достық пен туысқандық тілі
Үстіміздегі жылы майда КПСС Орталық Комитетінің Саяси Бюросы
одақтас республикалардың жалпы білім беретін мектептері мен басқа
да оқу орындарында орыс тілін оқып-үйретуді жақсарту жөніндегі
қосымша шаралар туралы мәселені талқылады. Совет адамдары
ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде ерікті түрде қабылдаған
орыс тілінің маңызы арта түскенін атай отырып, Саяси Бюро лениндік
ұлт саясатын мүлтіксіз жүзеге асырудың нәтижесінде біздің елімізде
қоғамдық өмірдің барлық жақтары интернационалданып, ұлттық
мәдениеттердің бірін-бірі өзара байытып, гүлденіп келе жатқанын
ерекше атап көрсетті.
Біздің партиямыз көп ұлтты Отанымыздың барлық халықтары
өкілдерінің ана тілдерімен қатар орыс тілін еркін меңгеруі үшін
объективтік қажеттілігін ерекше атап көрсетеді.
Партия сөзі ең алдымен ұлттық республикалар жастарына арналған,
оларға ұлы Лениннің тілін терең оқып-үйрену және тану үшін қажетті
жағдайдың бәрі жасалған және алдаңғы уақытта да жасала береді.
Барлық ұлттар мен халықтардың тілі мен әдебиеті жан-жақты және
тең праволы дамуы үшін кеңінен серпін алған, орыс тілі ұлтаралық
қатынас құралы ретінде өзінің тарихи міндетін табысты орындап жатқан
біздің көп ұлтты еліміздің жағдайында ұлы орыс тілін еркін меңгеру
туралы мәселенің қойылуы лениндік ұлттық тіл саясаты дамуының
жаңа кезеңін, мемлекетіміздің қоғамдық өмірдің барлық жақтарын
интернациоландыру, ұлттық мәдениетті өзара байытып, гүлдендіру
жөніндегі қамқорлығының тағы да бір жарқын көрінісін бейнелейді.
Совет өкіметінің алғашқы декреттері – бітім және жер туралы
декреттері, Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің шығармалары
орыс тілінде жарияланды. Бұрынғы патшалық Россияның барлық
халықтарының одан өз сүйінішін көруі кездейсоқ емес.
505
Совет өкіметінің алғашқы шағында В.И.Ленин барлық халықтардың
ұлы орыс тілін үйренуі үшін қажетті жағдай жасауды талап етті. Аса
ірі көп ұлтты мемлекетті құру қажеттігі, ұлттардың жақындасуы және
одан әрі қосылуы туралы айта отырып, Владимир Ильич бұл шынайы
демократиялық және интернационалдық негізде, барлық шағын және
үлкен ұлттық тілдердің толық тең праволылығы және олардың еркін
дамуы мүмкін екенін атап көрсетті. Ол өзінің оппоненттеріне жауап бере
отырып, былай деп жазды: «Тургеневтің, Толстойдың, Добролюбовтың,
Чернышевскийдің тілінің ұлы да құдіретті тіл екенін сіздерден гөрі біз
жақсы білеміз. Біз Россияны мекендеп отырған қандай да болсын барлық
ұлттардың езілген таптарының арасында мүмкіндігінше неғұрлым тығыз
қарым-қатынас және туысқандық бірлік арнауын сіздерден гөрі көбірек
тілейміз. Сондықтан біз, әлбетте, Россияның әрбір тұрғынының ұлы
орыс тілін үйренуге мүмкіндік алуын жақтаймыз.
Біз тек бір ғана нәрсені: зорлау элементінің болғанын тілемейміз. Біз
жұмаққа дүремен айдап кіргізгіміз келмейді. Өйткені, сіздер «Мәдениет»
туралы қаншама әсем сөздер айтсаңыздар да, міндетті мемлекеттік тіл
– зорлаумен, күштеп енгізілетін нәрсе. Біз ұлы да құдіретті орыс тілі
өзін кімнің болса да таяқтың күшімен үйренетін болуын керек етпейді
деп ойлаймыз. Өзінің өмірі мен жұмыс жағдайларына қарай орыс тілін
білуге мұқтаж адамдар оны таяқтың күшінсіз де үйренеді».
Біздің еліміздегі тіл құрылымының бүкіл барысы В.И.Лениннің
кемеңгер көрегендігін көрсетті және оның идеяларының өміршеңдігін
толық қуаттады: біздің еліміздің барлық халықтары ұлы орыс халқының
тілін ұлтаралық қатынас құралы ретінде еркін таңдап алды және ол өзінің
құрметті міндетін табысты орындап келеді.
«Өзінің өмірі мен жұмыс жағдайларына қарай...» Көсемнің бұл
пікірі бүгінгі күнде нақтылы әлеуметтік мазмұнмен барған сайын толыға
түсуде. «Известия» газеті (1982 жылғы 16 август) СССР халықтарының
63 тілінде сөйлейтін 250 мың жаңа қоныстанушы Маңғышлақ жарты
аралында берік орныққанын атап көрсетті. Олар бір-бірімен қандай
тілде сөйлеседі деген сұрақ туады. Қазақстанның осы мүйісінде де
туысқандық пен ынтымақтастық тілі, орыс тілінің рөлі, оның
мейлінше қажеттілігі де өте айқын көрінді.
Қазіргі уақытта біздің елімізде халықтың 80 проценті орыс
тілін еркін меңгерген. Соңғы екі халық санағы арасындағы 9 жыл
ішінде (1970 және 1979 жылдар) орыс тілін екінші тілі ретінде еркін
меңгеретін орыс емес ұлт адамдарының тобы 20 миллионға жуық
506
өсті, ал оның орыс емес халықтардың жалпы саны бойынша үлес
салмағы 37 проценттен 49 процентке дейін көбейді.
Бүгінде орыс тілі туралы сөз қозғай отырып, оның айрықша
өскен халықаралық беделін атап өтпеуге болмайды: орыс тілі
мен әдебиеті оқытушыларының Халықаралық ассоциациясының
(МАПРЯЛ) құрылуы осы жайлы бейнелейді. Бүкіл дүние жүзінде
500 миллионнан астам адам оны қайсыбір дәрежеде меңгерген. Орыс
тілін білу бүгінде дүние жүзінде тарайтын информациялардың үштен
екі бөлігіне жол ашады.
Советтік Қазақстанның бұл бағытта орыс тілінің халықтың
барлық жіктерін қамти отырып, кеңінен таралуының тамаша үлгісін
беретіні баршаға мәлім. Біздің еліміздің басқа халықтары сияқты
қазақ халқы орыс тілін соншалықты жақсы меңгеріп, дана Абай мен
қазақ халқының басқа да ұлы ағартушылары өз кездерінде арман еткен
білім шыңдары мен адамзаттық прогреске көтеріліп келе жатқанын
шынайы мақтаныш етеді. 1979 жылғы халық санағы мәліметтері
көрсеткеніндей, қазақтардың жалпы санының 52,3 проценті өздерінің
орыс тілін еркін меңгеретіні туралы мәлімдеді, ал революцияға
дейінгі Қазақстанда оны білетін адамның өзін табу қиын еді.
Буржуазиялық насихат кейбір цифрларды атай отырып орыс тілін
еркін оқып үйренудің өзге тілдерді, оның ішінде қазақ тілін дамытуға
залал келтірмейтініне айғай болып цифрлар туралы әдейі үндемейді.
Достарымыз ғана емес, сондай-ақ шетелдердегі қастарымыздың
өзі шын мәнінде достық пен туысқандық, ғылым мен техника,
мәдениет пен интернационалдық тәрбие тіліне айналған орыс тілін
меңгеруге совет адамдарының терең құлшынысын мойындауға
мәжбүр болды. Осының бәрі СССР халықтарын күштеп орыстандыру
деген жалған түсініктерге жол бермейді.
Тіл процестерінің диалектикасы мынадай: орыс тілін қолдануды
өрістетумен қатар республикаларда ұлт тілдері мен ұлттық мәдениет
одан әрі гүлденіп өзара байланысты осы екі процесс бір жағынан,
совет халқының біртұтас интернационалдық мәдениеттің одан әрі
өркендеуі мен нығаюына, екінші жағынан – барлық ұлттар мен
халықтар мәдениетінің гүлденуіне бастап келеді. Біздің елімізде
тілдердің тең праволы дамуы үшін барлық жағдай жасалды. Егер
Совет өкіметі жылдары еліміздің 40-тан астам ұлттары мен халықтары
тіл үшін берік негіз – жазу мен грамматиканы алса, қайдағы зорлық
туралы қандай сөз болуы мүмкін. Көркем әдебиет 89 тілде жазылады,
507
.......... тілде жұмыс істейді, телевизия мен радио хабарлары 67 тілде
жүргізіледі. Біздің республикамызда журналдар мен газеттер қазақ,
орыс, ұйғыр, неміс, корей, өзбек тілдерінде шығарылады. Сабақ
ана тілінде оқытылатын мектептер мен жоғары оқу орындарының
факультеттері жұмыс істейді.
Тұрғылықты халықтар арасында орыс тілінің кеңінен таралуы
қазақ тілінің дамуына игі ықпал жасады және жасап келеді. Оның
сөздік қоры күрт өсті, көркем-публицистикалық мүмкіндіктер
байыды. «Халқымыз орыс тілі арқылы дүние жүзілік мәдениеттің
асыл қазынасын пайдалана отырып, – деп атап көрсетті КПСС
Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің бірінші секретары Д.А.Қонаев жолдас, – рухани
жағынан өсті, үлкен қоғамдық категориялармен ойлайтын болды,
оның ой-өрісі өлшеусіз кеңейді. Ал мұның қазақ тілін де байытқаны,
сөйтіп оның жаңа, бұрын болып көрмеген әлеуметтік, саяси және
мәдени ұғымдарды қолданатын болғаны өзінен өзі түсінікті. Қазақ
тілінің сөздік құрамы ешқашанда қазіргідей мол болған емес, қазақ
тілінде ешқашанда қазіргідей көп кітап, газет және журнал басылып
көрген емес».
Бүгінде техникасыз, оны басқаратын мамандар мен
жұмысшыларсыз өмірімізді елестетуге болмайды. Дүниежүзілік
ғылымның барлық жетістіктерін игеру үшін орыс тілін білу сонша
қажет, өйткені дүние жүзі халықтарының анағұрлым маңызды
ғылыми еңбектері бұл тілге аударылып қана қоймай, осы тілде үздік
еңбектер жасалды, оларды білмейінше ғылымның өзінің, өнеркәсіп
пен техниканың одан әрі дамуы мүмкін емес. Бүгінде одақтас
республикаларда ашылған аса ірі жаңалықтарды ескермей ғылым
жетістіктері жайлы айтуға болмайтынын атап көрсету керек.
Орыс тілін оқып-үйренуді жақсарту – біздің еліміздің қорғаныс
қабілетін нығайтудың, біздің Армиямыз бен Флотымыз жауынгерлерінің
жауынгерлік және саяси даярлығын арттырудың маңызды факторы.
Талап мынадай: әскер қатарына шақырылған әрбір адамның орыс тілін
тиянақты білуі шарт.
Бүкіл прогресшіл, ұлттық және интернационалдық істердің
жақтаушылары болып табылатын творчестволық интелигенцияның
ана тілі мен орыс тілін жақсы білуі керек. Өз шығармалары мен
еңбектерін қай тілде жазады – ол әркімнің өз ісі. Бірақ орыс
тілін жақсы білу – көркем және ғылыми творчествода тосқауыл
508
болмайды, қайта табысты жұмыстың кепілі. Осыған орай атақты
қазақ совет жазушысы М.Әуезов орыс тілін жақсы меңгерген жазушы
қазақ тілінде шебер жазатынын айтқан еді. Академик-жазушы,
Социалистік Еңбек Ері Ғ.Мүсірепов те осындай пікір айтады. «Біз
орыс тілін меңгергенімізді мақтаныш етеміз. Бүгінде қазақ халқының
қолы жетпеген мәдениеттің бірде-бір саласы болмаса, ол орыс тілінің
арқасында болды».
Коммунистік партия мен Совет үкіметі тілек білдірушілердің
бәрінің орыс тілін табысты оқып-үйренуі үшін қолайлы жағдай жасау
туралы тұрақты қамқорлық жасайды. Алайда ұлт республикаларының
жергілікті халқының орыс тілін меңгеру дәрежесі кемелденген
социалистік қоғамның міндеттеріне әлі де толық жауап бермейді.
Соңғы халық санағының нәтижелері көрсетіп отырғандай, орыс емес
ұлттар халықтарының үштен бірінен астамы орыс тілін нашар біледі,
не тіпті білмейді. КПСС Орталық Комитеті июнь Пленумының
материалдарында атап көрсетілгендей, «адамның интернационалдық
мәдениет байлығынан сусындауын шектейтін, оның қызметі мен
қарым-қатынасы шеңберін тарылтатын фактілер аз емес.
КПСС Орталық Комитеті Саяси бюросында жалпы білім беретін
мектептер мен басқа да оқу орындарында орыс тілін табысты
меңгеруге ықпал ететін қосымша шараларды қарады. Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитеті мен республика министрлер Советінің
қаулысында осы мәселе бойынша нақтылы шаралар белгіленді. Олар
педагог кадрларды сапалы даярлау мен қайта даярлауды жақсартуды,
оқулықтар, құралдар, сөздіктер, көркем әдебиет шығаруды көбейтуді
қарастырады.
Қазақ ССР Оқу министрлігі мектеп жасына дейінгі балалар
мекемелерінде бөбектерді орыс тіліне оқып-үйрету тәжірибесін
жинақтап қорытты. Мысалы, Шымкент облысы Ленин ауданы
«Коммунизм» совхозының «Балдырған» бала бақшасында қызықты
тәжірибе жинақталған. Мұнда орыс тілін оқып-үйрену ісін көрнекті
құралдарды жинақтаудан, «Орыс тілін оқып-үйренеміз» деген
методикалық мүйісті жабдықтаудан, М.Горький атындағы мектеппен
берік байланыс орнатудан және тәрбиешілер үшін орыс тілі
фонетикасы мен грамматикасы бойынша консультация тақырыптарын
дайындаудан бастады.
Бертінде бала бақша қызметкерлері осы бақшаның базасында
өткен аймақтық семинарда өз табыстарын ортаға салды. Ленгір,
509
Сайрам, Сарыағаш аудандарынан келген әріптестері мектеп жасына
дейінгі балаларды орыс тіліне оқытып-үйретудің әдіс-тәсілдерімен
зор ынта қоя танысты.
Мектептер мен жоғарғы оқу орындарының қарауындағы бүкіл
ғылыми-педагогикалық арсенал балалық шақта алған білімдерді
нығайтуға және тереңдетуге бағытталуға тиіс. Өкінішке орай, бірқатар
облыстардың, әсіресе селолық аудандардың қазақ мектептерінде
орыс тілі пәнінің білікті мұғалімдері жетіспейді, олар жиі ауысады.
Кемшіліктерді жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Абай
атындағы Қазақ педагогикалық институтында қазақ мектептері үшін
орыс тілі пәнінің оқытушыларын даярлайтын жаңа факультетті
ұйымдастыру осыған жақсы қызмет етуде.
Екінші жағынан, егер мектепте сабақ беру барысында олқылықтар
сезілсе, онда біліміңді өздігіңнен көтеру арқылы оны жою керек.
Әлбетте, бұл үшін анықтама және методикалық әдебиеттерді көптеп
шығару қажет. Әзірше олар тым аз.
Бір сөзбен айтқанда, тілді үйренудің жолдары көп, солардың
бәрін белсенді түрде пайдалану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |