2-китап indd


«Тіл туралы заңның» мемлекеттік дәрежеде



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет104/196
Дата20.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#43915
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   196
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

«Тіл туралы заңның» мемлекеттік дәрежеде 
орындалуы қалай жүргізілуде?
– Қазақ тілін оқытудың тиімділігін арттырып, тиісті 
нәтижелерге қол жеткізу үшін не істеу қажет?
– Бұл – көкейкесті үлкен проблема. Әрбір мәселенің мақсаты, 
міндеті болады десек, алдымен қазақ тілін кімге, қашан үйрету керек 
деген сұрақ төңірегінде ойлануымыз қажет. 
Жас ерекшелігіне орай өз арна-ағымымен жүре келген әр 
түрлі процестер негізінде бала 14-15 жасында тілінің тиісті, негізгі 
нормаларын толық меңгеріп шығады деуге болады. Осындай жағдайда 
– ана сүтімен ауызданып, ана әлдиімен тербеліп өскен, ана тілінде 
алғаш сөз айтқан балаға бір түрлі талаптар қойылып, бір түрлі оқыту 
әдістері қолданылса керек. Осыдан шығатын қорытынды – төрт түлікті 
тек кітап, теледидар беттерінен қызықтап, ауыз әдебиеті мұраларының 
әңгімеленіп, шертілуін, мақам-мәнерін, бар сұлулық ерекшелігіне 
қанбай, асық ойнап, ат мінбей, ата алдын көрмей өскен, ойлауы, түсінуі, 
ұғымы өзгеше қала баласына басқа түрлі әдістер қолданылғаны тиімді 
болары анық. 
Бүгінгі таңда (майдалап айтқанда): қазақтардың 15%-і өз ана тілін 
мүлде білмейді, 25%-і шала біледі, 60%-і біледі (біледі деуге жетеғабыл). 


239
Мен кейінгі кезде жиі естіліп жүрген «ағылшын тілі мектептерде 
2 сыныптан бастап оқытылса» деген пікірге үзілді-кесілді қарсымын. 
Рас, бұл жаста бала айтқаныңды тез қағып алып, оңай үйреніп кетер, 
алайда бұның ана тілін толық меңгеріп, біліп шығуына залалы тиеді. 
2-3 тілдерді 5 сыныптан ары қарай оқыту керек (орыс тілін, мүмкін, 
3 сыныптан ары қарай енгізуге болар, өйткені бұл тіл қолданыста 
болғандықтан бала оны азды-көпті игере бастайды). Оған дейін қазақ 
тілі жан-жақты, толық оқытылып, үйретілуі тиіс.
– Тіл туралы Заңның шын мәнінде жүзеге асуы қандай мәселелерге 
байланысты деп ойлайсыз?
Кез келген заңның орындалуы, онда қарастырылған мәселелердің 
жүзеге асырылуы талап етілуі тиіс. Сондықтан 1) Заң шығарушы орган 
(парламент) сол заңның орындалуын ең бірінші кезекте өзі талап етіп 
отыруы керек; 2) оның орындалуы көбіне (немесе, негізінен) қаржыға 
байланысты болғандықтан (айталық, үлкен жиындарда, т.б. өзге тілді 
қатысушыларды ілеспе аудармамен қамтамасыз ету үшін соған сәйкес 
аппараттардың болуы т.с.с.), сол заңды орындаушы өкімет көп көңіл 
бөліп, әсіресе, мемлекет бюджетінен қаржы бөлу жағы қарастырылып, 
өкімет деңгейіндегі назарда болуы қажет; 3) Мемлекетке аты берілген 
ұлт тілінің дамуы қажет. Сондықтан бұл іс (яғни заңның орындалуы, іске 
қосылуы) сол мемлекеттік «Тіл туралы заңның» өмірде қолданыс табу 
формалары, әдістері және принциптері қарастырылған бағдарламалар 
арқылы жүзеге асырылуы тиіс, әрі бұл процесте тіл мамандары өздерінің 
қомақты үлесін қосуға міндетті; 4) тіл қажеттігін, оны білудің міндеттілігін 
ұйымдастыру, қолданылу аясын кеңейту. Мысалы, жалпақ тілмен айтсақ, 
белгілі бір мекеме, кәсіпорындарда т.б., тіл білмесең (мемлекеттік тіл – Ә.Қ), 
бұнда жұмыс істемейсің делінсе, жағдай басқа болар ма еді?!. Әрине, саясатқа 
байланысты, экономикалық, нарықтық т.б. қатынастар тенденциясына орай 
мемлекеттік тіл қажеттігінің талап етілуі осылай болған болса деген пікір 
негізсіз емес. Президенттің басшы орган қызметкерлерінің мемлекеттік 
тілді білу міндеттілігін Конституцияда қарастыруы және соның ізімен 
жүруі, ұстануы (мысалы, жақында президенттікке кандидат 7 адам қазақ 
тілінен емтихан тапсырған болатын) – маңызды қадам; 5) қажетті, тиісті 
тілдік ортаны қалыптастыру, яғни, қазақ тілінде сөйлесіп, ұғысу, әсіресе, 
қазақ пен қазақ қазақша сөйлесу керек, сонда осыны көрген өзге ұлт 
өкілдері де осы бағытта «бет бұрары» анық; 6) Мемлекеттік тілді оқып-
үйрену әдіс-тәсілдері мен құралдарын бұрынғыға қарағанда барынша 
тиімді оқыту әдістерін жасау: қазақ оқушысы үшін (ана тілін білу деңгейіне 


240
орай) нюанстар ескерілген бағдарламалардың болуы; компьютерлік әдіс
жеделдетілген курс т.б. жасалуы қажет. Әрине, бұл мәселелердің де қаржы 
шешетінін естен шығармау керек; сонымен бірге, бұл мәселеде демографиялық 
фактордың алар орны ерекше. Өзге мемлекеттердегідей (Өзбекстан, Балтық 
жағалауы елдері) емес, республикадағы негізгі ұлт – қазақтардың саны осы 
республикада тұратын басқа ұлттармен салыстырғанда 50%-тен енді-енді 
ауа бастаған жайы бар. Осыны ескерсек, қазақтың тіпті қазіргі жағдайда әр 
түрлі жиындарда алқалы топ алдында «ойымды қазақша жеткізуге рұқсат 
етіңіздер» деп жалтақтап тұруы заңды құбылыс еді. Олай болмасы үшін 
ілеспе аудармамен қамтамасыз ету қажет.
«Өрлеу», 1999. №1.

жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   196




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау