- Қайырлы күн, балалар!
- Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
- Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
- Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,
- Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Өлкетану - Глубокое ауданының аумағы
- Глубокое ауданның шекарасы
- Шерубаев
- Нурлыбек Адылгазинович
- Глубокое ауданының әкімі
- Глубокое ауданының
- эмблемасы
- 1963 жылдың 2 қаңтары күні шыққан Қаулыға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аудандары аграрлық және өнеркәсіптік деп «бөлінуі» қажет болды. 1963 жылы 10 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында Глубокое өнеркәсіптік ауданын құру туралы арнайы жарлық шықты. Оның аумағы таратылған Предгорный мен Киров аудандарының жерлерінен құралды. Глубокое өнеркәсіптік ауданының орталығы болып, Глубокое қалалық кенті белгіленді.
-
- Глубокое ауданының құрылу тарихы
- Сонымен қатар оның құрамына Белоусовка, Верх –Березовка, Первомайск, Пахотный кенттері кірді.
- 1964 жылы 31 желтоқсанда облыс аудандарын өнеркәсіптік және ауылшаруашылық деп бөлу жүйесі алып тасталды.
- Бұрынғы Шемонаиха ауылшаруашылық ауданынан біраз жерді қосып беріп, Глубокое ауданын бекітті. Аудан құрамында 13 ауылдық, 4 кенттік округ, бес жұмысшылар кенті, қырық елді мекен бар.
- Аудан орталығы Глубокое кентінің тарихы әріден, 1761 жылдан басталады. Ортасынан Глубочанка өзені жарып ағатын шағын ауыл, 1937 жылы кент дәрежесіне ие болды. Ол кезде ауыл Предгорный ауданының құрамында болатын. 1963 жылы аудан орталығы болып белгіленді. Глубокоеның алғашқы тұрғындары қарапайым шаруалар болған. ХХ ғасырдың 20 жылдарынан Глубокое өнеркәсіп орталығы болып қалыптаса бастады. 1931 жылы 1 қыркүйекте Ертіс мыс балқыту зауыты іске қосылып, 1945 жылы Ертіс полиметалл комбинат ының құрамына енді.
- «IZOTERM» зауыты «Восток-Универсал»
- өнеркәсіп-өндірістік кешен
- Белоусовка кен байыту-
- орталығы (1999)
- "Алтай Альпісі"
- демалыс базасы
- Ауданның таңғажайып табиғаты мен ішкі құрылымының дамуы туризмді дамытуға қолайлы. Облыс орталығы Өскемен қаласынан 22 шақырым жерде орналасқан Таулы Үлбі - қарағай, қайың, терек өскен аралас орманы бар таулы аймақта орналасқан. Жидек, саңырауқұлақтар, емдік қайнарлар адам игілігіне қызмет етеді. Осы жерде бүкіл елімізге танымал «Алтай Альпісі» орналасқан.
- Глубокое ауданына табиғаттың бар байлығы: алтын мен күміс, қола мен мыс, қорғасын мен көмір, көк майсалы шабындық, толықсыған егін алқабы, терісі бағалы аңдар мен балықтың алуан түрі табылады. Ауданның кен байлығында Менделеев таблицасы толығымен көрініс тапқан. Аудан аумағындағы селолар тарихы 18 ғасырдан басталады. 1730 жылы тау-кен ісінің шебері И. Чупоршневтің Березовский мыс кенішін ашуымен тікелей байланысты. Келесі жылы өнеркәсіп иесі Демидов кеніш құрылысын бастау үшін алғашқы жұмысшыларды әкеле бастады. Сөйтіп, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай орыс селолары бой көтерді.
- 1747 жылы Секисовка селосы, 1767 жылы . – Бобровка селосы, 1797 ж.. – Белоусовка және Верх-Березовка кенттері пайда болды.
- 1760 жылы «Өскемен бекінісіндегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы Березовка, Глубокое, Үлбі өзендерінің бойындағы қолайлы жерлерге бекіністер салып 2000-дай орыстарды қоныстандыру» туралы Сібір жарлығы шыққан.
- Бүгінгі күні Глубокое ауданында үш кен орны, екі байыту фабрикалары жұмыс істейді. Секисовка селосында тағы да бір рудник пен кен байыту фабрикасы салынуда. Глубокое селосында жылу өткізбейтін материалдар зауыты жұмыс істейді. Ауданда 344 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың 307 жеке меншіктікі. Ауданда тиірмен, май өңдеу , наубайхана, макарон цехы, ет-сүт өнімдерін өңдеу цехтары жұмыс істейді. Глубокое ауданында жеңіл өнеркәсіп пен қайта өңдеу кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы да жақсы дамыған. Ағаш дайындаушылар кешені, құрылыс мекемелері, Қазақстандағы аса ірі Черемшанск құс фабрикасы жұмыс істейді.
- Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларына іс жүзіндегі бағамен 5668,4 млн. теңге немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 115,6%-ды құрады.
- Өнеркәсіп өнімінің табиғи көлемінің индексі 119,7%-ды құрады. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС (Белоусовка к.) филиалы және «Секисовка» ТКК ЕЖШС (Секисовка а.). «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалымен (Юбилейно-Снигирихинский кенішімен бірге) алынған кен көлемі 2009 жылдың қаңтар-сәуір айларына 362,9 мың тоннаны құрады немесе 2008 жылға сәйкестендіргенде 154 пайыз. «Секисовское» ТКК ЕЖШС алынған кен көлемі -148,4 мың тонна, ол 2008 жылдан 4 есе көп.
- Глубокое ауданынан 19 Социалистік Еңбек Ері, 11 Кеңес Одағының Батыры, шыққан. Фашизмге қарсы күрескен екі жарым мыңнан аса жауынгер ерлігі мен батылдығы үшін отан наградаларымен марапатталған. 14 адам «Ауданның құрметті азаматы» (2001жыл). Ауданда 110 Ауған соғысының ардагерлері тұрады.(сілтеме: Ақбұлақ. 2011. – 1 сәуір. – Б.1. осы папкада «Ауған соғысы)» )
- Глубокое ауданы – Кенді Алтайдағы омарта шаруашылығының Отаны болып табылады.
- Глубокое ауданы бүгінгі күні қуатты өнеркәсіп пен дамыған ауылшаруашылық орталығы. Түсті металлургия мен көмір өндіретін, ауылшаруашылығы өнімдерін, өңдейтін туризмді дамыту мүмкіншілігі зор, болашаққа ұмтылған, әлеуетті аймақ.
- Әкімшілік орталық – Глубокое кенті облыс орталығынан (Өскемен қаласы) 22 шақырымға алыста орналасқан. Көлемі – 7,3 мың ш.м., оның үштен екі бөлігі таулы болып келеді. Ішіне бес кент енетін 46 елді мекенді. Әкімшілік ауданның құрамында 12 ауылдық және 4 кенттік округ бар. Адамдарының саны 66500. Ауылдық жерлерде 39600 адам тұрады, жұмыс кенттерінде – 26900. Тұрғындар бойынша Глубокое ауданы облыс бойынша үшінші орынға ие. зейнеткерлер – 21200, соғысқа қатысқандар мен оларға тең адамдар саны - 2600. Аудан географиялық жағынан орынды жағдайда. Ол Шемонаиха, Ұлан және Зырян аудандарымен, Алтай өңірімен, Өскемен қаласымен және Лениногорскмен шектесіп жатыр. Аудан аумағы арқылы темір жол мен республикалық маңызы бар көлік жолдары өтеді.
- Тұрғындардың ұлттық құрамы
- Аудан мақтанышы – «Қазақмыс» корпорациясының бөлімшесі – «Шығысқазмыс». Бөлімшенің құрамына Белоусовка руднигі және байыту фабрикасы, Ертіс руднигі, Верхнеберезовка байыту фабрикасы енеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын цехтарда өсімдік майы, ұн, қарақұмық, тары жармалары, бұршақ, нан өнімдері, сүт, шұжық, макарон өнімдер, пима, киіз шығарылады. «Алтын май» ЖАҚ май шығару цехы жылына 6 тонна жоғары сапалы май шығарады.
- Глубокое ауданының агроөнеркәсіптік кешені 297 шаруа қожалықтарынан, үш акционерлік қоғамнан, алты мемлекеттік кәсіпорындардан және 10 басқа ауылшаруашылық құрылымдарынан құралған. Олардың негізгі қызметі болып астық пен шемішке тұқымын, етті және сүтті мал шаруашылығын, құс шаруашылығын өндіру болып табылады. Ауданда 29 жалпы білім беру мекемелері бар, олардың ішінде 23 орта, 4 толық емес орта және 2 бастауыш болып келеді. 12 клуб пен 15 кітапхана жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |