2-китап indd


–  Қанша айтылып, қанша жазылғанмен де осы мәселе де әзірге  аяқсыз қалып жатқан секілді... –



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет68/196
Дата20.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#43915
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   196
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

– 
Қанша айтылып, қанша жазылғанмен де осы мәселе де әзірге 
аяқсыз қалып жатқан секілді...
– 
Иә, қанша жыл болды, латын жазуына көшу ісінде алға 
жылжыр емеспіз. 1993 жылы осы мәселені көтеріп, ашық хат жазғанбыз. 
Содан бері міне, 10 жылдай уақыт болды. Ешқандай нәтиже жоқ. Әлі күнге 
сөзбұйдаға салуда. 
Көршілес елдердің бәрі шетінен латын графикасына көшіп жатыр. Тек 
біздің ғана қозғалар түріміз жоқ. Бұл Өзбекстандағы бауырларымыз үшін өте 
қиын. Олар қараңғы болып қалатын болды. Ауғанстан мен Моңғолиядағы 
қандастарымыздың жағдайы одан да қиын. Ал Қытайдағы қазақтар арапша 
оқиды. Сөйтіп несін айтасыз тіл мәселесіне келгенде төрт көзіміз түгел 
емес. Әр елдегі қандастарымыздың жазу үлгісі де, даму үрдісі де әр басқа. 
Идеология да бөлек... Түптеп келгенде, осының бәрі қазақ тіліне кері әсерін 
тигізуде. Міне, мәселе қайда! Біз сондай бір табиғи, тарихи түйінді жағдайға 
душар болып отырмыз. Сондықтан да, әсіресе, бүгінгі таңда бізге жүйелі де 
икемді, көреген тіл саясаты керек.
– 
Саясат жүйелі де икемді болуы үшін заң сапалы да, салмақты 
болуы керек шығар. Осы арайда Тілдер туралы Заңға байланысты не 
айтасыз?


136
– 
Егер Тіл Заңы жайлы айтар болсам, ондағы мемлекеттің және 
оны бекітіп отырған Парламенттің жауапкершілігі аз. Айтқан болады, олай 
істеу керек, былай түсу керек деп. Бірақ аяғына дейін күреспейді. Соны 
орындатуға құлықсыз. Бұл бір. Екіншіден, егер біз қазақ тілін шын мәніндегі 
мемлекеттік тіл жасағымыз келсе, бұдан батыл, жылдам қимылдауымыз 
керек. Жедел арада бетбұрыс жасайтын кез келді. Олай дейтінім, мемлекеттік 
жетекші қызметкерлердің, әкімдердің қазақ тілін білуін қатаң қадағалау 
қажет. Өзге ұлт өкілі болса, жедел арада тілді үйренсін, қазақ болса, ол 
қайткен күнде ана тілін білуге тиіс. Одан соң мемлекеттік жауапты жоғары 
орындарға Иманғали Тасмағанбетов сияқты мемлекеттік тілді жетік білетін 
азаматтарды тағайындау керек. Үшіншіден, заң талаптарын орындау үшін 
мемлекет қаржы бөлуге тиіс. Сонан кейін ол ақша шенеуніктердің қолында 
жүрмей, тиісті мақсатқа жұмсалса. Міне, сонда ғана заң пәрменді болады.
Осы жерде айта кеткеніміз орынды болар, «Кедейді кезеңде бір тонаса, 
ойпаңда күтіп алып екі тонайды» дегендей, бүгінгі таңда біз үшін екі тілдің 
проблемасы аздай, енді үшінші тіл тағы қосылды. Ол – ағылшын тілі. 
Глобализация туралы конференцияда осы мәселені айттым мен. Нағыз 
глобалдық проблема – бұл тіл... Енді, міне орыс тілі де қалатын болып 
отыр. Қазір халық бәрін тастап, шет тілін үйренуге кірісті. Әрине, уақыт 
талабына сай шет тілін білген жөн. Бірақ өз тіліңді ұмытпауың керек. Ана 
тілін ұмытады екенсің, онда ұлт өмірінен шет қаласың деген сөз. Міне, тілге 
байланысты осындай кереғар құбылыстың да алдын алғанымыз жөн. 
- Уақыт бөліп әңгімелескеніңіз үшін рахмет!
«Алматы ақшамы», 2002. 25 шілде. (Сұхбаттасқан М. Мұқаштегі) 

жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   196




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау