2-китап indd



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет90/196
Дата20.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#43915
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   196
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Ойлан, Олжас!
Ана тіліміздің ары мен абыройын әр кез қызғыштай қорып келе 
жатқан атақты академик ағаның ақиық ақын інісіне жолдаған сәлем 
хаты редакция қоржынында бір айдан астам уақыт жатып қалды. 
Ондағы себеп: әңгіме қанша адал, сөз қанша салмақты болса да, сайлау 
алдындағы науқанның әдебінен аттағанды жөн көрмедік. Енді сайлау 
өтіп, хат арналған адам парламентке мүше болып сайланғаннан кейін 
асыл ой арнасын, ойлы сөз орнын табар деген сеніммен мақаланы 
жариялап отырмыз.
Тағы да Ана тіліміздің тағдыры тәлкекке түсіп, ғұмырына қауіп төне 
бастады, халайық! «Мың өлім, мың тірілу» аз болғандай, тағы бір нәубет 
алдымыздан елес беретін сияқты. Қол жайып, сұрап алған Ата Заңымызбен 
айғақталған Ана тіліміздің биік мәртебесін аяқасты қылудан ел-жұрт 
болып бүгін қорғап қалмасақ, ертең тым кеш болады, қапыда қалып, өкініп 
жүрмейік. Енді ғана еңсесін көтеріп, халқына қызмет ете бастаған тілімізге 
баяғы таз телпегін қайта кигізсек, онда тарих бізді кешіре қоймас.
Мұны бізге айттырып отырған – ай-күннің аманында үрей тудыру 
ниеті емес, кейінгі кезде үдей түскен тіл төңірегіндегі неше алуан жайсыз 
әңгімелер мен қисынсыз әрекеттердің күндердің күнінде бір пәлеге 
ұшыратып, опық жегізетінін шындап сезіне бастаған мазасыз көңілдің 
шынайы сыры, жүректің әмірі.
Бұл әңгіменің басын мен бірден Олжас ініме (Омарұлы Сүлейменовке) 
тірегім келеді. Ашық хат жазып, ағынан жарылып жатқан жазушы 


195
қауымының үлкенді-кішілі өкілдеріне Олжекеңнің қайтарған жауабын 
оқып, қарным ашқандықтан, не де болса, пікірімді, «әділдігін өзі айтар» 
деген үмітпен, қалың жұрттың төрелігіне ұсынуды мақұл көрдім.
Бұрын да, қазір де бізде дәстүрге айналған бір әдет бар, ол – белгілі бір 
әлеуметтік топтармен мемлекет «мүддесіне» байланысты кейбір қоғамдық 
құбылыстар мен этносаяси, этнодемографиялық, географиялық, т.б. 
ұғымдарды табиғатына сай өз атымен емес, жасанды атауларымен атауға 
дағдылану. Мәселен, кезінде «совет халқы» деп келдік (бұл «американский 
народ» деген үлгіден мүлдем басқа). Осы дәстүр бойынша «Қазақстан 
халқы» деу де дәл емес, өйткені мұнда бір ғана халық тұрмайды. Әр түрлі 
ұлт өкілдері көп те, ұлт біреу – қазақтар бола тұрса да, «көпұлтты Қазақстан» 
деп қалыптастырдық. «Қазақстан Республикасы» деп алудың да қисыны 
жоқ еді, «стан» көрсеткіші тұрғандықтан, «республика» қайталау болып 
саналады. Ал «жергілікті халық» дегеннен «тек қана қазақтар» деген ұғым 
шықпайды.
Сондықтан бұл тіркесті ғасырлар бойы Қазақстанда жасап келе жатқан 
халықтардың бәріне қатысты деп ұққан жөн.
Міне, осы тәрізді жасанды атаулардың бірі – «орыстілділер». Жалпы, 
бұрын да қолданылатын бұл терминнің өз басында тұрған пәлендей жамандық 
жоқ. Ол, әдетте, «англоязычные», «арабоязычные», «тюркоязычные» сияқты 
терминдердей, ағылшын, араб, түркі тілдерінде ғана сөйлейтін олардың 
байырғы иелеріне, не осы тілдерде ғана сөйлейтін басқа этностық топтарға 
қатысты (мәселен, ағылшын тілді негірлер түрінде) айтыла береді.
Ал «орыстілділер» атауының бүгінгі «статусына» келсек, ол алғаш 
Балтық жағалауындағы республикаларда тұратын және жергілікті (латыш, 
эстон, литва) халықтардың тілін білмейтін, іс жүзінде қолданбайтын 
орыстарға қатысты айтыла бастап еді, КСРО-ның құлап, ұлттық 
мемлекеттердің бой көтеруіне байланысты, оның мағыналық ауқымы, 
қолданыс аясы тез кеңейіп, саясаткерлердің арқасында сан алуан астарлы 
мағынасы пайда болып, саяси салмағы ауырлай түсті. «Орыстілділер» 
термині бүгінде заң ұғымына айналып, мемлекеттік, тіпті мемлекетаралық 
қатынас тілі мен ресми құжаттарда жиі қолданылатын болды. Ал ұлтаралық 
қатынасты ушықтыру арқылы кез келген жиында сөйлеп, өзіне саяси ұпай 
жинаушылар бұл сөзді ұлтаралық саясатта өзіне ұран қылып алды. Тек 
ол ғана емес, кейбір ұлтшыл-шовинистер республикадағы негізгі қазақ 
халқының қайткенде де беделін түсіріп, меселін басу үшін, «Қазақстанда 
орыстілділер 60 процент» деп, олардың көп екендігін айтып, қоқан-лоққы 
жасамақшы да болады.


196
Сонда, Қазақстанда «орыстілділер» кім болғаны? Шын мәнісінде, 
этнолингвистикалық принцип бойынша, «орыстілділерге» орыстар ғана 
жатады. Ал Қазақстанда жасайтын халықтардың қалғаны (оның ішінде 
орыс тілін 100 процент білетін украин, белорус, кәріс, немістер, сондай-ақ 
99 процент білетін қазақтар мен басқа халықтар) «орыс тілін білетіндер» 
санатына жатуға тиіс.
Популистік мүддеге байланысты бұл ұғымдарды шатастырып, 
қарапайым халықтың басын қатыру – ұлтаралық қарым-қатынасты 
саналы түрде шиеленістіру. «Ой-бай, «орыстілділерді» құрметтемесеңдер, 
олардың айтқанын істемесеңдер, қан төгіс болуы ықтимал, қырып тастауы 
мүмкін» деп, елдің үрейін ұшырушылар бүгінде арамызда аз емес.
Басқалардың жөні бөлек, ал дәл осы себептерді көлденең тартып, 
«екінші мемлекеттік тілді алмасаңдар, бір пәленің болғаны, болғаны..!» 
деп, қазақ қандастарының үрейін ұшырып, ультиматум қойып отырған 
Олжас інімізге не жорық?! Өз басым осыны түсіне алмадым.
Ал орыс халқының атынан реті келсе де, келмесе де сөйлеп, өздерін 
оның қамқоршысы, көсемі етіп көрсетуге тыраштанып жүрген ат 
төбеліндей саясаткерлердің Қазақстанда, кешегі тоталитарлық заманда 
қалыптасып қалған этнодемографиялық жағдайды (ситуацияны) тілге 
тиек етіп, қайта-қайта тіл төңірегінде әңгіме қобыратып, орыс тілін 
екінші мемлекеттік тіл ретінде тықпыштай беруі, сайып келгенде, 
тілге байланысты емес, ағайын, саяси билікті көксеуге байланысты, 
көптен қалыптасып қалған өктемдікті сақтап қалудың қамы. Әрине, 
тұғырдан түсу оңай емес. Ал кеше ғана қазақ тілін көзіне ілмей келген 
әлеуметтік топтардың бүгін бір-екі-үш жылдың ішінде мемлекеттік 
тіл мәртебесін мойындай қоюы, әрине, оңай емес. Сондықтан да орыс 
тілінің «ұлтаралық қатынас құралы» деген статусын, мемлекеттік тілден 
кейін тұратын, қолданыс аясы мен қызмет ауқымы онымен бірдей болып 
отырған бүгінгі жағдайын місе тұтпайтын кейбіреулердің байбаламы 
аттан түссе де, үзеңгіден аяғын босатқысы келмейтін кешегі атқамінер, 
мансапқорлардың тірлігіне ұқсайды. Бір өкініштісі – осы бір қарбалас 
топтың арасында Олжастың да жүруі.
Әрине, мәселе Олжастың өз басында ғана емес, ұлттық мүддеде, 
қазақ тілінің тағдыры тәуелсіз мемлекетіміздің болашағымен бірге 
безбен басына түсіп отырған бүгінгі бір алмағайып кезеңде Олжас 
сияқты абырой-атағы жер жарған, халқының біртума ұлдарының ел 
алдындағы азаматтық парызын, ана тілі алдындағы перзенттік борышын 
қалай ақтауында болып отырған жоқ па?


197
Олжас – шын мәнісінде көрнекті тұлға, табиғатынан дарынды жан. 
Оның барлық өмір-тіршілігі, игілікті істері мен небір тамаша қасиеттері 
баршаға мәлім. Дарынды ақынның шығармалары орыс тілінде жазылса 
да, одан қазақ даласының иісі аңқып, қазақ даналығының рухы білініп 
тұрады. «АЗ и Я-ны» жазған Олжасты қазақ қана емес, бүкіл түркі 
халықтары ойшыл ғалым, батыл зерттеуші, түрікжанды азамат деп 
бағалады. Моңғолиядағы орхон-енесей тас жазба ескерткіштерін 
қорғап қалу мәселесін ЮНЕСКО-да сөз етуі Олжастың шынайы 
отаншылдығын таныта түсті. «Семей-Невада» қозғалысын басқарып, 
елімізді ядролық апаттан сақтап қалудағы қайсар әрекеті оның зор 
қоғам қайраткері екендігін жер жүзіне паш етті, т.т.
Айта берсе, Олжасқа тән мұндай ізгі қасиет көп-ақ. Сондықтан 
да болар, оны кезінде дарындылығы үшін, отаншылдығы үшін, 
ұлтшылдығы үшін айыптаушы аз болған жоқ.
Ал қайнаған өміріміздің барлық саласына қызу араласып, 
халқының құрметіне бөленіп келген Олжас інімізді қасиетті ана 
тіліміздің тағдырына байланысты біз қай қырынан көріп келеміз? 
Кешегі Колбин заманында қазақ тілінің тағдыры мен болашағы үшін 
барша саналы азаматтар мен зиялы қауымның өкілдері түгел атсалысып, 
«оны сақтап қалудың бірден-бір жолы – оған мемлекеттік мәртебе беру» 
деп, жанталаса күресіп жатқанда, біз Олжасты олардың арасынан таба 
алмай қиналдық. Несін жасырып, мәймөңкелетеміз: Колбиннің «тіл 
саясатын» қолдап, «Қазақстанда мәңгі-бақи мемлекеттік қос тілділіктің 
негізін қалаймыз» деп белсене кіріскен қазақ зиялыларының бірі 
болып, Олжас та «қос тілділік» жөнінде мақала жазса, енді біреулері 
қазақ тілі өз бетінше мемлекеттік тіл бола алмайды немесе «қазақ тілі 
орыс тілімен қатар тұрғанда ғана мемлекеттік тіл бола алады» деп, 
ақылгөйсіді.
Дегенмен, іштей қасарысушылар мен ашық қарсыласушылар 
қаншама тыраштанса да, ел-жұрттың талабымен қазақ тілі мемлекеттік 
мәртебе алды ғой. Қалың жұртшылықтың санасын оятып, ана тіліміздің 
қадір-қасиетін көтеру мақсатымен құрылған респубикалық «Қазақ тілі» 
қоғамы, оның үні – «Ана тілі» апталығы және миллионға жуық тілдің 
шынайы жанашырлары және бұларға келіп қосылған ресми мекеме – 
Тіл комитеті – бәрі де күні бүгінге дейін қазақ тілінің мәртебесі үшін 
әлі де сол қарсыластармен күресумен келеді. Бұл күресті ана тіліміздің 
мемлекет тілі ретінде мерейі үстем болып, өзінің биік тұғырынан толық 
көрінгенінше жүргізе бермекшіміз.


198
Алайда бүгінгі жағдай, тіл төңірегінде қайтадан қаулай түскен қарбалас 
тіл жанашырларын қатты алаңдатады. Сексенінші жылдары өз мұратын 
«Тауларды аласартпай, даланы асқақтату» деп ұрандатып, қазақ тілін орыс 
тілінің дәрежесіне көтеруге әрекеттенген Олжастың бүгіндері, керісінше 
ұран тастауы біздерге түсініксіз.
Бұл пәлсапаның мәні жөнінде ойланып қарайықшы. Біріншіден, биік 
таулар символынан біз жалпы орыс мәдениетін, орыс тілін аңғарсақ, оларды 
аласарту кеше де, бүгін де, ешқашан да мүмкін емес. Олай деп ойлаушылар 
да жоқ. Екіншіден, «даланы асқақтату» дәрежесіне жеткізу деп түсінсек, ол да 
арман ретінде ғана айтуға болатын, бірақ іске асыру қиыннан қиын дүние ғой! 
Олжастың ашық хатқа жауабын біз дұрыс түсінсек, ол енді Қазақстандағы 
орыс тілін «мәртебесі биіктеп кеткен» (?!) қазақ тілінің дәрежесіне көтерумен 
шұғылданбақшы. Ау, ағайындар, қазақ тілінің қазірше жалғыз қағаз жүзіндегі 
мәртебесі болмаса, орыс тілін теңестіретін, бәсекелестіретін қандай қасиеті 
бар? «Осынау бір қарапайым шындықты Олжас білмей немесе ана тіліне 
жаны ашығандықтан айтып отыр» дегенге өз басым сенбеймін. Сенбейтін 
себебім: ол қазақ тіліне жалпы қамқорлық жасағаны болмаса (1986-жылғы 
Ғ.Мүсірепов бастаған тіл туралы мәжіліс – соның бір кепілі), Олжас ініміз 
басқалардай оның ыстығына күйіп, суығына тоңа қойған жоқ.
Сөзіміз дәйекті болу үшін бір мысал келтіре кетейік.
1992-жылы Мұқтар Шаханов пен Олжас Сүлейменовтер басшылығымен 
Халық конгресі партиясы құрылды. Оны құрарда Мұқтар республикалық 
«Қазақ тілі» қоғамының жәрдемін сұрады. Қолдан келген жәрдемнің бәрін 
жасадық. Он тоғыз облыстағы ұйымдардан өкілдер сайланып, бірінші 
құрылтайын өткізуге белсене атсалыстық. Жиналысты Олжас орысша 
басқарып, Мұқтар партияның міндет-мақсаты жөнінде қазақша баяндама 
жасады. Шынын айту керек, «Қазақ тілі» қоғамы атынан келген елуден астам 
өкілдер жиналыстың барысына онша қанағаттанбады. Өйткені олар күткен 
тіл проблемасы жөнінде ауыз тұшырлық пікір айтылмады. Сондықтан да 
болар біздің делегаттар үзіліс кезінде мені қоршап алып, партияны қолдау-
қолдамау жөнінде пікір алысуды талап етті. Ақылдаса келе келешек жаңа 
парламентте Қазақ мемлекеттік тілінің мүддесін қорғау үшін қоғамның да 
ХКП қатарында болуы қажет деп таптық.
Өкінішке орай, біздің бұл сеніміміз ақталмады. Олжас бастаған ХКП 
өз күйін күйттеп, қазақ тіліне ту сыртын көрсете бастады. Көп адам (оның 
ішінде өзім де бар) бұл партиядан бас тартуға мәжбүр болды. Партияның тіл 
саясаты туралы келісімге келе алмайтындығымызды ашық айтып, газеттерге 
де жаздық.


199
Ол саясат қандай еді? Бұрын да, ХКП бірінші съезінен кейін де 
басылып шыққан Олжастың сөзімен айтқанда: мемлекеттік тілдің дамуын 
жеделдетудің, қолданыс аясын кеңейтуге асығудың қазіргі экономикалық 
қиын жағдайда қажеті жоқ; алдымен қарнымыздың тоқтығын, 
көйлегіміздің көктігін ойластырайық, тіл қайда қашар дейсің... (?!). Чекке 
қолыңды қазақша қой, орысша қой, одан не пайда – бәрібір алатын ақша 
жоқ... дегендей пікірлер айтылды.
Бұл, әрине, қазақ тілін дамытуға ешкімді де ынталандыра қоятын 
«тұжырым» емес еді. Қазақ тілінің қоғамдық жанашырлары Олжасты 
ылғи да осы бір қырынан көріп, көңіл қыжылы күшейіп, іштей тынып, 
ішқұса болып жүргенін қашанғы жасырсын. Тек олар ғана ма?
Тарихта қалар кешегі Желтоқсан күндері алаңда таяқ жеп қансыраған, 
басы жарылып, шашы жұлынған қазақтың қара көз ұлы мен қыздары жаны 
қиналғанда: «Олжас, аға, қайдасың?!» – деп, жанұшыра айқайлаған үні 
құлағымызда әлі тұр. Олжасты жастар жанындай жақсы көретін қамқоршы 
ағасы болғандықтан іздеді ғой! 
Замана өзгеріп, енді санасы оянып, ана тілінің қадір-қасиетін ұға 
бастаған сол жастар Желтоқсаннан кейін де, қазақ тілінің тағдыры қыл 
үстінде тұрған қиын сәттерде Олжасты тағы іздеді. Бірақ Олжас ағасы 
«бізге қос тіл керек» деп, үзілді-кесілді пікірін айтты да, қоғамдағы 
әңгімеден аулақ, томаға-тұйық қала берді. Өз болашағын ана тілі 
арқылы ғана бағдарлай бастаған албырт та зейінді қазақ жастары Олжас 
ағасын әңгімеге тартып та көрді. Әншейінде Олжас сөзін сілтідей 
тынып тыңдайтын жастардың жиналыстың аяғына қарамай (медицина 
институтының залында), тарқап бара жатқанын (теледидардан) көргенде 
«ұят болды-ау, әй, енді Олжас ойланатын шығар, қазақ тіліне көзқарасын 
өзгертетін шығар», – деп, ойладық. Ол Желтоқсан оқиғасынан кейінгі 
жылдар еді. Міне, қазір 1994-жыл. Бірақ осы бір жылдар ана тіліне деген 
Олжастың көзқарасын, көріп отырғанымыздай, өзгерте қоймаған екен. 
Неге? «Ана тілін тек өгей ұлдары ғана құрметтемейді» деген еді ұлы 
Ғабең (Мүсірепов). Олжас олай емес қой. Ана тілінің алдында дана да 
бала емес пе? Өйткені ол – халқымыздың қасиетті дүниесі. Илаһим, 
жақсы көретін абзал ініміз қасиеттіміздің киесіне ұшырай көрмегей 
деп тілейміз. Ана тілінің алдында жер жүзін жаулап алған жиһангер 
де, дүйім елді аузына қаратқан қаһарлы хан да, данагөй абыз да 
аттан түсіп басын иген. Олжасқа да осыны айтқымыз келеді, даланы 
асқақтатсаң да, өзің асқақтама дегіміз келеді. Осы ыңғайда дарынды
ақынымыз Қайнекейдің «Асқанды да көргенбіз, тасқанды да көргенбіз. 


200
Асып-тасып, ақыры сасқанды да көргенбіз!» деген жолдары еске түседі. 
«Ойлан, Олжас!» деп ағалық айтуымыз содан.
Олжастың барша жақсы қасиеттері бір төбе де, ана тіліне деген 
көзқарасы – бір төбе.
Рас, тілге байланысты Олжас ойы мен логикасының бір парасына 
бәріміз де қол қоямыз. Ол – «қай тілдің болмасын дамуы, көркеюі 
тек бейбіт өмірде ғана мүмкін, ұлтаралық жарастыққа байланысты» 
деген пікірі. Шынында да солай ғой. Ата Заңымызда да, Президентіміз 
Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанып келе жатқан ұлттық саясатында 
да осы принцип қатал сақталуда. Көре алмай жүрген көп «дұшпан» 
мен күндеушілеріміздің – қайткен күнде де ши шығарып, біздің елдің 
шырқын бұзуға тырысатыны да қазақ топырағындағы осынау бір 
тыныштық пен татулық емес пе?
Біле білсек, тіл заңындағы басқа туыстас республикаларда 
кездеспейтін басы артық «кеңшіліктердің» біразы осы бейбітшіліктің 
кепілі іспеттес. Мәселен, Ата Заңымызда (8-бапта) жазылған төрт 
сөйлемнің үшеуі орыс тілі мен басқа тілдердің беделін көтеруге 
бағышталса, Тіл туралы Заңымыздың 34-бабының 22-сі орыс тілін 
мадақтауға, оның мемлекеттік тілмен терезесі тең екендігін дәлелдеуге 
арналған.
Осыдан кейін де «ой-бай», «орыстілділерді» құртатын болды, тіл 
білмейсің деп қуып жатыр!» деп байбалам салып, жер жүзіне жаюшы 
пысықай саясаткерлерге: «Тоқтат, не көкіп жүрсің?» – дейтін Олжас 
секілді орыс қауымына беделді азаматтар қайда? Княгинин, Щеголихин 
сияқты парасатты орыс азаматтарының арамызда көбірек болғаны жақсы-
ау. Ертеңгі күні жаңа парламенттің жағдайы не боларын алдын ала айту 
әзірге қиын. Дегенмен сайлау алдындағы кейбір «үміткерлердің» – екінші 
мемлекеттік тілдің болуын қалаймын», деп тақылдағандарды қалай ұмыта 
қоюға болады?! Ал енді солардың қатарында тұрып Олжастың және басқа 
өз қандастарымыздың отқа май құюын халық қалай қабылдар екен?
Менің жақсы білетінім: тіл саясатына қанша экономикалық 
қиыншылық болса да тыныштық пен бейбіт өмірді қалайтын қарапайым 
халық, әдетте, байсалдылықпен қарайды. Бұл мәселені ушықтыратын, сол 
арқылы орыстардың өздерін ғана емес, жалпы «орыстілділердің» намысын 
оятып, арқасын қоздыратын – тағы да сол «топ жинап, топар сайлауға», көп 
алдында сөйлеп, өзіне саяси ұпай алуға жаны құмар кейбір көсемсымақтар, 
тарысы піскеннің тауығы, сыңаржақ саясаткерлер. Олжасты «осылардың 
арасында болмаса екен» деп тілейміз, ал халыққа: «ондайлардың жел сөзіне, 


201
мылжыңына сене бермеңдер!» – дегіміз келеді. Қазақстанда орыс ұлтының 
0,5 проценті ғана Қазақ мемлекеттік тілін ептеп біліп, ал қазақтардың 
99 проценті орыс тілін жақсы меңгеріп отырған жағдайда қай тілдің қай 
тілден қағажу көріп отырғанын түсіндіріп, елді үгіттеудің қажеті жоқ. 
Мүмкін, мұның бәрі бүгінгі «демократияның» тым жалпақшешейлік 
мінезінен де болар. Жә, ондай өткелек күндердің өтпелі мінезінен де 
арылармыз. Мүмкін, оларға мемлекетімізде әй дер әже, қой дер қожаның 
болмағандығынан болар. Бірақ бізге жаңа парламент мінберіне бір 
шығуды арман ететін үміткерлердің бүгін айтып, ертең ұмытып кететін 
сөзінен «қой үстіне бозторғай шырылдатам» деген сайлау алдындағы 
уәдесінен бейбіт өмір, қалыптасқан халықтардың ымыра-достығы 
қымбат та нақтылы.
Сөзімнің ең соңында Олжас ініме тағы бір айтарым: ұлтжанды 
болудан қорқудың қажеті жоқ!!! Санамызды сан қияға жетектеп, бірде 
қуантып, бір үрейлендіріп келген отаншыл (патриот) космополит, 
интернационалист (ұлтарашыл десе де болады), халықшыл, ұлтшыл, 
түрікшіл (пантюркист). исламшыл (панисламист), тураншыл 
(пантуранист), орысшыл, славяншыл, шовинист сияқты ұғымдарды қайта 
қарап, шынайы мағынасын анықтайтын дәуір алдымызда. Олжастың 
өз басы да, басқалар да бұл «құбыжықтардың» біразын өз басынан 
өткізгенін білеміз. Біле тұра өз сөзінде «радикал-ұлтшылдар» деген сөзді 
жиі-жиі қолданатын болыпты. Кімдер олар?
Бүгінде қазақ қауымының түсінігінде ұлтжанды болу, кешегі 
жаманшылықтың табы сақталғандықтан ба, әйтеуір, ұлтшыл болудан 
ел жүрегіне етене («балажанды» сияқты, ұлтын ерекше жақсы көру) 
жақын сияқты. Ал, енді, бүгінгі интернационалисті ең алдымен өз ұлтын 
сүймейтін, «ұлтарашыл» мағынасында түсіну қиын. Сондықтан мұндай 
тым сыңаржақ интернационалист болуға уағыздау қалай болар екен?!
Отаншыл (патриот) деген де жақсы ұғым. Бірақ оны да дұрыс түсіну 
керек. Шоқанша түсінсе тіпті жақсы. Кезінде Шоқан: «Менің патриоттық 
сезімім ірбіт сандығындай («матрешка» сияқты бір сандықтың ішінде 
бір сандық, оның ішінде тағы сандық), мен ең алдымен өз отбасымды, 
туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртымды, 
руластарымды, одан соң өз халқымды, одан соң сібір орыстарын, Россия 
жұртын қадірлеймін» деген екен. Ол үшін Шоқанды «шынайы патриот 
(отаншыл) емессің деп айыптауға бола ма?
Ана тілің – өз ұлтың. Сондықтан да: «Мен ана тілімді қорғаймын, 
оның алдындағы перзенттік парызымды қайткенде де ақтауым керек!» 


202
– деген адамды ешкім де, ешқашан да айыптауға аузы бармайды. «Басқа 
тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» – деген Қадырдың сөзіне де құлақ 
асайық, халайық! Олжас ініме де осыны айтам.

жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   196




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау