Шар қаласы әкімі Т. Садыковтың Шар қаласының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері



Дата19.11.2018
өлшемі59 Kb.
#21072
түріБағдарламасы

Шар қаласы әкімі Т. Садыковтың Шар қаласының

әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы

туралы есепті баяндамасының тезистері

Өткен жылдың аяғында Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді орындау үшін, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру үшін Шар қаласының округі өз үлесін қосуда. Жолдауды талқылау, түсіндіру мақсатында қала әкімінің бекітумен әкімдікте, құрамы 12 адам – 2 ақпараттық-насихат тобы құрылып, өткізу кестесі жасалды. Осы уақытқа дейін 17.11.2014 жылы Т. Көбдіков, П. Карелин орта мектептерінде 157 адамдардың қатысуымен, 19.11.2014 жылы Көшек негізгі мектебінде 25 адамдардың қатысуымен, 19.11.2014 жылы қаладағы темір жол мекемелері мен кәсіпорында «КТЖ ҰҚ» АҚ, Семей темір жол бөлімінде, басшысының орынбасары Е.Т.Жумадиловтың қатысуымен Жолдауды түсіндіру жұмыстары өтті. 20.11.2014 жылы Кезеңсу негізгі мектебінде, Б.Тұрсынов орта мектебінде 68 адамдардың қатысуымен және 26.11.2014 жылы Темір жол ПМС-Шар филиалында Жолдауды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жолдауды түсіндіру, талқылау, насихаттау жұмыстары жалғасуда.

Шар қалалық округі аудан әкімімен бекітілген «Кәсіпкерлік карта бағдарламасы» басшылыққа алып, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы жұмыстар атқарылуда.

Шар қаласының әкімшілік аумағының құрамына 3 теміржол бекетін қосып есептегенде, 7 елді мекен кіріп, онда барлығы 9631 адам тұрып жатыр. 2014 жылда дүниеге 155 нәресте келіп, ал қайтыс болғандар саны 46 адам. Миграция бөлімінің есебі бойынша қала аумағына 136 адам көшіп келсе, кеткендердің жалпы саны 25.

Қала округінде 3 орта, 1-мектеп бала бақша, 2 негізгі мектептер,1 бастауыш мектеп, 1 Жарма технологиялық колледжі, 2 балабақша, Шар қалалық ауруханасының шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын оған қарайтын 3 денсаулық мекемелері, теміржол поликлиникасы, Мәдениет үйі мен кітапхана, аудандық саз және спорт мектептерінің филиалдары, полиция бөлімі мен № 2 аудандық сот, халыққа қызмет көрету орталығы /ЦОН/, Шар қаласы күндізгі жартылай жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі және мал дәргерлік станция және таяуда ашылған бизнеске көмек көрсету орталығы /ЦОП/ жұмыс істеп халық игілігіне қызмет көрсетуде.

Қала аймағында 209 субъект, оның ішінде 16 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, оның ішінде 7 белсенді, 126 жеке кәсіпкерлер, 44 шаруа қожалығы, 23 мемлекеттік кәсіпорындар мекемелер тұрақты жұмыс істеп тұр.

Жұмыспен қамтылған адамдардың саны 5389, оның ішінде өнеркәсіп бойынша 702, ауылшаруашылығында 150 адам, орта және шағын бизнесте 1271, мемлекеттік мекемелерде 906, басқа жұмыстарда 2356 адам.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 18 шілдеде № 815 қаулымен бекітілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесуден белсенді шаралардың қатысатын адамдардың оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуі және оларға мемлекеттік қолдау шараларды көрсетуді ұйымдастыру жөнінде жұмыстар атқарылуда.

Округта «Жол картасы-2020» бағдарлама бойынша жоспарланған 10 адам берілген болса, 10 адам жұмысқа қамтылды. Жыл барысында қала аумағында 278 адам жұмысқа тартылды. Тіркелген жұмыссыздар саны 18 адам. Округта әлеуметтік жұмыс орны ашу, жастар іс-тәжірибесі жұмыс бойынша істелінуде.

Жыл ішінде әлеуметтік жұмыс орны бойынша 16 сұраныс түсіп, 16 жұмыспен қамту арқылы жұмысқа орналасты.

«Өрлеу» бағдарламасы іске асыру жөнінде қалада жұмыстар атқарылуда. Округте «Өрлеу» бағдарламасына 114 адаммен жұмыстар жүргізіліп, оның ішінде 21 жанұяға «Өрлеу» жобасы арқылы 2014 жылдың 11 айына 2млн.165 мың.теңге ақшалай көмек тағайындалды.

Қалада негізінде өнеркәсіп және транспорттық сала дамыған, сонымен қатар ауылшаруашылығы, электрэнергиясін және суды өндіру және тарату қызметтері де тұрақты жүргізіледі.

Өндірістік өнімдерді шығарумен Казахцемент ЖШС, «Қамкор Локомотив» Ж.Ш.С. Шар локомотив жөндеу депосының филиалы, «Горводхоз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын, ВК РЭК және теміржол электростанциялары, жеке кәсіпкерлер Е.Жұмағалиев, Д.Дерр, А.Какимова айналасады.

Транспорт, құрылыс және байланыс саласын алатын болсақ, онда «Шар көлігі» ЖШС, Аягуз Локомотив пайдалану депосының Шар бөлімшесі, теміржол жөндеу жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шар-ПМС филиалы, Жарма аудандық байланыс бөлімінің қалалық цехы мен теміржол байланыс бөлімшесі қалыпты жұмыс атқарып отыр.

2014 жылдың 10 айында өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 8 млр.886 млн.теңгені құрап, 2013 жылына сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге өсуі Казахцемент толық іске қосылуы мен және Өскемен қаласындағы Защита депосы жабылып Шар қаласындағы «Қамқор-Локомотив» депосының филиалына берілуінен болуда.

Ауыл шаруашылық жалпы өнім көлемінде өсуде. 2015 жылдың

1 қаңтарға округта 6235 бас ірі қара малы, 14350 қой, ешкі, 718 бас жылқы, 11705 бас құстар болса, мал басын өткен жылдың мөлшерінен ірі қара малдан басқа қой, ешкі 1 %, жылқы 30 пайызға өскен.

Сонымен қатар биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда мал шаруашылығының өнімі артып, барлық түрлерінен өсіп отыр. Осы мерзімде 1451 тонна ет, 6579 тонна сүт, 430 мың.дана жұмыртқа алынып, төл алу бойынша барлық түрінен орындалып отыр. Ірі қара малын қолдан ұрықтандыру пункті ашылды.

Асыл тұқымды мал басын дамыту жұмыстары атқарылуда. Кәсіпкерлікті дамыту картасы бағдарламасы бойынша 4 бас асыл тұқымды бұқалар сатып алу жоспарланған. Округ бойынша «Даурен» шаруа қожалығы басшысы Абдраимов Ч.- 6 бас, «Мұхамеджар» шаруа қожалығы басшысы Галиев М. – 2 бас сатып алды.

Биылғы жылы округ бойынша ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қорынан 47,5 млн.теңгеге ұсыныс түсірілді. Бүгінгі күнге 41,2 млн.теңге алынды.

Оның екеуі асыл тұқымды ірі қара малын өсіру үшін, 4 адам мал өсіру үшін, 2 кәсіпкер өздерінің наубайханасын кеңейту үшін, 1 адам темір ұсталық және аяқ киім шеберханасын ашу үшін, 1 адам құс, қоян өсіру үшін.

«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасының 2 бағыт шеңберінде несие серіктестік арқылы ұсынылған 8 жоба 20,0 млн.теңгенің 13 млн.теңге алынды.

Бұл жобалар негізінен мал шаруашылығын дамытуға алынып отыр. барлығы округ бойынша қорлардан және несие серіктестік арқылы 54,2 млн.теңгеге несие алынды.

Округта АО «КазАгрофинанс» қоры арқылы жұмыстар істелінуде. 2014 жылы 2 шаруа қожалығы 13,2 млн.теңгеге тракторлар, сельхозмашиналар сатылып алынды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 2011-2013 аралығында несие арқылы 189 бас ірі қара, 405 бас қой, 49 бас жылқы сатылынып алды.

Қаланың орталық алаңына аббаттандыруға бөлінген 50,0 млн.теңгеге тендер ойналып, бір лотты ТОО «BEL VEDER KZ» басшысы Мухамадиев Канат, 2 лотты ТОО «Толы» басшысы Маукен Өтежан деген азамат жалпы сомасы 40 млн.413 мың.теңгеге ұтып алып жұмыстар істелінді.

«Бизнес экспресс строй» ЖШС-гі теміржол вокзалын қайта жарақтау жұмыстарын аяқтады, бұған қаражатты АҚ «Вокзал Сервис» басшысы Қайрат Тұрлыханов 39,2 млн.теңге инвестиция бөлгізді.

Қосымша қала тұрғындарының жеке кәсіп ашулары, тұрғын үй салулары бойынша 11,0 млн.теңге инвестиция тартылды.

Жалпы алаңы-350 м² тұрғын үй, әлеуметтік нысандар -2 дүкен, қоғамдық монша пайдалануға қабылданып-8 адам жұмыспен қамтылды.

2)2014 жылы жер телімдерін рәсімдеу, заңдастыру бойынша жеке меншік құқығы 15 адамға, жалға-12 адамға, тұрақты пайдалануға 3 мекемеге берілді. Жеке тұлғадан 8 адам өз еріктерімен жер телімінен бас тартуына байланысты 5,42 га мемлекет меншігіне қайтарылды.

Әлеуметтік ынтымақтастық бойынша кәсіпорын, шаруа қожалықтары, кәсіпкерлермен әр түрлі әлеуметтік мәселелер /ыстық тамақпен қамту, жол жөндеу, санитарлық тазалық, білім, мәдениет, спорт салалары т.б./ бойынша 9 млн.теңгеге меморандум шарттары жасалып, 2014 жыл 9 млн. 100 мың.теңгенің жұмыстары атқарылды. Меморандум бойынша 100 пайызға орындалып отыр.

«Туған жерге тағзым» акциясы бойынша биылғы жылға 4 жоба жоспарланған, оның ішінде Астана қаласындағы «Шар Құрылыс» ЖШС бас директоры Ж. Бектемирова Карелин атындағы орта мектептің мұражайын жөндеуге 700,0 мың теңге бөліп, оқу озаттарына стипендия төлеуде. Қалған 3 жоба орындалған жоқ.

Сонымен қоса әлеуметтік-экономикалық жағдайын, дамыту жоспарын және кәсіпкерлікті дамыту картасы бойынша инвестиция тарту, тұрғын үй салу, ауыл шаруашылығын дамыту бойынша, сауда және қызмет көрсету объектілері, оның қайта өндеу цехтарын ашу жұмыстары баяу жүруде.

Қала бойынша су құбырының барлық ұзындығы 29,3 шақырым, онда 90 сутартқыш мұнара жұмыс істеп тұр. Бұл кәсіпорын 11 айда су пайдалағандары үшін жеке тұлғалардан 3 млн.661 мың.теңге, ал заңды тұлғалардан 9 млн 711 мың теңге, барлығы 13 млн.372 мың теңге қаржы түсті.

Жылдан жылға су құбырына қосылған мекемелер мен тұрғын үйлер көбейуде. Мысалы. Шар қаласына Лекеров көшесіне су тарту жұмыстары жүргізу туралы ұсыныс түскен болатын. Бұл жұмыс ауданда бюджеттін есебінен Шар «Горводхоз» мекемсі 10,0 млн.теңге қаражат бөлініп, Лекеров көшесіне 9 су құбыры қойылып, жұмыс толығымен орындалып отыр. Бұрында 3 су құбыры болатын, сонымен бұл көшеде 12 су құбыры жұмыс істелінді. Сонымен қоса Амангелді көшесіне су тарту жұмыстары істелініп, 6 су құбыры қойылды.

Тек қана биылғы жылы 11 айында 71 үйге су құбыры қосылды. Қала бойынша барлығы 371 тұрғын үйлер мен мекемелер су құбырына қосылып отыр. Сонымен қатар сумен жабдықтау қызметі биылда жалғасуда.

Қалаға қарасты мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту туралы өткізілген 3 айлық барысында Шар қаласы әкімшілігінің аумағында ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Жарма ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 64 «Ауданның елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды жүргізу туралы» Қаулысын орындау бойынша Шар қаласы әкімшілік аумағында құрамында 10 адам бар, жұмыс тобы құрылды.

3 айлық барысында рұқсат етілмеген 3 қоқыс төгетін орындар тазаланып қалыпқа келтірілді, шығарылған қоқыс көлемі 600 м³, қала аумағындағы 1300-дей тұрғын үй аулалары, 12 мекеме, 8 тыным бақ алаңдарына , 35 шақырым қала көшелеріне тазарту жұмыстары жүргізілді.

Көгалдандыру бойынша 210 түп ағаш отырғызылды, 480 м² гүлзарлар отырғызылды. Қала ішіндегі су құбырлары мен су тартқыш құбырғыларға толықтай залалсаздандыру жұмыстары атқарылды. 15 шақырым көше жолдарына топырақ төгіліп, тегістеу жұмыстары жасалды.Үш айлыққа 2800 адам қатысты. Үш айлық барысында 5 мақала баспасөз бетінде жарияланды.

Жұмыс тобы қалалық әкімшілік аумағында сенбіліктердің өтуін, ұйымдастырылуын қадағалап және тазалықты сақтау ережелерін орындамайтын қала тұрғындары, жеке кәсіпкерлер, мекеме, кәсіпорын басшыларымен түсінік жұмыстарын жүргізді. Тазалықты сақтамағандарға әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес шара қолданылды.

Өкінішке орай қала тұрғындарының арасында тазалыққа немқұрайды қарап күл-қоқысты үйлерінің аулаларына жинамай көшеге төгетін адамдар бар. Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 330 бабының 1 бөліміне сәйкес

3 айлық есептік көркеткіш көлемінде 41 тұрғынға 227,8 мың. теңге, айыппұл салынды және уәкілетті органдар арқылы 70 тұрғындарға хаттамалар толтырылды.

Шар қаласы округі бойынша 2014-2015 жылға қыстамаға кіретін барлық бюджеттік мекемелер саны-23. Оның ішінде 14 мекеме көмірмен, 9 мекеме электр желісі арқылы жылытылады. Мекемелерде көмір қоралары бар, қыстама бір қалыпта өтуде.

Қысқы жол қатынасын ретке келтіру үшін, қар баспау үшін Кезеңсу-Шар автокөлік жолындағы 2013 жылы су шайып кеткен көпірді қалыпқа келтіру үшін 2015 жылға қаражат қарастырылып отыр. Шар қаласы аумағындағы Көшек, Кезеңсу, Сары Арқа ауылындарындағы автокөлік жолдарының жиегіндегі шөптер шабылды.

Спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында үсітміздегі жылғы 6-7 маусым күндері қала әкімі аппаратының қолдауымен спорт ардагері М.Ахметуллинді еске түсіруге арналған жасөспірімдер арасындағы бокс турнирі өткізіліп, оған облыстың әр өңірлерінен, Алматы қаласынан, барлығы 8 команда қатысты. Қалада жыл сайын спорт ардагерлері А.Әліповты, К.Иманбаевты, К.Мұрынбаевты еске алуға арналған спорт турнирлері өтіп отырады.

Қала әкімі жанынан ардагерлер кеңесі /төрағасы М.Алпысбаев, ақсақалдар кеңесі /Қ.Рахимбеков/, әйелдер кеңесі /Г.Агиева/, жастар ұйымы мүшелерінің саны-467 адам. Әкім аппаратында келісім-шарт бойынша жастар саясаты бойынша қызметкер жұмыс істейді.

Қоғамдық ұйымдар әлеуметтік мәнді шараларға қатыстырылуда. Жыл ішінде теңге бағамының өзгеруіне байланысты, күнделікті тұтыну тауарларының негізсіз өсіміне жол бермей мақсатында жұмыс тобы құрылып, дүкен иелерімен үстеме бағаны 10 пайыздан асырмау жөніндегі меморандум шарттарын орындау бойынша әңгімелер жүргізілген. Баға өсіміне қатысты тұрғындардан жазбаша арыз-шағым түскен жоқ.

Жарма аудан әкімінің есебі бойынша 2014 жылда өткен халық өкілдері жиындарында және Шар қаласы әкімінің халықпен кездесулерінде айтылған ұсыныс тілектер бойынша іс-шаралар жасалып орындалуда.

Қала ішіндегі көшелерді жөндеу жұмыстарына аудандық бюджет есебінен қаланың кәсіпкерлік дамыту бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеуге 10 млн.теңге қарастырылған. Жамбыл көшесі ағымдағы жөндеуден өтті. Бірақ көше тұрғындарынан көше жөндеу туралы наразылық түсіп, мердегер «Жарма тас жолдары» кәсіпорын басшысы Абикенова Альмира шақырылып комиссия құрылып, кеткен кемшіліктерді қайта істелінді. Сол сияқты биылғы жылы «Жол карта 2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 34,7 млн.теңге қаражат бөлініп Тәуелсіздік көшесі,ДЭУ-дан орталыққа дейін арасын асфальт төселіп, орта жөндеуден өтті. Бұл көшеге жарықта тартылды.

Қалада жексенбілік базар әр жексенбі сайын жұмыс істейді. Базар жеке меншік кәсіпкердің меншігінде. Ет сатам деген қала, ауыл тұрғындарына есігі ашық, лаборатория жұмыс істейді. Тазалығы жөнінде ет шабатын шөркені ауыстыру керек екендігі туралы, базар иесі ескертіліп айтылды. Негізгі ағымдар жөндеу жұмыстары керек екендігі де ескертілді. Бірақ қаражат жоқ деген сылтаумен созып келеді.

Кезеңсу ауылы су мәселесі бойынша. Кезеңсу ауылында «Ризат» шаруа қожалығының басшысы Бейсенбаев Марат меншігіндегі құдығын әкімшілік балансына берді. Аудандық қаржы бөлімінің әкімшіліктің теңгеріміне алу туралы бұйрығы шықты. Қазіргі уақытта жер актісі алынды. Құдыққа тех.паспорты жасалуда. Содан кейін құдықты жөндеуге қаражат сұралады.

2014 жылы 14 қаңтардағы № 1542 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына байланысты Шар қаласы әкім аппараты 2014 жылы 915 мемлекеттік қызмет көрсетті. Осы уақытта жеке тұлғалардан 506 өтініш түсті, оның 313 орындалды, 193 түсіндірілді. Заңды тұлғалардан 29 өтініш түскен, оның 24 толықтай орындалды, 5 түсіндірілді.

2015 жылы қаланың мүмкіндіктері мен нақты әлеуетін ескере келіп, әлеуметтік-экономикалық даму бойынша төмендегі көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарланып отыр:



1) 300 орындық Б.Тұрсынов атындағы орта мектептің жаңа ғимаратының құрылысы аяқтау.

2) Қаланың Қабанбай көшене су желісін тартуға қаражат карастыру.

3) «Ақбота» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының төбесін, есіктерін, терезелердің күрделі жөндеуден өткізу.

4) «Шар-Кезеңсу» автожолының суағар трубаларын ағымдағы жөндеу

5) Көшек ауылына жарықтандыру жүргізу.

6) Қаланың К. Әубәкірұлы мен Сүлейменов көшелеріне жарықтандыру жүргізу.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау