге жақын. Ал енді қай тілде 100 таңбасы бар алфавит бар?
Орхон-Енесей жазуы практикалық жазу емес. Ол ескерткіш ретінде
қабылданған жазу. Бұл жазуды қазір кім оқи алады? Екінші бір мәселе,
бір дыбыстың жуан-жіңішке варианттары болады. Әрбір дыбыстың
жеке дара таңбасы болуы керек. Ал көне жазуда бір ғана «а» дыбысының
бірнеше таңбасы бар... Патриоттың да, патриоты бар. Ұлтжанды азамат
адамның, халықтың өміріне жақын болғаны жөн.
– «Латын қарпіне көшу көп ретте шетте жүрген бауырларымызға
жақсы болар еді» деген пікірді естиміз. Бұл қаншалықты рас?
– «Қазақпарат» қазір латын тілінде интернетте жаңалықтар
таратып отыр. Шеттегі қандастарымыз осыны оқып: «Ел жаңалықтарын
түсініп, оқи алатын болдық. Рахмет!» – деп алғыстарын айтуда. Біздің
Қытайдағы қандастарымыз арабша жазады, Қазақстанда кириллица,
Өзбекстан келесі жылы түгелдей латынға көшеді. Ол жердегі қазақ
жастары ЖОО-ға түсуі үшін латынша оқуға көшуі керек. Латын жазуы
жер жүзінде халықаралық фонетикалық транскрипция негізінде
қабылданды. Қытайдың өздері латын алфавитін қабылдағысы келді.
Бірақ тілдерінің ерекшелігіне байланысты қабылдамай, тек транскрипция
ретінде қалдырды. Латын тілі – өркениетке бір қадам ілгері жүру ғой
деп ойлаймын. Бізден басқа мемлекеттер не істеп жатыр? Әзірбайжан
түгелдей өтіп болды. Көшелерінде қазір кириллицамен жазылған бір де
бір жазуды байқай алмайсың. Сонда олар бізден ақымақ та, біз ақылды
болғанымыз ба? Олар ақымақ емес, олар да бір нәрсені біледі.
– Сіздің бүгінгі жасап жатқан еңбегіңіздің барлығы болашақ үшін
ғой. Бүгінгі жастар Сіздің идеяңызды қолдап жүр ме? Жастарға не
айтасыз?
– Өткенде латын жазуы жөнінде теледидарда келелі әңгіме болды.
Сонда мен жастарға қатты риза болдым. Кейбір ағалары түсінбей жүрген
жерлерін жастар жете түсініпті. Болашаққа деген көзқарастары дұрыс
екен деп қатты таңырқадым. Жастар түсінгенді ағалары түсіну керек
Достарыңызбен бөлісу: |