193
Алайда
қайта құрудың, жариялылық пен демократияның бітеліп
қалған бұлақ көзін ашқандай серпілісті әсеріне сүйсінбеу мүмкін
емес. Ақыл-ойымызға буырқанысты жаңа екпін әкелді ол. Қазақ
тілінің мемлекеттік тіл болуы соның жарқын көрінісі. Енді,
мәселе
тіл туралы заңның толық мағынасында жүзеге асырылуы. Бұл салада
нақты жұмыстар қолға алынуда. Қазақ тілінің гүлденіп, өмірдің
барлық саласында іркіліссіз қолданылуын қамтамасыз ету бағытында
құрылған «Қазақ тілі» қоғамына күні бүгіндері миллионға жуық адам
мүше болып отыр. Соның ішінде қазақ тілінің нағыз жанашырлары
бола білген 10 мыңнан астам белсенді азаматтарымызға ерекше құрмет
білдіргіміз келеді. Олар ауылдық жерлерде тамаша жұмыс жасап жатыр:
іс-қағаздардың қазақ тілінде жүргізілуіне, жиналыстардың қазақ тілінде
өткізілуіне
ұйытқы болып, дұрыс жолға қойылуын қамтамасыз етуде.
Иә, тіл қоғамының еншісіндегі жұмыс ауқымы сан-салалы. Қазақ
тілінде шығарылатын оқулықтарды көбейтуден бастап жаңадан
балабақша, мектептер ашу секілді мағыналы істерге де тиісті үлесін
қоспақ. Қоғам жанынан ашылған «Ғақлия» тіл үйрету орталығы да іске
кірісті. Түрлі мекемелер мен ұйымдарда қазақ тілін үйренушілерге осы
орталық көмектеседі.
Тағы бір айтып кетер қуанышымыз «Қазақ тілі» қоғамының басқа
ел, басқа республикада тұратын бауырластарға игі әсерінің жетуі. Қазір
Омбыда, Прибалтика республикаларының өз алдына жеке баспасы
болуы да өмір талабы. Байқап, ойлап қараған адам бір ғана «Рауан»
баспасы қазақ тілінде шығарылатын оқулықтармен бүкіл
республика
тұрғындарының қажетін өтейді деп айта алмайды. Сондықтан жаңадан
баспа ашу ісін тезірек қолға алған жөн. Сайып келгенде қазақ тілінің
болашағы үшін не қажеттің бәрін ел болып жұмыла жүзеге асыруға тиіспіз.
– Сіз айтқандай көп болып қолдап әкететін тағы бір үлкен шаруа
– қазақ тілінде сөйлеуді күнделікті өмірімізде тереңірек орнықтыру
десек, бұл салада әлі де жалтақтық, күдікшіл керенаулық, әліптің артын
бағушылық басым жатқан сияқты. Әсіресе басшылар жағы баяғысынша
«ортақ тілде» көсілте сөйлеуде. Ана тілімізде сөз бастарлық күнге қашан
жетеміз осы!
– «Сабыр түбі – сары алтын» деп атаң қазақ біліп айтқан, шырағым.
Дегенмен жайбасарлыққа ерік берсек, жолдан кешігетініміз және ақиқат.
Өз басым жоғары өкімет мәжілісінде және басқа да келелі кеңестерде
қазақша сөйлеуді әдетке айналдырдым. Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің секретары Өзбекәлі Жәнібеков жолдас та маңызды бас
194
қосуларда қазақша сөйлеп жүр. Сірә, анасының ақ сүтінің дәмі таңдайына
келген әр қазақ өз ана тілінде тақылдап тұруға тиіс қой. Менің ойымша
бұған бөгет жоқ. Тек батылдық, жауапкершілік болсын «Қазақ елі бір ауыз
сөзім саған» деп жар салған Мағжан ақыннан үйренуіміз керек.
–
Әбеке, Сізге ел-жұртыңыз сенім артып, Қазақ ССР халық
депутаттығына кандидат етіп ұсынып отыр. Егер жолыңыз болып,
рсспублика парламентіне мүшелікке сайлана қалсаңыз, қандай
мәселелерге айрықша назар аударар едіңіз!
– Әуелі республика парламентінде қазақ
тіл білімінің бір өкілі
болуын қажеттілік деп санаймын. Ал өз басым қазақ тілінің жоғын іздеп,
барын базарлап, елдің биік өресін аласартпай сақтап қалу жолында бұдан
былай да жалықпай еңбектене беремін.
– Рахмет Әбеке! Сайлауда жеңіске жетуіңізге тілектеспіз.
«Алматы ақшамы», 1990. 25 наурыз. (Сұхбаттасқан Қ.Әбішев).
Достарыңызбен бөлісу: