220
Мiне‚ осындай игi мақсаттармен Халықаралық “Қазақ тiлi”
қоғамы 1989 жылы 21 қыркүйекте дүниеге келгенде Республикада басқа
қоғамдық ұйымдардың бiрде-бiреуi жоқ едi. Қазақстанда жасайтын сан
алуан ұлт өкiлдерiнiң тiлiне‚ дiнiне‚ салт-дәстүр‚ ұлттық мәдениетiне
байланысты мәселелердiң баршасын алғашқыда осы қоғамның өзiне
тапсырып‚ оны “Ана тiлi” қоғамы деп атауды үкiмет мақұл көрген
болатын. Алайда қоғам құруға байланысты шақырылған бiрiншi
құрылтайды‚ күн тәртiбiне қойылған ұлттық тiл‚ салт-дәстүр т.б.
көптеген мәселелердi жан-жақты талдау үстiнде құрылтайға қатысушы
Қазақстандағы барша халықтардың өкiлдерi қызу талас нәтижесiнде
қоғамды “Қазақ тiлi” қоғамы деп атауды мақұлдап‚ бiрауыздан шешiм
қабылдаған едi.
Мiне‚ сол құрылтайдағы әңгiменiң соңы Қазақстанда жасайтын
басқа халықтардың рухани-мәдени дамуы туралы мәселемен жалғасып‚
олардың да жеке-дара мәдени орталықтары болуы керек деген
идея туындаған едi. Мiне осы идеяға байланысты көп ұзамай-ақ‚
республикада әр түрлi ұлттық мәдени орталықтар бiрiнен кейiн бiрi
пайда бола бастады. Сөйтiп‚ бұл көп ұлтты Қазақстан Республикасы
құзырында демократиялық дамудың алғашқы күндерiнен бастап күн
тәртiбiне қойылып‚ өзiнiң қажеттiгiн дәлелдей түскен жаңа құбылыс едi.
Қазақстан халықтарының конгресi атты ұйымның дүниеге келуi‚
мiне‚ осы жаңа даму үрдiсiне сай жаңа да қажеттi қоғамдық құбылыс
деп танылып‚ елбасының айрықша қолдауымен барлыққа келiп‚ өткен
10 жыл iшiнде қоғамдық өмiрiмiзде өте зор саяси-әлеуметтiк‚ рухани‚
этномәдени қызмет атқарып келедi. Кезiнде халықтар конгресiнiң
құрылуына‚ мемелекеттiк қамқорлыққа алынуына байланысты әр түрлi
пiкiр айтылып‚ сан саққа жүгiртiлсе де‚ iс жүзiнде бұл ұйым мемлекет
құзырында ұлт саясатының дұрыс шешiлуiне‚ үй iшiнен үй тiгiлiп‚
қырық ру болып бөлiнiп‚ бөлшектенуден‚ ұлтаралық наразылық‚ әр
алуан бейберекет әрекеттерден сақтандырып келе жатқан халықтар
достығының бiр ғажайып ұйытқысына айналып отыр. Қазақтың кең
даласындай дарқан көңiлмен‚ даналық‚ парасаттылығымен шешiлген
бұл игiлiктi iс бүгiнде көп ұлтты Қазақстан жерiндегi тыныштық пен
бейбiт өмiрдiң бейне бiр кепiлi iспеттес. Өйткенi ұлтаралық қарым-
қатынаста болып келген‚ әлi де бола беретiн iшкi мәселелердiң
баршасы осы конгресс ауқымында шешiлiп‚ реттелiп‚ бiрлi-жарымды
айтыс-тартыстар көп жағдайда шегiнен шығарылмай осы қауымның
өз iшiнде-ақ шешiлiп жатады. Өйткенi бүгiнгi Қазақстан жағдайында
221
барлық ұлт өкiлдерiне деген өкiметтiк көзқарас‚ “ол бәйбiшенiң баласы‚
мен тоқалдың баласымын” деп‚ өзара бөле-жару‚ бақталастық жоқ. Қайта‚
ұлт өкiлдерi көп жағдайда рухани-мәдени салада‚ экономика жағынан
жергiлiктi халықтардан артық тұрмаса‚ кем тұрмайды. Оларға iстелiп
жатқан жәрдемдер де жоқ емес. Қазақстанда жасайтын үлкендi-кiшiлi
халықтардың негiзгiлерi өздерiнiң мәдени орталықтарын құрып‚ олардың
өз өкiлдерiне қажеттi iс-шараларын бүкiл республика бойынша таратып‚ өз
тамырын терең жайып‚ iргесiн нығайтып‚ қоғамдық-әлеуметтiк беделi бар
үлкен-кiшi ұйымдарға айналып отырғандары да белгiлi.
Сондықтан да‚ республика өкiметi‚ Конгрестiң төрағасы елбасы
Н.Ә.Назарбаев мырза өзiнiң iшкi де сыртқы саясатын жүргiзуде арқа
сүйейтiн сенiмдi де берiк бiр тұрағым деп осы Конгрестi санайды‚ оның
алдында есеп берiп‚ есебiн тыңдап‚ жәрдемi мен қамқорлығын жасап
келедi.
Әрине‚ Қазақстан халықтарының конгресiнiң болуын‚ оның iс-әрекетiн
жоғары бағаласақ та‚ оның ешбiр кемiстiгi жоқ деп те айта алмаймыз. Осы
орайда көңiлде жүрген бiр ойымды айта кеткендi жөн көремiн. Конгрестің‚
демек Қазақстан халықтарының қол жеткен табыстары‚ оларға iстелген‚ әлi
де iстелуге тиiстi игi-жақсы iстердiң баршасы‚ бүгiнгi елiмiздегi тыныштық
т.б. баршасы‚ сайып келгенде‚ елiмiздiң ие болған егемендiгiне ғана емес‚
сол елдiң негiзiн құраушы қазақ халқының өзiне де‚ оның сайын даламыздай
кең пейiлiне‚ дарқан көңiлiне‚ ыстық ықылас-иетiне де байланысты болса
керек. Бұл халық жерiн‚ суын‚ ауасын т.б. табиғат байлығын пайдалану
үшiн ғана емес‚ бүгiнде егемендi ел болып‚ марқайып отырған қазақ халқы
өз болмысында да басқаша қарауды‚ “Сыйға сый‚ сыраға - бал” дегендей‚
сыйлауды‚ құрметтеудi де қалайды. Оның ең басты белгiсi қазақ халқының
ғасырлар бойы жәбiрлiк көрiп‚ аяқ асты болып келе жатқан‚ қазақ үшiн
ең қымбат‚ ең асыл дүнеисi - қазақ тiлiне деген құрмет болса керек. Бұл
“Халықты сыйлау оның тiлiн сыйлаудан басталады” деген қарапайым
қағиданы бiле бермейтiн‚ ескермейтiн конгресмендерге құлаққағыс
қылғаным ғой. Өйткенi өткен он жылдан берi бұл ұйымның мемлекеттiк
тiл бәрiмiзге ортақ‚ Қазақстанды өз Отаным‚ Атамекенiм деп есептейтiндер
үшiн оны құрметтеу аз‚ өзiн Қазақстанның шынайы азаматы‚ патриоты
санайтын барлық халық өкiлдерiнiң оны бiлуiн “азаматтық парызым деп
түсiнгенiн” уағыздау бұл ұйымда бола қойған жоқ.
Қазақ атам “Iштен шыққан жау жаман” дейдi. Құдайға шүкiр‚ ондай
жау бiзде жоқ сияқты. Халқымыз тату-тәттi өмiр сүрiп‚ жаңа егемендi
елiмiздiң iрге тасын қалап, қабырғасын бекiтуге белсене ат салысып отыр.
222
Осы өмiрiмiзге қызығып та‚ iштей береке-бiрлiгiмiзден бiздi айырмағай‚ ол
ұзағынан болғай! Көре алмайтын көп дұшпанның тiл-көзiнен аулақ болғай
Қазақстанымыз!
Ертеңін ойла еліңнің
– Әбдуәли Туғанбайұлы, сізбен әңгіме, ең алдымен, тіл туралы
әңгіме болмаққа керек. Сол тіліміз мемлекеттік салмақ алғалы оның
қам-қарекетінің де арта түскені даусыз.
– Ұлттың ұлт, елдің ел боп тұруы тілінің тіршілігіне байланысты
екені дәлелді керек етпейтін аксиома. Солай екеніне қарамастан,
тіліміздің мерейін көтеру қарсаңында аксиоманың өзін дәлелдеуге
тура келді ғой... Жаратылыс өзі заңдастырған болмысты қағаз жүзінде
бейнелеу мұнша қиын болар ма?! Шүкір, түбі қайыр, әйтеуір шешуші
қадам жасалды. Дегенмен көпшілігіміз осы қуаныштың әсерінен әлі
айыға алмай жүрген сияқтымыз. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе
беру арқылы мойнымызға өлшеусіз міндет жүктегенімізді ұмытпасақ
деймін. Өйткені, ананың ақ сүтін оны Меккеге үш рет арқалап апарсаң
да ақтай алмайтының сияқты, тіл мерейін қандай алтын әріптермен
жазсаң да, оның өмірлік тынысын ашпайынша, межелі биігіне жеткізу
қиын. «Қазақ тілі» қоғамын құрудағы мақсатымыздың өзі осыдан
туындаған еді.
– Реті келіп қалған екен, қоғамның қазіргі қызметі жөнінде айта
кетсеңіз.
– Қоғам тіл заңын жүзеге асыруда ең әрекетшіл ұйым болып
отыр. Жинақтай айтсақ, бүгінгі таңда 17 облыста, 200-ден астам
ауданда, 50 қалада тиісті дәрежеде ұйымдар құрылып, жұмыс істеуде.
Республикалық қоғам мұратымен қатар олар жергілікті ерекшеліктер
ескерілген бағдарламаларын жасаған. Бәрінің де құрылтай жиналыстары
өткізіліп, басқармасы сайланғанынан жұртшылық құлағдар болар.
Қазақстанда қазір тікелей іс басында жүрген, туындаған
проблемалар шешуге қауқары жететін 10 мың активист-белсенді
аталған қоғамға мүше. Республика бойынша құрылған 3 мың бастауыш
ұйымның бүгінгі күнге 1 миллион мүшесі бар. Демек, бұл – жарымжан
халге түскен тілімізді құрып кету қаупінен сақтандыратын, оның өз
Отанында баян тауып, бағы ашылуына жәрдемдесетін қуатты жасақ
құрылды, ізгілік тамыр тартып, күрескер рух бой көтерді деген сөз.
Жалпы қазір не көп, ресми бейрәсім құрылған ұйымдар мен қоғамдар
көп екенін байыптасақ, солардың бірде-бірінің құрамы сан жағынан да,
Достарыңызбен бөлісу: |