2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет85/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   176

247

Қоғамның барша табыстарын түгел қамтып, санамалап айтып шығу 

бір мақала көлемінде мүмкін емес. Ол арнайы жазылатын есепті баяндама 

болмаса, біздің әңгімеміз үшін міндетті де емес. Дегенмен, игілікті істердің 

басты- бастыларын атап өтуге болады:

а) «Қазақ тілі» бүгінде республикаға ғана емес, қазақтар жасайтын одан 

тыс аймақтарда да белгілі, өз тетелестерінің ішінде абыройлы да беделді 

қоғам болып саналады.

ә) Тілге  және  тілге  қатысты қоғамдық құбылыстарға қызу араласуына 

байланысты  «Қазақ  тілі»  қоғамы  белсенді  де  іргесі  берік  қоғамдардың 

санатына  енді. Осыған орай ол Қазақстан Республикасының халық сайлаған 

бірінші  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  тарапынан  жоғары  бағаланып 

отыр.

б) Қоғам  ұйымдастыру  науқанын  табысты  аяқтауына  байланысты 



оның  барлық  19  облыста,  олардың  қала,  аудандарында  өз  ұйымдарын 

құрып,  қалың  тіл  жанашырларын  өз  төңірегіне  топтап  отыр.  Осының 

арқасында «Қазақ тілі» қоғамы ел ішіне кең тараған қалың бұқаралық ерікті 

ұйым болып танылды.

в)  Қоғамның  жалпы  бағыт-бағдарын  анықтап,  мақсатын  айқындап 

отырған,  жылы  жаңбырдан  кейінгі  қозықұйрықтай  қаулап  өскен 

республикадағы  жүздеген  жаңа  ұйымдардың  басын  қосып,  бір  мүддеге 

жұмылдырып отырған оның айбынды үні – «Ана тілі» газетінің шығуын 

мәдени  өміріміздегі  үлкен  құбылыс  деп  есептеуге  болады.  Ол  барлық 

жағынан кешегі Ахмет Байтұрсынұлы шығарған «Қазақ» газетінің рухани 

мұрагері болып саналады. «Қазақ тілі» қоғамының жер-жердегі ұйымдары 

тарапынан  қазірдің  өзінде  республикада  2  жур нал,  18  газет  жарық  көріп 

отыр.  Бұл  тәрізді  игілікті  істерді  де  біреулер  байқамауы,  байқаса  да  мән 

бермеуі мүмкін.

г) Қоғамның жанынан ашылған «Тіл тағылымы» деп аталатын халық 

университеті  тілтанымы  және  басқа  да  қоғамдық  ғылымдар  саласынан 

дәріс өткізіп, халық арасына білім таратушы бірден-бір орталыққа айналып 

отыр. Бұл университеттің өнеге-үлгісін ел арасына, қоғамдық ұйымдарға 

кеңінен таратуға қағазға деген мұқтаждық тосалғы болып отыр.

ғ)  Республикалық  қоғам  және  оның  облыстардағы  ұйымдарының 

қаржы мәселесін шешуге байланысты істеп жатқан әрекеттері де аз емес.

д) Қоғам ана тіліміздің төл проблемаларына да қызу ат салысуда. Ол 

Тіл туралы заңның өзінен бастап, 2000 жылға дейінгі тіл дамуы туралы 

бағдарламаның  жасалуына,  терминологияның,  жер-су,  географиялық 

объектілердің  реттелуіне,  жазу  мәселесіне,  қазақ  тілін  үйрету,  оның 



248

әдістемелік  құралдарын  жасатып,  бастырып,  таратуға,  тіл  мәдениетін 

көтеруге, т.б. осы сияқты мәселелерді шешуге тікелей араласып келеді.

Әрине,  қоғамның  мұндай  игілікті  істерін  термелеп,  санамалап  айта 

берсе, көп орын алатыны сөзсіз. Шынайы жағдайды дұрыс түсінгісі келетін 

жанға осы айтылғанның өзі де аз дүние емес. Бірақ біз осыны айта отыра, 

әсте де табысқа мастанып, жайбарақат күй кешкіміз келмейді. Қоғамның 

атына айтылып жатқан артық-кем сынға да біз осы тұрғыдан қараймыз.

Дегенмен,  сынның  да  сыны  бар,  сыңаржақ  сындардан  өз  кезінде 

тиісті қорытынды шығарып, өз бағасын беріп отырмасақ, әлі де бойы өсіп, 

бұғанасы қата қоймаған «Қазақ тілі» қоғамының болашағына олар зиянын 

тигізуі мүмкін. Менің өз ойым: қоғам туралы қоғамдық пікір тудырғысы 

келетін  адам  ең  алдымен  сол  қоғамның  мақсат-мүддесін  терең  түсінуі 

керек. Ал түсіну үшін осы қоғамның «қазанында» біраз қайнау керек. Екі 

жылдан бері тіліміздің зарын зарлап, мұңын мұңдап болғанбыз. Сондықтан 

бүгінгі  тіл  қоғамына  қарадүрсін  айқайшы  емес,  тіл  табиғатын  түсіне 

білетін  ақыл-кемел,  парасатты  жан  керек.  Қолынан  іс  келетін,  салқын 

қанды,  жүрегі  ыстық,  қолы  таза  салауатты  адам  керек.  Қоғам  жұмсақ 

кресло, мінер көлік іздейтін мансапқорлардың да жылы орны емес; қоғам 

көлденең жүрген көк аттының да бір соғып өтер тұрағы емес... Сондықтан 

да біздің қоғам біле білгенге қасиетті, білмеске қасіретті, сыры мол дүние. 

Олай болса, қоғамды сынайтын халайықтың өз басына біз де сын көзбен 

қарағанымыз  жөн.  Өйткені  бүгінгі  қоғам  қалыптасу  дәуірінің  қасіреті 

мен «өсу процесінің қиындығын» басынан кешіріп отыр. Ол тез өсіп келе 

жатыр.  Оны  «сыншылар»  ескеру  керек.  Ал  аяқ-қолы  балғадай  болып, 

тез өсіп келе жатқан балаң жігіттен үміт үзбеу керек. Қайта оның өсуіне, 

балиғатқа жетуіне жәрдемдесу керек. Оның өктем талабына, сұранысына, 

қажетіне төтеп бере алмасақ, қоғам құрған біздерге сын, қауымның сенімін 

ақтай алмаса, қоғамның өзіне сын. Демек, қоғамның өсіп жетілуіне уақыт 

керек, уақыт қана емес-ау, қамқоршы, ақылгөй ұстаз, шынайы жанашыр 

кажет. 

Қоғам  қамын  ойлаушыларға  да,  кейбір  сыңаржақты  сыншыларға 



да айтатын бір сыр: о баста «Қазақ тілі» қоғамын құрғанда көп нәрсені 

алдын-ала байқай алмадық. Ол кезде дәл бүгінгідей өресі биік, өрісі кең 

шеру тартқан қалың бұқаралық қозғалысқа айналып кететінін пайымдау 

мүмкін  емес  еді.  Сөйтіп,  кезінде  ізгі  мақсат,  ұшқыр  сезімнің  қанатында 

ғайыптан дүниеге келген бүгінгі қоғамдық перзентке күйіне де, сүйіне де 

қарағың келеді. Қоғам тағдырына шынайы жанашырлықпен айтылар сын 

осыны да ескеруі қажет сияқты. Өйткені кейбір кемшілік жоғарыда айтқан 



249

«өсу  процесінің»  қиындығына  да  байланысты,  бастапқы  Жарғының 

кемшіндерін бүгін өзіміз де сезініп отырмыз.

Осыларды  айта  келе,  біраз  алшақтап  кетсем  де  мен  мақаланың 

тақырыбына қайта соққым келіп отыр. Енді «Қазақтың қазақтан басқа жауы 

жоқ» деген сөзді «Қазақ тілі» қоғамының өз басына, оның бойына дерт болып 

жабысқан бір кінәратқа байланысты тағы да жандандырғым келеді.

Біз жоғарыда жер-жерде құрылып жатқан «Қазақ тілі» қоғамының басын 

ұстап, үрдісін анықтайтын игі-жақсы қауымның арасында ара-тұра кездейсоқ 

адамдардың да кездесіп қалатынын ескертіп, оның себептерін де бажайлаған 

едік. Шынында да бұл дерт бүгінде «қазақ тілінің шынайы жанашыры» деп 

аяқ-қолын  жерге  тигізбей,  оңды-солды  мақтап-марапаттап  жүрген  қазақ 

ағайындардың өз бойынан табылып отыр. Оны көргенде «сенген қойым сен 

болсаң, күйсегеніңді...» дегің келеді. Бұл дерттің диагнозы – жалпы түрде 

айтқанда «қазақ ауруы» да, оның симптомы мен себебі екі топтан тұрады: 

I) баяғы сол бақталастық пен бақастық, күншілдік пен көре алмаушылық, 

мансапқорлық пен өзімшілдік 2) істің мәнін жете білместік, бейхабарлық, 

саяздық,  қарадүрсін  кеудемсоқтық,  нар  тәуекел,  көзжұмбайлық,  т.б.  Ал 

«аурудың» көрінісі: өсек-аяң, көз тасалау, (1 жолы жоқ) бірінің үстінен бірі 

арыз жазу, ырың-жырың, өзара келіспеушілік, бірінің тілін бірі алмау, бұра 

тарту, айтыс-тартыс т.т.

Қоғамның  әлі  де  жас  балғын  денесіне  дендеп  бара  жатқан  осы  бір 

дерт,  әрине,  сол  қоғамның  президенті  ретінде  ең  алдымен  менің  арқама 

аяздай батып, жанымды жаралайды. Жұмысымызда кемшілік жоқ деп айта 

алмаймыз.

Қоғам  денесіне  дарыған  «ауру»  барған  сайын  асқынып  бара  жатқан 

сияқты. Сондықтан да, «ауруын жасырғанды өлім әшкере етеді» де гендей, 

өз  дертімізді  ашық  айтып,  өзіміз  емдемесек,  қоғамның  дамуына  нұқсан 

келтірері сөзсіз.

Біреуді айыптау үшін емес, бойымызды арылту үшін аталмыш «қазақ 

ауруының» көзге ұрып тұрған түрлерін санамалап айтқым келеді.

1. Қоғам бастықтарының арасында бас билікке таласу, бақталастық, 

мансапқорлық  сияқты  «пендешілік»  байқала  бастады.  Бұл  көбінесе 

облыстық,  қалалық,  аудандық  ұйымның  төрағалары  мен  олардың 

орынбасарлары  арасында  байқалып  жүр.  Жарғы  бойынша,  төраға 

қоғамнан жалақы алмайтын қоғамдық негіздегі басшы. Ол бастапқы идея 

бойынша – қоғам ісіне игілікті ықпал жасап отыратын, ел ішінде бедел-

абыройы  зор,  көргені  мен  көңілге  түйгені  мол,  білімді  де  білікті  жан; 

қоғам  басшыларына  ақыл-кеңес  беріп  отыратын  ақылгөй  адам.  Оның 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау