2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет1/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   176


1

Алматы 

«Сардар» баспа үйі 

2014 жыл

Мақалалар, баяндамалар жинағы




2

Қ 23


ӘОЖ 81 373

КБЖ 81. 2 Қаз - 3

Қ 23

Қайдар  Әбдуәли.  Ғылымдағы  ғұмыр.  Мақалалар,  баяндамалар 

жинағы – Алматы: «Сардар» баспа үйі 512– бет, 2014 жыл.

ISBN  978-601 – 7174- 42- 2 - Т.2 

ISBN  978-601 – 7174- 44- 6

Жинаққа  белгілі  тіл  маманы,  филология  ғылымдарының  докторы,  ҚР  ҰҒА 

академигі Әбдуәли Қайдардың әр жылдары газет, журнал беттерінде жарық көрген 

мемлекеттік тіл, көп ұлтты Қазақстан жағдайындағы қазақ және орыс тілдерінің  

қызметі,  тіл  білімі  тарихы,  тіл  құрылысына  арналған  ғылыми  мақалалары  мен 

баяндамалары алғаш рет топтастырылып беріліп отыр.

Бұл еңбек қазақ тілінің бай қазынасын тереңірек білгісі келетін миллиондаған 

оқушы, студент жастар мен зиялы қауым және қалың жұртшылыққа арналған.

ӘӨЖ  81. 373 

КБЖ 81.2 Қаз – 3

© Қайдар Ә., 2014 

© «Сардар» баспа үйі, 2014

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 

Тіл комитетінің тапсырысы бойынша 

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен 

қолданудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы» аясында шығарылды

ISBN  978-601 – 7174- 44- 6 - Т.2

ISBN  978-601 – 7174- 42- 2



3

АЛҒЫ СӨЗ


Қазақ  тілін  түбегейлі,  терең  зерттеу  арқылы  ұлттың  болмысын 

танытқан, ана тілінің қоғамдағы орнын анықтап, мемелекеттік тілдің 

мәртебесін жоғары деңгейге көтерген, аса көрнекті ғалым – ҚР Ұлттық 

Ғылым  академиясының  академигі,  филология  ғылымдарының  докторы, 

профессор,  ҚР  еңбек  сіңірген  Ғылым  қайраткері  Әбдуәли  Туғанбайұлы 

Қайдар.


Қазақ ғылымының қара шаңырағы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы 

Тіл білімі институтында өтіп жатқан алпыс жылдан астам уақыт ішінде 

Ә.Т.Қайдар аспиранттан академикке дейінгі қызығы мен қиындығы мол 

жолды  бастан  өткеріп,  іскер  басшы,  білікті  ғылыми  жетекші,  ғылым 

болашағын болжай алатын талантты ұйымдастырушы ретінде танылды.

Ғалымның  жалпы  түркітану  ғылымына,  соның  ішінде,  әсіресе 

қазақ  тіл  білімі  мен  түркітану  саласына  қосқан  нақтылы  үлесі  мен 

сіңірген еңбегі оның жариялаған 700-ден аса (жалпы көмегі 1000 б.т. 

астам)  зерттеулерінен,  оларда  көтерілген  сан  алуан  (50-ден  астам) 

лингвистикалық  проблемалардың  қажеттілігінен  де,  тақырыбынан  да 

айқын көруге болады.

Ғалымның Қаңлы: тарихи шежіре»(Алматы, 2003) атты көлемді 

монографиясы  мен  Қазақ  қандай  халық?»(Алматы,  2008)  атты 

монографиясы  және  3  томдық  Қазақтар:  ана  тілі  әлемінде»  атты 

этнолингвистикалық  сөздігі  (2009;  2013)  келешек  ұрпаққа  ұлттық 

қасиеттерімізді басқа бұлақтардан емес, тек тіл бұлағынан ғана сусындай 

білудің  нақты  дәйегін  көрсетеді.  Соның  бір  нақты  айғағы  академик 

Ә.Қайдардың  лексикография  саласындағы  еңбектері:  Ұйғырша-орысша 

лингвистикалық  сөздік,  «Қазақша-орысша  бір  буынды  түбірлер  сөздігі 

(1986),  Уйгурско-русский  словарь»(1961),  Қазақ  тілінің  қысқаша 

этимологиялық сөздігі»(авт. бірі) (1966), Тысяча метких и образных 

выражений: казахско-русский фразеологический словарь с этнолингвистическими 

пояснениями»(Астана,  2003),  Халық  даналығы  (қазақ  мақал-

мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеу)»(Алматы, 2004), Қазақ 

тіліндегі қос сөздер: зерттеу және сөздік»(Алматы, 2013) т.б. 

Академик Ә.Қайдар өзінің үздік өнегесімен ғана емес ғылымда еліміздің 

рухани-мәдени,  саяси-әлеуметтік,  білім  мен  ғылым  жүйесіндегі  ғылыми 

зерттеу мен кадр дайындауды ұйымдастыру, тіл саясаты мен мемлекеттік 

тілдің  қызметінің  жүзеге  асырылуы  ісіне  қоғам  қайраткері  ретінде  де 



4

белсене  араласып,  азаматтылықтың  жоғары  деңгейінен  көрініп  келеді. 

Мұны  ғалымның  60  жыл  бойы  атқарып  келген,  әлі  де  жалғастырып 

отырған еңбек жолы айқын көрсетеді.

Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беруге бағытталған тіл саясатының 

қалыптасуына  академик  Ә.Қайдардың  тіл  маманы,  қоғам  қайраткері 

ретінде  ат  салысқаны  қалың  жұртшылыққа  белгілі.  Ә.Қайдар  тіл 

тағдыры,  тіл  экологиясы,  тіл  заңы,  жазу  мен  тіл  мәдениеті,  тіл 

бағдарламасы сияқты көптеген күрделі мәселелерді көтерді. Халықаралық 

«Қазақ тілі қоғамын құрып, оның президенті ретінде Республикада тіл 

саясатының қалыптасуына ықпал жасады. Ғалымның назарынан ұлттық 

тіліміздің бүгіні мен болашағы да тыс қалған жоқ. Ол ҚР Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың атына жазылған ашық хатында (Кемел елге – кемел 

әліпби керек Ана тілі, 1993, 30 желтоқсан) латын әліпбиінің жобасын 

жариялап, соған көшуді ұсынған. Сонымен қатар, жинаққа қазақ тілі 

алфавитіне қатысты ғалымның жариялаған еңбектері мен іс-әрекеттері, 

пікірлері  мен  ұсыныстары  қазақ  тілінің  мемлекеттік  мәртебе  алуына 

байланысты мақалалары енгізілді. 

Жинақта академик Ә.Қайдардың көтерген нақтылы мәселелерін, атап 

айтқанда: мемлекеттік тіл және тілдің әртүрлі мәртебесі мен қоғамдағы 

қызметі: бір тілділік, қос тілділік, көп тілділік, мемлекеттік қос тілділік, 

ресми  тіл,  ұлтаралық  тіл,  халықаралық  тіл,  ортақ  тіл,  т.б.,  тіл 

тағдыры, тіл экологиясына байланысты: ана тілі үшін күрес, мемлекеттік 

тілдің  болашағы,  орыс  тілінің  қоғамдағы  орны,  ана  тілін  меңгерудің 

деңгейі  (соның  ішінде  40  процент  мәселесі),  жазу  мен  тіл  мәдениеті, 

ғылым тілі; сондай-ақ тіл заңы, тіл бағдарламасы, тіл тұжырымдамасы 

және  олардың  орындауы  туралы;  Қазақ  тілі»қоғамының  атқарған 

қызметі, жұртшылықтың жалпы тілге, соның ішінде мемлекеттік тілге 

деген  көзқарасы,  іс-әрекеті  т.б.  сонымен  қатар,  тіл  білімі  тарихына 

қатысты көптеген тілдің өзекті мәселелері қамтылған. 

Бүгінде 90 жас жасап отырған ғалым Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың 

жарты  ғасыр  барысында  жарияланған  мақалаларын  тақырыптық 

топтарға бөліп, бүгінгі оқырман назарына ұсынып отырмыз. 

Сөз  соңында  осы  еңбектің  өз  деңгейіне  сай  сапалы  болып  шығуына 

белсене атсалысқан А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының 

басшылығы мен шәкірттері – филология ғылымдарының докторы, профессор 

Ж.Манкееваға,  филология  ғылымдарының  кандидаты  Э.Өтебаеваға, 

магистр Г.Тлегеноваға зор алғысымызды білдіремі

з.



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау