2-китап indd


Біз сиам егіздері сияқты орыстармен басымызбен



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет100/196
Дата20.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#43915
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   196
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Біз сиам егіздері сияқты орыстармен басымызбен 
жабысып қалдық. Бір адым ілгері жүріс бар
– «Қазақ ұлтты депутаттар қазақ тілінен емтихан тапсырсын» 
деген бір топ тіл жанашырларының ұсынысы өтпей қалды. Сіз осы 
жаңалықты қалай қабылдадыңыз? Жалпы, билік қазақ тіліне қашан 
түбегейлі бет бұрады деп ойласыз?
– Бұл ұсыныс дәл қазір қабылданбайды. Бұдан 6-7 жыл бұрын 
Астанаға барып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлынан емтихан алғанбыз. 
Сол кезде де ел басқаратын азаматтардың бәрінен емтихан алу керектігі 
жөнінде әңгіме көтерілді. Бұл ұсыныс сол кезде қабылданбады. 
Сондықтан дәл қазір қабылдануы мүмкін емес. Себебі, тіл біздің 
халқымыздың бойына бұрыннан жабысқан көне дерт. «Мұсылман болу 
әсте-әсте, кәпір болу бір пәсте» деп айтады. Бойымызға сіңіп кеткен 
дерт қазір төрт буынға тарады. Ең үлкені менен бастап, менен кейінгі 
жастардың бойына дейін тарады. «Дерт батпандап кіріп, мысқалдап 
шығады» дейді қазақ. Қанша айғайласақ та, қанша комитет құрып 
қозғалыс жасасақ та, тіл бірден жөнге келе қоймайды. Мұхтар Шаханов, 
Амангелді Айталы бастаған депутаттардың бастамалары дұрыс. Тіл 
үшін күресті бір сәт бәсеңсітпеу керек. Егер бәсеңдетіп алсақ, ол тағы 
да шегініп кетеді. Қазір бір адым ілгері жүріс бар.
– 
Мемлекеттік тілдің басы-қасында жүрген адамсыз. Тәуелсіздік 
алмай тұрғанда жағдай қалай еді? Басшылар тарапынан тілге деген 
жылы қабақ байқалып па еді?
– Үкімет басына келген Колбин келе сала тіл мәселесін көтергені 
есімде. Ол қазақ жеріндегі көп проблеманың бірі – тіл екенін бірден сезді. 16-
17 желтоқсан күндері оқиға неге байланысты, қалай шықты деген мәселені 
анықтамақ болып, Мәскеуден Соломенцев бастаған бір топ эмиссарлар 
келді. 20 желтоқсанда ең бірінші жиналысын академияда Колбиннің өзі 
өткізді. Жиналыста көзбен көріп, құлақпен естіген жайтты айтқым келіп 
отыр.
«Мен, – деді Колбин, – алаңда айқайлап жатқан жастардың бір 
тобын шақырып алдырдым. Қазақтың бес-алты жігіті, арасында бір қыз 
бала алдыма келді. Бастықтарың кім? Менімен кім сөйлеседі дегенде, 
арасынан бір жігіт шығып: «Мен сөйлесем» – деп айтты. Өзін Тимурмын 


232
деп таныстырды. Сол Тимурдан: «Неге айқайлап жатырсыңдар? Мен 
жаңадан келген адаммын. Менің сырымды білмейсіңдер? Маған неге 
қарсы боласыңдар?» дегенде, Тимур: «Сіз бұрын Қазақстанда қызмет 
еткен жоқсыз. Қазақ халқының кім екенін, оның мінезін, салт-дәстүрін, 
тілін, дінін, жер жағдайын, экономикасын білмейсіз. Сіз қалай бастық 
болуға келісіміңізді бердіңіз?» деген сұрақ қойды. Колбин: «Біріншіден, 
мені бұл жерге партия жіберді. Мен – партия солдатымын. Ал екіншіден, 
салт-дәстүр, экономи ка тәрізді білмейтін салаларды білуге болады. Тіл 
мәселесіне келгенде мен бұдан 1,5 жылдай бұрын Грузияда қызмет еттім. 
Сол кезде грузин тілін жетік үйреніп алдым. Мен қазақ тілін де солай жетік 
үйреніп алып, ке рек болса сендерге үйретемін» — деп жауап берді. Тимур 
грузин тілін білсе керек, екеуі 5 минуттай грузин тілінде сөйлесіпті. Содан 
әлгі бала: «Мен сіздің пікіріңізді түсіндім. Дұрыс», – деді. «Олай болатын 
бол са, жолдастарыңа тарқасын деп айт,» – деп әлгілерді шығарып салды. 
5-10 минуттан соң терезеден қараса, 500-дей жігіт алаңнан кетіп қалды деді 
бізге.

жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   196




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау