2-китап indd


«Қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ...»



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет106/196
Дата20.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#43915
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   196
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

«Қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ...»
Бұл Ғабеңнің - Ғабит Мүсіреповтің дуалы аузынан шыққан сөз еді. 
Апыр-ай басқаны емес, өзін-өзі айыптаған, ажал оғындай жайратып 
тастайтын осы бір қатал тұжырымды қалай айтты екен абзал аға?! «Өз 
халқын жек көргендіктен емес, сүйгендіктен, сүйе тұра оның бойындағы 
дертіне, басындағы қасіретіне күйгендіктен айтқан ұлы суреткердің 
осынау сөздерінің астарында өзекті өртер шындық жоқ па екен?» деп 
ойландық па, пайымдадық па халайық?!
Әй, қайдам, ондай парасаттылық қазақ қауымына әлі келе қойған жоқ 
сияқты. Әйтпесе, қоғамдық санамызда, тіршілік-болмысымызда, өзара 
қарым-қатынасымызда сәл де болса, бір жаңа үрдістің нышаны, өркениет 
әлеміне бетбұрыстың белгісі байқалатын уақыт болған жоқ па? Өкінішке 
қарай, «баяғы жартас – сол жартас...». Баяғы жершілдік, рушылдық, 
жікшілдік, баяғы көре алмаушылық, күншілдік, бақталастық, бақастық. 
Бұлардың бәрі сонау кәрі тарих қойнауынан басталып, Абай-Құнанбай 
дәуірінде бел алған ру тартысы, жер дауы, жесір дауы, құн дауы, 
барымта-сырымта, мансап таласы болып келсе, олар кеңес дәуірінде 
де қазақ қауымында өзіндік жалғасын тапқан сияқты. Жері қаншама 
кең болса да, тар көретін қазақты айыптап, сол Ғабеңнің өзі: «Сыймай 
жүргеміз жоқ, сыйыса алмай жүрміз», - деген болатын. Шынында да 
кең дүниені тарылтып жүрген басқа біреу емес, өзіміз ғой. «Жүзден 
– жүйрік, мыңнан – тұлпар» дегендей, арамыздан шыққан біртума 
дара тұлғалардың аяғынан шалатын да өзіміз; маңдайымызға біткен 
дарынды ұлдарымыздың артынан шырақ алып түсетін де өзіміз; ерен 


242
ісімен елдігімізді танытар ер-азаматтарды күндеп, етегінен тартатын да 
өзіміз. Тіпті, түндігінен түзу шыққан түтінді де, еңбегімен ел мерейіне 
ілінген жанның игілікті ісін де, біреудің қуанышын да, күлкісін де 
күндейтін өзіміз емес пе? Осы айтқандарымызға нақтылы мысал 
келтіріп, дәлелдеп жатудың қажеті бар ма? Басқаны былай қойғанда, 
халқымыздың көк аспанында жарқырап шыққан Үркердей бір топ 
жампоздарымыз – Ахаң мен Жақаңның, Мағжан мен Шәкәрімнің, Сәкен 
мен Ілиястың, Мұқаң мен Ғабеңнің, т.б. жүздеген азаматтардың өміріне 
бір сәт үңіліп қараңыздаршы... Нені көреміз? «Жаңбыр бір жауса, терек 
екі жауады» дегендей, замана ағымынан көрген теперішіне қосымша 
бұл жандардың өз «бауырларынан» көрген құқайы мен тартқан азабы 
аз болды ма? Ахаңның «...Жаман екен өз ауылыңның иттерінің қапқа-
ны!..» - дегені кімді айыптап тұр, халайық!
Тіпті, қазағымыз о дүниеде де күншілдігін қоймапты деген сөз 
бар. «Жәннәт пен тозақтың қақпасын бағып, тіршіліктегі жақсы-жаман 
ісіне қарай сұрыптап, «өлген» адамдарды реттеп кіргізіп тұратындар 
қазақ әулетінен біреу келгенде «Е, бұларға бақылаушының қажеті жоқ, 
өйткені олардың өздері-ақ бірін-бірі оңайлықпен жәннәтке жібермейді» 
деп кетіп
қалады-мыс» деген анекдотты да естігеніміз бар. Бұл
 
да бір 
шындықтың елесі сияқты.
Демек, «Қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ...» деген бір-ақ ауыз 
сөзінің қауызына сыйғызып айта білген Ғабеңнің өмір «пәлсапасы»,
 
міне, өміріміздің осындай көлеңкелі көрінісін көз алдымызға елестетеді.
Абзал ағаның уәлі аузынан шыққан осы бір аталы сөзін жаңғыртып, 
арқа сүйеп, ретіне қарай, өміріміздегі әлі де етек жайып келе жатқан 
кейбір сұрықсыз сәттерге күйіне отырып, оған көбінесе өзіміз айыпты 
екенімізді көпшілікке аңғартқым келеді. Және бұл тәрізді құбылысты 
өмірдің әр саласынан іздемей-ақ, әңгімені қасиетті ана тіліміздің 
төңірегінен өрбіткіміз келеді. Өйткені, Ғабең тұспалдап отырған 
қазақтың «қазақтық» қасиеті ана тілімізге байланысты да талай көрінген. 
Оның көрінетін себебі – ана тіліміздің тағдыры үшін айбынды күрестер 
аз болған жоқ. Ол күрес-тартыстар қазақ тілінің кейінгі 70 жыл беделінде 
2 рет Заң арқылы мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты өрбіген 
болатын. 1923 жылы қазақ тіліне орыс тілімен қатар мемлекеттік мәртебе 
берілуінен бұрын да, одан кейін де дау айтушы қазақтар аз болған жоқ. 
Ахаң мен Жақаң сынды ағаларымыз «Оян, қазақ!» деп қанша зарласа 
да, ана тіліміздің беделін көтеріп, бұрынғы арнасына түсіруге ынта-
шынтымен кіріскен қазақ зиялылары кезінде аз болды. Сондықтан да ол 


243
тұтанбай жатып сөнді. Міржақып ағамыздың 1925 жылы жазған «Қазақ 
тілінің мұңы» атты мақаласын оқып көрсеңіздер, қазақ тілін қолдап 
қуаттаған қазақтардан автор тек Ахмет Байтұрсынұлын ғана атайды. 
Қазақ тілінің өзі сөйлеп, жұртқа мұңын былай деп шағады: «Өліде ұшбақы 
болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен 
жылы сөзді алдымен, айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана 
естідім» (Міржақып Дулатов. Шығармалары, Алматы, 1991, 332-333 б-б.)
Бір ғажабы, «тарихтың да қайталанатын сәттері болады» деген рас 
екен. Қазақ тілі 1989 жылғы қыркүйектің 22-сінде өз тарихында екінші 
рет (мұнда да занды түрде) мемлекеттік мәртебеге ие болды. Бірақ бұл 
жолы – жалғыз өзі. Бұл жолы да оған қарсы шығушылар аз болған жоқ, 
тіпті «қазақ тілінің бізге қажеті жоқ» деуші қазақтар да табылды. «Өткен 
іске – салауат!» Бүгінгі мәселе, тіпті, онда да емес. Алақан жайып, тізе 
бүгіп сұрап алсақ та, көптеп-көмектеп ана тілімізді армандай болған 
өзінің биік мәртебелі тұғырына қондырдық. Ол енді бүгінде басқа дербес 
мемлекеттермен терезесі тең, етек-жеңі кең, егеменді ел болып отырған 
Қазақстан Республикасының ресми мемлекеттік тілі болып саналады. Бұл 
оқиға ана тіліміздің тек қара басына ғана қойылатын биік талап емес, біле 
білсек, ең алдымен сол тілдің жаратушысы да, тұтынушысы да атадан 
балаға, ұрпақтан ұрпаққа аман сақтап, аманат ретінде табыс етушісі – 
қазақ халқының өзіне үлкен жауапкершілік артып отыр. Орындалмаған, іс 
жүзіне аспаған Tiл туралы заң да, жай құжат та бірдей.
Сондықтан бүгінгі таңда «елім» деп еңіреп жүрген ердің де, өз 
жұртым деп өзегі жарылып жүрген азаматтың да шынайы азаматтық 
парызы, перзенттік борышы ең алдымен қасиетті ана тілінің алдында 
айқындалып, оған қылған риясыз адал қызметімен ғана, оның ақ ниет 
ризашылығымен ғана өлшенуге тиіс. Жеке бастың бедел-абыройы, 
табиғаттан дарыған талант, ізгі қасиет, тіршіліктен алған атақ-дәреже, қол 
жеткен мәнсап, лауазым – бұлардың бәрі де ана тіліміздің алдында тақ 
тұратын, бас иетін болмашы ғана пендеуи дүние. Бұл пікірім үшін мені 
«Қожанәсір» деп айыптай көрмеңіздер. Менің сенімім де, шыным да осы. 
Сондықтан да болар қарбаласы мол, сағат сайын қауырт өзгерістер жүз 
беріп отырған бүгінгі бір қиын кезеңде күйкі тірліктің күйбеңінен биіктеп 
барып, қоғамдық өмірдің төрінен көрінген ана тілінің шынайы жаршысы 
болып шарықтай жанып, шырылдап жүрген жандарды жанымдай сүйемін, 
ризашылығымды айтып жеткізе алмаймын.
Бірақ ондай жандар әзірше аздау болып тұр. Тіл туралы заңды 
қуаттау үшін кезінде республикалық «Қазақ тілі» қоғамын құрдық. 


244
Қалың ел, қарапайым халықтың санасын оятып, ана тіліне деген 
құрметін арттыруды – қоғамның басты мақсат-міндеті деп белгіледік. 
Бір қарағанда бұл тым жалпылау айтылған сөз сияқты. Ал қоғам 
құрушылардың түсінігі бойынша «халықтың санасын оятудың» 
астарында халі мүшкіл болған тілімізді болашақ ұрпақ үшін сақтап 
қалу, қалпына келтіру, жаңғырту, дамыту деген мақсат жатыр. Өйткені 
осының бәрі ұлттық санаға байланысты. Ана тілінің қажеттігін түсіну – 
елдің елдігін сақтаудың алғы шарты; ана тілі – рухани мәдениетіміздің 
алтын діңгегі екенін мойындау, ана тілі – ұлттық ар-намыстың қорғаны 
екенін түсіну, т.с.с. Егер бүгінде Қазақстанның барлық жерінде жастар 
өз балаларын, қарттар немерелерін қолынан жетектеп балабақшаларға 
апарып, мектептердің партасына отырғызып, қазақша оқытып, тәрбиелеуге 
жаппай бетбұрыс жасап жатса, ол да – сананың оянғаны емес пе? Егер 
қарапайым халық жетпіс жылдың ішінде ұмыт болған салт-дәстүрін істеп, 
ата-бабаларының әруағын жаңғыртып жатса, ол – оянғанның нышаны емес 
пе? Егер ел-жұрт бір кезде жатсынған дінмен қайта қауыша бастаса, адам 
жүрегіне инабаттылықтың, имандылықтың қайта оралуы емес пе? Егер 
халқымыз ғасырлар бойы сақталып, атадан мұра болып келе жатқан жер-
су атауларын қалпына келтіруге құлшына кіріссе, ол да оның санасының 
оянғаны емес пе? Егер бүгінде жастар мемлекеттік тілде орта және жоғары 
оқу орындарында дәріс алып, мамандықты меңгере бастаса, іс қағаздары 
қазақша жүргізіліп, парламенттің биік мінберлерінен алғаш рет қазақша 
сөйлегенді естісек, осының бәрі де жаңа үрдіс, игілікті істің ны шаны емес 
пе?
Шиыршық атқан бүгінгі замана райына қарай бойын шыдамсыздық 
билеген, шідербұзар жат қылыққа әуес кейбір жандар болмаса, екі жылдың 
ішінде жүз берген осынау өзгеріске шүкіршілік етуге болатын сияқты. 
Бірақ, өкінішке қарай, «Жақсылық әсте-әсте, жаманшылық – бір пәсте» 
деген аталы сөзді естен шығарып, 70 жыл бойы қалыптасып қалған қасаң 
тәртіптен, бойымызға ұялап, ойымызды билеп алған жат әдеттен бірден 
арылуды талап етушілер де арамызда аз емес. Өзін ғана ана тіліміздің 
шынайы жанашыры деп есептейтін ондай жандар «дерттің батпандап кіріп, 
мысқалдап шығатынын» ұмытып, бәрі бір-екі жылда бола қалса екен деп 
қиялдайды. Тіл тағдыры үшін басталған қоғамдық шерудің шебіне ілесіп, 
жалпы дүрмегіне қосылғанымен, кейбір «ақылгөй», «кеңесші» азаматтар, 
байқап қарасақ, күні бүгінге дейін сол коғамның мүддесіне сай өз басының 
міндетін айқындай алмай келеді; ел болып, жұрт болып бастаған осынау 
бір игілікті ортақ іске, жақсы үрдіске ондай адамдардан өзінің қосқан 


245
үлесін сұрасаң, анау-мынау, от басы, ошақ қасы әңгімеден аса алмайды.
Сондықтан да болар, аталмыш «Қазақ тілі» қоғамының екі жылдық 
ісіне әлеуметтік көзқарас, беріліп жүрген баға бірдей емес. Айтылып 
жүрген сындар мен талап-тілектердің көбісі-ақ дұрыс, әділетті. «Үлкен 
істің бірден төрт аяғынан тік тұра қалуы қиын» деп ақталып жатудың 
да реті жоқ. Кемшіліктің болуы, әрине, заңды құбылыс. Бірақ мәселе 
сол кемшіліктерді дұрыс айқындап, оны жөндеудің жолдарын іздеуде 
ғой. Құдай-ау, жер жүзінде бірінші социалистік ел болып дүркіреген 
бұрынғы КСРО-ның көз алдымызда күйреуін көрген бүгінгі ұрпақты 
қандай «жаңалық» таңғалдыруы мүмкін. Оның жанында тіл қоғамының 
проблемасы әлдеқайда оңай деп ойлаймыз. 
Дегенмен, «Қазақ тілі» қоғамы туралы қалың бұқараның, 
қазақ зиялыларының, республика үкіметінің, қоғамдық ұйымдар 
мен партиялардың пікірін, көзқарасын, талап-тілегін, ақыл-кеңесін 
айқындап алудың да бүгін реті келіп тұрған сияқты. Бұл әңгімеге 
түрткі болып отырған себептер де жоқ емес. Оның бір шеті мақаланың 
атына орай, «Қазақ тілі» қоғамының дүниеге келмей жатып, бойына 
дари бастаған кейбір «дерттеріне» байланысты.
Қоғам ісіне елдің сын көзімен қарасақ, оның бойында мынандай 
кемшіліктер бар көрінеді:
а) «кезінде қалың көпшіліктің қызу қолдауымен құрылған қоғамға 
елдің көңілі суи бастады: өйткені ол күткен үмітті ақтай алмай отыр» 
дегенді естиміз. Бұл пікірге дау айтуға да болады: біріншіден, қоғамнан 
кімнің не күткенін біз білмейміз; қоғамды құрушылар о бастан-ақ өзінің 
ісін қоғамдық сананы оятудан бастауды, заңды орындауға жәрдемдесуді 
мақсат еткен болатын; Тіл туралы заңды іс жүзіне асыруды, оны 
мекемелерден ресми талап етуді, қадағалауды, елге мойындатуды, 
бойсұнбағандарды жазалауды ол өз мойнына алған емес, алуы да 
мүмкін емес еді; өйткені ол өз мәртебесі, Жарғысы мен Бағдарламасы 
бойынша ондай құқықтан мақұрым болатын; қоғамнан көңілі қалып, 
күдер үзетіндер осы бір жайтты ескермейтін сияқты; сондықтан да, 
егер ана тіліміздің тағдырына тек қоғамдық әрекетпен ғана шектелмей, 
мемлекеттік тұрғыдан қарағымыз келсе, онда көптен бері айтылып 
жүрген Мемлекеттік тіл комитетін құруымыз қажет.
ә) «Республикалық «Қазақ тілі» қоғамы жер-жерде құрылған 
қоғамдық ұйымдарға дұрыс басшылық ете алмай, барлық бастамаларға 
мұрындық болып, жұмысын үйлестіріп отырудың үддесінен шыға 
алмай отыр» деген де пікір айтылып жүр. Өз ісімізге сын көзбен 


246
қарасақ, бұл пікірдің дұрыс жерлері бар сияқты. Шынында да бүкіл 
республика бойынша кең етек жайып, өрістей бастаған жер-жердегі 
жүздеген қоғамдық ұйымдардың тіршілік-тынысын түгел бақылап, тап 
басып, талдап-талқылап, билік айтуға, нұсқау беріп, біртұтас организмге 
айналдыруда республикалық қоғамдағы он шақты адамның мұршасы 
мен мүмкіндігі жете бермейтіндігін мойындағанымыз жөн.
Бұл ұйымдастыру, үйлестіру мәселесінде байқалып жүрген 
кейбір кемшіліктер, сайып келгенде, о баста қабылдаған Жарғының 
кемшін жақтарына байланысты екенін бәріміз де байқап отырмыз. Бұл 
айтылғандардың бәрі Жарғыны қайта қарауды, екі жылдық тәжірибені, 
ұсыныс-талаптарды ескере отырып, оны жетілдіре түсуді талап етеді.
Айта берсе, мұндай кемшіліктер әлі де табылады. Олардың біразы, 
сөз жоқ, президент – менің өзімнен бастап, республикалық қоғам мен 
жер-жерлердегі қоғамдық ұйымдарды басқаратын ондаған, жүздеген 
адамдардың «ана тілім – арым бұл» деп бастаған ұлы мақсатына берік те 
бекем болуына, іскерлік қабілеті мен адамдық парасатына, сөзімен емес, 
ісімен атқаратын өз борышына адал болуына байланысты. «Қазақ тілі» 
қоғамында істеуге бағышталған арнайы мамандық болған емес, болмайды 
да. Сондықтан да бұл іске жан-жақтан жиналып, бел байлаушының 
біреуі білімді де білгір, енді біреуі өмір тәжірибесі мол жандар. Ал 
тағы біреулері «нар тәуекелге» басатын қарадүрсіндер. Көпті көрген 
дегендердің кейбіреулері кейде көкмылжың болып шығады, кресло мен 
машинадан ерте айрылған мансапқұмар, «партократия әулеті», немесе 
айғайға аттан қосып жүретін алақұйын арандатушы-экстремист болып 
шығады. Қысқасы, «Қазақ тілі» қоғамының бір кінәраты болса, ол осы 
сияқты «мамандардың» басшылық етуіне байланысты.
Бұл мәселеге біз төменде тағы ораламыз.
Солай бола тұрса да «Қазақ тілі» қоғамы (бұл арада мен республикалық 
қоғамды ғана емес, оның құзырындағы республикалық барша (1 жолы 
жоқ) екі жылдың ішінде азды-көпті біраз игілікті іс тындырғанын 
айтпауға болмайды. Осыған орай, ең алдымен ескертетінім: көкпардың 
дүрмегіне ілесіп, додасына бойлап кіре алмай жүрген кейбір жандардың 
«түк жоқ» деп мұрнын шүйіруіне, «көрмес түйені де көрмес» дегендей, 
көрініп тұрғанды көргісі келмей, біліп тұрғанын айтқысы келмей «аузын 
қу шөппен сүртуіне» мән бермейік. Өмір әрқашанда өзінікін дәлелдейді, 
мойындатады. Ондай пенделермен дауласып, тәжікелесіп жатудың дәл қазір 
реті жоқ. Құдайға шүкір, қазағымызға тән бұл «қасиетті» біз де жақсы білеміз, 
білгендіктен де оған кешірімдікпен қараймыз.


247
Қоғамның барша табыстарын түгел қамтып, санамалап айтып шығу 
бір мақала көлемінде мүмкін емес. Ол арнайы жазылатын есепті баяндама 
болмаса, біздің әңгімеміз үшін міндетті де емес. Дегенмен, игілікті істердің 
басты- бастыларын атап өтуге болады:
а) «Қазақ тілі» бүгінде республикаға ғана емес, қазақтар жасайтын одан 
тыс аймақтарда да белгілі, өз тетелестерінің ішінде абыройлы да беделді 
қоғам болып саналады.
ә) Тілге және тілге қатысты қоғамдық құбылыстарға қызу араласуына 
байланысты «Қазақ тілі» қоғамы белсенді де іргесі берік қоғамдардың 
санатына енді. Осыған орай ол Қазақстан Республикасының халық сайлаған 
бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан жоғары бағаланып 
отыр.
б) Қоғам ұйымдастыру науқанын табысты аяқтауына байланысты 
оның барлық 19 облыста, олардың қала, аудандарында өз ұйымдарын 
құрып, қалың тіл жанашырларын өз төңірегіне топтап отыр. Осының 
арқасында «Қазақ тілі» қоғамы ел ішіне кең тараған қалың бұқаралық ерікті 
ұйым болып танылды.
в) Қоғамның жалпы бағыт-бағдарын анықтап, мақсатын айқындап 
отырған, жылы жаңбырдан кейінгі қозықұйрықтай қаулап өскен 
республикадағы жүздеген жаңа ұйымдардың басын қосып, бір мүддеге 
жұмылдырып отырған оның айбынды үні – «Ана тілі» газетінің шығуын 
мәдени өміріміздегі үлкен құбылыс деп есептеуге болады. Ол барлық 
жағынан кешегі Ахмет Байтұрсынұлы шығарған «Қазақ» газетінің рухани 
мұрагері болып саналады. «Қазақ тілі» қоғамының жер-жердегі ұйымдары 
тарапынан қазірдің өзінде республикада 2 жур нал, 18 газет жарық көріп 
отыр. Бұл тәрізді игілікті істерді де біреулер байқамауы, байқаса да мән 
бермеуі мүмкін.
г) Қоғамның жанынан ашылған «Тіл тағылымы» деп аталатын халық 
университеті тілтанымы және басқа да қоғамдық ғылымдар саласынан 
дәріс өткізіп, халық арасына білім таратушы бірден-бір орталыққа айналып 
отыр. Бұл университеттің өнеге-үлгісін ел арасына, қоғамдық ұйымдарға 
кеңінен таратуға қағазға деген мұқтаждық тосалғы болып отыр.
ғ) Республикалық қоғам және оның облыстардағы ұйымдарының 
қаржы мәселесін шешуге байланысты істеп жатқан әрекеттері де аз емес.
д) Қоғам ана тіліміздің төл проблемаларына да қызу ат салысуда. Ол 
Тіл туралы заңның өзінен бастап, 2000 жылға дейінгі тіл дамуы туралы 
бағдарламаның жасалуына, терминологияның, жер-су, географиялық 
объектілердің реттелуіне, жазу мәселесіне, қазақ тілін үйрету, оның 


248
әдістемелік құралдарын жасатып, бастырып, таратуға, тіл мәдениетін 
көтеруге, т.б. осы сияқты мәселелерді шешуге тікелей араласып келеді.
Әрине, қоғамның мұндай игілікті істерін термелеп, санамалап айта 
берсе, көп орын алатыны сөзсіз. Шынайы жағдайды дұрыс түсінгісі келетін 
жанға осы айтылғанның өзі де аз дүние емес. Бірақ біз осыны айта отыра, 
әсте де табысқа мастанып, жайбарақат күй кешкіміз келмейді. Қоғамның 
атына айтылып жатқан артық-кем сынға да біз осы тұрғыдан қараймыз.
Дегенмен, сынның да сыны бар, сыңаржақ сындардан өз кезінде 
тиісті қорытынды шығарып, өз бағасын беріп отырмасақ, әлі де бойы өсіп, 
бұғанасы қата қоймаған «Қазақ тілі» қоғамының болашағына олар зиянын 
тигізуі мүмкін. Менің өз ойым: қоғам туралы қоғамдық пікір тудырғысы 
келетін адам ең алдымен сол қоғамның мақсат-мүддесін терең түсінуі 
керек. Ал түсіну үшін осы қоғамның «қазанында» біраз қайнау керек. Екі 
жылдан бері тіліміздің зарын зарлап, мұңын мұңдап болғанбыз. Сондықтан 
бүгінгі тіл қоғамына қарадүрсін айқайшы емес, тіл табиғатын түсіне 
білетін ақыл-кемел, парасатты жан керек. Қолынан іс келетін, салқын 
қанды, жүрегі ыстық, қолы таза салауатты адам керек. Қоғам жұмсақ 
кресло, мінер көлік іздейтін мансапқорлардың да жылы орны емес; қоғам 
көлденең жүрген көк аттының да бір соғып өтер тұрағы емес... Сондықтан 
да біздің қоғам біле білгенге қасиетті, білмеске қасіретті, сыры мол дүние. 
Олай болса, қоғамды сынайтын халайықтың өз басына біз де сын көзбен 
қарағанымыз жөн. Өйткені бүгінгі қоғам қалыптасу дәуірінің қасіреті 
мен «өсу процесінің қиындығын» басынан кешіріп отыр. Ол тез өсіп келе 
жатыр. Оны «сыншылар» ескеру керек. Ал аяқ-қолы балғадай болып, 
тез өсіп келе жатқан балаң жігіттен үміт үзбеу керек. Қайта оның өсуіне, 
балиғатқа жетуіне жәрдемдесу керек. Оның өктем талабына, сұранысына, 
қажетіне төтеп бере алмасақ, қоғам құрған біздерге сын, қауымның сенімін 
ақтай алмаса, қоғамның өзіне сын. Демек, қоғамның өсіп жетілуіне уақыт 
керек, уақыт қана емес-ау, қамқоршы, ақылгөй ұстаз, шынайы жанашыр 
кажет. 
Қоғам қамын ойлаушыларға да, кейбір сыңаржақты сыншыларға 
да айтатын бір сыр: о баста «Қазақ тілі» қоғамын құрғанда көп нәрсені 
алдын-ала байқай алмадық. Ол кезде дәл бүгінгідей өресі биік, өрісі кең 
шеру тартқан қалың бұқаралық қозғалысқа айналып кететінін пайымдау 
мүмкін емес еді. Сөйтіп, кезінде ізгі мақсат, ұшқыр сезімнің қанатында 
ғайыптан дүниеге келген бүгінгі қоғамдық перзентке күйіне де, сүйіне де 
қарағың келеді. Қоғам тағдырына шынайы жанашырлықпен айтылар сын 
осыны да ескеруі қажет сияқты. Өйткені кейбір кемшілік жоғарыда айтқан 


249
«өсу процесінің» қиындығына да байланысты, бастапқы Жарғының 
кемшіндерін бүгін өзіміз де сезініп отырмыз.
Осыларды айта келе, біраз алшақтап кетсем де мен мақаланың 
тақырыбына қайта соққым келіп отыр. Енді «Қазақтың қазақтан басқа жауы 
жоқ» деген сөзді «Қазақ тілі» қоғамының өз басына, оның бойына дерт болып 
жабысқан бір кінәратқа байланысты тағы да жандандырғым келеді.
Біз жоғарыда жер-жерде құрылып жатқан «Қазақ тілі» қоғамының басын 
ұстап, үрдісін анықтайтын игі-жақсы қауымның арасында ара-тұра кездейсоқ 
адамдардың да кездесіп қалатынын ескертіп, оның себептерін де бажайлаған 
едік. Шынында да бұл дерт бүгінде «қазақ тілінің шынайы жанашыры» деп 
аяқ-қолын жерге тигізбей, оңды-солды мақтап-марапаттап жүрген қазақ 
ағайындардың өз бойынан табылып отыр. Оны көргенде «сенген қойым сен 
болсаң, күйсегеніңді...» дегің келеді. Бұл дерттің диагнозы – жалпы түрде 
айтқанда «қазақ ауруы» да, оның симптомы мен себебі екі топтан тұрады: 
I) баяғы сол бақталастық пен бақастық, күншілдік пен көре алмаушылық, 
мансапқорлық пен өзімшілдік 2) істің мәнін жете білместік, бейхабарлық, 
саяздық, қарадүрсін кеудемсоқтық, нар тәуекел, көзжұмбайлық, т.б. Ал 
«аурудың» көрінісі: өсек-аяң, көз тасалау, (1 жолы жоқ) бірінің үстінен бірі 
арыз жазу, ырың-жырың, өзара келіспеушілік, бірінің тілін бірі алмау, бұра 
тарту, айтыс-тартыс т.т.
Қоғамның әлі де жас балғын денесіне дендеп бара жатқан осы бір 
дерт, әрине, сол қоғамның президенті ретінде ең алдымен менің арқама 
аяздай батып, жанымды жаралайды. Жұмысымызда кемшілік жоқ деп айта 
алмаймыз.
Қоғам денесіне дарыған «ауру» барған сайын асқынып бара жатқан 
сияқты. Сондықтан да, «ауруын жасырғанды өлім әшкере етеді» де гендей, 
өз дертімізді ашық айтып, өзіміз емдемесек, қоғамның дамуына нұқсан 
келтірері сөзсіз.
Біреуді айыптау үшін емес, бойымызды арылту үшін аталмыш «қазақ 
ауруының» көзге ұрып тұрған түрлерін санамалап айтқым келеді.
1. Қоғам бастықтарының арасында бас билікке таласу, бақталастық, 
мансапқорлық сияқты «пендешілік» байқала бастады. Бұл көбінесе 
облыстық, қалалық, аудандық ұйымның төрағалары мен олардың 
орынбасарлары арасында байқалып жүр. Жарғы бойынша, төраға 
қоғамнан жалақы алмайтын қоғамдық негіздегі басшы. Ол бастапқы идея 
бойынша – қоғам ісіне игілікті ықпал жасап отыратын, ел ішінде бедел-
абыройы зор, көргені мен көңілге түйгені мол, білімді де білікті жан; 
қоғам басшыларына ақыл-кеңес беріп отыратын ақылгөй адам. Оның 


250
орынбасары күш-жігері мол, алғыр да іскер, білімді, мінезді, бойында 
ұлттық қаны бар, ана тілі алдындағы азаматтық борышын, перзенттік 
парызын ерекше сезінетін кісілігі мол жастардан болса игі деп тілеймін. 
Көп жерде-ақ осылайша үйлесімін тапқан жандар тізе қоса отырып, 
игілікті іс тындырып жүргенін де айтуға болады.
Бірақ мұндай «ауызбірлік» барлық жерде бірдей байқалмайды. 
Кикілжіңді бастайтын – әдетте пысықайлау орынбасарлар. Ең алдымен 
оларға төраға тақиясы тар келе бастайды, «отырса – опақ, тұрса – 
сопақ». «Креслода сол отырады, телефонның құлағы соның қолында, 
мінетін көлік те соның астында, қоғамның абырой-атағы бәрі соған 
телінеді, ал жұмысты істейтін мен, орынбасар...» деген күңкіл шыға 
бастайды. Күңкіл болса бір сәрі ғой, мұның аяғы үлкен күншілдікке, 
бақталастыққа соғып, дау-дамайға айналып жүргені де белгілі. Тіпті, 
ондай төрағаны орнынан ығыстырып тастап, өзі жалақы алатын төраға 
болып алған азаматтарымыз да бар. Мүмкін, қоғам басқарудың дәл 
осы түрі дұрыс та шығар. Өмір соны дәлелдеп жатса, несіне қарсы 
боламыз. Бірақ бұл қоғамға тән имандылық пен инабаттылықтан аттау 
емес пе? Мұның кімге қандай үлгі, қандай өнеге боларын да кім білсін! 
Сондықтан болу керек, бұл «тағылым» басқа жерлерде де шаң бере 
бастады. «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» дегендей, осындай 
бақталастықтың арты үлкен дау-дамайға айналып жүргенін бұдан әрі 
жасыруға болмайды. 
Басшы ағайындар! «Балық басынан шірімесін! Бұлақ басынан 
лайланбаса екен деймін. Басшылардың барша әрекетін қалт жібермей 
бақылап отырған қалың жұртшылық бар. Екі басшы өзара ғана айтысса 
бір сәрі: бірақ олар ел ішінде топ құрып, тобыр сайлатып, жұртты 
дүрліктірсе, оларды құдай алдында да кешіруге болмайды.
2. Дерттің енді бір түрі – менмендік, кеудемсоқтық (амбиция), 
өзімбілемдік. Бірақ мұндайлардың көкейінде де есекдәме, мансапқорлық 
пиғыл жатады. Ондай пенделер қоғамның әртүрлі буындарында-ақ 
байқалып жүр. Бұлардың пиғылын бір сөзбен айтқанда: өзінше бастық 
болу, үй ішінен үй тігіп, өзінше түтін түтету. Бip кезде «Қазақ тілі» 
қоғамының құзырында ұйым құрып, шаңырақ көтерсе де, бола бастаған, 
(1 жолы жоқ) әсіресе, аудан, қала көлеміндегі кейбір ұйым бастықтары 
ымыраға келіп, сатылы байланыс (субординация сақтап) жасап, қасиетті 
тіліміздің мүддесін корғаудың орнына, іргесін елден аулақ салып, 
«дербестікті» аңсап, өзінше от оттап, су ішкісі келетін көрінеді. Бұл не? 
«Өзі болған қыз төркінін танымайдының», әлде «Жаман атқа жал бітсе, 


251
жанына торсық байлатпастың» кері ме? Ондай азаматтар қоғам құрғыш 
болса, өздері неге бұрын құрып алмады? Бірақ қалай болғанда да қалың 
бұқаралық ерікті қоғамның тағдырын бір адам шешуі мүмкін емес. Олай 
болса, біздің таңғалатынымыз: бүйректен сирақ шығарып жүрген тентек 
басшыны тезге салатын ел-жұрт, саналы азаматтарда неге үн жоқ!? Heгe 
қалың ел болып көтерген «Қазақ тілі» деген қасиетті Қара шаңырақтың 
шырқын бұзуға жол беріп отырмыз!?
Осыған орай айтатыным: ағайындар, біз қай облыста, қай қалада, 
қай ауданда қоғам құрмалық, ол бір-ақ қоғам, бір-ақ ізгі мақсат-
мүдденің төңірегінде топтасқан қауым. Қандай қоғам және қанша қоғам 
құрсаңыздар да өз ықтиярларың. Бірақ «Қазақ тілі» қоғамын басқа бір 
мақсатқа итаршы қыла көрмеңіздер!
3. «Қазақ тілі» қоғамына қатысты дерттің тағы бір тобы – орысшалап 
айтқанда «попу лизм», қазақшасы – әуегейлік, даңғаза-дарақылық, 
экстремизм, әпербақан, ұрдажықтық тәрізді қасиеттер. Рас, бүгінгі 
аумалы-төкпелі заманда қайткен күнде де (өзіне емес!) біреуге келсе де, 
келмесе де ұқсап бағу тенденциясы етек жайып отыр. Жайбарақатта жақсы 
мінезімен ғана белгілі жанның аяқ астынан нілдей бұзылып, тобырды 
бастап, «аттанға» айқай қосып, атой салып, жұрттың алдына шығушы 
әуегей, әпербақан жандарды жиі көретін болдық. Кейде батылдықтың да, 
батырлықтың да, әрине, керегі бар. Соны ескеріп, кейде «Інісі содырлының 
– ағасы қадірлі» дегенді ойлап, үндемей қалатын жайларымыз да болады. 
Бірақ «ана тілімізді – арымыз» - деп ту етіп отырғанда соның атын саудаға 
салып, соның жоғын жоқтап, зарын зарлаған болып, жеке басының 
беделін көтеруге, абыройын арттыруға ұрынатын жандарды көргенде де 
жаның жабырқайды. Тіл үшін істеген болмашы ғана ісін бұлдап, айды 
аспаннан шығарғандай әлемге жар салып жүретін азаматтар да арамыздан 
көріне бастады. Бұларға не деуге болады?
«Популизм» деген бүгінде жан-дүниені билеп алатын қоғамдық 
дертке айналып бара жа тыр. Ол – көбінесе көпшілік психологиясының 
бір көрінісі; ал көпшілік пен жеке адамды билеп алатын соқыр сезім, 
әуегейліктің алды – соқпақ, арты – жар.
Қасиетті қазақ тілінің бүгін де, ертең де, болашақта да жанынан 
табылатын шынайы жанашыр, жанкүйерлерінің арасында ондай 
әуегейлердің болмағаны абзал. Өйткені тіл қаншама наркескендей өткір, 
мөлдір судай таза, жарға соққан толқындай екпінді болса, соншама нәзік 
дүние ғой. «Оны қорғаймын деп жүріп, әуегейлер жанын жаралап алмаса 
екен!» деп ойлаймын.


252
4. Бұл тәжірибесіздіктен, «өсу процесінің қиындығынан 
туындайтын» дерт болуы ықтимал. Жер-жерде құрылған қоғамдардың 
үлкені бар, кішісі бар өзінен жоғары тұрған ұйымдардан жәрдем күту, 
нұсқау күту әдетіміз бар. Әрине, ондай жәрдем керек-ақ. Бірақ Жарғы, 
Бағдарлама тұрғысынан өзінше жол тауып, жаңалық бастауға болмай ма? 
Ондай үлгілі, өнегелі ұйымдар бізде аз емес.
Бұл мәселенің бір жағы, оны біз «инициативасыздық» деп атаған 
болар едік. Мәселенің екінші жағы – бұрын бастық болып көрмеген (1 
жолы жоқ) болған екен – қоғам атынан оған рахмет. Бірақ осыдан кейін 
әлгіндей бастық өзінше қыр көрсетіп шыға келеді. «Мұны істеген мен!», 
«Бұл – біздің ісіміз!». «Ал республикалық, облыстық қоғамдар, осы 
сендер не тындырып жүрсіңдер?!» деп өзінше бүйрегін таянып, шіреніп 
шыға келеді. 
5. Енді бір дерт – «пендешілік». Бұл қазақ түсінігінде – өте кең 
ұғым. Дегенмен, оның бір-екі түрі қазақ тілі маңында да байқалады. 
«Қазақ тілі» қоғамы құрылғаннан кейін оның төңірегінде «ақылгөйлер», 
«қамқоршылар», сыншылар көбейе түсуде. Мейлі ғой, жаңа басталған 
тірлік, кем-кетіктерінің болуы ықтимал; ағайынның жанашырлық, жақсы 
лебізінің, ақыл-кеңесінің артықтығы жоқ.
Бірақ ақылшы болып көлгірсігеннің көмегі көбінесе сызданған 
құр уағыз болып шығады; әділқазы дегеніміз кейде «бар болса көре 
алмайтын, жоқ болса бере алмайтын» іші тар туыстай әділетсіз болып 
шығады; сенген сыншымыз «сыныққа сылтау», «тырнақ астынан кір 
іздейтін» сыңаржақ болып келеді; олардың қоғам жайында әр жерде 
айтып, газет-журналдарда жазып жүргендерін көргенде, апырай, «көрмес 
түйені де көрмес» деген осы екен-ау, әйтпесе, кейбіреулердей қоғамды 
«жылт етіп жанып, жалп етіп өшкен» қара шыраққа ұқсатпаған болар 
еді. («Халық кеңесі», наурыздың 5-і, 1991 ж.). Немесе тағы бір автордың 
қалалық қоғамның бір бастығы бола тұрып, түймедейді түйедей етіп, 
қалың жұрт көріп-біліп отырған қоғамның бар тіршілігіне мұрнын 
шүйіре қарап, «ойбай, өйтіп жатыр, бүйтіп жатыр»; «масқара-ай, ұят-
ай!» деп өзі жарытып та түсінбеген жайларға дау байбалам салуын, 
«саптыаяққа ас құйып сабынан қарауыл қарап», өзінің төл ісіне сырттан 
сын айтуын өз басым сауаттылықтың, парасаттылықтың нышаны 
деп танымаймын. («Жас алаш», қарашаның 28-і 1991 ж.). «Қойшыны 
құдай ұрайын десе Шопан атаға тілі тиеді» дегендей, кім болсақ та дәл 
осылайша бейпіл сөйлеуге сақ болайық. Бәріміз де сөздің мәнін түсінетін 
қазақтың баласымыз ғой, бүгінгі ұлы бетбұрыс, үрдістің үстінде, 


253
егеменді ел болып, еркімізді қолға алған, тілімізге мәртебе алған заманда 
береке-бірлік, ынтымақ сақтайық, қасиетті «Қазақ тілі» қара шыңырағын 
сыйлайық, құрметті халайық!
6. Жұмыр басты пендеде кемшілік, кемістік болмай тұрмайды. Қайта 
кемшілік жібермейтін адам қауіпті. Сол сияқты бүгінде «Қазақ тілі» деп 
аталатын қоғамының төңірегінде ана тіліміздің күйін күйттеп жүрген 
азын-аулақ жандардың бәрі де, оның ішінде өзім де бар, ет пен сүйектен 
жаратылған адамдармыз. Ісіміз жаңа бастама болғандықтан бірден тап 
басып жол табу да оңай емес.
Дегенмен, «Қазақ тілі» қоғамын ғайыптан құрып, оның түренін 
сүйреу үшін өз еркімен мойынтұрыққа алғаш рет мойнын сұнған 
жанның біреуі мен де, екіншісі Ө.Айтбаев болатын. Қалың жұрттың ұлы 
сенімімен қоса арқалатқан ауыр «жүкті» бір белеске жеткізіп тастауға 
бел байлап отырмыз. Бірақ біз бойын дерт басқан, көңілінде күдігі 
мол кекесінді пенделердің емес, шынайы жанашырлардың жәрдеміне 
ділгерміз. Ана тіліміздің әлі қарауытып тұрған аспанын ашуға мың шырақ 
та аз, миллиондаған шырақ қатар жанғанда ғана ол жарқырай түседі. 
Сондықтан, халайық, біріміз жанып, біріміз өшіп, біріміз бықсымайық! 
Ана тіліміздің аспаны жарқырап ашылса, ол арыла алмай келе жатқан 
«дертке» де дауа болуы мүмкін.
Абзал ағаның «Қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ!» деген сөзі иісі 
қазақтың есінде жүргені жөн.

жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   196




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау