2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет84/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   176

244

Қалың  ел,  қарапайым  халықтың  санасын  оятып,  ана  тіліне  деген 

құрметін арттыруды – қоғамның басты мақсат-міндеті деп белгіледік. 

Бір  қарағанда  бұл  тым  жалпылау  айтылған  сөз  сияқты.  Ал  қоғам 

құрушылардың  түсінігі  бойынша  «халықтың  санасын  оятудың» 

астарында  халі  мүшкіл  болған  тілімізді  болашақ  ұрпақ  үшін  сақтап 

қалу, қалпына келтіру, жаңғырту, дамыту деген мақсат жатыр. Өйткені 

осының бәрі ұлттық санаға байланысты. Ана тілінің қажеттігін түсіну – 

елдің елдігін сақтаудың алғы шарты; ана тілі – рухани мәдениетіміздің 

алтын діңгегі екенін мойындау, ана тілі – ұлттық ар-намыстың қорғаны 

екенін түсіну, т.с.с. Егер бүгінде Қазақстанның барлық жерінде жастар 

өз балаларын, қарттар немерелерін қолынан жетектеп балабақшаларға 

апарып, мектептердің партасына отырғызып, қазақша оқытып, тәрбиелеуге 

жаппай  бетбұрыс  жасап  жатса,  ол  да  –  сананың  оянғаны  емес  пе?  Егер 

қарапайым халық жетпіс жылдың ішінде ұмыт болған салт-дәстүрін істеп, 

ата-бабаларының әруағын жаңғыртып жатса, ол – оянғанның нышаны емес 

пе? Егер ел-жұрт бір кезде жатсынған дінмен қайта қауыша бастаса, адам 

жүрегіне инабаттылықтың, имандылықтың қайта оралуы емес пе? Егер 

халқымыз ғасырлар бойы сақталып, атадан мұра болып келе жатқан жер-

су атауларын қалпына келтіруге құлшына кіріссе, ол да оның санасының 

оянғаны емес пе? Егер бүгінде жастар мемлекеттік тілде орта және жоғары 

оқу орындарында дәріс алып, мамандықты меңгере бастаса, іс қағаздары 

қазақша жүргізіліп, парламенттің биік мінберлерінен алғаш рет қазақша 

сөйлегенді естісек, осының бәрі де жаңа үрдіс, игілікті істің ны шаны емес 

пе?

Шиыршық атқан бүгінгі замана райына қарай бойын шыдамсыздық 



билеген, шідербұзар жат қылыққа әуес кейбір жандар болмаса, екі жылдың 

ішінде  жүз  берген  осынау  өзгеріске  шүкіршілік  етуге  болатын  сияқты. 

Бірақ,  өкінішке  қарай,  «Жақсылық  әсте-әсте,  жаманшылық  –  бір  пәсте» 

деген аталы сөзді естен шығарып, 70 жыл бойы қалыптасып қалған қасаң 

тәртіптен, бойымызға ұялап, ойымызды билеп алған жат әдеттен бірден 

арылуды  талап  етушілер  де  арамызда  аз  емес.  Өзін  ғана  ана  тіліміздің 

шынайы жанашыры деп есептейтін ондай жандар «дерттің батпандап кіріп, 

мысқалдап шығатынын» ұмытып, бәрі бір-екі жылда бола қалса екен деп 

қиялдайды. Тіл тағдыры үшін басталған қоғамдық шерудің шебіне ілесіп, 

жалпы дүрмегіне қосылғанымен, кейбір «ақылгөй», «кеңесші» азаматтар, 

байқап қарасақ, күні бүгінге дейін сол коғамның мүддесіне сай өз басының 

міндетін айқындай алмай келеді; ел болып, жұрт болып бастаған осынау 

бір  игілікті  ортақ  іске,  жақсы  үрдіске  ондай  адамдардан  өзінің  қосқан 



245

үлесін сұрасаң, анау-мынау, от басы, ошақ қасы әңгімеден аса алмайды.

Сондықтан да болар, аталмыш «Қазақ тілі» қоғамының екі жылдық 

ісіне  әлеуметтік  көзқарас,  беріліп  жүрген  баға  бірдей  емес.  Айтылып 

жүрген  сындар  мен  талап-тілектердің  көбісі-ақ  дұрыс,  әділетті.  «Үлкен 

істің  бірден  төрт  аяғынан  тік  тұра  қалуы  қиын»  деп  ақталып  жатудың 

да  реті  жоқ.  Кемшіліктің  болуы,  әрине,  заңды  құбылыс.  Бірақ  мәселе 

сол  кемшіліктерді  дұрыс  айқындап,  оны  жөндеудің  жолдарын  іздеуде 

ғой.  Құдай-ау,  жер  жүзінде  бірінші  социалистік  ел  болып  дүркіреген 

бұрынғы  КСРО-ның  көз  алдымызда  күйреуін  көрген  бүгінгі  ұрпақты 

қандай «жаңалық» таңғалдыруы мүмкін. Оның жанында тіл қоғамының 

проблемасы әлдеқайда оңай деп ойлаймыз. 

Дегенмен,  «Қазақ  тілі»  қоғамы  туралы  қалың  бұқараның, 

қазақ  зиялыларының,  республика  үкіметінің,  қоғамдық  ұйымдар 

мен  партиялардың  пікірін,  көзқарасын,  талап-тілегін,  ақыл-кеңесін 

айқындап  алудың  да  бүгін  реті  келіп  тұрған  сияқты.  Бұл  әңгімеге 

түрткі болып отырған себептер де жоқ емес. Оның бір шеті мақаланың 

атына  орай,  «Қазақ  тілі»  қоғамының  дүниеге  келмей  жатып,  бойына 

дари бастаған кейбір «дерттеріне» байланысты.

Қоғам  ісіне  елдің  сын  көзімен  қарасақ,  оның  бойында  мынандай 

кемшіліктер бар көрінеді:

а) «кезінде қалың көпшіліктің қызу қолдауымен құрылған қоғамға 

елдің көңілі суи бастады: өйткені ол күткен үмітті ақтай алмай отыр» 

дегенді естиміз. Бұл пікірге дау айтуға да болады: біріншіден, қоғамнан 

кімнің не күткенін біз білмейміз; қоғамды құрушылар о бастан-ақ өзінің 

ісін қоғамдық сананы оятудан бастауды, заңды орындауға жәрдемдесуді 

мақсат  еткен  болатын;  Тіл  туралы  заңды  іс  жүзіне  асыруды,  оны 

мекемелерден  ресми  талап  етуді,  қадағалауды,  елге  мойындатуды, 

бойсұнбағандарды  жазалауды  ол  өз  мойнына  алған  емес,  алуы  да 

мүмкін емес еді; өйткені ол өз мәртебесі, Жарғысы мен Бағдарламасы 

бойынша  ондай  құқықтан  мақұрым  болатын;  қоғамнан  көңілі  қалып, 

күдер  үзетіндер  осы  бір  жайтты  ескермейтін  сияқты;  сондықтан  да, 

егер ана тіліміздің тағдырына тек қоғамдық әрекетпен ғана шектелмей, 

мемлекеттік  тұрғыдан  қарағымыз  келсе,  онда  көптен  бері  айтылып 

жүрген Мемлекеттік тіл комитетін құруымыз қажет.

ә)  «Республикалық  «Қазақ  тілі»  қоғамы  жер-жерде  құрылған 

қоғамдық ұйымдарға дұрыс басшылық ете алмай, барлық бастамаларға 

мұрындық  болып,  жұмысын  үйлестіріп  отырудың  үддесінен  шыға 

алмай  отыр»  деген  де  пікір  айтылып  жүр.  Өз  ісімізге  сын  көзбен 



246

қарасақ,  бұл  пікірдің  дұрыс  жерлері  бар  сияқты.  Шынында  да  бүкіл 

республика  бойынша  кең  етек  жайып,  өрістей  бастаған  жер-жердегі 

жүздеген қоғамдық ұйымдардың тіршілік-тынысын түгел бақылап, тап 

басып, талдап-талқылап, билік айтуға, нұсқау беріп, біртұтас организмге 

айналдыруда  республикалық  қоғамдағы  он  шақты  адамның  мұршасы 

мен мүмкіндігі жете бермейтіндігін мойындағанымыз жөн.

Бұл  ұйымдастыру,  үйлестіру  мәселесінде  байқалып  жүрген 

кейбір  кемшіліктер,  сайып  келгенде,  о  баста  қабылдаған  Жарғының 

кемшін жақтарына байланысты екенін бәріміз де байқап отырмыз. Бұл 

айтылғандардың бәрі Жарғыны қайта қарауды, екі жылдық тәжірибені, 

ұсыныс-талаптарды ескере отырып, оны жетілдіре түсуді талап етеді.

Айта берсе, мұндай кемшіліктер әлі де табылады. Олардың біразы, 

сөз  жоқ,  президент  –  менің  өзімнен  бастап,  республикалық  қоғам  мен 

жер-жерлердегі  қоғамдық  ұйымдарды  басқаратын  ондаған,  жүздеген 

адамдардың «ана тілім – арым бұл» деп бастаған ұлы мақсатына берік те 

бекем болуына, іскерлік қабілеті мен адамдық парасатына, сөзімен емес, 

ісімен атқаратын өз борышына адал болуына байланысты. «Қазақ тілі» 

қоғамында істеуге бағышталған арнайы мамандық болған емес, болмайды 

да.  Сондықтан  да  бұл  іске  жан-жақтан  жиналып,  бел  байлаушының 

біреуі  білімді  де  білгір,  енді  біреуі  өмір  тәжірибесі  мол  жандар.  Ал 

тағы  біреулері  «нар  тәуекелге»  басатын  қарадүрсіндер.  Көпті  көрген 

дегендердің кейбіреулері кейде көкмылжың болып шығады, кресло мен 

машинадан  ерте  айрылған  мансапқұмар,  «партократия  әулеті»,  немесе 

айғайға  аттан  қосып  жүретін  алақұйын  арандатушы-экстремист  болып 

шығады. Қысқасы, «Қазақ тілі» қоғамының бір кінәраты болса, ол осы 

сияқты «мамандардың» басшылық етуіне байланысты.

Бұл мәселеге біз төменде тағы ораламыз.

Солай бола тұрса да «Қазақ тілі» қоғамы (бұл арада мен республикалық 

қоғамды ғана емес, оның құзырындағы республикалық барша (1 жолы 

жоқ)  екі  жылдың  ішінде  азды-көпті  біраз  игілікті  іс  тындырғанын 

айтпауға болмайды. Осыған орай, ең алдымен ескертетінім: көкпардың 

дүрмегіне ілесіп, додасына бойлап кіре алмай жүрген кейбір жандардың 

«түк  жоқ»  деп  мұрнын  шүйіруіне,  «көрмес  түйені  де  көрмес»  дегендей, 

көрініп  тұрғанды  көргісі  келмей,  біліп  тұрғанын  айтқысы  келмей  «аузын 

қу  шөппен  сүртуіне»  мән  бермейік.  Өмір  әрқашанда  өзінікін  дәлелдейді, 

мойындатады. Ондай пенделермен дауласып, тәжікелесіп жатудың дәл қазір 

реті жоқ. Құдайға шүкір, қазағымызға тән бұл «қасиетті» біз де жақсы білеміз, 

білгендіктен де оған кешірімдікпен қараймыз.



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау