2. «Жаси» жшс-ның Өндіріс тиімділігін талдау



жүктеу 0,54 Mb.
бет3/3
Дата17.11.2017
өлшемі0,54 Mb.
#523
1   2   3

Ескертпе – « ЖАСИ » ЖШС – ның мәліметтері негізінде есептелді
Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті – жылына өндіру және айналудың толық үрдісі қанша рет болатыны мен активтердің әр теңгесі өндіріс өнімінің қанша көлемін әкелгенін көрсетеді /15/.

1) Оның мәні 2005 ж. – 17,3 (74768/4331), 2006 ж. – 15,1 (280707/18622) болып, 2,2 пункте төмендеген. Алдындағы жылы кәсіпорын активінің әр теңгесі 17 тг. 30 тиын келтірсе, 2006 ж. – 2 тг. 20 тиынға кеміді.

Егер де осы кеміген сома түсім түсіргенде ол – 40968 мың тг. (2,2 х 18622) болар еді, яғни кәсіпорынға 40968 мың тг. (275,4%-ға), ал активтер 14291 мың тг. (329,9%-ға) артқан, оның ішінде ең көп өсім негізгі қорлар (87%) және берешек қарыздарға (22,4%) келеді. Сондықтан айналым мөлшерінің азаюы кәсіпорын активтерінің құрамында өтімділігі төмен қорлар үлесінің артуына байланысты.

Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін – негізгі қорлардың айналымдылық коэффициенті көрсетеді. Бұл коэффициент жоғары болған сайын есеп беру кезеңіндегі шығындар азая түседі. Ол төмен болса – өнімді өткізуден түскен табыстың (ӨӨТТ) жетімсіздігін немесе негізгі қорларға тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгенін көрсетеді. 2005 ж. – 28,0 (74768/2666), 2006 ж. – 72,8 (280707/3854,5) көрсетіп, 44,8 пункте жоға­рылаған. Мұнда негізгі қорлардың орташа құны да, ӨӨТТ та пропарциоалды өсіп отыр, сәйкесінше 44,6% және 27,4%, сонымен негізгі құралдардың артуы ӨӨТТ – тың артуын қарағанда әлдеқайда төмен, сондықтан серіктестік негізгі құралдарын дұрыс пайдалана алған.

Ағымдығы активтердің айналымдылық коэффициенті – олардың айналым жылдамдығын (айналым санын) көрсетеді /15/. Ол жоғары болған сайын кәсіпорынның төмен қабілеттілігі артып, қаржылық жағдайы тұрақтанады.

2005 ж. ағымдық активтердің айналымдылығы – 48,3; ал айналым ұзақтығы 7,5 күн болған. 2006 ж. айналым саны – 26,3; айналым ұзақтығы – 13,7 күн. Сөйтіп айналым саны 22-ге азайып, ұзақтығы – 6,2 күнге ұзарды. Ағымдық активтер құрамында тауарлы – материалдық қорлар және дебиторлық борыштар үлесінің артуы айналым жылдамдығының бәсеңдеуіне әсер етті.

Айналым уақыты 6,2 күнге ұзарды, осы мерзімде кәсіпорынға қосымша қаражат жұмылдыру қажет болды. Айналымға қосымша жұмылдырылған қаражатты есептеу мына формуламен жүргізіледі /15/:


Тд = ӨӨТТ/360 х (Д1 – Д0) ( 14 )

Мұндағы, Тд – қосымша жұмылдырылған ағымдық активтер;

Д1 және Д0 – есеп беру және өткен жылдағы сәйкес айналым кезеңдері.

Сәйкес мәндерін қойсақ: [280707/360 х (13,7 – 7,5)], айналым уақы­тының ұзаруы салдарынан 125,8 мың тг. қосымша қаражаттар тартылған екен.

Материалдық айналым қорларының айналым коэффициенті – шы­ғындар мен қорлардың айналым санын көрсетеді (олар сатылу жылдамдығы). Бұл коэффициентттің төмен болуы кәсіпорын жұмысының нашарлауын көрсетеді, яғни өтімсіз ағымдық қорлар көп шоғырланады, өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайып дайын өнімге деген сұраныстың төмендегі ені; жоғары болса қоймада материалдар тұрып қалуы аз болып, соғұрлым қорлар ақшалай қаражатқа айналады.
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Инновация - өндіріс тиімділігін жоғарылатудың негізі

Өндірістің тиімділігі көбінесе өндіріс технологиясын таңдауға тәуелді. Технология өндірістің негізгі факторлары арасындағы өзара әрекеттесуін, сонымен қатар ғылым мен тәжірибе арқылы жаңадан ашылған механикалық, физикалық және химиялық қасиеттеріне негізделген өндіріс құралдарының еңбек затына әсер етуі тәсілдерін көрсетеді.

Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану “Қазақстан-2030” стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.

2004 жылы қабылданған «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заң Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру, қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экномикасын ары қарай дамыту.

Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал- кез-келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет көркеюінің негізгі жолы- ғылыми техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабіліеттігін жоғарылатады.

Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.Дәл осы жағдайдан шығудың бiрақ жолы бар, ол - жоғары технологиялық өндірісті дамыту.

Қазіргі таңда ел экономикасы дамуының шешуші факторлары - ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы “Силикон аңғарының” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.

Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озады.Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та –4, Еуропада 2 айдан кейін шығады.Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш- 11 ай .

Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен 1950 ж. құрылған ҒТИП /ғылыми-техникалық индустриалды парктер/ айналысады.Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі.ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді.ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі,ақпарат және қаржымен қамтамысыз етілуін қадағалайды,бір сөзбен айтқанда , кәсіпорынға “қолайлы орта” жасайды.Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз.1991ж. –2587, 1992 ж. –9678, 1996 ж. –13722, 2000 ж. –20796.

Стратегияның негiзгi мақсатыбәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни инновация – негiзгi қозғаушы күш болмақ. Бұл айтылған мәселелер әрине, біздің зерттеу объектімізге де қатысты. «Вторсырье – Маркет» ЖШС-ның өндірістік тиімділігін арттыру үшін инновацияның маңызы ерекше екендігі сөзсіз. Сол арқылы кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатып, оның тиімділігін арттыру үшін мол мүмкіндіктер пайда болады. Жалпы алғанда, инновация өндірісте тиімділіктің бірнеше түрін жасайды: экономикалық, ресурстық, техникалық және әлеуметтік /40/. Сондықтан өндіріс тиімділігін арттыруда инновацияның рөлі айырықша деген тұжырым жасаймыз.
3.2 « ЖАСИ » ЖШС-ның өндіріс тиімділігін арттыру жолдары

Алдағы тарауда талдап өткеніміздей « ЖАСИ » ЖШС-ның өндірістік шаруашылығын тиімсіз жүргізуде. Шаруашылық жүргізуші жүйенің әрекеттілігінің басты талабы өндіріс тиімділігі мен бәсеке қабілеттілігінің нақты деңгейі болып табылады. Өндіріс тиімділігін арттыру шараларын ұсыну алдында жалпы өндірістік және қаржылық леверидж көрсеткіштеріне мән берейік.

« ЖАСИ » ЖШС-ның ағымдағы қызметі тәуекелмен байланысты, негізгі өндірістік және қаржылық, бұларды ЖШС –ның қандай позициядан сипатталуына қарай қарастыру қажет. Бұл сипаттама не актив тарапынан (кәсіпорын иемденіп, пайдаланатын), не қор көздері тарапынан берілуі мүмкін. Бірінші жолы - өндірістік тәуекел; екінші жолы – қаржылық тәуекел пайда болады /34/.

Өндірістік тәуекел – бизнестің салалық ерекшеліктеріне негізделетін, яғни кәсіпорын капиталын салған активтер құрылымына негізделеді. Ал қор көздерінің құрылымымен байланысты тәуекел – қаржылық деп аталады (қор қандай көздерден жиналған, осы қорлардың арақатынасы қандай).

Өндірістік леверидж әсерінің мәні өнімді өндіру көлемі өзгеруіне байланысты жалпы табыстың өзгеруінен көрінеді. « ЖАСИ » ЖШС-ның қоғамында өндірістік леверидж мәні 2005 ж. 0,005-ке, ал 2006 ж. 0,02-ге тең болды. Егер 2005 ж. жалпы шығындар құрамында тұрақты шығындар 5% құраса, 2006 ж. олар 5% құрады, яғни олардың құрылымдық төмендеуі өндірістік леверидж мәнін 0,03-ке азайтты. Сонда өндірілетін өнім көлемі 1%-ға артса, табыс 1%-ға артады, ал 10%-ға артса сәйкесінше табыс та 10%-ға артады (0,1х10%). Осыны мысал ретінде дәлелдесек, « ЖАСИ » ЖШС-ның өндіріс көлемі 10% арттырсақ табыс көлемі қаншалықты артатынын қарастырамыз (өндірілген өнімнің барлығы өткізілді деп қарастырамыз).

Бастапқы жалпы табыс 2485 мың тг. (282707-280222), ал өндіріс көлемі артқаннан кейін 2734 мың тг. (310978-308244) болып, жалпы табыстың өсімі 10%-ды құрады (+249 мың тг.), яғни өндіріс көлемін 10-ға арттырған сайын (2005 ж. шығындар деңгейінде) 249 мың тг. қосымша табыс түсіп отырады. Ал осы өндіріс көлемін арттыру үшін сатылым деңгейін өсіру қажет немесе нарықтағы тұтынушылар сұранымы үшін күрес жүргізе білу қажет.

« ЖАСИ » ЖШС-ның 2006 жылғы өнім көлемі жағдайында қажетті табыс немесе жеткілікті табыс деңгейіне жете алмайды. Ал сол табыстың деңгейіне жету үшін шығысыздық нүктесінің деңгейін анықтап алу қажет. Көп номенкулатуралы өндіріс үшін ол былай анықталады /35/;

Тб = FC/1-Зуд (17)

Зуд – айнымалы шығындар және өткізу көлемі арасындағы қатынас.

Шығынсыздық нүктесі дегеніміз – жалпы түсім мен жалпы шығындар теңесетін өнім көлемі. Түсімдер шығындарды өтейтін минималды сатылым көлемі, яғни берілген қызмет түрі оған салынған шығындарды өтеп, ол зиянсыздық нүктесі деп аталады:

Тб = 5755/ 1- 0,978 = 5755/ 0,022 = 261591

Сөйтіп, осы мөлшерде өнім өткізгеннен кейін ЖШС – ның өзінің табыс зонасына шыға алады. Сондықтан ЖШС – де сатылым немесе өндіріс мөлшерін арттыру шараларын ұйымдастыру қажет.

Жалпы кәсіпорынның қызметін болжау үшін Excel-дің болжау жасау мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жоғарыда көрсетілген болжау кестесін жасауға болады. Осы болжам кестесіне қарап отырып қысқаша талдау жасасақ:

Біздің көптеген кәсіпорындардың бәсеке күресінде зиян шегуі тауар қымбаттылығы немесе төмен сапасы нәтижесінде емес, жарнаманың тиімсіздігі, әсерлі еместігі нәтижесінде болуда.

Ресейлік профессор Е.В. Попов “Шығындар- тиімділік” тауарды жылжыту матрицасы еңбегінде тауарларды 4 топқа бөліп қарастырған. /36/;


  1. қысқа мерзімді пайдаланылатын жаппай сұраныс тауарлары

  2. ұзақ мерзімді пайдаланылатын тұтыну тауарлары

  3. эксклюзивті (престижді) тауарлар

  4. өндірістік мақсаттағы тауарлар.

Тәжірибе жүзінде жарнама ( маркетингтік коммуникация) туралы шешім қабылдау нақты жағдайға байланысты. Зерттеулер нәтижесі әр жарнама әдістері әр тауарлар нарығында әр түрлі әсер беретінін анықтаған.

Қысқа мерзімді пайдаланылатын ( жаппай сұраныс тауарлары) және ұзақ мерзімді пайдаланылатын тұтыну тауарлары нарығында ең тиімді жарнама құралдары болып теледидар, баспа, сырт жарнамалар және көрмелер мен радио жарнамалар саналады. Ал өндірістік мақсаттағы тауарлар нарығында керсінше теледидар жарнамасының тиімділігі төмен болып, ал көрме және жәрмеңкелер, интернет-жарнамалары, директ- мэйл ең тиімді болып табылады.


13 кесте - Өндірістік мақсаттағы тауарлар нарығында жарнама әдістерінің үлесі мен тиімділіктері* /34/.

Жарнама әдістері

Үлесі %

Тиімділігі %

1

2

3


Теледидар жарнамасы

6

4

Демеушілік

4

7

Радио жарнама

4

4

Видео жарнама

5

9

Баспа жарнамасы

11

10

Жарнамалық ескерткіштер

4

7

Сырт жарнамасы

3

6



Директ-мэйл

21

15

Интернет-жарнама

8

12

Жәрмеңке-көрмелер

28

17

*Ескертпе – « ЖАСИ » ЖШС – ның мәліметтері негізінде есептелді
Осыдан келе « ЖАСИ » ЖШС-ның қаржы жағдайына сәйкес келетін жарнама әдістерін кеңінен пайдалануы қажет.

Біздің ойымызша, « ЖАСИ » ЖШС-і өнімнің материал сыйымдылығын төмендету үшін материал шығындарын нақты жоспарлау және осы жоспардың орындалуын қатаң бақылауға алу қажет. Бірақ ең маңыздысы – пайдаланылатын құрал - жабдықтар, технологиялар деңгейінде өнім сапасын сақтау. Осы шаралар арқылы ЖШС өзінің өндірістік қызметін тиімділігін арттыру мүмкіндіктеріне ие болады.




Қорытынды
Дипломдық жұмысты жазу нәтижесі төмендегідей тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:

Әлемдік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар мәселелерге тап болып отыр. Негiзгi мәселелерге мыналарды жатқызуға болады: өндірістің бiржақты, шикiзаттық бағыты, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және аймақ аралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар, өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканың ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық деңгейге өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi. Осы орайда нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі үшін өндіріс тиімділігін арттыруөте маңызды. Себебі әрбір кәсіпорын өз қызметінің, еңбек өніміділігінің жоғары болғанын қалайды. Сондықтан да әрбір кәсіпорын нарықтық позицияға сай өзінің тиімділігін арттыруға тырысады.

Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін жоғарылату өте күрделі процесс болып саналады. Дипломдық жұмысты жазу барысында мысалға алынған «ЖАСИ» ЖШС қызметін талдау барысында оның қызмет ету тиімділігін жетілдіру жолдары ұсынылды.

Өндірістің экономикалық тиімділігі кәсіпорынның тұрақты экономикалық өсуі және дамуы, өндірістік өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты. Өндіріс аясында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі болғанда ғана емес, қызмет масштабы өзгермеген кезде де, өсу өз кезегінде дамуға кедергі келтірмейді.

Тауар өндірушінің негізгі мақсаты - әлемдік сапа деңгейіндегі жоғары бәсеке қабілетті өнім өндіретін жоғары пайдалы кәсіпорын ұйымдастыру (жұмысшылардың жеке ынталарын пайдалана отырып).

Өнеркәсіптік өндірісінің тиімділігі – кәсіпорынның қысқа, орта, ұзақ мерзімдердің нәтижелеріне бағытталған кәсіпорын әзірлеген стратегиясына тәуелді (кәсіпорын потенциалының ең жақы пайдаланылып және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін) экономикалық категория болып табылады.

Өндіріс тиімділігін арттыру үрдісінде негізгі стратегиялық қағидаларды ескерген жөн:


  • Шығармашылық көзқарас – кәсіпорын болашағын көре білу;

  • Инновация – техника мен технологияны жаңарту; өндірістік ұйымдастыру және нарық саясатын жаңарту;

  • Икемділік және бейімделгіштік – нарық талаптарына сәйкес үнемі өзгерістер енгізіп отыру;

  • Кәсіпорын қызыметінің үнемі есебін және бағалауын жүргізіп отыру;

  • Кәсіпорын дамуының әлсіз және күшті жақтарын өзіндік бағалау;

  • Кәсіпорын стратегиясын жүзеге асыру;

  • Ресурстық мүмкіншіліктерге сәйкес болу;

  • Персоналды ынталандыру.

Өндіріс тиімділігін арттырудың жалпы стратегиясы жоқ, әр кәсіпорын өзінің даму стратегиясын жекелей, нарықтағы орыны, оның потенциалы, ұйымдастырылуы, бәсекелестері, өндірілетін өнім ерекшеліктері және басқа да факторларға тәуелді әзерлейді. Бірақ стратегия әзірлеудің негізін салушы нормалар және нақты модельдері бар. Нарық жағдайында әр кәсіпорын балама стратегияны әзірлеуге мүмкіндігі бар:

- жаңа өнім өндіру немесе өндіріліп жатқан өнім сапасын арттыру;

- нарықты дамыту;

- менеджментті жетілдіру;

- әртараптандыру.

Өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру әр факторды жеке-жеке есепке алуды ғана емес, сонымен қатар оларды тиімді үйлестіру, өзара толықтыру әдістерін табуды талап етеді. Ең жаңа техника нашар ұйымдастырылған өндірісте күтілген нәтижені бермейді, ұйымдастыру үшін менеджмент деңгейі маңызды орын алады.

«ЖАСИ» ЖШС –тың қаржылық қызметі 2004 және 2005 мәліметтері бойынша талданды. Жалпы алғанда ЖШС –ның активтер құны артқан, (207648 мың тг.), яғни кәсіпорын өзінің пайдаланбай тұрған қуаттарын және жаңа қуаттарды іске қосты. Өнім көлемі құндық өлшеммен бергендіктен оның қандай факторлар есебінен артқандығын анықтадық: 53237 мың тг.- бағалардың артуынан; 92547 мың тг.- нақты өндіріс көлемінің артуынан болды.

«ЖАСИ» ЖШС екі жылды да зиянмен аяқтаған. Негізгі проблемалардың бірі өнімді өткізуден түскен табыс үлесінде шығындар үлесінің жоғары болуы. Осы кезде ЖШС – ның өндірісінің тиімділігін арттыру үшін қысқа мерзімінде және ұзақ уақыт мерзімінде бірнеше шаралар ұсынуға болады: өнімді өндіруге шығындалатын шығындарды төмендету , бұл ұзақ уақытты талап етеді (жалпы кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарында көзделуде, бірақ жаңа техника ірі ақша қаражаттарын талап етеді); қысқа уақыт мерзімінде жарнама құралдарын икемді пайдалану арқылы тұтынушыларды тарту; кәсіпорын өз қызметін қарыз капиталы арқылы жүзеге асыруда, сондықтан сатылу көлемінің артуы айналыс қаржыларының артуына әкелді.



Қазіргі уақытта «ЖАСИ» ЖШС – ның басшылары осы мәселеге баса назар аударуы қажет деген тұжырым жасаймыз.


Пайдаланылған әдебиет көздері


  1. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. – Егемен Қазақстан – 2006жыл, 2-наурыз

  2. Н.Назарбаев. Инвестициялық тартымдылық – бәсекеге қабілеттілік қасиеті . //Егемен Қазақстан 2006 ж. - 9 маусым

  3. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 ж. 17 мамырдағы N 1096 Жарлығы. Астана,2004. Источник: справочная правовая система ЮРИСТ.

  4. Стратегия индустриально-иновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015г. Астана2003г. Постоновление Правительства РК от 5 февраля 2004 года №137

  5. Назарбаев Н.А. конкурентспособному Казахстану, конкурентспособной экономике, конкурентспсобной нации! Послание Президента народу Казахстан// Казахстанская правда,2004г. 19 марта

  6. Кенжегузин М.Б.«Экономика Казахстана на пути преобразований» Алматы-2001г.

  7. Горемыкин В.А., Богомолов О.В. «Экономическая стратегия предприятия».Москва: «Филинъ»-2001г.

  8. Кунельский Л.Э. «Как ускорить рост эффективности»Москва:1998г.

  9. Тимохин М.Н, «Экономика организация промышленного производства» Москва: «Мысль»-1987г.

  10. Уолл Н., Маркузе Я., Лайн Д. «Экономика и бизнес А-Я». Москва: «Файр-пресс»-1999г.

  11. Словарь банковских и финансово- экономических терминов./Под ред. Мамырова Н.К. Алматы:»Экономика»-1999г.

  12. Маркс К., Энгельс Ф. Соч. 2-е издание, Т.24

  13. Андрейчиков А.В., Андрейчикова А.В. «Анализ, синтез, планирование решений в экономике» Москва: «ФиС»-2001г.

  14. Модульная программа для менеджеров . Кременов Г.Р. «Управление производительностью качеством» №5.Москва: «Инфра- М»-1999г.

  15. Жак Лиувиль «Стратегия предприятия и рентабельность» Москва: 1993г.

  16. Лисицина Н.А. «Экономика, организация и планирование промышленного производства». Минск: «Высшейшая школа»-1999г.

  17. Приказ Министра финансов РК от 2 апреля 2003 года №135 «Правила определения оснавных показателей эффективности деятильности не государственных юридических лиц с участием государство в уставном капитале» // Офицальная газета №51 (156)

  18. Разъяснение по применению типового плана счетов бухгалтерского учета / Библиотека бухгалтера и предприятия, 2003г.7№5-6 (154-155) май-июнь.

  19. Прыкина Л.В «Экономический анализ предприятия» Москва:«Юнити»-2001г.

  20. Дюсембаев К.Ш. «Анализ финансового состояние предприятия» Алматы: «Экономика» -1998г.

  21. Савицкая Г.В. «Методика комплексного анализа хозяиственной деятельности предприятия» Москва:«ИНФРА-М»-2001г.






жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау