2-китап indd



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет12/196
Дата20.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#43915
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   196
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

мәртебесіне ие болған тілдің бір сүйем, тіпті бір елі болса да дәрежесі 
жоғары тұрса қайтер еді?! Қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне 
көтеру шараларының толық жүзеге аспай жатуы неліктен? Ел ішіндегі 
бір әңгімеден естігенім бар: Қазақстанмен экономикалық қарым-
қатынас жасау үшін Америкада арнайы кадрлар даярлана бастаған 
кезде, бізді тәуелсіз республика деп таныған американдықтар бар 


22
ниет-ықыластарымен оларға қазақтың тілін, салт-сана, әдет-ғұрпын, 
тіпті, ән-өлеңдерін де үйретсе керек. Әрине, олар сондай өркениетті, 
мәдениетті ел болғандықтан, тәуелсіз Қазақстанға зор құрметпен 
қараған ғой. Осындай арнайы дайындықтан өткен бірінші топтың өзі-ақ 
көп уақыт өтпей-ақ Америкаға: «Қазақстанға келетін адамдарды ендігі 
жерде бізше тәрбиелеп әуре болмай-ақ қойыңыздар, мұнда қазақтың 
тілін, әдет-ғұрпын білудің қажеті жоқ. Бекер әуре боласыздар», – деп 
хабар жіберіпті. Осы әңгіменің астарында қиындық бар екені аян ғой.
– 
Қазақ тілін мемлекеттік дережеге көтеру ісінің науқаншылыққа 
айналып кеткені – ақиқат. Шындығында, қазақ тілі мемлекеттік мәртебе 
алғаннан кейінгі уақытта арнайы қаулы-қарар болған жоқ. Тіл туралы 
заң қабылданды да «200-шы жылға дейін мемлекеттік тілді дамытудың 
шаралары» деген бағдарлама жасалған болатын. Бұл бағдарлама 
бойынша істелетін істер, жасалатын шаралар жан сүйсінерлік дәрежеде 
болды десем артық емес. Бұл өзі жеке бір кітапша болып шықты. Біз осы 
уақыттың ішінде республиканың 19 облысында іс қағаздарын мемлекеттік 
тілге 1996 жылға дейін көшіріп болатын етіп кесте жасағанбыз. Бірақ 
1990 жылғы қыркүйектің 27-і күні Қазақ КСР Министрлер Советінің 
«Қазақ КСР-інде қазақ тілі мен басқа да ұлт тілдерін 2000 жылға дейінгі 
кезеңде дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына кейбір өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу туралы» қаулысы жарық көрді. Оның бірінші тармағы 
мынадай болатын: «Қазақ тілі. Тілдің қолданылуы» бөлімінің 3-тармағы 
мынадай редакцияда берілсін: «Қалаларда, аудандарда, мекемелерде
кәсіпорындар мен ұйымдарда мемлекеттік тілде іс жүргізуді енгізу 
мерзімдерін облыстық атқару комитеттері, қалалық (аудандық) атқару 
комитеттері аймақтағы нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен 
демографиялық ахуалды ескере отырып белгілейді».
Бұл қаулының шығуына негізгі себепші болған жағдайлар, атап 
айтқанда, тіл саясатына бір жақты қараушылық, асыра сілтеушілік, 
тұрпайы белсенділік сияқты қимыл-әрекеттер еді. Біз 1996 жылға дейінгі 
кестені жасағанда осыны да ескере отырып, кестенің аяқ жағына ескерту 
берген болатынбыз. Бұл бірақ есепке алынбады.
Министрлер Советінің қаулысының алғашқы редакциясы өз күшінде 
тұрған кезде, мәселен, Семей облысының әкімі Чернов тұтқиыл шешім 
шығарып, іс қағаздарының барлығы тез арада қазақ тіліне көшірілсін деп 
бұйырды. Сол сияқты Мәдениет министрі Е. Рахмадиев те іс қағаздарын 
түгелдей қазақшаға көшіріпті. Ал ел ішіндегі мұндай істер жұрттың 
бәріне ұнай қоймағаны мәлім. Әсіресе, жергілікті ұлт тілінде сөйлей 


23
алмайтындарға. Әрине, бұл дүмпу Министрлер Советіне жетпей қалған 
жоқ. Қаулыға әлгіндей түзету енгізілгеннен кейін қазақ тілінің қадамы да 
қысқара бастағаны белгілі. Бұдан кейінгі уақытта сол кезде мемлекеттік 
мәні бар болып есептелетін № 51 қаулы жарқ ете қалды. Бұл қаулыда 
барлық ресми құжаттар екі тілде жазылатын болсын делінді. Мемлекеттік 
тілді менсінбеушілікті бүркемелеу үшін тағы да бір қитұрқы тәсіл табыла 
кеткені де осы шақ. Ресми құжаттардың орысшасы бар, қазақшасы жоқ 
болғандықтан, оларды қазақшалау үшін әрбір мекемеге бір аудармашы, 
бір машинка басушы тағайындап қойса жеткілікті. Мұның үстіне 
қазақша үйрететін бір оқытушысы тағы бар. Міне, мемлекетгік тілді 
дамытудың ең оңай жолы осылай табылды. Ал жаңағы үш қызметкер 
(аудармашы, машинка басушы, оқытушы) кімдер дейсіз ғой. Олардың 
көпшілігінің арнайы білімі жоқ еді. Мәселен, аудармашы өзінің алдына 
келген әлгі бір ресми құжатты аударуға толық білімі жетік адам болса 
бір сәрі ғой, ол өзінің шамасы жеткен дәрежеде ғана аударады, көптеген 
сөздерді тұспалдап қана бере алады, ал машинка басушының не қате 
жіберіп жатқанын бір құдайдың өзі білсін. Қазаққа қазақша оқыта 
алмайтын мұғалімнің орыс тілді адамды қазақ тіліне үйретуі де бір 
керемет. Айтпақшы, біздің қазақ тіліне соңғы кезде келіп енген «термин 
сөздердің» көкелерін де әлгі бір шала сауатты аудармашылар әкеліп 
кіргізді. Абырой болғанда бұндай аудармашылардың біразы соңғы кезде 
қысқартылды.
Расында да «ресми» деген сөз мәртебе болмаса да, іс жүзінде 
мемлекеттік тілді ығыстырып шығаруға айналды. Қазір Қазақстан 
Республикасының Конституциясына сәйкес жасалған Тіл заңының 
жаңа редакциясы дайындалып болды. Мұны Ұлт саясаты жөніндегі 
мемлекеттік комитет дайындады. Бұл заңда тілге деген қамқорлықтың 
белгісі – оң ықпалды идеология, тілді уағыздау көріністері баршылық.
– 

жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   196




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау