420
бастағы мағынасы біз үшін айқын бола бермейді. Сондықтан болу керек,
орыстың байырғы төл сөз ретінде (совет, председатель, сот, пулемет,
самолет т. б.) алынған терминдері қазақ тілінде де, басқа түркі тілдерінде
де өте аз. Өйткені олар көбінесе аударылып алынады да, түпкі тегі
халықаралық терминдер болса, негізінен аударылмай алынады. Осы арада
орыс тілі интернацноналдық терминдерді тек өз қорына қабылдаушы,
яғни аккумулятивті қызмет атқарушы ғана емес, сонымен бірге СССР-дегі
басқа халықтардың тіліне өткізуші (индуциялаушы) тіл ретінде де белгілі
роль атқарып отыр.
Бұл мәселенің бір жағы ғана. Оның екінші жағы: тек орыс тіліне ғана
бағдарлау деген сөз барлық тілдерге тән баласа да, ол өз мүмкіншіліктерін
сарқа пайдалануға тежеу салып, біршама шектейтін сияқты.
Егер (20-30 жылдары) түркі тілдері біресе пуристік тенденцияға бой
ұрып, орыс-интернационал терминдерін қайткен күнде де аударуға, одан
кейінгі бір дәуірде оларды сол қалпында қабылдауға тырысса, қазіргі
кездегі терминология жасау процесіне тән принцип – дифференциациялық
бағытта жүргізіліп отыр.
Бұл принциптің ерекшелігі ертеректе өз тіліміздің мүмкін-
шіліктерін толық ескермей, қабылдана салынған кейбір терминдерді
қайта қарап,
оларға жаңа балама табу, немесе мағыналық жағынан
өзара жіктеу арқылы терминдік мән беру болып саналады.
Осыған орай айта кететіп бір жағдай: сол 20-30 жылдары жасалган
терминдердің кейбір ғылым саласында тұрақтап, күні бүгінге дейін
өзгеріссіз қолданылып келе жатқандары да жоқ емес. Бұған мысал
ретінде Ахмет Байтұрсынов тарапынан жасалған тіл білімі мен әдебиеттану
саласындағы әбден қалыптасып кеткен көптеген
терминдерді келтіруге
болады. Тіл білімінде қолданылатын орыс және халықаралық терминдерді
басқа ғылымдар саласындағыдай қалай болса солай ала салмай, оқырман
көпшілікке түсінікті болу үшін оларды жүйелі түрде қазақ тілінің өзіне
тән байырғы сөздер негізінде тыңнан жасауға ғалым көп күш салған.
Қазақ тілімен туыстас түркі тілдерінде терминология проблемасы белгілі
бір жүйеге түспей, үйлесім таппай жатқан кездерде А. Байтұрсыновтың
жаңашыл әрекеті түркологияда ерекше көзге түскен еді. Оның байырғы да
казақи сөздер негізінде жасаған қарапайым халыққа түсінікті тер миндері
о баста жеке мақалаларында, кейінірек «Оқу құралы», «Тіл-құрал» деп
аталатын (I. Фонетика – «дыбыс жүйесі», II Морфология – «сөз жүйесі», III.
Синтаксис – «сөйлем жүйесі»), «Тіл жұмсар» («Қолданбалы грамматика»)
деп аталатын еңбектерінде кеңінен қолданыла бастайды. Мәселен:
дыбыс,
421
дауыссыз ды быс, жарты дауысты дыбыс, қатаң дыбыс, ұяң дыбыс,
ымыралы дыбыс, буын, сөз аяғы, сөз басы, қос сөз, қосалқы сөз, туынды
сөз, тұлға, түбір, жалғау, жұрнақ, қосымша, септік
–
атау, ілік, барыс,
табыс, жатыс, шығыс, көмсктес, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік,
етістік, үстеу, шылау, демеу, одағай, сөйлем, жай сөйлем, жалаң сөйлем,
жаңылма сөйлем, сүраулы сөйлем, болымды сөйлем, болымсыз сөйлем,
бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш
т. б.
жүздеген лингвистикалық терминдер қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынов
есімімен байланысты айтылады.
Әрине, отызыншы жылдардан кейінгі жарты ғасырдың ішінде қазақ
тіл білімі қарқындап дамыды, жаңа терминдік ұғымдармен толыға түсті,
байи түсті. Бірақ А. Байтұрсынов жасап кеткен терминдердің кейбіреуі
болмаса (мыс.:
ымыралы дыбыстар
–
индифферентные звуки
т. Б.)
басым көпшілігі ғылыми терминдік статусқа ие болып, күні бүгінге дейін
қолданылып келеді.
Терминолог ғалымдардың пікірі бойынша кейбір терминдерді орыс
тілінің үлгісімен жасалған деген сылтаумен
қолданыстан шығарып
тастауға, не ауыстыруға әрекеттер де болған. «Бірақ, деп жазады Ө.
Айтбаев, – бұл әрекеттен ештеңе шықпады. Қайта бұдан артық үлгіні
қанша әрекет еткенмен, жасай алмайтындарына көздері жетіп, елдің бәрі
А. Байтұрсынов терминдерін негізге алды. Күні бүгінге дейін мектеп
пен жоғары оқу орындарында пайдаланып келе жатқан оқулықтардағы
терминдік жүйе түгелімен Ахаң есімімен байланысты»
14
.
Бұл келтірілген фактіден біз екі түрлі қорытынды шығара аламыз.
Біріншіден, орыс және халықаралық ғылыми терминдерді түркі тілдер
негізінде де қалыптастыруға болатындығы, екіншіден, мұндай терминдер
басқа ауыс-түйіс терминдерге қарағанда өзінің карапайым халыққа
түсініктігімен, дәлдігімен және өміршеңдігімен ерекшеленетіндігі.
Енді осыдан келіп, «әрбір ұлт тілі
термин жасауда өзінің ішкі
мүмкіншіліктерін сарқа пайдалануы керек» деген қағиданың шын
мәнісінде іске асырылуы, немесе үстірт орындалуы жалпы ұлт әдеби
тілдерінің қалыптасуына және оның өзекті саласы – ғылым тілі
статусына тигізетін ықпалы анық байқалады.
Жоғарыда біз келтірген
байырғы сөз байлығы мен терминдік лексика арасындағы диспропорция,
сайып келгенде, тілдің біржақты дамуына, ұлттық табиғилықтан гөрі
жасандылыққа, ресмилікке әкеліп соғады. Егер біз ұдайы осы біржақты
принципті өрістете берсек, терминологиялық лексикамызды байытуда тер
14
Айтбаев Ө.
Қазақ, терминологиясының атасы // Қазақстан әйелдері. 1989. № 4. 7–8-6.
422
төгіп ізденуден гөрі, термин жасаудың оңай жолы – «Шеттен кабылдау»
тәсіліне көбірек бой ұрсақ, күндердің күнінде әдеби тіл менен ондағы
терминологиялық лексиканың арасын алшақтатып алуымыз мүмкін.
Ана тіліміздің тағдыры, оны
жан-жақты дамытудың бір тетігі,
демек, Ғылым тіліне де байланысты – Ғылым тілін зерттеу жұмысына
мән беретін уақыт жеткен сияқты.
Ғылым тілі тұрғысынан алып қарағанда түркі тілдерінің тағдыры
ортақ. Олардың бүгінгі күндегі даму заңдылығы мен ерекшеліктері
түркологтардың назарынан тыс қалмауы керек
15
.
«Терминдер мен олардың аудармалары»,
Алматы, 1990. 9-21 б.
Достарыңызбен бөлісу: