234
қойылған жоқ. Қазір кітап жазып жатырмын. Сол аяқталған соң, осы
мәселені алға қоямын ғой деймін.
– Қазір көнетүркі жазуын көтеріп жүрген бастамашыл топ
белсенді жұмыс істеуде. Тіпті, Рунология институтын ашуды да
ойлап жүргендер бар. Сіз осы мәселеге қалай қарайсыз ?
– Мен түгелдей қарсымын. Оны айтып жүрген Аманқос Мектептегі
деген жігіт осында Тіл білімі институтында істеген. Орхон-Енесей-
Талас өзені бойынан табылған тастар жазуындағы жалпы белгілердің
саны 100-ге жақын. Ал енді қай тілде 100 таңбасы бар алфавит бар?
Орхон-Енесей жазуы практикалық жазу емес. Ол
ескерткіш ретінде
қабылданған жазу. Бұл жазуды қазір кім оқи алады? Екінші бір мәселе,
бір дыбыстың жуан-жіңішке варианттары болады. Әрбір дыбыстың
жеке дара таңбасы болуы керек. Ал көне жазуда бір ғана «а» дыбысының
бірнеше таңбасы бар... Патриоттың да, патриоты бар. Ұлтжанды азамат
адамның, халықтың өміріне жақын болғаны жөн.
– «Латын қарпіне көшу көп ретте шетте жүрген бауырларымызға
жақсы болар еді» деген пікірді естиміз. Бұл қаншалықты рас?
– «Қазақпарат» қазір латын тілінде интернетте жаңалықтар
таратып отыр. Шеттегі қандастарымыз осыны оқып: «Ел жаңалықтарын
түсініп, оқи алатын болдық. Рахмет!» – деп алғыстарын айтуда. Біздің
Қытайдағы
қандастарымыз арабша жазады, Қазақстанда кириллица,
Өзбекстан келесі жылы түгелдей латынға көшеді. Ол жердегі қазақ
жастары ЖОО-ға түсуі үшін латынша оқуға көшуі керек. Латын жазуы
жер жүзінде халықаралық фонетикалық
транскрипция негізінде
қабылданды. Қытайдың өздері латын алфавитін қабылдағысы келді.
Бірақ тілдерінің ерекшелігіне байланысты қабылдамай, тек транскрипция
ретінде қалдырды. Латын тілі – өркениетке бір қадам ілгері жүру ғой
деп ойлаймын. Бізден басқа мемлекеттер не істеп жатыр? Әзірбайжан
түгелдей өтіп болды. Көшелерінде қазір кириллицамен жазылған бір де
бір жазуды байқай алмайсың. Сонда олар бізден ақымақ та, біз ақылды
болғанымыз ба? Олар ақымақ емес, олар да бір нәрсені біледі.
– Сіздің бүгінгі жасап жатқан еңбегіңіздің барлығы болашақ үшін
ғой. Бүгінгі жастар Сіздің идеяңызды қолдап жүр ме? Жастарға не
айтасыз?
– Өткенде латын жазуы жөнінде теледидарда келелі әңгіме болды.
Сонда мен жастарға қатты риза болдым. Кейбір ағалары түсінбей жүрген
жерлерін жастар жете түсініпті. Болашаққа деген көзқарастары дұрыс
екен деп қатты таңырқадым. Жастар түсінгенді ағалары түсіну
керек
235
қой. Өткенді көксеу, ностальгия күшті ғой бізде. Болмаса кей ағаларың тура
жолды табу кезінде, ылги да ши шығарып отырады.
–
Әңгімеңізге рахмет. Ши шықпасын деп тілейік!
«Azamat », 2005. № 6 (6), 14 сәуір – 21 сәуір 5-б.
(Сұхбаттасқан А. Еркімбай)
Достарыңызбен бөлісу: