2. «Жаси» жшс-ның Өндіріс тиімділігін талдау



жүктеу 0,54 Mb.
бет2/3
Дата17.11.2017
өлшемі0,54 Mb.
#523
1   2   3

Кез келген кәсіпорын өнім өндіргенде шикізат пен материалдарды, ресурстарды нғұрлым аз пайдаланып, соғырлұм өзіндік құны аз өнім алуға тырысады. Оған жетудің бірден-бір жолы ол жоғары технология мен техниканы, қолда бар материалдық ресурстарды тиімді пайдалана отырып, өнім өндіру, бір ескертетініміз шикізатты аз пайдалануымыз қажет деп, өнім сапасын әсте естен шығармауымыз қажет. Осының нәтижесінде өндіріс факторларын тиімді үйлестіре отырып, өндірілген өнім бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізеді.


Төмендегі 1-кестеде соңғы екі жылдағы кәсіпорынның қызметін сипаттайтын технико-экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама берілген.

1 -кесте - « ЖАСИ » ЖШС –ның технико – экономикалық көрсеткіштері



Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2005

2006

Ауытқуы (+;-)

%-бен

1

2

3

4

5

6

Өнімді өткізуден түскен табыс(ӨӨТТ)

мың. тг

74768

280707

205939

375,4


Сатылған өнімнің өзіндік құны

мың. тг

72808

278428

20562

382,4

Жалпы табыс

мың. тг

1960

2279

319

116,3

Кезең шығындары

мың. тг

2498

3036

538

121,5

Негізгі қызметтен түскен табыс

мың. тг

(-538)

(-757)

-1295

140,7

Активтерден орташа құны

мың. тг

4213

14510

10297

344,4

Негізгі қорлардың орташа құны

мың. тг

2666

3854,5

1188,5

144,6

Өнеркәсіптік өндірістік персонал саны соның ішінде:

- жұмысшылар

- жұмыскерлер


адам

38

23

15


48

35



13

10

12



-2

126,3


152,2

86,6


Еңбекақы қоры

мың.тг

2637

5027

2390

191

Орташа айлық еңбекақы

мың тг

69,4

104,9

35,5

151,2

Қор қайтарымдылығы

теңге

28,1

72,825

44,73

259,2

Қор сыйымдылығы

теңге


0,04

0,014

-0,022

-35

Материал қайтарымдылығы

теңге

1,092

1,271

0,18

116,4

Материал сыйымдылығы

теңге

0,916

0,787

-0,13

85,9

Ескертпе – « ЖАСИ » ЖШС – ның мәліметтері негізінде есептелді
Бұл кестеден көріп отырғанымыздай екі жыл бойынша көрсеткіштер салыстырылған. Ол 2005 – 2006 жылдар аралығындағы көрсеткіштер. Бұлар нақты құжаттардан алынған, яғни « ЖАСИ » ЖШС 2005 – 2006 жылдар бойынша, бухгалтерлік балансы мен оның қосымшалары. Енді кестені талдауға толығырақ кіріссек: 1- ші кесте бойынша есепті жылы 2005 ж. ӨӨТТ – сы 74768 мың теңгені құраса 2006 ж. ол 205939 мың теңгеге артқанын көреміз. Осы мерзім арасында кәсіпорынның тұтынушылар қатары (клиентурасы) кеңейді, бұл өнім өндіру көлемінің артуымен түсіндіріледі. Активтердің жылдық орташа құны 10297 мың. тг артқан, оған негізгі қорлардың орташа жылдық құнының 1188,5 мың. тг артуы да өз әсерін тигізді. Өндірілген өнімнің өзіндік құнын орташа алғанда ӨӨТТ – тың 97 – 98% құрайды. Жалпы табыс екі жылы да болғанмен өткен жыл зияндары және салық төлемдерін төлегеннен кейін, екі жылда зиянмен аяқталған. Кәсіпорын технико – экономикалық көрсеткіші, оның нарықтағы белсенділігі мен сенімділігінің маңызды сипаттамасы болып табылады.

Гофрокартон мен қағаз шығаратын « ЖАСИ » ЖШС – ның келесідей басымдықтары бар:

- Республикада қағаз шығаратын кәсіпорын;

- Импорталмастыратын өнімдер шығару;

- Қазіргі заман менеджменті мен маркетинг әдістері енгізіліп қолданылуда;

- Қызметкерлерді жаңа жүйемен оқыту.

Қағаз өндіруші кәсіпорын жоғары технологиямен жабдықталған. Қазақстан елінде жоғары технологиямен жабдықталған, қағаз өндіретін бұдан басқа кәсіпорындар жоқ деуге болады.

Барлық жұмыскерлер мен қызметкерлер арнайы оқытылады. Құрал жабдықтаушылар оқытып, үйретуге арнайы өз қызметкерлерін жібереді. Қазіргі уақытта 48 адам жұмыс істейді. Жоспарлы уақытта 125 адамға дейін жұмыс орны ашылғалы жатыр. Ауылды жерлерде жұмыс орнын табу өте қиын, сондықтан да осы аймақтағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Өндірілген өнім көлемінің артуына байланысты олардың орташа еңбек ақысы 35,5 мың тг. (151,2% - ға) артқан, сәйкесінше еңбекақы қоры 2390 мың теңгеге (191% - ға) артқан.

Нарықтық ортада кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл кәсіпорынның жұмысшылар коммерциялық серіктестер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік коммерциялық қызметінің нәтижесі үшін толық жауапкершілікті блуымен байланысты.

Кәсіпорын активтерінің құрамы мен құрылымын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді /20/.

2 -кесте – « ЖАСИ »ЖШС –ның активтерінің құрамы мен құрылымы (мың. тг)


Көрсеткіштер

2004ж.

2005 ж.

өзгерістер

Құрылымдық өзге-рістер (+; -)

мың. тг

үлесі %бен

мың. тг

үлесі

% бен


мың. тг

үлесі %бен




Активтер құны оның ішінде:

4331

100

18622

100

14291

429,9

Х

Ұзақ мерзімді активтер

2694

62,2

5037

27,0

2343

87,0

-35,2

а)негізгі құралдар

2694

62,2

5037

27,0

2343

87,0

-35,2

Ағымдағы активтер

1637

37,8

13585

73,0

11948

729,9

35,2

а)өндірістік қорлар

1292

29,9

9981

53,6

8689

672,5

23,7

б)дебиторлық борыштар

291

6,7

2526

13,6

2235

768,0

6,9

в)ақша қаражаттары

54

1,2

1078

5,8

1024

1896

4,6

Өндірістік әлеует

3986

92,0

150,18

80,6

11032

276,8

-11,4

*Ескертпе – « ЖАСИ » ЖШС – ның мәліметтері негізінде есептелді

Жоғарыда келтірілген 2-кесте мәліметтеріне талдау жасайтын болсақ, 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда активтер құны 14291 мың. теңгеге артқан. Активтер құнындағы ұзақ мерзімді активтер (негізгі құралдар) үлесі 2005 ж.- 62,2 % болса, 2006 ж. 27 % құрап, 35,2 пунктке төмендеді. Бірақ негізгі құралдар құны 2343 мың теңгеге артып отыр: 2005ж. 145 мың тг., 2006ж. 853 мың тг. құрал – жабдықтары енгізілді. Ал олардың үлесінің төмендеуі жалпы активтер құнының 4 еседен аса артқанымен түсіндіріледі.

Ағымдық активтердің актив құнындағы үлесі 2005ж. – 37,8 %, 2006ж. – 73 % болып 35,2 пунктке артты. Оның себебі: материалдар құнының 8689 мың тг, дебиторлық борыштардың 2235 мың тг., ақша қаражаттарының 1024 мың тг. артуы. Жалпы ағымдық активтер 11948 мың тг. артқан. Оның ішінде тауарлық материалдық қорлардың үлесі ең жоғары 2005ж. – 78,9 % (1292/1637), 2006ж. – 73,5 % (9981/13585), олардың құны 8689 мың тг. артқан. 2005 – 2006 жж. өнім өндіру көлемінің артуы салдарынан шикізат – материалдарға деген қажеттіліктің артуымен түсіндіріледі.

Дайын өнім қалдығы екі есепті жылы да болмаған, жыл аяғына дейін өндірілген өнім көлемі толық өткізіліп отырған. Ақша қаражаттарының үлесі (айналым қаражаттарының мобильдік коэффициенті) 2005 ж. – 3,3% - ға (54/1637). 2006 ж. – 7,9% - ға (1078/13585) тең болады. Осы аспект дебиторлық борыштардың күрт өсуіне өз әсерін тигізді. Жалпы ақша қаражаттары және өндірістік қорлардың артуы тартылған қаржы қаражаттарының көп бөлігінің осы айналым активтеріне салынғанымен түсіндіріледі.

« ЖАСИ » ЖШС- ның өндірістік потенциалының құны (қорлар мен өндірістік қорлар немесе материалдар) 2006 ж. 11032 мың тг. артты, жалпы өндірістік потенциалдың құны өндірістік қызметі үшін оңға бастаушы күштердің бірі.

Кәсіпорынның мүлкінің қалыптасуы өзіндік және қарызға алынған мүлік есебінен жүргізілуі мүмкін /20/. « ЖАСИ » ЖШС – ның тұтыну жоспары бойынша келесідей өнім түрін шығаруды ойластыруда:

- Графикалық түсқағаздар;

- Коробкалық картондар (хром- эрзац)

- Жоғары сапалы үш қабатты сүр және ақ гофрокартондар;

- Әр көлемді үш түсті флексотаңба басылымды гофротарлар;

- Дәптерлі өнімдер;

Зауыт гофрокартон өнімдерін «Цзиньмальмаш» (КНР) компаниясынан алынған технологиялар негізінде дайындайды.Технологиялар мен жабдықтар қағаз жасау машинасының қуаты күніне 150 тоннаға дейін болып отыр. Гофрокартон осы жүйеде 8 сағаттан істейді, жұмыс көлемі күніне 80 000 м2 құрайды, одан 100-120 мың әр – түрлі көлемді картон жасауға болады.


3 - кесте - Жоспарланған өнімдер көлемі жылдар бойынша

Атаулары

өлшем бірлігі

2004

2005

2006

2007

2008

Сұр гофрокартон

мың. м


29465,8

27540,0

32538,0

32538,0

32538,0

Ақ гофокартон

мың. м

7922,8

11804,0

11804,0

11804,0

11804,0

Картон хром – эрзац

мың. м

10080,0

12000,0

12000,0

12000,0

12000,0

Тұс қағаздар

м

-

25000,0

25000,0

25000,0

25000,0

Ескертпе – « ЖАСИ » ЖШС – ның мәліметтері негізінде есептелді
Бірінші кезеңде өндіру лайнері жіберілген ( гофрокартонның астыңғы қабаты - 150 г/м2 ) және флутинга (125 г/м2 ) БМ 1 Италиялық машинада жасалынады. БМ 2 Буковец машинасында екі қабатты, мысалы: хром-эрзац, сұр топлайнер және ақ топлайнер қабатымен (топлайнер ол- гофрокартонның үстіңгі тегіс қабаты).

« ЖАСИ » ЖШС – ның тапсырысы бойынша, консалтингтік компания

« Вгіf Магкеt Соncul» Қазақстан бойынша картон мен қағаз нарығын зерттеген, оның нәтижелері бойынша қағаз нарығының сиымдылығы келесідей түрде беріледі.

4 - кесте - « ЖАСИ » ЖШС – ның бағалауы бойынша картон мен қағаз нарығының сыйымдылығы / тонна/



Атаулары

2002

2003

2004

2005

2006

Өнімді өндіру

7505,0

4044,0

6388,5

3812,9

6999,6

Импорт

60786,2

76172,6

72482,1

71486,2

95399,5

Экспорт

3714,9

2647,9

4617,6

1454,5

1474,5

Нарықтың көлемі

64577,3

77568,7

74253,1

73844,6

100924,6

Нарықтың көлемі USDмың

91739,7

110976,2

108985,6

92476,2

126781,2


Ескертпе – « ЖАСИ » ЖШС – ның мәліметтері негізінде есептелді
Қораптың негізгі түрлері гофрокартоннан жасалған қаптар ғана емес, сонымен бірге термоизоляция да, сол өнімнің қаптау сапасын ауыстыруға болмайтындай жасалынады.

Сонымен бірге нарық сыйымдылығы картон мен қағаз өнімінің түрлері келесідей болады:

1. Қораптар және тағы басқа картон мен қағаздан жасалғандар 21076,84 тонна, сонымен қатар:

- ішкі нарық өндірісі - 6529,43 тонна;

- импортталған - 14774,46 тонна;

- экспортталған - 227,04 тонна.

2. Гофралданған картон мен қағаз - 6144,86 тонна:

- ішкі нарық өндірісі - 4415,0 тонна;

- импортталған - 1729,86 тонна.

3. Графикалық бағыттар үшін борланбаған картон мен қағаз 13929,53 тонна:

- импортталған - 13980,27 тонна;

- экспортталған 227,04 тонна

4. Борланбаған картон мен қағаздар 6935,35

- импортталған -7053,09 тонна;

- экспортталған - 129,85 тонна.

Келтірілген мәліметтерден көрініп тұрғандай, Қазақстанда картон мен қағаз 90% - дай импортталды. Бұл Қазақстан Республикасында валюталық қаржылардың қайтуына әкеп соқтырады.

« ЖАСИ » ЖШС – ның жоспары бойынша бұл қайтуды тоқтатып, импортауыстырымды және экспортталатын өнімдер шығару қажет екендігі талас тудырмайды.

Қағазды өнімнің ішкі нарығының талдауы бойынша, Орта Азия мемлекеттері көбінесе қымбат импорт өнімдерін алады. Сондықтан « ЖАСИ » ЖШС - ның солай да өз өнімдерін сол мемлекеттерге экспорттай алады. Солай « ЖАСИ » ЖШС – ның ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандырады және нарықтағы импорттарды азайтады, сонымен қатар Қазақстан Республикасына валюталық кірістер алып келеді деп тұжырым жасауға болады.

Орташа есептегенде картон мен қағаз өнімдерін бір адамға шаққанда жылына 8 кг. қолданылады. Бұл басқа мемлекеттерге қарағанда азырақ, мысалы: Финляндияда бір адам басына 432 кг, Еуропада -106 кг, Оңтүстік Америкада - 35 кг, Азияда - 27 кг, Ресейде - 19 кг. Келер жылдары картон мен қағаз қолданылуы 2 есе өсуі керек, өйткені басқа елдерге қарағанда Қазақстанның өнімнің осы түрін қолдану деңгейі айтарлықтай төмен.

Әр жылда Қазақстанда гофрокартон 50-60 млн. кв. м (20 мың. тонна) тұтынылады. Тұтынушылардан сұрау арқылы, 2007 жылы ол гофрокартондардың 20 – 25 млн. кв.м – ге дейін өсетіні айқындалып отыр. Қазіргі кезде басты тұтынушылар тамақ өндіретін кәсіпорындар болып табылады.

Қазақстан экономикасын өңдеуші салалардың үлес салмағын арттыру арқылы көтеру мақсат етіп қойылғандықтан, өңдеуші жаңа кәсіпорындар ашылуын көздейді, атап айтқанда, электротехникалық, аяқ киім, тамақ өнімдері, жеңіл өнеркәсіп саласының түрлі өнімдері және т.б. Олардың бәрі де өнімдерін қаптау үшін гофрокартондарды қолданады.

Қағазды картонажды өнімдер шығару бағытында келесідей кәсіпорындар бар:

- Павлодарлық картон-руберойдты зауыт. Басты өнімі руберойд пен жұмыртқаға арналған кареткалар, картон шығаратын жабдықтар тоқтап тұр. Оны жұмыс істеу жағдайына келтіру үшін Popcel фирмасының бағалауынша 2,4 млн. АҚШ доллары керек.

- Қызылордалық целлюлоза картон комбинаты. Бұл комбинат 1997 жылдан бастап картон мен қағаз шығармады. Себебі, негізгі жабдықтар Ресейде шығарылған (Москва, Барнаул).

Тағы да көптеген кәсіпорындарда, қорап пен гофрокартоннан жасалған қаптар шығарылады: «Свитекс», «Қазгер» және «Казполиграф» бірақ та, басты шикізаты – флютинг, одан гофрокартонның ішкі қабаты қалыптастырылады және лайнер ішкі түзу қабаты. Одан басқа дайын гофрокартоннан гофроқорап жасайтын кәсіпорындар: «Алмалай», «Kazakhctan Stok Servis», «Қазақстандық соқырлар ұйымы» және т.б

Өзінің өнімін тарату үшін « ЖАСИ » ЖШС – ның Қазақстанның әртүрлі қалаларында филиалдар ашуды жоспарлап отыр, және де филиалдар гофроқаптарды таратумен де, макулатураны жинаумен де айналысады.

« ЖАСИ » ЖШС «Қазақстан қағазының» филиалы болып табылады. Соңғы уақыт ішінде Ақтөбе, Астана, Көкшетау және Қарағанды қалаларында филиал ашуды көздеп отыр, бұл филиалдарда үш түрлі баспасы бар слотерлер және жартылай автоматты бүктегіш-жабыстырушы машиналар қойылады. Филиалдар гофрақаптарды тұтынушылармен келісімдер жасайды және тапсырыс беру арқылы орауыштар жасаумен айналысады.

Өзінің өнімін тарату үшін « ЖАСИ » ЖШС бәсекелік қабілеттігін анықтайтын келесі негізгі шарттарды қарастырады:

1. Қазақстанда баламасы жоқ ІSО - 9004 сапаны тексеру жүйесін қолданатын жоғары технологияның көмегімен өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету;

2. Өндірістің үлкен масштабы арқылы бәсекелестерге қарағанда өнімнің төмен құны, шикізатқа төмен құн (макулатура МС -6), өндірістің толық техналогиялық циклының болуы;

3. Өнімді таратуда Ресейден жоғары маманданған білікті мамандардың болуы;

4. Өндірістің мұқтаждығын анықтайтын және керек суреті бар типтік өлшемнің гофроқаптарды алып келетін тиімді сататын аймақтық жүйе жасау. Осымен қоса осы жүйелер макулатураны жинаумен айналысады;

Құны соңғы құнға қатты әсер ететін гофрокартонды жасауға арналған материалдар гофрирлеуге арналған қағаз, тегіс қабаттарға арналған картон (тест - лайнер және крафт - лайнер) және крахмал (қабатты жабыстыруға арналған) болып табылады. Бұл бағытта жұмыс істейтін өндірістер өте көп.

Макулатура жинауды ұйымдастыру үшін бөлек кәсіпорын «Компания Маржон» бар. Басты макулатура жинау аудандары Қарғанды, Тараз, Шымкент, Ақтөбе және т.б. Алматы қаласы бойынша макулатура жинайтын он бөлімшелер ашылғалы жатыр, олар бөлек және тұтас сауда жасайтын базарлардың жанында ашылмақ және олар қазіргі уақытта басты шикізатпен МС -6 - мен (гофроқаптар арналған шикізаттар) қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Алатау, Болашақ, Арыстан, Жаркент, Жетісу, Рахат, Тастақ және т.б базар әкімшілігімен келісімдер жүргізілуде.

Келесідей басты жабдықтар алынды:

1. Гофротар шығаратын жабдықтар;

2. Қағаз жасайтын машина - БМ 1 «Carno» фирмасы (өнімділігі - күніне 80-100 тонна қағаз);

3. Макулатураны дайындайтын құралдар «Papcel» фирмасы; (өнімділігі күніне - 40 -50 тонна);

4. Қағаз жасайтын машина - БМ2 Рарсеl (өнімділігі - күніне- 40 -50 тонна);

Негізгі өндіріске қолданылатын жабдықтар.

1. Гофропресс (вакумдық) DW-В;

2. Бобин ұстағышы (электро механикалық);

3. Қыздырғыш d=600мм;

4. Клей жаққыш машина (бір қабатты) SJ- DB;

5. Екі қабатты қыздырғыш d=600мм;

6. Кептіргіш - тоңазытқыш стол ZH- В;

7. Көлденең қиғыш машина (револьверді) хzу;

8. Көлденең қиғыш машина (екі сатылы) SHQ>;

9. Стейкер (екі қабатты) JDJ - А;

10. Клей араластырғыш жүйе;

11. Көтерме;

12. Рельспен арбалар;

13. Құбыр жүйесі.

Қабаттарды жабыстыру клейстер арқылы жүргізіледі, олар жүгері крахмалы мен және басқа да қосымшалар арқылы жүргізіледі. Гофрокартон өндіруге керек қағаздың рулонын үш жайымға орнатады. Қағазды қыздыруға арналған үш жылытқыш арқылы өткен тест лайнер мен шленцфлютинг қағазды жылытқыш арқылы беріледі, ол жақта флютингті кеңірдектеу және тест лайнер мен флютингті жабыстыру сияқты істер жасалынады. Содан кейін жабыстырылған екі қабатты лайнер мен флютинг және лайнердің тегіс қабаттары жұмысқа арналған темпиратураға дейін қағазды қыздыруға арналған екі қабатты жылытқышқа апарылады, содан кейін қаптар лайнердің ішкі тегіс қабаттарын негізгі қабаттарға жабыстыратын желім жаққыш машинаға апарылады. Кейін дайын гофрокартон суытқыш - кептіргіш столда кептіріледі, керек өлшемде гофрокартонды кесетін кескіш машинкаға апарылады. Гофрокартонның беттері жинағыш көпірде жиналады, сонан соң олар қораптың қашаулары қиылатын автоматты қиюшы - рилювтық станокқа беріледі. Бүктей - жабыстыратын автоматтарда қораптың қашаулары бүктеліп жабыстырылады.

Сонымен, кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерін саралау нәтижесі оның елеулі жетістіктермен қызмет етіп жатқандығын айқындайды. Сонымен қатар кәсіпорынның Қазақстан нарығында өзіндік орыны бар, әрі ел экономикасының қарыштап дамуы барысында оның болашақ даму мүмкіндіктері зор деген тұжырымға келдік.



2.2 « ЖАСИ » ЖШС-ның өндіріс тиімділігін экономикалық талдау

Кез-келген кәсіпорынның экономикалық қызметі үздіксіз процесті көрсетеді. Кәсіпорын өзінің экономикалық қызметінде еңбек заттары мен құралдарын сатып алу – сату жолымен ала отырып, өндіріс процесін, тауарлар шығаруды ұйымдастырады. Өндірілген өнімдерді өткізгеннен кейін, алдын-ала жұмсалған ақша қаражаттары кәсіпорынға қайта келеді. Бұл қаражаттар жұмсалған ресурстардың орнын толтыруға, сондай-ақ еңбекке төлем ретінде жұмсалады. Бұл процесс үнемі қайталанып отырғандықтан кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымы деп аталады.

Кәсіпорын капиталының айналымы өндіріс уақытынан және айналыс уақытынан турады. Айналым уақытын қысқарту өндіріс тиімділігін көтеруде маңызды орын алады, басқаша айтқанда сол уақыт кезеңінде ресурстардың сол көлемінде көп өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын капиталының айналым уақыты төмендегілерден құралады:



  • өндіріс уақытынан (шикізаттар, материалдар және жабдықтардың өндірістік запастарда болу уақыты, яғни еңбек заттары тікелей адамның өзгертуіне ұшырайтын уақыт; адамның қатысынсыз табиғи процестердің әсер ету уақыты; еңбек процесіндегі үзілістер уақыты);

  • айналыс уақытынан (өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға және жұмыс күшінің өндірілуін қамтамасыз етуге, тауарларды өткізуге кететін уақыт).

Айналым уақытын қысқартудың маңызды шараларына жатады.: ғылыми-техникалық жетістіктерді игеруді жеделдету, өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, жабдықтарды ауыстыру коэффициентін көтеру, жұмыс уақытын бос өткізуді қысқарту, экономикалық байланыстардың прогрессивті формаларын дамыту, көтерме сауда мен көлік жұмысын жетілдіру және т.б.

« ЖАСИ » ЖШС-ның тиімділігінің көрсеткіштеріне бірден

көшпес бұрын оның іскерлік белсенділік көрсеткіштерін талдайық /20,21,22/.

Іскерлік белсенділік қаражат айналымының жылдамдығымен тікелей байланысты, сол арқылы кәсіпорын қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланатынын анықталады.

5 кесте - « ЖАСИ » ЖШС-ның іскерлік белсенділігін талдау


Көрсеткіштер

2005 ж

2006 ж.

өзгерістер

(+;-)


1

3

4

5

Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті

17,3

15,1

-2,2

Негізгі капиталдың айналымдылық коэффициенті

28,0

72,8

44,8

Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті

48,3

26,3

-22,0

Ағымдағы активтердің айналым ұзақтығы. күн

7,5

13,7

6,2

Материалдық айналым қорларының айналымдылық коэффициенті

61,2

37,9

-23,3

Дебиторлық борыштың айналымының ұзақтығы

503,5

133,1

-370,4

Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті

0,7

2,7

+2

Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті

12,6

18,5

+5,9

Кредиторлық борыштың айналымның ұзақтығы (күнмен)

28,6

19,5

-9,1

Іскерлік белсенділік индексі

0,83

0,56

-0,27

жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау