2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет6/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   176

16

қазақ тілінің дыбыс заңдарына сәйкес сындырып айтып, сол айтылған 

күйінше таңбалау, т.т сияқты мәселелер. 

Емле  мәселесін  сөз  еткенде  бұл  күндерде  жазу  (графика)  жайы 

көкейімізде тұратын анық, яғни кириллицаны тастап, латын жазуына 

көшуге  бет  алған  екенбіз,  қалған  уақытта  қазіргі  емлені  сөз  етудің 

қанша қажеті бар деушілер де табылады. Алдымен, егер жазудың жаңа 

түріне көшетін болсақ, оның емле ережелерін де бірден дұрыс, сындарлы 

етіп  ұсынудың  негізі  қазіргі  еліміздің  басты-басты  қағидаларында 

жатқандығын  ұмытпауымыз  керек.  Екіншіден,  жаңа  жазуға  көшу 

бірер жылда бітетін, күрт орындалатын шара емес, ең азы 5-10 жылға 

кететін, ал жарты ғасырдан астамғы жазба дүниені қалың көпшіліктің 

оқып  пайдалануы  одан  да  көп  жылдарға  созылатынын  ескертсек, 

әлі  де  біраз  уақыт  қазіргі  еліміздің  дұрыстығын  діттеу  –  мәдениетті 

қоғамның талабынан шығады. Оның үстіне, қазіргі емле ережелерімізді 

түп-тамырымен өзгертпей, бірақ жөндеп-қырнайтын, бір ізге түсіретін 

тұстары бар болса, ол жөнінде де пікір алысып, ғылыми әрі практикалық 

негіздерін салмақтау қажет. Сірә, жазудағы дәл қазіргі бейберекеттілікті, 

яғни әр редакция, әр автор, әр баспаның төл немесе кірме сөздерді өзінше 

өзгертіп  жазып  жатқан  «еркіндігі»  мен  сынақтарды  (экспериментті) 

құптау қиын, өйткені, тіл мен жазу дегендер – миллиондардың «мүлкі», 

ол мүліктің «сынған, сындырылған» тұстарынан зиян шегетін әлеумет 

топтары  аз  болмайды.  Мысалы,  мектепте  үйретілетін  емле  ережелері 

мен  олардың  баспасөз  беттеріндегі  бұзылған  сәттерін  көретін  мектеп 

оқушылары мен мұғалімдерінің халі қандай болмақ? 

Егер кейбір сөздердің жазылуына немесе бір-екі ережеге қайткенде 

де өзгеріс енгізу қажет болса, ол күнде бұл өзгерісті уәжімен дәлелдеп, 

ғылыми-практикалық  орындар  болып  келісіп,  жүзеге  асыру  керек 

және ол өзгерісті ресми түрде көпшілікке міндетті етіп ұсыну қажет. 

Сірә, мұндай ресми міндеттілік бізге әлі де керек болар. Кезінде емле 

ережелеріміздің  өкімет  тарапынан  Жоғарғы  Кеңес  президиумының 

жарлығымен  бекітіліп,  заңдастырылыуы  тегін  болмаған  болар.  Бұл 

әрекет жазу ісінде жүйелілікті, баршаға ортақтықты қамтамасыз ететін 

пәрменді шаралардың бірі болғанын айта аламыз.

Мәслихатта  пікір  алысатын  келесі  мәселе  –  сөзді  дұрыс  айту 

(дыбыстау)  жайы  болмақ.  Бұл  –  тіл  мәдениетінің  бүгінгі  танда 

әбден  қиюы  қашып  бара  жатқан  саласы.  Ана  тіліміздің  ғасырлар 

бойы  қалыптасқан  дыбыс  заңдылықтары,  дыбыс  үндесулері  әр  алуан 

себептермен бұзылып бара жатқаны айтылып та, жазылып та, көрсетіліп 




17

те  келеді.  Бұл  жерде  әңгіме  кірме  сөздердің  қазақша  қалай  дыбысталуы 

жайында  ғана  емес,  қазақтың  төл  сөздерінің  сөйлеу  барысында  дұрыс 

айтылу сазы туралы да болуға тиіс. 

Адам тіл мәдениетін, тіл заңдылықтарын оқу-тәрбие арқылы, негізінен 

саналы  түрде  үйренеді,  яғни  әдеби  тілдің  қалыптасқан  нормаларын, 

әсіресе, ана тілінің дұрыс жазу және сөзді дұрыс дыбыстау қағидаларын 

оқытып-үйрететін және ана тілінің сөздік байлығы мен көркемдік әлемінің 

жүйелік түрде танытатын орны – мектеп болатындықтан, оқушылардың тіл 

мәдениеті де мәслихат көздейтін мақсаттардың бірі деп саналмақ.

Тіл  мәдениетін  насихаттайтын,  тіл  нормаларын  көрсететін, 

тұрақтандыратың  пәрменді  құралдардың  бастысы-  жазба  дүниелердің, 

оның ішінде баспасөздің орны ерекше.

Газет-журналдардың тілі – үлгі тұтатын қалып, үйрететін ұстаз деуге 

болады,  өйткені,  бұл  күнде  газет-журнал,  кітап  оқымайтын  адам  кемде-

кем.  Публицистиканың  сөз  қолданысына  қалың  оқырман  қауымының 

құлақтары үйреніп, жазу үлгілеріне көздері дағдыланып, солай сөйлеуге, 

солай  жазуға  бейім  тұратындығын  күнделікті  өмір  байқатып  отыр. 

Баспасөздің сөз қолдану үрдісі мен емлесінің қалың көпшілікке тигізетін 

ықпалының  күштілігі  сондай,  қалыптасқан  заңды  ереже-нормалар 

еленбей,  баспа  беттерінде  кейбір  сәтсіз  қолданыстар  мен  қате  жазулар 

дәстүрге айналып бара жатқаны да байқалады. Сондықтан мәслихат бүгінгі 

бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе баспасөз тілінің әдеби нормаларды 

сақтауы және олардан жөнсіз ауытқуы жайында кеңінен әңгіме қозғамақ.

Қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  дәрежесі  оның  шаршы  топ  алдында 

ауызша жұмсалуы қызметін де жандандыра бастады: жиын-жиналыстарды, 

әртүрлі  аудиторияларда,  өндіріс-шаруашылық  ұжымдарының  алдында 

ауызша сөз айту, жиын-жиналыстарда баяндамаларды қазақ тілінде жасау 

жарыссөздерде  қазақша  сөйлеу,  көпшілікке  арналған  лекция-әңгімелер 

өткізу,  радио  мен  теледидардан  сөйлеу  –  осылардың  баршасы  ауызша 

сөйлеу мәдениетін көтеруді талап етеді. Шаршы топ алдында қазақ тілінде 

ауызша сөйлейтін адам ойын дәл, жатық әрі әдемі, әсерлі етіп еркін жеткізе 

алатын болуы керек, ал бірақ бұл – сан жылдармен берілмеген, өз алдына 

жеке  мәслихат  жиындардың  әңгіме  өзегі  болмаған,  арнайы  құралдары 

жазылмаған,  ғылымда  да  көп  зерттелмеген,  пән  ретінде  оқылмайтын, 

қысқасы,  қалтарыста  қалып  келе  жатқан  сала.  Демек,  ауызша  сөйлеу 

мәдениеті өткізілетін мәслихаттың назарында тұрмақшы. 

Қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  дәрежесіндегі  күшін  танытатын 

шараның  бірі  оның  ресми  іс-қағаздарында,  күнделікті  тұрмыс 



18

қажеттілігінде қолданылуы болып отыр. Бұл – кейінгі 60-70 жыл бойы 

күнделікті қоғам тіршілігінде орын ала алмаған сала. Демек, жұмыс енді 

басталып келеді, мұндай да норма, қалып-тәртіп, жүйелілік – қысқасы 

тіл мәдениеті болу керек. Жазу сауаттылығымыздың тағы бір мәселесі 

– тыныс белгілерін дұрыс қоюға да байланысты. Мәслихат бұл мұратты 

да көздейді. 

Сөйтіп,  әлеуметтік  қару  ретінде  тілдің,  сөздің  қуаты  бүгінгі 

тіршілігімізде орасан артып отыр және әрі қарай да күшейе бермекші. 

Ол үшін осы қарудың замана талабына сай болуын насихаттау бүгінгі 

таңдағы  өзекті  шараларымыздың  бірі  деп  танимыз.  Тіл  мәдениетіне 

ұлттық  мәдениетіміздің  бір  саласы  ретінде  қарап,  оны  қастерлеп, 

дұрыстығы  мен  ортақтығын  бекіте  түсуге  атсалысу  –  әлеуметтік  ой 

пікіріміздің  де,  оқу-ағарту  ісіміз  бен  ғылымымыздың  да,  бұқаралық 

ақпарат құралдары мен бүкіл жазба дүниеміздің де үлесіне тиетін парызы 

мен қам-қарекеті, сондай-ақ бұл әрбір азаматтың, жеткіншек жас ұланды 

тілеуге  баулитын  әрбір  ата  ана  мен  тәрбиешінің,  мектеп  мұғалімі  мен 

институт ұстаздарының ізгі міндеті болу қажет. 

Сондықтан да мәслихатқа дайындық ретінде баспа бетінде кеңінен 

пікір алысуға барша жұртты шақырамыз. 



«Егемен Қазақстан», 1994. 17 маусым.

( Р. Сыздықовамен бірге)

Мемлекеттік тілдің мәртебесі неге төмен?



 Әбеке, бүгінгі әңгімеміздің негізгі желісі болып тартылатын мәселе 



– мемлекеттік тіліміздің бүгінгі жағдайы қандай және болашағынан не 

күтуге болады деген сұрақтар төңірегінде болмақ. Өзіңізге мәлім, Кеңес 

өкіметінің  кеудесі  басылмай  тұрған  уақытта-ақ,  біздің  халқымыздың 

өз тіліне деген ниет тазалығы айта қаларлықтай еді. Оның себебі сол 

кезеңдердің  өзінде  ұлттық  әдебиетіміз  бен  мәдениетіміз  қазақ  тілінде 

дамыды, жетілді. Қиыр қыстап, шет қонған қазақ ауылдарының өзінде 

қазақ  баспасөзінің  тасы  өрге  домалап  тұрды,  әрбір  кеңшардың  шағын 

бөлімшелерінің  өзінде  қазақша  кітапқа  сөресі  майысқан  кітапханалар 

тоқтаусыз  жұмыс  істеді.  Кірсең  шыққысыз  кітап  дүкендерінің  өзі 

қандай  еді.  Ауыл  клубтарында  қойылып  жататын  спектакльдер  мен 

ойын-сауықтардың  өзі  біздің  тіл  мәдениетіміздің  дамуына  қаншама 

үлесін қосты. Осының бәрін санамалап айтып отырған себебім – өткен 

күннің елесіне емешегім үзілу емес, барымыздан айырылып, бағымыздан 

бас тартқандай болған бүгінгі күнімізге қапаланудан болса керек.


жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау