2-китап indd


Колбин қазақ тілін неге үйренді?



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет101/196
Дата20.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#43915
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   196
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Колбин қазақ тілін неге үйренді?
– Колбиннің қазақ тілін үйренуге деген ниеті болды демексіз гой?
– Колбин «Қайткен күнде де қазақ тілін үйренемін» дегеннен кейін, 
шынында да неге жәрдемдеспеске, осыған бір оқулық жазу керек шығар деп 
ойланып қалдым. Тілші ретінде Колбиннің қазақ тілін үйрену, әдіс-тәсілі 
қалай екен деп сұрастырдым. Жиналыстарда: «Міне, үйренейін деп едім, 
ешқандай оқулық жоқ. Қазақ тілінде 1954 жылы шыққан Мұсабаевтың 
сөздігі бар. Осы сөздіктен басқа сөздік жоқ екен» деген сөзді талай рет айтты. 
Содан кейін қазақ тілінен ол кісіге сабақ беретін әйел кісімен хабарласып, 
қалай үйреніп жүр деп сұрадық. «Үйренгісі келетін ойы бар, бірақ оған 
уақыты жоқ. Анда-санда шақыртып бір сабақ алады», – деді ұстазы. Содан 
үйренгені: «Сәлеметсіздер ме?» деген сөз болды. Бірақ, кетерінде марқұм 
«Қош, сау болыңдар!» деген сөзді айтпай кетті ғой. Мұны айтып отырған 
себебім, Қазақстанға келген жаңа бастық біздің топырақтағы үлкен 
проблемалардың ең бастысы тіл екендігін білді. Сөйтіп, келе салысымен ол 
тіл саясатымен шұғылданды. Ол қазақ тілі мен орыс тілін мемлекеттік тіл 
болу ын ұсынды. Осыған келген кезде біздің қазақ зиялыларының пікірі бір 
жерден шыққан жоқ. Мен тілші ретінде шығып: «Қазақ тілі мен орыс тілін 
қатар қою арғымақ пен мәстек атты парлап жегумен бірдей. Біреуі ілгері 
тартады, біреуі кейін тартады. Өйткені, біреуі дамыған тіл, екіншісі кеудем 
басты болған дамымай қалған тіл. Екеуін қатар қоюға болмайды. Егер біз 
дамыған ел боламыз десек, бір-ақ тіл болуы керек. Ол – қазақ тілі. Бұл 


233
заңды талап». Қазақ тілінің дәрежесін көтеру жекелеген адамдардың, 
ат төбеліндей азаматтардың қолынан келмейтін іс еді. Не істеу керек 
де ген сұрақты шешу үшін осы институтта тіл үшін күресетін «Қазақ 
тілі» қоғамын құру керек деген шешімге келдік. Сол қоғамның 
бағдарламасын, ережесін, жарғысын, Әнұранын жаздық.
– «Қазақ тілі» қоғамын ашуға сол кездері Сіздерге кімдер 
көмектесті?
– «Қазақ тілі» қоғамы ашылғанда, тұрақты кеңсеміз болмай 
қиналдық. Ел ішінде жақсы ісімен танылған Балташ Тұрсымбаев 
ол кезде министр болып тұрған кезі. Ол кезде «Ана тілі» газеті де 
ашылып қойған. Бірақ, 20 адамға жуық қызметкерлер отыратын 
бөлме таппадық. Балташ Тұрсымбаевқа ба рып, жағдайды айттық. 
Ол кісі дереу тапсырма берді. Тапсырма орындалмағаннан кейін өзі 
барып, бізге тиесілі бөлмені ұстап отырғандарды қуып шықты. Қазақ 
тілі қоғамына кезінде осылай үлкен жәрдем істеген. Сол үшін бұл 
кісіге көп рахмет. Біз оның жәрдемін ылғи айтып жүреміз. Өзбекәлі 
Жәнібеков те «Қазақ тілі» қоғамына көп тер төкті.

жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   196




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау