2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет4/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   176

11

тілдердің  жақындасуы  деген  сыңаржақ  түсінік  орнықты.  Бұл  қоғамдық 

пікірді  Хрущев  өзінің  Белоруссия  мемлекеттік  университетінде  сөйлеген 

сөзінде:  «Біз  неғұрлым  орысша  сөйлеуге  тезірек  көшсек,  коммунизмге 

соғұрлым  ертерек  жетеміз»  деп  «жетілдіріп»  толықтыра  түсті.  Оны 

әкімшіл-әміршілдік система қанын жерге тигізбей қағып алып, дереу сол 

бағытта жұмыс істеуге кірісіп кетті. Лениндік ұлт саясатының осылайша 

бұрмалануының  нәтижесінде  1926  жылғы  халық  санағында  көрсетілген 

елімізде өмір сүрген 194 үлкенді-кішілі ұлт пен ұлыс, этностық топтардың 

жарты  ғасырдың  ішінде  93-і  «із-түзсіз»  жоғалып  кетті.  Бұғанасы  өсіп, 

буыны қатпаған қазақ тілін сол 20-жылдардың өзінде орыс тілімен қатар 

қою  дұрыс  емес  еді.  Өйткені,  барлық  жерде  іс  қағаздарын  орыс  тілінде 

жүргізу  міндетті  болды.  Сөйтіп,  орыс  тілінің  басымдығы  қазақ  тілінің 

дамуына кері әсер етті. 

Қазақ  тілінің  қазіргі  жағдайына  қарасақ,  тұлға  жағынан  бәрі  бар 

сияқты.  12  томдық  энциклопедия,  10  томдық  түсіндірме  сөздік  жаздық, 

В.И.Лениннің 55 томдығы аударылды. Қаншама көркем кітаптар шықты. 

Бірақ, тіліміздің қолданылу аясы тар. Партия, совет, кәсіподақ, комсомол 

және ғылым қызметкерлері қазақ тілін біле бермейді. Өйткені, бұған дейін 

қазақ тілін білудің қажеттілігі шамалы деген теріс тұжырым бас бермей 

келді.

Революциядан  кейінгі  70  жыл  ішінде  84  түрлі  терминологиялық 



сөздіктер шығарыппыз. Бірақ олар қажетімізге асып отыр ма? Оларды іске 

қосуға тиіс ғалымдарымыз қазақ тіліне шорқақ. Неге дейсіз ғой, өйткені, 

қажеттілік  жоқ.  Осы  орайда  кезінде  орыс  тілін  барлық  жерде  міндетті 

түрде қолдануға мәжбүр ететіндей қажеттілік бар ма еді деген сұрақ туады. 

Меніңше, ол қолдан жасалған жасанды қажеттілік еді. 

Мәселен, Қазақ ССР Ғылым  академиясынан  1989 жылы шығарылған 

150-дей кітаптың 10 шақтысы ғана қазақ тілінде жарық көрді. Оның өзін 

Тіл білімі институты мен Әдебиет және өнер институтының қызметкерлері 

жазған.  Осындай  өкінішті  фактілердің  бәрі  республикада  тіл  білімінің 

құнын түсіруге әкеп соғуда. 

Республикада орын алған осындай көпе-көрнеу бұрмалаудан және қазақ 

тілінің  мүмкіндігі  туралы  ескі  көзқарастың  салқыны  болса  керек,  Қазақ 

ССР-інің халық депутаттары қазақ тілін де орыс тілімен қатар ұлтаралық 

қарым-қатынас құралы деп жариялауға дайын болмай шықты.

Әйтпесе, кең байтақ республикамызды мекендейтін бір миллионнан 

астам түркі тілдес халықтардың өкілдеріне қазақ тілі әзір де жат емес еді 

ғой. Ал, енді бұл заңның мәні айналып кел генде екі тілдің мемлекеттік 



12

тіл болуына келіп саяды деген пікірмен келісу қиын. Себебі, қазақ тілі 

мемлекеттік тіл деп тайға таңба басқандай көрсетілді. Енді оны іс жүзіне 

асыру  халықтың  өзіне  байланысты.  Заң  қабылданды  деп  іс  біттіге 

санасақ,  немесе  өз  тілін  ұмытқан,  шала-шарпы  білетін  қазақтарымыз 

ана  тілді  үйренуге  енжарлық  танытса,  онда  өз  тілін  қадірлемеген 

халықтың тілін өзге жұрт та үйреніп жарытпас.

–  Сіз  қазақ  тілінің  қазіргі  халі  туралы  жақсы  айттыңыз. 

Алайда  бұл  тізімді  мен  мынадай  фактілермен  толықтырғым  келеді. 

Біз  қазір  қазақтардың  40  проценттейі  ғана  ана  тілін  білмейді  деп 

жүрміз.  Меніңше,  білетіндердің  де  жағдайы  мәз  емес.  Қазақша 

сөйлеп  жүргендердің  өзі  де  көбіне  орысша  сөз  араластырып  немесе 

орысша  ойлап  қазақша  аударма  жасайтын  сияқты.  Яғни  қазақша 

ойлау жүйесі, сөйлеу тәртібі бұзыла бастаған. Мысалға, көшеде жөн 

сұраған қазақтардың: «Айтып жіберіңізші: Ауэзова-Джамбулага қалай 

барады?  –  деген  өтінішін  орыс  тіліндегі:  «Скажите  пожалуйста!..» 

деген қаратпа сөзден бастайтын орамның дәлме-дәл баламасы екендігі 

анық.

Айта  берсек,  мұндай  мысалды  жүздеп,  мыңдап,  келтіруге 

болады.  Алайда  бұл  үшін  жастарды  кінәлауға,  немесе  бүкіл  халыққа 

кінә  тағуға  болмас.  Өйткені,  Қазақстан  территориясындағы  бүкіл 

хабарлардың (теле-радио, газет-журнал, кино, кітап және т. б.) 5–6 

проценті ғана таза қазақ тілінде келеді екен. Қалғаны – Бүкілодақтық 

және  республикадағы  орыс  тіліндегі  хабарлар.  Белгілі  журналист 

Камал Смайловтың «Қазақ әдебиеті» газетіндегі (6 октябрь 1989 ж.) 

мақаласына  қарағанда,  Алматы  қаласының  киоскілеріне  күніне  100 

мыңнан астам га зет түседі, соның 20,5 мыңы қазақ газеттері; қазақ 

радиосы  тәулігіне  19  сағат  30  минут  хабар  жүргізеді,  соның  ішінде 

қазақ тіліндегі хабарлардың мөлшері 4 сағат 30 минут қана; Астана 

тұрғындары  тәулігіне  5  каналдан  36  сағат  телевизор  көреді,  соның 

6–8  сағаты  ғана  қазақша;  бір  жылда  республика  баспаларынан  1336 

кітап шықса, соның ішінде қазақ тіліндегісі 612 екен. Бұған қазақ бала 

бақшалары мен мектептерінің, ана тілінде оқытатын училищелер мен 

институттардың,  әсіресе  оқулық  кітаптардың  саны  тым  аз  екенін 

қосайық.  Міне,  дәл  бұндай  жағдайда  ана  тіліміздің  қолдану  аясын 

кеңітіп,  толыққанды  етуге  көбірек  күш  жұмсамасақ  болмайтын 

сияқты.

– Иә, «асфальттың ақылды балалары қазақша түс көре алмайды» 

деген  сөздің  жаны  бар.  Сондықтан  бұл  айтқандарың  Қазақ  ССР 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау