250
орынбасары күш-жігері мол, алғыр да іскер, білімді, мінезді, бойында
ұлттық қаны бар, ана тілі алдындағы азаматтық борышын, перзенттік
парызын ерекше сезінетін кісілігі мол жастардан болса игі деп тілеймін.
Көп жерде-ақ осылайша үйлесімін тапқан жандар тізе қоса отырып,
игілікті іс тындырып жүргенін де айтуға болады.
Бірақ мұндай «ауызбірлік» барлық жерде бірдей байқалмайды.
Кикілжіңді бастайтын – әдетте пысықайлау орынбасарлар. Ең алдымен
оларға төраға тақиясы тар келе бастайды, «отырса – опақ, тұрса –
сопақ». «Креслода сол отырады, телефонның құлағы соның қолында,
мінетін көлік те соның астында, қоғамның абырой-атағы бәрі соған
телінеді, ал жұмысты істейтін мен, орынбасар...» деген күңкіл шыға
бастайды. Күңкіл болса бір сәрі ғой, мұның аяғы үлкен күншілдікке,
бақталастыққа соғып, дау-дамайға айналып жүргені де белгілі. Тіпті,
ондай төрағаны орнынан ығыстырып тастап, өзі жалақы алатын төраға
болып алған азаматтарымыз да бар. Мүмкін, қоғам басқарудың дәл
осы түрі дұрыс та шығар. Өмір соны дәлелдеп жатса, несіне қарсы
боламыз. Бірақ бұл қоғамға тән имандылық пен инабаттылықтан аттау
емес пе? Мұның кімге қандай үлгі, қандай өнеге боларын да кім білсін!
Сондықтан болу керек, бұл «тағылым» басқа жерлерде де шаң бере
бастады. «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» дегендей, осындай
бақталастықтың арты үлкен дау-дамайға айналып жүргенін бұдан әрі
жасыруға болмайды.
Басшы ағайындар! «Балық басынан шірімесін! Бұлақ басынан
лайланбаса екен деймін. Басшылардың барша әрекетін қалт жібермей
бақылап отырған қалың жұртшылық бар. Екі басшы өзара ғана айтысса
бір сәрі: бірақ олар ел ішінде топ құрып, тобыр сайлатып, жұртты
дүрліктірсе, оларды құдай алдында да кешіруге болмайды.
2. Дерттің енді бір түрі – менмендік, кеудемсоқтық (амбиция),
өзімбілемдік. Бірақ мұндайлардың көкейінде де есекдәме, мансапқорлық
пиғыл жатады. Ондай пенделер қоғамның әртүрлі буындарында-ақ
байқалып жүр. Бұлардың пиғылын бір сөзбен айтқанда: өзінше бастық
болу, үй ішінен үй тігіп, өзінше түтін түтету. Бip кезде «Қазақ тілі»
қоғамының құзырында ұйым құрып, шаңырақ көтерсе де, бола бастаған,
(1 жолы жоқ) әсіресе, аудан, қала көлеміндегі кейбір ұйым бастықтары
ымыраға келіп, сатылы байланыс (субординация сақтап) жасап, қасиетті
тіліміздің мүддесін корғаудың орнына, іргесін елден аулақ салып,
«дербестікті» аңсап, өзінше от оттап, су ішкісі келетін көрінеді. Бұл не?
«Өзі болған қыз төркінін танымайдының», әлде «Жаман атқа жал бітсе,
251
жанына торсық байлатпастың» кері ме? Ондай азаматтар қоғам құрғыш
болса, өздері неге бұрын құрып алмады? Бірақ қалай болғанда да қалың
бұқаралық ерікті қоғамның тағдырын бір адам шешуі мүмкін емес. Олай
болса, біздің таңғалатынымыз: бүйректен сирақ шығарып жүрген тентек
басшыны тезге салатын ел-жұрт, саналы азаматтарда неге үн жоқ!? Heгe
қалың ел болып көтерген «Қазақ тілі» деген қасиетті Қара шаңырақтың
шырқын бұзуға жол беріп отырмыз!?
Осыған орай айтатыным: ағайындар, біз қай облыста, қай қалада,
қай ауданда қоғам құрмалық, ол бір-ақ қоғам, бір-ақ ізгі мақсат-
мүдденің төңірегінде топтасқан қауым. Қандай қоғам және қанша қоғам
құрсаңыздар да өз ықтиярларың. Бірақ «Қазақ тілі» қоғамын басқа бір
мақсатқа итаршы қыла көрмеңіздер!
3. «Қазақ тілі» қоғамына қатысты дерттің тағы бір тобы – орысшалап
айтқанда «попу лизм», қазақшасы – әуегейлік, даңғаза-дарақылық,
экстремизм, әпербақан, ұрдажықтық тәрізді қасиеттер. Рас, бүгінгі
аумалы-төкпелі заманда қайткен күнде де (өзіне емес!) біреуге келсе де,
келмесе де ұқсап бағу тенденциясы етек жайып отыр. Жайбарақатта жақсы
мінезімен ғана белгілі жанның аяқ астынан нілдей бұзылып, тобырды
бастап, «аттанға» айқай қосып, атой салып, жұрттың алдына шығушы
әуегей, әпербақан жандарды жиі көретін болдық. Кейде батылдықтың да,
батырлықтың да, әрине, керегі бар. Соны ескеріп, кейде «Інісі содырлының
– ағасы қадірлі» дегенді ойлап, үндемей қалатын жайларымыз да болады.
Бірақ «ана тілімізді – арымыз» - деп ту етіп отырғанда соның атын саудаға
салып, соның жоғын жоқтап, зарын зарлаған болып, жеке басының
беделін көтеруге, абыройын арттыруға ұрынатын жандарды көргенде де
жаның жабырқайды. Тіл үшін істеген болмашы ғана ісін бұлдап, айды
аспаннан шығарғандай әлемге жар салып жүретін азаматтар да арамыздан
көріне бастады. Бұларға не деуге болады?
«Популизм» деген бүгінде жан-дүниені билеп алатын қоғамдық
дертке айналып бара жа тыр. Ол – көбінесе көпшілік психологиясының
бір көрінісі; ал көпшілік пен жеке адамды билеп алатын соқыр сезім,
әуегейліктің алды – соқпақ, арты – жар.
Қасиетті қазақ тілінің бүгін де, ертең де, болашақта да жанынан
табылатын шынайы жанашыр, жанкүйерлерінің арасында ондай
әуегейлердің болмағаны абзал. Өйткені тіл қаншама наркескендей өткір,
мөлдір судай таза, жарға соққан толқындай екпінді болса, соншама нәзік
дүние ғой. «Оны қорғаймын деп жүріп, әуегейлер жанын жаралап алмаса
екен!» деп ойлаймын.
252
4. Бұл тәжірибесіздіктен, «өсу процесінің қиындығынан
туындайтын» дерт болуы ықтимал. Жер-жерде құрылған қоғамдардың
үлкені бар, кішісі бар өзінен жоғары тұрған ұйымдардан жәрдем күту,
нұсқау күту әдетіміз бар. Әрине, ондай жәрдем керек-ақ. Бірақ Жарғы,
Бағдарлама тұрғысынан өзінше жол тауып, жаңалық бастауға болмай ма?
Ондай үлгілі, өнегелі ұйымдар бізде аз емес.
Бұл мәселенің бір жағы, оны біз «инициативасыздық» деп атаған
болар едік. Мәселенің екінші жағы – бұрын бастық болып көрмеген (1
жолы жоқ) болған екен – қоғам атынан оған рахмет. Бірақ осыдан кейін
әлгіндей бастық өзінше қыр көрсетіп шыға келеді. «Мұны істеген мен!»,
«Бұл – біздің ісіміз!». «Ал республикалық, облыстық қоғамдар, осы
сендер не тындырып жүрсіңдер?!» деп өзінше бүйрегін таянып, шіреніп
шыға келеді.
5. Енді бір дерт – «пендешілік». Бұл қазақ түсінігінде – өте кең
ұғым. Дегенмен, оның бір-екі түрі қазақ тілі маңында да байқалады.
«Қазақ тілі» қоғамы құрылғаннан кейін оның төңірегінде «ақылгөйлер»,
«қамқоршылар», сыншылар көбейе түсуде. Мейлі ғой, жаңа басталған
тірлік, кем-кетіктерінің болуы ықтимал; ағайынның жанашырлық, жақсы
лебізінің, ақыл-кеңесінің артықтығы жоқ.
Бірақ ақылшы болып көлгірсігеннің көмегі көбінесе сызданған
құр уағыз болып шығады; әділқазы дегеніміз кейде «бар болса көре
алмайтын, жоқ болса бере алмайтын» іші тар туыстай әділетсіз болып
шығады; сенген сыншымыз «сыныққа сылтау», «тырнақ астынан кір
іздейтін» сыңаржақ болып келеді; олардың қоғам жайында әр жерде
айтып, газет-журналдарда жазып жүргендерін көргенде, апырай, «көрмес
түйені де көрмес» деген осы екен-ау, әйтпесе, кейбіреулердей қоғамды
«жылт етіп жанып, жалп етіп өшкен» қара шыраққа ұқсатпаған болар
еді. («Халық кеңесі», наурыздың 5-і, 1991 ж.). Немесе тағы бір автордың
қалалық қоғамның бір бастығы бола тұрып, түймедейді түйедей етіп,
қалың жұрт көріп-біліп отырған қоғамның бар тіршілігіне мұрнын
шүйіре қарап, «ойбай, өйтіп жатыр, бүйтіп жатыр»; «масқара-ай, ұят-
ай!» деп өзі жарытып та түсінбеген жайларға дау байбалам салуын,
«саптыаяққа ас құйып сабынан қарауыл қарап», өзінің төл ісіне сырттан
сын айтуын өз басым сауаттылықтың, парасаттылықтың нышаны
деп танымаймын. («Жас алаш», қарашаның 28-і 1991 ж.). «Қойшыны
құдай ұрайын десе Шопан атаға тілі тиеді» дегендей, кім болсақ та дәл
осылайша бейпіл сөйлеуге сақ болайық. Бәріміз де сөздің мәнін түсінетін
қазақтың баласымыз ғой, бүгінгі ұлы бетбұрыс, үрдістің үстінде,
Достарыңызбен бөлісу: |