2-китап indd


–  Жүйесіз, бей-берекет емес, ақылмен істелсе, бәрі оңды  болатыны рас қой... –



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет67/196
Дата20.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#43915
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   196
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

– 
Жүйесіз, бей-берекет емес, ақылмен істелсе, бәрі оңды 
болатыны рас қой...
– 
Әрине, өз тіліміздің негізінде жаңа сөздерді қабылдау 
керек. Өркениеттің дамуына байланысты туындап отыратын ондай 
қажеттіліктерге шек қоюға болмайды. Мысалға, орыс тілінің өзінде 12 
мың түрік сөзі бар.
Бұл жөнінде мен талай мақалалар жаздым, бір кітапша шығардым. 
Қайталап айтамын. Жаппай аударуды қолдамаймын, сапалы түрде 
біртіндеп істеу керек бұл жұмысты. Себебі, терминология – бұл әдеби 
тілдің жон арқасы. Терминология принципінде ең алдымен өз тіліміздің 
байлығын сарқа пайдалану керек деп жазылған. Біз басында сол сарқа 
пайдалану дегенді дұрыс түсінбей, көптеген терминдерді жөнсіз енгізіп 
алдық та, тілімізді бүлдірдік. Енді қазір үйреніп қалған құлаққа бәрі 
жақсы, үйлесімді сияқты. Шындығында олай емес қой. Сондықтан 
да осындай проблеманы біржақты шешу қажет. Тілдің аса маңызды 
мәселелерінің бірі осы.
– Тұтасымен алғанда, елдегі мемлекеттік тіл мәселесі бүгінде 
біршама алға жылжыды дей аламыз ба?..
– 
Қуанарлығы сол, қазақ тілінің мәселесі Үкімет тарапынан 
түбегейлі түрде қолға алынған тәрізді. Бұл орайда төрт облыстағы іс 
қағаздарының біртіндеп, мемлекеттік тілге аударыла бастағандығын 
айтуға болады. Бұлар – Атырау, Ақтау, Қызылорда және Оңтүстік 
Қазақстан. Мұның өзі сәл де болса ілгерілеу. 
Осы тұрғыда Үкіметке И.Тасмағанбетов, М.Құл-Мұхаммед тәрізді 
ұлтжанды азаматтардың келгендігі көңілге үміт ұялатады. Олар қолда 
бар мүмкіндіктерін пайдаланып-ақ жатыр... Бірақ, кері тартатындар 
көп. Мысалға, теледидар хабарларын 50 пайызға қазақ тілінде жүргізу 
мәселесі дер кезінде өте орынды келтірілді. Біреулер оны күлкі 
етеді, әшейін нәрсе деп келемеждейді...Ол дұрыс емес. Өз елімізде 
телеарналарды 50 пайызға ұлттық тілде сөйлетудің не айыбы бар?.. 
Қайта бұл бүкіл халық болып, қолдайтын бастама емес пе? Бұқаралық 
ақпарат құралдары да осы бағытта жан-жақты, жетімді жұмыс жүргізуі 
керек деп ойлаймын.
– 
Елбасымыз ана тілімізді кез келген әдебиетшіден кем 
білмейді. Ендеше неге белден басып тұрып бүкіл іс қағаздары қазақ тілінде 
жүргізілсін дегендей Жарлық шығармайды екен деп ойлаймын кейде мен. 
Бәлкім, олай жасауға болмайтын шығар. Бірақ, осылайша әліптің артын 
күте берсек, әлі қанша жүретінімізді бір Алла біледі... Сіз қалай ойлайсыз?


135
– 
Біздегі қалыптасып қалған демографиялық жағдайға қарай, 
олай істеуге болмайды. Өйткені республикамыздың бірқатар облыстарында 
орыс ағайындардың саны көп. Егер жаңағы айтылғандай, Жарлық 
шықса, солардың бәрінің байбалам салатыны анық. Шындығында, біз сол 
тыныштық үшін өзімізді көп нәрседен шектеп отырмыз ғой...
Мысалға, сол Ресейдің өзінде орыс тілін білмеген адам үкімет 
басындағы жоғарғы қызметке тағайындалмайды. Сол сияқты Германияда 
да неміс тілін білмейтін адамды жұмысқа алмайды. Ал бізде ше? Бізде орыс 
тілі ұлтаралық қатынас құралы, ресми тіл қызметін атқаруда. Бұлай болғаны 
дұрыс емес. Тіл саясатындағы жалтақтықтан арылмай, ісіміздің оңалмасы 
анық. Соны біле тұра, түсіне тұра солай істеуге мәжбүр болудамыз. 
Елбасының ойлайтыны, алдымен ел ішінің тыныш болуы. Тіл мәселесі 
тұра тұрар, ұлтаралық татулықты сақтаудың мемлекетіміз үшін өмірлік 
маңызы зор дейді ол. Бұл туралы талай ол кісімен әңгімелескенбіз. Әрине 
ел ішінің ынтымақты, бейбіт болуы ең басты нәрсе. Бірлігіміз ыдырамасын 
делік. 
Ең бастысы, ұлт санасында сілкініс болуы керек. Осылай деп мен 
жазғанмын да. Мәселен, латын графикасына байланысты жағдай да 
осындай күйде...

жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   196




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау