2-китап indd


Тарап кеткен балаларынды бауырыңа



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет88/196
Дата20.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#43915
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   196
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Тарап кеткен балаларынды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!»
– деп, өсиет айтқан еді. Осы 
бір өсиетті орындайтын тарихи сәт келген сияқты. 
«Ана тілі азбасын, Атамекен тозбасын!» десек, ағайын, қара 
шаңырақтың астынан табылайық!
«Егемен Қазақстан», 1992. 26 қыркүйек 
Ана тілі – арың бұл
– Қазақ тіліне мемлекеттік статус беру мәселесі бүкілхалықтық 
талқылаудан өтті. Соның нәтижесінде ол Қазақ ССР Жоғарғы Советінің 
кезектен тыс XIV сессиясында бекітілді. Тілдің бекітілуі, оның заң 
жүзінде нақтылануы жұртшылықтың ыстық ықыласын туғызғанын да 
біліп жатырмыз. Осы ретте қазақ тілінің өркендеп, дамуы тұрғысында 
өздеріңіз қолға алып, жұмысын жүргізіп жатқан «Ана тілі» қоғамының 
да рөлі зор. Осы қоғамның құрылуы, оның жұмысындағы алғашқы 
нәтижелер мен келешектегі бағыт-бағдары туралы не айтуға болар еді?
– Қоғамның Уставы мен Программасы жарияланғаннан кейін 
жалпы жұртшылықтан мұны қызу талқылаған пікірлер түсті. Газет-
журналдардың, радио мен телевидениенің редакцияларына түскен 
жүздеген хаттармен қоса, қоғамның өз адресіне де көптеген хаттар келді. 


190
Ол хаттарда әр мамандық иелері, әр жастағы республика тұрғындары 
Устав пен Программа бойынша пікірлерін, кеңестерін, ұсыныстары мен 
ескертпелерін ашық айтты.
Біз ең алдымен осы хаттардағы мәселелерді басты назарға алып, 
Қазақ республикасының Мемлекеттік тіл туралы Заңына орай жоспарлы 
жұмыс бастап кеттік. Ал енді бұл ұсыныстар мен өзгерістерді, пікірлер мен 
ескертпелерді 20 октябрь, жұма күні басталатын қоғамның Құрылтайында 
талдап, талқылап, бекітеміз. Қазіргі күндері Құрылтайдың өз дәрежесінде 
өтуі үшін негізгі жұмыстарды жаппай жүргізудеміз.
– Ендеше, осы Құрылтайдың құрылымы туралы, оған келетін 
делегаттардың саны мен ауқымы туралы, ұйымдастыру жұмысындағы 
негізгі мәселелер туралы да айта кетсеңіз.
– Құрылтай өз жұмысын 20–21 октябрь күндері М.О.Әуезов 
атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жүргізеді. 
Қазақстанның 17 облысынан 200-ге жуық делегат қатысқалы отыр. 
Құрылтайға қатысатын делегаттарға алдын-ала арнайы хабар берілді. 
Олар бүгіннен бастап келе бастайды. Алматы қаласының өзінен 300 
делегат болмақ. Сондай-ақ тағы да 300-ге жуық қонақ шақырылып отыр. 
Олар да Құрылтай күндерінде негізгі мәселеге араласып, өзінің ойлары 
мен ұсыныстарын ортаға салады ғой деп үміттенемін. Күн тәртібінде 
негізінен мынадай мәселелер бар.
1. «Ана тілі» қоғамының ашылуы туралы.
2. Қоғамның Уставын талқылау, бекіту.
3. Қоғамның программасын талқылау, бекіту.
Құрылтайда «Республикадағы тілдердің жағдайы және «Ана тілі» 
қазақ республикалық қоғамының ашылу қажеттігі» туралы өзім баяндама 
жасағалы отырмын. Ғалымдар Шора Сарыбаев және Өмірзақ Айтбаев 
қоғамның Уставы туралы қоғамдық пікірлерді және оны жетілдірудің 
жолдары туралы қосымша баяндамалар жасайды. Сондай-ақ қоғам 
Программасы туралы да қосымша баяндамашылар бар. Баяндамалар 
оқылып, тыңдалғаннан кейін жарыссөзде жан-жақты талқылау болмақ. 
Құрылтайдың екінші күні қоғамның Программасы мен Уставы 
талқыланады. Ол баяндамашылар – Қазақ ССР Ғылым академиясының 
корреспондент-мүшесі Кеңесбай Мұсаев пен филология ғылымдарының 
докторы Ерден Қажыбеков. Бұл қосымша баяндамаларда қоғамның 
толыққанды өмір сүруі үшін Уставы мен Программасына байланысты 
мақсаттар мен міндеттер, праволар толықтай ашып көрсетілмек. Және де 
осыларға қосымша осындай облыстық қоғамдар құрған жерден келген 


191
өкілдер сөз сөйлейді. Олар өздерінде істеліп отырған жұмыстардың 
жай-күйін баяндаумен бірге, алда атқарылар ауқымды жұмыстардың да 
жоспарын ортаға салады. «Ана тілі» қоғамының келешектегі мәні мен 
мақсаты туралы ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтады. Және бұларға 
қосымша осы қоғамның құрылуына, негіз қалауға себепші болған Қазақ 
ССР Ғылым академиясының институттары мен Қазақстан Жазушылар 
одағы, Қазақстан Журналистер одағы, Қазақ ССР Халыққа білім беру 
министрлігі өкілдері де жоғарыда аталған мәселелерді талқылауға бір 
кісідей атсалыспақ. Сондай-ақ, белгілі ақын-жазушылар мен ғалымдар 
да сөз сөйлеуге жазылуда. Міне, мұның бәрі сайып келгенде, келешек 
қоғамның Қазақ ССР-інің Мемлекеттік тіл туралы Заңына сәйксс 
жүргізілетін күрделі де қажетті жұмысының негізгі мақсатын анықтайды.
– Енді қоғамның басшылығы туралы, басшылығы болғанда олардың 
статустары туралы біле отырсақ.
– Басқа қоғамдар секілді мұның да өз президенті болады. 
Құрылтайдың күн тәртібіндегі мәселелердің бірі де осы – ұйымдық 
мәселелер. Мұнда «Ана тілі» қоғамының президенті ашық дауыспен 
сайланбақ.
Сондай-ақ қоғамның басқармасы құрылып, тексеру комиссиясы, 
қоғам штаты, «Сөз өнері» деп аталатын халық университетінің 
басшылығы секілді ұйымдық мәселелер де қаралып, бекітілмек. 
Осы Құрылтайда «Ана тілі» қоғамы жанынан газет ашу мәселесі де 
талқыланады деп күтілуде. Әрине, бұл газеттің аты мен оның штат 
құрамы туралы да әңгіме болмай қалмас.
– Әбеке, енді соз соңында осы Құрылтайда заңды түрде дүниеге келмек 
«Ана тілі» қоғамының өздеріңіз жоспарлаған жалпы құрылымы туралы да 
жұртшылыққа айта кетсеңіз.
– Айта кетуге болады. Әрине, мұның кейбір жерлерінде өзгерістер 
немесе толықтырулар болуы мүмкін. Әзірге біз мынадай құрылым ұстанып 
отырмыз. Қоғам басқармасы, «Сөз өнері» халық университеті, газет 
редакциясы, сондай-ақ мынадай 3 секция және 7 комиссия құру жоспарда
бар. Олар; информация, басқа республикалардағы қазақтармен байланыс 
және ұлттық мәдени орталықтармен байланыс секциялары. Ал комиссияға 
келетін болсақ, орта мектептер мен мектептердегі, балабақшалардағы және 
жоғары оқу орындарындағы ғылыми-методикалық комиссия, тіл мәдениеті 
туралы комиссия, терминдерді бекіту және қарау комиссиясы, ономастика 
саласы бойынша комиссия, тіл тарихы жөніндегі комиссия, тілдің шығу 
төркіні жөніндегі комиссия.


192
Бұған қосымша облыстардың бәрінде және олардың қалалары мен 
аудандарында, ауыл-селоларда «Ана тілі» қоғамының тиісті филиалдарын 
құрмақпыз.
– Әңгімеңізге рахмет.
«Лениншіл жас», 1989. 18 қазан. (Сұхбаттасқан Ө. Оралбаев).

жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   196




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау