2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет73/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   176

211

Қазақ  тілінің  беделін  көтеру  үшін  оқушылар  мектеп  табалдырығын 

аттағаннан  бастап,  мектеп  бітіргенше  қазақ  тілін  міндетті  түрде  оқып-

үйренуі керек. Жоғары оқу орындарына түсу үшін қазақ тілінен емтихан 

тапсыру қажет және жоғары мектепте де қазақ тілі оқытылатын болсын, 

– дейді.


Сондай-ақ Жетісай қаласы, Горький атындағы мектептің мұғалімі Рудяк 

Ю.И. орыс мектептеріндегі қазақ әдебиеті жайын айта келіп: «Программаға 

сәйкес  қазақ  әдебиетінен  оқу  құралдары  мүлде  жоқтың  қасы,  мысалы, 

Көбеев,  Дөнентаев,  Өтемісов  творчествосы  жөнінде  толық  мағлұмат 

алатын кітап орыс тілінде жоқ. Орыс мектептерінің оқушылары алдында 

қазақ  мәдениетінің  осындай  өкілдері  туралы  жан-жақты  біліміміздің 

жоқтығына қызаруымызға тура келеді. Әсіресе ХVІІ – ХІХ ғасырлардағы 

қазақ  әдебиеті  бойынша  орыс  тілінде  кітаптар  шығаруды  ұлғайту  керек. 

Егер «Ана тілі» Қоғамы қазақ халқының мәдениетін насихаттайтын болса, 

мен ондай қоғамды қолдаймын және менің пікіріме Жетісай қаласындағы 

Горький атындағы мектептің орыс тілі пәнінен сабақ беретін мұғалімдер 

толық қосылады», – деп жазады. Ю.Н.Рудяк жолдастың пікірі, ғалымдар 

атына айтқан сыны, қоғам қызметі жөніндегі ұсынысы өте орынды. Мұндай 

пікірлер,  ұсыныстар  Қоғамның  болашақ  программасында  ескерілетіні 

сөзсіз.

Болашақта құрылмақ Қоғамның атына келіп жатқан хаттар алуан түрлі, 



көптеген ұсыныс бар.

«Қазақ әдебиеті», 1989. 29 қыркүйек.

Қоғам құрылды, ендігі міндет не?

Республикалық «Қазақ тілі» қоғамының дүниеге келгеніне, міне, үш 

айға жуық уақыт болды. Алматыда өткен Құрылтайда қоғамның шаңырағын 

көтеріп тарқатқан қалың қауым енді игілікті істің жемісін көруге асығатыны 

түсінікті. Тіпті, күтуден жалыға бастағандардың біразы «Қоғам неге жұмыс 

істемей жатыр, бұл не жайбарақаттық?» деп дегбірсізденсе, енді біреулері 

«Жергілікті  жерде  қоғам  құруымыз  керек  еді,  оның  тәртібі  қалай  екен?» 

деген  сұрақтарға  жауап  іздеп,  қоғам  бастықтарына  хат  жазып,  телефон 

соғып, мазасыздана бастады. Қоғамды сын садағына алғандар да жоқ емес.

Бәрі  орынды,  бәрі  заңды...  Сондықтан  бұл  мақаланың  мақсаты:  сол 

қалың  жұртшылықтың  тілек-талабына  сай,  біріншіден,  қоғам  тарапынан 

істелген және істеліп жатқан кейбір шаруалар жайында алғашқы мөлтек 

есеп болып саналса, екіншіден, ұйымдық мәселелерге байланысты ақыл-

кеңестерімізді ортаға салу.




212

Бәрімізге  белгілі,  қоғам  құруға  арналған  Құрылтай  «Ана  тілі» 

деген  ұранмен  шақырылып,  оған  қатысқан  қалың  қауымның  (яғни 

әр  жерден  сайланған  мандатты  делегаттардың)  қалауымен  ол  ресми 

республикалық  «Қазақ  тілі»  қоғамы  болып  танылды.  Ұйымдастыру 

комитетінің  және  оны  қолдап-қуаттап  келген  ресми  ұйымдар  мен 

ынталы топтардың о баста болашақ қоғамды «Ана тілі» деп атаса, оның 

жарғы  жобасын  жариялауында  тіл  проблемасына  интернационалдық 

мән  беру,  яғни  республикамыздағы  басқа  халықтардың  тілдеріне  де 

қамқорлық жасау мақсаты көзделген еді. Бірақ Құрылтай үстіндегі қызу 

талқылауда қазақ тілінің бүгінгі мүшкіл де ауыр жағдайы жан-жақты 

айқындала түсті. Оны сақтап қалудың бірден-бір жолы, сондай-ақ жаңа 

қабылданған  Тіл  туралы  Заңды  іс  жүзіне  асырудың  шұғыл  да  қауырт 

шарасы тек қоғам құруға ғана емес, сол қоғамның «Қазақ тілі» болып 

аталуына да байланысты екендігін делегаттар ашық айтты. Сондықтан 

да  Құрылтайға  қатысқан  қауым  демократиялық  принципке  сүйене 

отырып,  көпшілік  дауыспен  қоғамның  аты  «Қазақ  тілі»  болсын  деген 

шешім қабылдаған болатын.

Әрине,  бұл  шешім  жөнінде  Құрылтайға  қатысқан  20  шақты  басқа 

ұлт  өкілдерінің  ішінен  өкпе-наз  айтқандар  да,  тіпті,  ренжігендер  де 

болды. Біз бұл жөнінде съезден кейін радио, газет арқылы түсініктеме 

берген  едік.  Онда:  қоғам  қалай  аталса  да  ол  өзінің  о  баста  ұстанған 

интернационалдық принципін сақтай отыра, республикада мекендейтін 

барлық  халықтардың  тіліне  қамқорлық  жасауды  абыройлы  міндет  деп 

санайтыны және ол бұл істі  құрылып жатқан ұлттың мәдени орталықтар 

(қазір олардың саны Алматыда 14-ке жетті) арқылы жүзеге асыратыны 

айтылды.

Мұны  айтып  отырған  себебіміз:  талқылауға  түскен  қоғамның 

жарғысын (уставын) Құрылтайдан кейін үш түрлі себепті ескере отырып, 

қайта қарауға тура келді. Біріншісі: қоғам құру мәселесі көтеріліп оның 

жарғысы алғаш жарияланғанда қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру-

бермеу туралы мәселе заң жүзінде әлі шешілмеген еді. Екіншісі: қоғам 

аты  «Қазақ  тілі»  болып  өзгерді.  Үшіншісі:  Құрылтай  тағлымы  қалың 

бұқараның санасын оятып, өміріміздегі көптеген келеңсіз құбылыстардың 

бетін ашты, қоғамнан тек таза тіл мәселесін ғана емес, соған байланысты 

басқа да проблемаларды шешуді талап етіп отыр.

Міне,  бұл  мәселелерді  Құрылтай  тағлымы  тұрғысынан  қарап 

қорытынды  шығару,  тиісті  електен  өткізіп,  қоғамның  программалық 

нысаналы мақсаттарына айналдыру, көпшіліктің пікір-тілектерін ескере 



213

отырып, қалың жұртшылыққа бағышталған үндеу мен қоғамның жаңа 

жарғысын газет беттерінде жариялау — қоғам тарапынан тындырылған 

алғашқы  істерге  жатады.  Арнайы  тоқталып  айтайын:  «Алматы 

қаласындағы  Фрунзе  аудандық  тұрғын  үй-әлеуметтік  банкісінен 

республикалық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  №700107  есебі  ашылды.  Енді 

қалың  көпшілік  пен  қамқор  мекемелердің  қоғамға  ақшалай  жәрдем 

көрсетуіне де мүмкіндік бар.

Бұл, әрине, қоғам белгілеп, бағдарлап отырған қыруар шаруаның 

тек алғашқылары ғана. Соның өзінде де ілгері аттатпай, аяққа оралғы 

болып  отырған  тосқауылдар  жоқ  емес.  Ол  туралы  ашық  айтпасқа 

болмайды. Оны қоғамның тілеулестері де білгені жөн.

Әлі  күнге  дейін  шешімін  таба  алмай  отырған  мәселенің  бірі  — 

қоғамның «шаңырағы». Шынын айту керек, қоғамға үй беру мәселесіне 

тиісті орындардың бәрі-ақ атсалысып отыр. Бірақ соның өзінде де оған 

астанамыздан лайықты баспана таба алмай отырғаны рас. Ұйымдастыру 

ісіндегі  үлкен  кедергі  осы  болып  отыр.  Өйткені,  қызу  да  қарқынды 

басталып кеткен қоғамның іс-әрекетіне басшылық ететін адамдарға ең 

алдымен орын қажет. Ал ұйымдастыруға байланысты ақыл-кеңес алу 

үшін Тіл білімі институтына ағылып келіп жатқан адамдарда есеп жоқ. 

Қоғамның 14 қамқоршы негіздеушісі, оны қолдап-қуаттаушы ондаған 

спонсорлар, сондай-ақ жер-жерлерде құрылып жатқан, құрылуға тиісті 

облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар мен ынталы топтардың атынан 

күн  сайын  қоғам  деп  келетін  өкілдер  мен  ұйымдастырушылардың  ат 

басын тірейтін, бас сұғатын өз шаңырағының әлі күнге дейін болмауы 

бәрімізді де қынжылтады.

Қоғамның  ұйымдық  мәселелеріне  қатысты  күрделі  де  маңыздысы 

—  жарғыда  көрсетілгендей,  оның  өз  органы  ретінде  дербес  газетін 

шығару. Бұл мәселеге келгенде сүйінші сұрауға болады: осы жақын арада 

Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитеті  мен  республика  үкіметі 

қоғамның  талап-тілегіне  сай,  кіші  форматты  «Ана  тілі»  деп  аталатын 

апталық газет шығару жөнінде арнайы қаулы қабылдады.

Бұл,  әрине,  халқымыздың  мәдени  тарихындағы  елеулі  оқиға. 

Мұндай газеттің шығуы ең алдымен кеше ғана қабылданған Тіл туралы 

Заңымызды іс жүзіне асырудың, мемлекеттік   мәртебе алған ана тілімізді 

дамытудың мықты кепілі деп есептеуге болады.

Енді  қоғамның  ұйымдық  мәселелеріне,  яғни  жер-жерлерде  оның 

облыстық, қалалық, аудандық және бастауыш ұйымдарын құрудың тәсіл-

формаларына тоқталып өтейік. Бұлардың тәртібі қоғамның жарғысында 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау