226
Енді алдымызда тілімізді мемлекеттің нағыз қолданыс тіліне
айналдырудың жалғыз жолы тұр. Ол бұл жөнінде мемлекет тарапынан
жасалған салмақты саяси шешім арқылы жүзеге асады. Бұл әлгі мен
айтқан екі міндеттің орындалуынан кейінгі үшінші баспалдақ. Оған
көзіміз жетіп отыр. Бұл «Мемлекеттік тіл – қазақ тілін Қазақстан азаматы
ұлтына қарамай білуге міндетті» деген шешім болуы тиіс. Қадыр
ақынның: «Басқа тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте, - дегеніндей
емес, ендігі біздің ұстаным «Басқа тілді құрметте, қазақ тілін міндетті
түрде біл» болуы тиіс. Демек, кез-келген Қазақстан азаматы мемлекеттік
тілді мойындайтындай, оны еріксіз үйренетіндей қажеттілік тудыру
керек. Мемлекеттік қызметке міндетті қазақ тілінде сөйлей алатын,
сауатты жаза алатын адам тартылғаны абзал. Осыны ертеңгі Құрылтайда
ашық айтпасақ болмайды. Әрине, бұл жаңалық емес. Әркім де айтып
жүр. Бұл осы елді мекен еткен ежелгі халықтың тілегі. Енді ол үлкен
мінбелерде, Үкімет адамдары қатысқан Құрылтайда айтылғаны дұрыс.
Біз Ресейге қарап үйренген мемлекетпіз ғой. Ол жақта орыс тілін
білмеген адам жұмыс істей алмайды. Күнін де көре алмайды. Президент
В.Путиннің Жарлығы бойынша, мемлекеттік қызметтен дәмелі адам
орыс тілін білуі қатаң ескерілген. Міндетті түрде. Ресейде де бірыңғай
орыстар тұрмайды. Солай болса да мәселені мемлекет тұрғысынан
осылай шешкен. Ал бізде ше, біздің Конституциямызда да, «Тіл туралы»
заңымызда да ресми тіл деген мемлекеттік тілге сиам егіздері сияқты
жабысып жүр.
- Қысқасы, осы Құрылтайда осы сиам егізіндей жабысқан ресми
тілді сылып алып тастау туралы мемлекет атынан салмақты саяси
шешім шығаруды талап ететін ұсыныс айтылады ғой.
- Мұндай талапты қоятынымыз сөзсіз. Өйткені, мұның өзі пісіп
жетіліп тұр. Тәуелсіздігімізді алған жылдары мұндай талапты қоя
алмадық.
- Осындай талап қоятын болсаңыздар, жоғарғы жақ қалай
қабылдар екен?
- Қалай қабылдайтынын білмеймін. Бірақ, қоюын қоямыз.
Жоғарыдағы ақылды адамдар бұл талабымызды тыңдай ма, тыңдамай
оны өздерінің азаматтық ары білер. Үкіметтің өзі осындай әрекет
жасағысы келетін сияқты, бірақ батылы жетпей, әлде жолын үйлестіре
алмай жатқан болар. Бізге түрік Мехмет Бейдің шығарған қаулысы
сияқты қаулы керек. Бұл қаулы түрікше жазылған, әрбір түрік отбасының
төрінде ілулі тұр. Онда былай деп жазылған: «Бүгіннен бастап үйде де,
227
аулада да, мәжілісте де, сайранда да, далада – барлық жерде тек түрік
тілінде сөйлейік».
Түркия нағыз көпұлтты мемлекеттердің бірі. Осы қаулыдан кейін
олар жыл сайын тіл мерекесін өткізеді. Біздікі сияқты тілдер мерекесі
емес.
Мемлекет тілімізге қағаз жүзінде болса да мемлекеттік мәртебе
әперіп үлкен ерлік жасады. Егер ол болмағанда әлгіндей талапты қою
мүмкін болмас еді. Біз халықтың атынан қоғам мінбесінде осыны айтуға
мәжбүрміз.
- «Қазақ тілі» қоғамы қағаз жүзінде ғана өмір сүруде деген пікірге
не айтар едіңіз?
- Қоғамның барын Құрылтайға келгендер өз көздерімен көре жатар.
Ал, айтылған пікір айтыла берсін. Қоғам қазір өз бағдарымен жұмыс
істеп жатыр. Егер Үкімет тарапынан қаржы бөлінсе, жұмыс жандана
түсер еді. Облыстарда бөлімшелеріміз бар. Онда тек тілдің нағыз
жанашырлары жұмыс істеп жүр. Рас, өз пайдасы үшін қоғамға төраға
болғысы келетіндер де кездеседі.
- Қазір қоғамның кемшілігін айтатын кез емес, басқа мәселені
қозғауымыз керек қой. Кезінде «Қазақ тілі» қоғамына марқұм Өзбекәлі
Жәнібеков көп көмектесті. Қазір жоғарғы құрамда осы қоғамды
қолдайтын кісілер бар ма?
- Иманғали Тасмағамбетов бар. Ол бұрынғы қызметінде жүргенде
мемлекетгік тіл мәселесін қозғап, облыстарда тіл басқармаларын ашуды
қозғап еді. Соның арқасында бірқатар облыстарда басқармалар ашылды
да.
Бірақ Иманғали басқа қызметке кетті де бұл әңгіме басылыңқырап
қалды.
Төрт облыстың іс-қағаздарын қазақшалау мәселесіне де араласқан
осы Иманғали. Дегенмен сол облыстарда әлі де көзбояушылық бар, тіл
мәселесінің орындалып жатқаны шамалы.
- Мына Қызылорда облысы мемлекеттік тілге көшкен соң
әкімдіктегі жиналыстар қазақ тілінде өтетін болыпты. Соған
жергілікті орыстілді журналистер «ақпарат алу қиындап кетті»
деп шу шығарды. Оны сөз бостандығын қорғайтын «Әділ сөз» қоры
заңсыз деп тауып отыр. Төрт облысты қазақшалау туралы қаулы мен
«Тіл туралы» заң екеуі екі жаққа тартып тұр. Сондықтан ертеңгі
Құрылтайда «Тіл туралы» заңға өзгеріс енгізіп, толықтырулар жасау
туралы айтыла ма?
228
- Біздің талабымыз міне осыған байланысты. Өйткені, Конституцияда
да, «Тіл туралы» заңда да осы екі тіл қоса қабат тұр. Бұл арада мемлекеттік
тіл – қазақ тілі деп жазылуы керек. Жанында ресми тіл деген болмауы тиіс.
Біздің талап осы. Егер осы заңға өзгеріс енгізе алмасақ, бәрі бос сөз болып
шығады. Мұны біз міндетті түрде қозғаймыз.
«Ана тілі», №46, 11.11.2004 ж. (Сұхбаттасқан Н. Саматұлы)
Екінші құрылтай
Қоғамның алдында көптеген проблемалар бар. Олар бүгін сөз болатын
шығар. Мен тек бір - екеуіне тоқталайын. Біздің балаларымыздың 30%-ы
әлі орысша оқиды. Қазақтың 40%-ы, мен осыны анықтай кетейін, ана тілін
білмейтіндер мен шала білетіндер. Бұл – олардың кінәсі емес, халықтың
қасіреті.
Біздің бір көкейкесті мәселелеріміздің бірі – Мемлекеттік тіл комитетін
құру деген әңгіме. Өйткені заңды шығардық, мемлекеттік тіл мәртебесін
бердік, енді осыны іс жүзіне асыратын мемлекеттік мекеме, орган болуы
керек сияқты. «Қазақ тілі» қоғамының көптен айтып жүрген мәселесі – осы.
Ұлттың тұтастығы – тілдің тұтастығы. Осыған орай күн тәртібіне
қойылып отырған бір мәселе – он миллион қазақтың басын қосатын «Қазақ
тілі» қоғамын халықаралық ұйымға айналдыру.
Осындай міндеттердің үдесінен шығу жолында істеліп жатқан
жұмыстарда кемшіліктеріміз де бар. «Мен ұрлық қылған түні ай жарық»
дегендей, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге шыққан қалың жұрт бүгін нарық
қиыншылықтарына тап келіп отыр.
Бүгінгі келелі мәжілісте айтылар негізгі мәселе – ана тіліміздің
келешек тағдыры. Осыған орай мен Конституция жобасы туралы бір-
екі ауыз сөз айтқым келеді. Ондағы 8-баптағы әңгімелермен баршаңыз
таныссыздар, сол туралы көптеген пікірлер айтылып жатыр. Әкімдердің
өткен кеңесінде біздің құрметті Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы да өз
пікірін айтты. Біздің көңілімізден шыққан үлкен бір тілек – «Қазақстан
Республикасында қазақ тілі бірден-бір мемлекеттік тіл болады» дегенді
шегелеп айтуы. Бұған дән ризамыз. Ал енді сол тілден басқаның бәрі еркін
дамуы керек. Анау аға тіл, мынау іні тіл дегеннің өзі – кешегі заманның
сөзі. Орыс тілі біздің рухани өмірімізде өзінің тарихи міндеттерін атқара
береді. Дүние өзгерген, республикамыз тәуелсіз мемлекет атанған бүгінгі
таңда кешегі түсініктерді тықпалай беруге болмайтын сияқты. Орыс тілі
өзінің қызметін атқара беруі керек, бірақ ол мемлекеттік тілмен теңелуі
мүмкін емес дер едім. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлының бұл үлкен
Достарыңызбен бөлісу: |