2-китап indd


Өзгелер ақымақ, біз ақылды болғанымыз ба?



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет102/196
Дата20.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#43915
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   196
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Өзгелер ақымақ, біз ақылды болғанымыз ба?
– «Егер ғалымдар латын қарпіне көшу дұрыс деп шешсе, мен 
қарсы емеспін» деп еді Елбасы осыдан бірнеше ай бұрын. Соңғы сөз 
сіздерде, сіздер не дейсіздер?
– Президент: «Егер халық қалап жатса, ғалымдар латын тілінің 
кажет екенін дәлелдеп жатса, мен қарсы емеспін» деген. Ол кісі осы 
пікірінде жүр. Енді қалың жұртшылықпен ақылдасу керек. Мәселе 
осыған келді де тоқтап қалды. 1993 жылы Анкарада «Егемендік алған 
түрік елдерінің жиналысы» болды. Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан
Түркменстан, Қырғызстан елдерінің өкілдері қатысты. Сол жылы: 
«Біз латын жазуын қабылдауымыз керек. Бұл қазақтар үшін 
ғана емес, бүкіл түркі әлемі бірігуі үшін қажет. Кеңес үкіметі 
кезінде Қытайдағы қазақ бауырларымыз біресе латиницаға, біресе 
арабшаға көшті. Бұл қазақтарды бір-біріне қоспаудың тәсілі 
ғой. Біз сиам егіздері сияқты орыстармен басымызбен жабысып 
қалдық. Солардан ажыраудың бір тәсілі осы – латын жазуы деп 
ойлаймын»,
– деп Президенттің атына ашық хат жаздым. Бізден 
басқа Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркменстан, Татарстан, гагауыз 
түріктері, қырым татарлары, қысқасы, Түркияны қоса есептегенде 
түркі халықтарының жартысынан көбі латын жазуына көшті. Ал біз 
әлі бір тоқтамға келген жоқпыз. Мәселе ресми түрде жоғарғы жаққа 


234
қойылған жоқ. Қазір кітап жазып жатырмын. Сол аяқталған соң, осы 
мәселені алға қоямын ғой деймін.
– Қазір көнетүркі жазуын көтеріп жүрген бастамашыл топ 
белсенді жұмыс істеуде. Тіпті, Рунология институтын ашуды да 
ойлап жүргендер бар. Сіз осы мәселеге қалай қарайсыз ?
– Мен түгелдей қарсымын. Оны айтып жүрген Аманқос Мектептегі 
деген жігіт осында Тіл білімі институтында істеген. Орхон-Енесей-
Талас өзені бойынан табылған тастар жазуындағы жалпы белгілердің 
саны 100-ге жақын. Ал енді қай тілде 100 таңбасы бар алфавит бар? 
Орхон-Енесей жазуы практикалық жазу емес. Ол ескерткіш ретінде 
қабылданған жазу. Бұл жазуды қазір кім оқи алады? Екінші бір мәселе, 
бір дыбыстың жуан-жіңішке варианттары болады. Әрбір дыбыстың 
жеке дара таңбасы болуы керек. Ал көне жазуда бір ғана «а» дыбысының 
бірнеше таңбасы бар... Патриоттың да, патриоты бар. Ұлтжанды азамат 
адамның, халықтың өміріне жақын болғаны жөн.
– «Латын қарпіне көшу көп ретте шетте жүрген бауырларымызға 
жақсы болар еді» деген пікірді естиміз. Бұл қаншалықты рас?
– «Қазақпарат» қазір латын тілінде интернетте жаңалықтар 
таратып отыр. Шеттегі қандастарымыз осыны оқып: «Ел жаңалықтарын 
түсініп, оқи алатын болдық. Рахмет!» – деп алғыстарын айтуда. Біздің 
Қытайдағы қандастарымыз арабша жазады, Қазақстанда кириллица, 
Өзбекстан келесі жылы түгелдей латынға көшеді. Ол жердегі қазақ 
жастары ЖОО-ға түсуі үшін латынша оқуға көшуі керек. Латын жазуы 
жер жүзінде халықаралық фонетикалық транскрипция негізінде 
қабылданды. Қытайдың өздері латын алфавитін қабылдағысы келді. 
Бірақ тілдерінің ерекшелігіне байланысты қабылдамай, тек транскрипция 
ретінде қалдырды. Латын тілі – өркениетке бір қадам ілгері жүру ғой 
деп ойлаймын. Бізден басқа мемлекеттер не істеп жатыр? Әзірбайжан 
түгелдей өтіп болды. Көшелерінде қазір кириллицамен жазылған бір де 
бір жазуды байқай алмайсың. Сонда олар бізден ақымақ та, біз ақылды 
болғанымыз ба? Олар ақымақ емес, олар да бір нәрсені біледі.
– Сіздің бүгінгі жасап жатқан еңбегіңіздің барлығы болашақ үшін 
ғой. Бүгінгі жастар Сіздің идеяңызды қолдап жүр ме? Жастарға не 
айтасыз?
– Өткенде латын жазуы жөнінде теледидарда келелі әңгіме болды. 
Сонда мен жастарға қатты риза болдым. Кейбір ағалары түсінбей жүрген 
жерлерін жастар жете түсініпті. Болашаққа деген көзқарастары дұрыс 
екен деп қатты таңырқадым. Жастар түсінгенді ағалары түсіну керек 


235
қой. Өткенді көксеу, ностальгия күшті ғой бізде. Болмаса кей ағаларың тура 
жолды табу кезінде, ылги да ши шығарып отырады.
– 
Әңгімеңізге рахмет. Ши шықпасын деп тілейік!
 «Azamat », 2005. № 6 (6), 14 сәуір – 21 сәуір 5-б.
(Сұхбаттасқан А. Еркімбай)

жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   196




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау