2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет8/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   176

21

қай  тесікке  жамау  болады  дейсің.  Обалдары  нешік,  елі  ішіндегі  жалау 

жүрек,  жалаң  төс  азаматтар  ұлт  тілі,  мемлекеттік  тіл  үшін  жандары 

қалмай-ақ күресіп келеді. Бірақ олардың аттанға айғай қосқанынан селт 

еткен ештеңе көрінбейді. Бәрі қаржыға, тек қана қаржыға келіп тіреледі 

де тұрады. Әлгі өзің айтып отырған мүшелік жарна дегеннен шығады, 

осы  мәселенің  әу  бастан-ақ  басы  ашылмай  қойғаны  жасырын  емес. 

Бізге  келіп  түскен,  газет  беттерінде  жарияланып  жатқан  хаттар  мен 

мақалалардың көбінде-ақ осы жағдай сөз болған, әлі де болып жатыр. 

Осындай «сапты аяққа ас құйып, сабынан қарауыл қараған» аш құрсақ 

заманда  «Қазақ  тілі»  қоғамының  мүшесісің,  жарна  төле»  деп,  кімнің 

соңынан жүгіргендей болып отырамыз. Біз басында, теңгенің құны бар 

кезде,  жарғы  бойынша  мүшелік  жарнаны  20  тиын  деп  белгілеп  едік, 

инфляцияның  иіріміне  түскен  уақытта  мұнымыздың  өзі  түк  те  болмай 

қалды.  Оның  үстіне  қоғамның  барлық  мүшелері  дерлік  ауылды  жерде 

болғандықтан, айлық жалақыларын уақытында алмайтын болғандықтан 

мүшелік  жарналарын  қалай  төлесін.  Міне,  «Қазақ  тілі»  қоғамының 

қожырай  бастауына  негізгі  себептің  өзі  осында  тұр.  Ел-жұрттың  есі 

кетіп,  сесі  қайтқан  заман  деген  осы  болар.  Қай  қоғамда,  қай  заманда 

болсын адамдардың санасы асқазанымен өлшеніп келген. Аш халыққа 

ақыл айтып, пайымды парасат үйретем деу де бір әурешілік іспетті.



 Бірақ осы бір тұста тағы да бір тереңірек тоқтала кететін 



мәселе  бар  сияқты.  Әрине,  жоқшылық  пен  тапшылық  мынадай  қиын 

заманда  елге  үлкен  ауыртпалық  түсіріп  тұрғаны  ақиқат.  Осы  өзіміз 

мәселе етіп көтеріп отырған тіл төңірегінде әңгіме қозғай қалсаңыз: 

«қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  деп  марапаттап  қайтесің,  орыс  тілі 

тұрғанда»...  деушілер  де  кездеседі.  Шындығында,  өзіңіз  айтыңызшы, 

осы  қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл  ретінде  қай  жерде  қандай  дәрежеде 

қолданыс тауып жатыр?

«Мемлекеттік»  мәртебе  алды  деген  атағы  ғана  болмаса,  қазағы 

қалың,  қаладан  аулақ  жерлерден  басқа  қайда,  қай  уақытта  өзінің 

барлығын,  тірлігін  көрсетті.  Мен  білсем,  бұған  әлгі  бір  қаржының 

жоқтығы  ғана  себеп-салдар  болып  отырған  жоқ.  Мемлекеттік  тіл 

мәртебесіне ие болған тілдің бір сүйем, тіпті бір елі болса да дәрежесі 

жоғары тұрса қайтер еді?! Қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне 

көтеру шараларының толық жүзеге аспай жатуы неліктен? Ел ішіндегі 

бір  әңгімеден  естігенім  бар:  Қазақстанмен  экономикалық  қарым-

қатынас  жасау  үшін  Америкада  арнайы  кадрлар  даярлана  бастаған 

кезде,  бізді  тәуелсіз  республика  деп  таныған  американдықтар  бар 


22

ниет-ықыластарымен оларға қазақтың тілін, салт-сана, әдет-ғұрпын, 

тіпті, ән-өлеңдерін де үйретсе керек. Әрине, олар сондай өркениетті, 

мәдениетті  ел  болғандықтан,  тәуелсіз  Қазақстанға  зор  құрметпен 

қараған ғой. Осындай арнайы дайындықтан өткен бірінші топтың өзі-ақ 

көп уақыт өтпей-ақ Америкаға: «Қазақстанға келетін адамдарды ендігі 

жерде  бізше  тәрбиелеп  әуре  болмай-ақ  қойыңыздар,  мұнда  қазақтың 

тілін, әдет-ғұрпын білудің қажеті жоқ. Бекер әуре боласыздар», – деп 

хабар жіберіпті. Осы әңгіменің астарында қиындық бар екені аян ғой.

 Қазақ тілін мемлекеттік дережеге көтеру ісінің науқаншылыққа 



айналып кеткені – ақиқат. Шындығында, қазақ тілі мемлекеттік мәртебе 

алғаннан  кейінгі  уақытта  арнайы  қаулы-қарар  болған  жоқ.  Тіл  туралы 

заң қабылданды да «200-шы жылға дейін мемлекеттік тілді дамытудың 

шаралары»  деген  бағдарлама  жасалған  болатын.  Бұл  бағдарлама 

бойынша істелетін істер, жасалатын шаралар жан сүйсінерлік дәрежеде 

болды десем артық емес. Бұл өзі жеке бір кітапша болып шықты. Біз осы 

уақыттың ішінде республиканың 19 облысында іс қағаздарын мемлекеттік 

тілге  1996  жылға  дейін  көшіріп  болатын  етіп  кесте  жасағанбыз.  Бірақ 

1990  жылғы  қыркүйектің  27-і  күні  Қазақ  КСР  Министрлер  Советінің 

«Қазақ КСР-інде қазақ тілі мен басқа да ұлт тілдерін 2000 жылға дейінгі 

кезеңде дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына кейбір өзгерістер мен 

толықтырулар енгізу туралы» қаулысы жарық көрді. Оның бірінші тармағы 

мынадай болатын: «Қазақ тілі. Тілдің қолданылуы» бөлімінің 3-тармағы 

мынадай  редакцияда  берілсін:  «Қалаларда,  аудандарда,  мекемелерде, 

кәсіпорындар  мен  ұйымдарда  мемлекеттік  тілде  іс  жүргізуді  енгізу 

мерзімдерін  облыстық  атқару  комитеттері,  қалалық  (аудандық)  атқару 

комитеттері аймақтағы нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен 

демографиялық ахуалды ескере отырып белгілейді».

Бұл  қаулының  шығуына  негізгі  себепші  болған  жағдайлар,  атап 

айтқанда,  тіл  саясатына  бір  жақты  қараушылық,  асыра  сілтеушілік, 

тұрпайы белсенділік сияқты қимыл-әрекеттер еді. Біз 1996 жылға дейінгі 

кестені жасағанда осыны да ескере отырып, кестенің аяқ жағына ескерту 

берген болатынбыз. Бұл бірақ есепке алынбады.

Министрлер Советінің қаулысының алғашқы редакциясы өз күшінде 

тұрған кезде, мәселен, Семей облысының әкімі Чернов тұтқиыл шешім 

шығарып, іс қағаздарының барлығы тез арада қазақ тіліне көшірілсін деп 

бұйырды. Сол сияқты Мәдениет министрі Е. Рахмадиев те іс қағаздарын 

түгелдей  қазақшаға  көшіріпті.  Ал  ел  ішіндегі  мұндай  істер  жұрттың 

бәріне  ұнай  қоймағаны  мәлім.  Әсіресе,  жергілікті  ұлт  тілінде  сөйлей 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау