Өзге бейметалл минералды өнім өндірісінің проблемалары:
Ірі объектілердің құрылысының аяқталуымен құрылыс материалдары өндірісін азайту болжанады.
«Георгиевский» кенішінен құмды-қиыршық тасты қоспаны өндіру және жеткізуге қарамастан, облыс қиыршық тасты, ұсақталған тасты, сондай-ақ портландцементті, қож цементін импорттайды. Ресейдің осы импорты қазақстандық өндірушілердің құрылыс материалдарының бәсекеге қабілеттілігіне елеулі әсер етеді. ҚР Статистика комитетінің деректеріне сәйкес 2014 жылы жұмыс тас, қиыршық тас, ұсақталған тас импортының көлемі 22,6 мың тоннаны құрды.
Агроөнеркәсіп кешенінің проблемалары:
өндірістік сипаттағы проблемалар: шикізаттың жетіспеушілігі, сапасының төмендігі мен қымбатшылығы, моральді және физикалық жағынан ескірген жабдықтар үлесінің жоғарылығы, өндірісте ескірген жабдықтадың пайдалануы бәсекеге қабілетті айын өнімдерді шығаруға мүмкіндік бермейді;
нарықтағы арзан және сапасы төмен импортың орын алуы өнімді өткізуге қатысты проблемаларға әкеп тірейді;
өсімдік шаруашылығы – заманауи агротехнологияларды ендірудің әлсіздігі, қолжетімді бағалар бойынша жоғары репродукциялы тұқымдармен жеткіліксіз түрде қамсыздандырылуы;
ауыл шаруашылық құрылым парктерінің техникалық тұрғыдан тозуы;
мал шаруашылығында – орташа және ірі өндірістерді дамытудың жетіспеушілігі, селекциялық-асыл тұқымды ірі аумақты жұмыстардың өткізілуін шектеу, қолда бар жайылымдарды мақсатсыз пайдалану, мал шаруашылығы үрдістерін механизациялаудың төменгі деңгейі;
өндірістік қуаттылық құрылғыларын қайта өңдеу және жүктелудің төменгі деңгейі;
ауыл шаруашылығындағы еңбекақының төменгі деңгейі, оның ішінде жас кадрлар еңбекақысы; аграрлық кадрларды даярлау бойынша гранттың жеткіліксіз бөлінуі (агрономдар, технологтар, ветеринарлық мамандар және т.б.), олардың жұмысқа орналасуы және шешілмеген әлеуметтік сұрақтардың бір қатары;
ауыл шаруашылығында өз мүмкіндіктерінде шектеулі кішігірім тауарды өндірушінің көп саны, осының салдарынан өндірістің төмендігі, сапалы өнімді өндіру үшін шикізат сапасының төмендігі;
ет, сүт және олардың қайта өңделу өнімдерін жеткізуші шетел елдерімен мөлшерлемелік емес реттеудің болуы азық-түлік өнімдерін импорттау жоғары үлесінің нәтижесі;
заманауи техникасы бар, азық-түлік өнімдерін шығару технологиясын меңгерген кәсіпорындардың төменгі үлесі;
азық-түлік өнеркәсіпте білікті технологтар кадрларының жетіспеушілігі, азық-түлік тауарлары мен қызметтерін өндіру саласында жеке бизнесті дамыту үшін әкімшілік шектеулердің болуы.
Шағын және орта бизнестің проблемалары:
Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға екінші деңгейлі банктердің кредиттік қаражаттарына қол жетімділік төмен, себебі ауылдық жердегі мүліктің кепілдігңне банк несие бермейді.
Ауылдық жердегі тұырғындарға несие берудегі тепе-теңсіздікті және тосқауылдарды жою мақсатында ауылдағы ШОК субъектілерін қаржылық қолдау қажет және оператор ретінде «Қазпошта» АҚ-ның қызметін күшейту керек.
ШОК қсымша тосқауыл ретінде инженерлік коммуникацияға жақын оналасқан жер телімдерінің тапшылығы, инженерлік желілерді орналастырудың қымбатшылығы, келісім және рұқсат беретін құжаттарды рәсімдеудің ұзақтығы (СЭС, экология, ТЖ және т.б. жобаларды келісу), шығарылатын өнімге сертификат алуға сәйкес зертханалардың жоқтығы, жаңадан іске қосылған объектілерге салықтық жеңілдіктердің жоқтығы және т.б.
Өңірдің еңбек нарығы компаниялардың білікті техникалық мамандарға (инженерлер, геологтар, механиктер және т.б.) деген мұқтаждылығын толықтай қанағаттандыра алмауы мүмкін. Жалпы, персоналды іріктеу және жалдау мәселесінде Ақтөбе облысының кәсіпкерлері келесідей қиындықтарға тап болады:
Білікті мамандардың жетіспеушілігі (48,1%);
Теория және практика арасындағы сәйкессіздік: жұмыс іздеушілерде қолданбалы білімнің жоқтығы (33%);
Жалақыға қойылатын жоғары талаптар (25%).
Өңір кәсіпорындарында жер телімдері және өндірістік ғимараттарды сатып алу және/немесе жалға алу кезінде белгілі бір қиындықтар туындайды.
Бюрократия фактілері және құжаттарды қарастыру мерзімінің ұзақтылығы барлық мемлекеттік органдармен жұмыс жасау кезінде байқалады: осылайша, әрбір бесінші кәсіпкер мемлекеттік органдармен жұмыс жасау барысында жоғарыда айтылған жағымсыз жайттармен кездескендігін растады. Жемқорлықтың таралуы және тексерістердің көп болу жағынан СЭС көш бастап тұр: сауалнамаға жауап берген әрбір сегізінші кәсіпкер қызметкерлермен әрекеттесу және тексеріс барысында жемқорлық және заңсыз төлемдерге талай кезіккенін растады.
Өңіраралық ынтымақтастықтағы проблемалары:
Өңіраралық ынтымақтастықтың төмен деңгейі ынтымақтастықтың мүмкін болатын артықшылықтарын шектейтін және шаруашылық субъектілер арасында өңіраралық байланысты орнатудағы шығындарды арттыратын төрт негізгі факторлардың жиынтығымен белгіленеді:
елдің негізгі экономикалық орталықтарының арасындағы маңызды қашықтық, ол көлік инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуымен байланысып, өңіраралық тасымалдаудың жоғары көлік шығындарын негіздейді;
көптеген облысаралық шекаралар бойынша тауар алмасудың әлеуетін сын көзімен қысқартатын, іргелес өңірлердің көбінде экономикалық жағдайлар мен экономикалық мамандану құрылымы нашар сараланады;
жергілікті компанияларға (ең алдымен шағын және орта бизнес субъектілеріне) бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елдің басқа өңірлерінде нарықтарға шығу үшін өндіріс ауқымының тиімділігін пайдалануға мүмкіндік бермейтін, астаналық агломерациялардың шегінен тыс өңірлік нарықтардың шектеулі көлемі;
Қазақстандық экономиканың көптеген салаларының басты серіктес-елдермен (Қытай, ЕО елдері, Ресей мен Беларусь) төмен бәсекеге қабілеттілігі, ол тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың басты сегменттерінде импорттың басымдығын негіздейді және қазақстандық компанияларға ішкі нарықтың бар әлеуетін пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Инновациялар және инвестициялар проблемалары:
- Өңір үшін негізгі проблемалардың бірі жоғары энергия сыйымдылығы қалып отыр;
- ШОБ өкілдерінің салалық қимада инвестицияларды тарту бойынша шешім қабылдау үдерістеріне нашар тартылуы;
- Инвестициялардың негізгі реципиенттері бизнес болып табылады, ал инновациялық кәсіпкерлік, әдетте, шағын көлемдерімен ерекшеленеді;
- Ақтөбе облысы кәсіпорындарының негізгі қорларын және өндірістік қуаттарын тиімді пайдалануды көтеру проблемасы;
- инновациялық жобаларды іске асыру саласында ЖОО-лар мен облыстың ірі кәсіпорындарының салалық өзара әрекеттесуі жоқ;
- ірі кәсіпорындар мен инновациялық жобаларды әзірлеушілердің өзара әрекеттесуінің механизмі жолға қойылмаған;
- облыстың ірі кәсіпорындарының инновациялық жобаларды енгізуге тікелей мүдделілігі жоқ;
- инновацияларды енгізу мен дамыту саласында ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың төмен белсенділігі мен өңір инновацияларын қаржыландырудың жеткіліксіздігі;
- қажетті кадрларды даярлау және олармен қамтамасыз ету мәселесінде, оның ішінде жаңа техникалық мамандықтар бойынша, сондай-ақ іске асырылып жатқан инновациялық жобалар үшін ЖОО-лардың ірі кәсіпорындармен өзара әрекеттесуін толық қамтамасыз ету қажет;
- Ақтөбе облысында қолданыстағы инновациялық жүйе элементтері (технологиялық парк, ӘКК, даму институттары, инноваторлар және басқалар) шашыраңқы әрекет етеді, индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элеменеттері арасында өзара байланыс жоқ.
Сыртқы сауда проблемалары:
- Ақтөбе облысының сыртқы саудасында басқа елдермен және ЕЭО елдерімен экспорттың төмендеуі байқалады;
- ЕЭО елдерімен импортталған тауарлық топтар көбейіп келеді;
- ел экспортының жалпы көлемінде Ақтөбе облысы экспортының үлесі төмендеп келеді (2011ж.-10,4%, 2014ж. – 6,7%);
- экспорт үлесінің төмендеуі негізгі экспортталатын тауарларға (мыс кені мен концентраттарына, хром тұздарына, мырыш кені мен концентраттарына, хром тұздарына және өзгелерге) Еуропа елдерінде сұраныстың төмендеуімен және рубль бағамының төмендеуі үшін Ресейге жеткізулердің азаюымен туындады;
- дүниежүзілік нарықтардың тұрақсыздығы мен металға, жеке алған ферроқорытпаларға, мыс кені мен концентраттарына бағаның ауытқуы металлургия өнеркәсібі экспортының дамуына негативті әсер етеді.
Аумақтық-кеңістіктік дамыту проблемалары:
Ақтөбе қаласы экономикалық даму үшін едәуір потенциалымен сипатталады, алайда тұрғын үй, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымының төменгі деңгейі мен сапасы байқалады. Бұл факторлар, сонымен қатар қаладағы экологиялық проблемалар агломерация дамуын тежеуші факторлар болып табылады.
Ақтөбе облысы үшін аудандар мен қалалардың даму деңгейі бойынша маңызды айырмашылықтар тән. Осылайша, заңды тұлғалардың шоғырлану коэффициенті облыс кәсіпорындарының бір жерде шоғырлануын бейнелейді. Ақтөбе қаласы шоғырланудың негізгі нүктесі болып табылады, онда облыс заңды тұлғаларының 76,7%-дан астам саны тіркелген. Жаңа өндірістік потенциал мен еңбек ресурстарының едәуір бөлігі Ақтөбе қала агломерацияда шоғырланады. Бұл өңір дамуының әртараптануына және Ақтөбе қала агломерация шегінен адам және өндірістік потенциалды пайдаланудың төменгі деңгейіне әкеледі.
Бұл аудандар тұрғындарының жоғары емес өмір деңгейі нысанында «тірек шеңберін» және инфрақұрылымына инвестициялардың жетіспеушілігін қалыптастырады, яғни іскерлік белсенділік төмендейді және облыс аудандарынан тұрғындардың көшуі орын алады.
Ақтөбе облысында 372 ауылдық елді мекен бар (бұдан әрі - АЕМ) – 12 ауданда және Ақтөбе қ. қала шетіндегі аймақта. Ауылдық жерлерден халықтың көшуі артып келеді және облыс халқының шоғырлануы тығыздылығы бойынша әртараптану өсуде (оңтүстік пен батыс – төменгі тығыздылық, солтүстік – жоғары тығыздылық).
2014 жылы Ақтөбе облысының мәслихаты 2018 жылға дейін барлық ТАЕМ Кешенді даму жоспарын бекітті (әрі қарай - КДЖ). КДЖ талдауы даму жолында облыстық ТАЕМ кездесетін жалпы өзекті мәселелер туралы бірнеше байқау жасауға мүмкіндік береді:
ауылдардың генералды жоспарлары жоқ, бұл ауылдық аумақтардың ретсіз салынуына және инженерлік коммуникациялардың жоқтығына әкеп соғады (кәріз, су құбыры және т.б.).
ауыл ішіндегі жолдар апаттық жағдайда. Көп жағдайда асфальттық жабынды мен жаяужол жоқтың қасы. Бұл өз алдына ауылдық елді мекендердің көз тартарлық қабілетін едәуір төмендетеді және олардың транзиттік потенциалын азайтады.
мемлекеттік мекемелердің көбісі толық жөндеу мен реконструкциялауды қажет етеді. Инженерлік желілер тозуының жоғары дәрежесі, сонымен қатар әлеуметтік маңызды мекемелердің қанағаттанарлықсыз жағдайы белгіленеді. Бұл өз кезегінде көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын төмендетеді.
БАҒЫТЫ: Әлеуметтік сала
Демографиялық әлеует
Ақтөбе облысы халқының саны 2015 ж. басында 2012 жылдан 4,6%-ға ұлғайып, 822,5 мың адамды құрады. Қала халқының үлесі – 62,1%, ауыл халқы - 37,9%. 2012-2014 жж. аралығындағы кезеңде ауылдық тұрғындардың саны 10,6 мың адамға, қаланікі 25,6 мың адамға көбейді. Өңірде қалалану деңгейінің арту үрдісі байқалады (24-кесте).
4кесте – Облыс аудандары бойынша халық санының динамикасы
кезең басында, мың адам
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
Ақтөбе облысы
|
763,6
|
777,5
|
786,3
|
795,8
|
808,9
|
822,5
|
Ақтөбе қ.
|
395,5
|
408,8
|
415,8
|
420,6
|
428,0
|
439,3
|
Әйтекеби ауданы
|
25,8
|
25,6
|
25,5
|
25,7
|
26,0
|
26,2
|
Алға ауданы
|
39,1
|
39,0
|
38,9
|
39,0
|
39,7
|
40,3
|
Байғанин ауданы
|
22,2
|
22,4
|
22,6
|
22,8
|
23,0
|
22,9
|
Ырғыз ауданы
|
14,6
|
14,8
|
14,9
|
15,1
|
15,2
|
15,2
|
Қарғалы ауданы
|
16,7
|
16,7
|
16,6
|
16,7
|
17,0
|
17,1
|
Қобды ауданы
|
19,5
|
19,4
|
19,3
|
19,5
|
19,6
|
19,4
|
Мартөк ауданы
|
29,8
|
29,4
|
29,6
|
29,6
|
31,1
|
30,9
|
Мұғалжар ауданы
|
62,5
|
62,8
|
63,3
|
64,6
|
65,6
|
66,6
|
Темір ауданы
|
34,8
|
35,2
|
35,7
|
36,6
|
37,1
|
37,5
|
Ойыл ауданы
|
18,6
|
18,6
|
18,7
|
18,9
|
19,0
|
19,0
|
Хромтау ауданы
|
40,0
|
40,2
|
40,6
|
41,3
|
41,7
|
41,7
|
Шалқар ауданы
|
44,6
|
44,7
|
44,9
|
45,5
|
46,0
|
46,5
|
Мәлімет көзі: Ақтөбе облысы Статистика департаментінің сайты
Облыста халықтың тығыздығы (2014 ж. деректер) 1 шаршы метрге 2,69 адамды құрайды, Ақтөбе қ. -1 шаршы метрге 186,1 адам, мұнда облыс халқының жартысы тұрады (53,45%) (25-кесте).
25-кесте – Халықтың тығыздығы, жыл басына
|
Аумақ,
мың шаршы км.
|
Халықтың тығыздығы, 1 шаршы км. шаққандағы адам
|
2012
|
2013
|
2014
|
Ақтөбе облысы
|
300,6
|
2,62
|
2,65
|
2,69
|
Ақтөбе қ.
|
2,3
|
180,78
|
182,86
|
186,10
|
Әйтекеби ауданы
|
35,9
|
0,71
|
0,72
|
0,72
|
Алға ауданы
|
7,5
|
5,18
|
5,19
|
5,29
|
Байғанин ауданы
|
61,0
|
0,37
|
0,37
|
0,38
|
Ырғыз ауданы
|
41,5
|
0,36
|
0,36
|
0,37
|
Қарғалы ауданы
|
5,0
|
3,31
|
3,35
|
3,39
|
Қобды ауданы
|
14,0
|
1,38
|
1,39
|
1,40
|
Мартөк ауданы
|
6,6
|
4,48
|
4,49
|
4,71
|
Мұғалжар ауданы
|
27,9
|
2,27
|
2,31
|
2,35
|
Темір ауданы
|
12,6
|
2,84
|
2,90
|
2,95
|
Ойыл ауданы
|
11,5
|
1,62
|
1,64
|
1,65
|
Хромтау ауданы
|
12,9
|
3,15
|
3,20
|
3,23
|
Шалқар ауданы
|
61,9
|
0,73
|
0,74
|
0,74
|
Мәлімет көзі: Статистикалық жинақ. 2013 жылы Ақтөбе облысының аудандары
2014 ж. басында облыс халқының 26,5% еңбекке қабілетті жастан жас тұлғалар құрады, 64,4% - еңбекке қабілетті жаста және 9,1% - еңбекке қабілетті жастан үлкен. Облыс халқының жас ерекшелігі құрылымында ең көп үлесті 20-24 жастағы (10%) және 25-29 жастағы (9,9%) топ құрайды (26-кесте).
Ақтөбе облысының ауылдық жерінде халықтың көші-қоны жоғары қалып отыр, қозғалыстың негізгі массасы ауылдық жерден қалаға келуде. Облыста жасырын жұмыссыздық байқалады.
26-кесте – Демографиялық көрсеткіштер
|
2012
|
2013
|
2014
|
Халық саны (жыл соңында), мың адам
|
795,8
|
808,9
|
822,5
|
Еңбекке қабілетті жастан жас, мың адам
|
206,4
|
214,1
|
-
|
Еңбекке қабілетті жаста, мың адам
|
518,9
|
521,3
|
-
|
Еңбекке қабілетті жастан үлкен, мың адам
|
70,5
|
73,5
|
-
|
Келді, адам
|
8 365
|
14 627
|
19304
|
Кетті, адам
|
11 130
|
14 702
|
19796
|
Көші-қон сальдосы
|
-2 765
|
-75
|
-492
|
Мәлімет көзі: Ақтөбе облысы Статистика департаментінің сайты
Ішкі көші-қонның әлеуметтік тәуекелдерін азайту мақсатында мемлекет тарапынан көші-қон ағындарын тиімді реттеу қажет. Ішкі көшіп қонушылардың жаңа тұру орындарында бейімделуіне жәрдемдесетін шараларды әзірлеу мәселесі өзекті болып отыр. Қалаларда көшіп қонушылардың әлеуметтенуінің маңызды индикаторларының бірі олардың кәсіби салада табыстылығы болып табылады. Яғни, ауылдық көшіп қонушылардың қалаларда бейімделу процесінде көшіп қонушылардың еңбек нарығында бейімделуі, олардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес келетін еңбек еністерін иеленуі мәнге ие.
Еңбек ресурстарын тиімді бөлу, өңірлік еңбек нарығында ауытқуларды жою мақсатында өңірлерді дамытудың стратегиялық міндеттерін ескере отырып көші-қон процестерін мемлекеттік реттеу қажет. Көші-қон саясатымен бірге өңірлік саясатты тиімді жүзеге асыру қажет, өйткені елде көші-қон процестерінің қалыпты таралуына өңірлік дамуда ерекшеліктерді жоюға, халықтың өмір сүру деңгейін реттеуге жәрдемдеседі.
Облыс үшін агломерациялық әсер салдары экономикалық даму арқылы көші-қон жағдайын жақсарту және басқа өңірлерден халықтың келуі болып табылады. Облыс халқын қоныстандыру жүйесін тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоныстандыру жүйесінің тірек орталықтарын дамыту арқылы (тірек ауылдық елді мекендер, моноқаланы, кіші қалаларды дамыту) оңтайландыру.
Облыстың демографиялық дамуын жақсартудың басты артықшылығы қазіргі уақытта облыс халқының негізгі бөлігін бала туу жастағы тұлғалар құрайтынымен байланысты. Туылудың демографиялық көрсеткіштерінің артуы көп балалы отбасылар дәстүрінің жаңғыру салдары болып табылады.
Білім беру
Бүгінгі күні облыста контингенті 43796 бала 530 мектепке дейінгі мекеме (2014 ж. – 522 МБ, балалар - 42682, 2013 ж. – 516 МБ, балалар -40377), соның ішінде 262 балалар бақшасы (2014 ж. – 254 б/б, балалар – 32344, 2013 ж. – 245 б/б, балалар - 30482) және 268 шағын орталықтар (2014 ж. – 268 б/б, балалар – 10338, 2013 ж. – 271 б/б, балалар – 9895) қызмет етеді (27-кесте).
27-кесте – Ақтөбе облысындағы мектепке дейінгі білім беру
Аудандар
|
жалпы облыс бойынша
|
соның ішінде
|
МБ және МШО саны
|
олардың ішінде балалар
|
1-6 жастағы балалардың МБ қамтылу %
|
қалалық жер
|
ауылдық жер
|
МБ саны
|
олардың ішінде балалар
|
1-6 жастағы балалардың МБ қамтылу %
|
МБ саны
|
олардың ішінде балалар
|
1-6 жастағы балалардың МБ қамтылу %
|
Алға
|
32
|
2464
|
78,1
|
7
|
1245
|
79,7
|
25
|
1219
|
76,6
|
Әйтеке би
|
42
|
1547
|
81,1
|
0
|
0
|
0
|
42
|
1547
|
81,1
|
Байғанин
|
30
|
1913
|
90,8
|
0
|
0
|
0
|
30
|
1913
|
90,8
|
Ырғыз
|
29
|
1100
|
92,2
|
0
|
0
|
0
|
29
|
1100
|
92,2
|
Қарғалы
|
19
|
877
|
82,0
|
0
|
0
|
0
|
19
|
877
|
82,0
|
Қобда
|
40
|
1180
|
99,0
|
0
|
0
|
0
|
40
|
1180
|
99,0
|
Мартөк
|
38
|
1692
|
96,6
|
0
|
0
|
0
|
38
|
1692
|
96,6
|
Мұғалжар
|
53
|
3687
|
87,1
|
18
|
2597
|
87,8
|
35
|
1090
|
85,7
|
Темір
|
41
|
2654
|
94,2
|
3
|
170
|
87,2
|
38
|
2484
|
94,7
|
Ойыл
|
26
|
1652
|
95,4
|
0
|
0
|
0
|
26
|
1652
|
95,4
|
Хромтау
|
28
|
2224
|
76,2
|
8
|
1511
|
87,1
|
20
|
713
|
60,0
|
Шалқар
|
55
|
2777
|
75,1
|
18
|
1620
|
76,4
|
37
|
1157
|
73,5
|
Ақтөбе қ.
|
96
|
19898
|
50,4
|
82
|
18234
|
51,3
|
14
|
1664
|
42,2
|
Обл.ш\с
|
1
|
67
|
100,0
|
1
|
67
|
100,0
|
0
|
0
|
0,0
|
Алға б/ү
|
0
|
5
|
100,0
|
0
|
5
|
100,0
|
0
|
0
|
0,0
|
ОблПМПК
|
0
|
23
|
100,0
|
0
|
23
|
100,0
|
0
|
0
|
0,0
|
ҚалПМПК
|
0
|
36
|
100,0
|
0
|
36
|
100,0
|
0
|
0
|
0,0
|
Облыс
|
530
|
43796
|
64,9
|
137
|
25508
|
57,6
|
393
|
18288
|
78,9
|
2013-2014 оқу жылы
|
522
|
42682
|
63,4
|
131
|
24408
|
55,2
|
391
|
18274
|
78,9
|
Динамика
|
8
|
1114
|
1,5
|
6
|
1100
|
2,4
|
2
|
14
|
0
|
Мәлімет көзі: Ақтөбе облысы Білім беру басқармасы (1 шілде)
2014 жылдың нәтижелері бойынша облыс балаларды мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамту бойынша республикада 5-орынға ие (2012 жылы - 6-орын).
Бұрынғысынша өзекті проблемалардың бірі мектепке дейінгі ұйымдарға кезектілік болып қалып отыр. Қазіргі сәтте мектепке дейінгі ұйымдардың кезектілігі 36 722 баланы құрайды, оның ішінде Ақтөбе қаласында - 29 000 бала (жалпы кезектіліктен 79%) (28-кесте).
28-кесте – Мектепке дейінгі ұйымдардағы кезектілік (орын тапшылығы)
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015
|
Алға
|
277
|
460
|
1167
|
Әйтеке би
|
476
|
420
|
645
|
Байғанин
|
250
|
0
|
270
|
Ырғыз
|
73
|
105
|
187
|
Қарғалы
|
120
|
118
|
144
|
Қобда
|
0
|
0
|
0
|
Мартөк
|
233
|
695
|
750
|
Мұғалжар
|
1821
|
1328
|
869
|
Темір
|
200
|
800
|
1420
|
Ойыл
|
201
|
479
|
328
|
Хромтау
|
281
|
1003
|
1000
|
Шалқар
|
400
|
372
|
942
|
Ақтөбе қ.
|
26700
|
28420
|
29000
|
Барлығы
|
31032
|
34200
|
36722
|
Мәлімет көзі: Ақтөбе облысы Білім беру басқармасы (1 шілде)
Балаларды орындармен қамтамасыз ету бойынша (100 орынға) Ақтөбе облысының тұрақты мектепке дейінгі ұйымдарында 2013 жылға 117,6 бала келеді, бұл мектепке дейінгі мекемелерде орындардың жеткіліксіздігін көрсетеді. Ақтөбе облысы балаларды тұрақты мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету бойынша ҚР аудандарының арасында 14-орынды алады.
Осы проблеманы шешу үшін білім беру басқармасы Ақтөбе қаласы әкімдігімен бірге қажетті шаралар қабылдауда.
Мектепке дейінгі білім беруді дамыту және оның сапасын көтеру кадр саясатына тікелей тәуелді.
Бүгінгі күні мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 3292 падагог қызметкер жұмыс істейді, бұл қарастырылатын кезеңдегі өсу туралы куәландырады (2014 ж. – 3245 педагог, 2013 ж. – 3065 педагог) (29-кесте).
29-кесте – Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының білім деңгейі
Жылдар
|
2012 ж
|
2013 ж
|
2014 ж
|
2015 ж
|
Барлығы педагог
|
2931
|
3065
|
3245
|
3292
|
Санатпен (жоғары, бірінші, екінші)
|
49,1%
|
54,3
|
52,0
|
52,1
|
Санатсыз
|
50,8%
|
45,7
|
47,9
|
47,9
|
Арнайы мектепге дейінгі білімімен
|
37,5%
|
42,4
|
49,1
|
49,1
|
Мәлімет көзі: Ақтөбе облысы Білім беру басқармасы (1 шілде)
Кадрлық қамтамасыз етудегі маңызды көрсеткіш мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының кадрлық құрамының жас ерекшелігі құрылымы. 2014 жылғы 1 қаңтардағы ақпарат бойынша балабақшаларда 88,7 % 20-дан 50-ге дейінгі жастағы педагог кадрлар жұмыс істейді, сонымен бірге зейнеткерлік жастағы мамандар 0,4 %-ы құрайды.
Педагог кадрлармен қамтамасыз ету жұмысында біраз оң өгерістермен қатар проблемалар да бар.
Ырғыз (34,7%), Ойыл (31,9 %), Хромтау (39,5%) аудандарының балабақшаларында арнайы кәсіптік (мектепке дейінгі) білімі бар педагогтардың сапалық құрамы төмен.
Біліктілік санаты жоқ тәрбиешілердің ең көбі Әйтекеби ауданы (78,0%), Қарғалы ауданы (59,8%), Мартөк ауданы (57,3%), Хромтау ауданы (57,2%), Мұғалжар ауданы (55,6%), Қобда ауданы (52,5%) балабақшаларында жұмыс істейді.
Мектепге дейінгі білім берудегі өзекті проблемалардың бірі шағын орталықтарды педагог кадрлармен қамтамасыз ету проблемасы болып қала береді. Мысалы, шағын орталықтарда жұмыс істейтін 472 педагогтың тек 136 тәрбиешісінің кәсіби (мектепге дейінгі) білімі бар, бұл 28,8%-ы құрайды. Байғаны ауданының шағын орталықтарында мектепке дейінгі білімі бар бір де бір педагог жоқ.
Шағын орталықтардың 472 тәрбиешісінің ішінде педагогтардың бар-жоғы 28,8%-ның біліктілік санаты бар.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білікті кадрларға өткір мұқтаждық болғанына қарамастан, білім бөлімдері кадрлар қажеттілігіне өтінімдер бермейді. Мысалы, аудандық (қалалық) білім бөлімдері берген өтінімдер бойынша 2014 жылы МДҰ-да кадрларға мұқтаждық 16 педагогты ғана құрайды.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білікті кадрлар тапшылығы, ең алдымен, балабақшалар мен шағын орталықтар желісінің артуына байланысты.
Орта білім беру (2014 жыл)
Ақтөбе облысында қазіргі уақытта 119383 оқушы контингентімен 425 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп бар, олардың ішінде қалалық жерде – 88, ауылдық жерде - 337, кешкі мектептерде – 3 бірлік– 293 оқушы, мемлекеттік емес мектептер – 6, 809 оқушымен, арнайы түзету ұйымдары – 4.
2014 жылы 2080 орындық 5 жалпы білім беру мектебі іске қосылды, олардың ішінде үш ауысымдық оқуды жеңілдеду үшін 1920 орындық 3 мектеп, апаттық жағдайдағы мектептердің орнына 160 орындық 2 мектеп.
2015 жылы мыналарды енгізу жоспарланып отыр:
РБ есебінен 2 білім беру инвестициялық объектінің құрылысы жүргізілуде (Ақтөбе қаласының Жаңақоныс ауданында 600 орындық ОМ және Байғаны ауданында 60 орындық интернатпен 300 орындық ОМ). Мектептің екеуін де ағымдағы жылдың қыркүйек айында іске қосу жоспарланып отыр.
РБ есебінен 6 білім беру объектісінің құрылысы жоспарлануда, олардың ішінде 650 орындық 3 мектеп (Мұғалжар ауданының Ембі қаласында 320 орындық №1 ОМ, Алға ауданы Бесқоспа ауылында 60 орындық Бесқоспа ОМ-ның құрылысы, Ақтөбе қаласының Өрлеу ауданында (Россовхоз) 270 орындық ОМ құрылысы).
ҰҚ-дан апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептердің санын қысқарту үшін 1 150,0 млн тг сомасына 4 жобаның құрылысы қарастырылды: (2120 орындық 3 ОМ және 320 орындық 1 БМБ) Кірпіш ауданында 320 орындық мектеп құрылысы, Нұр-Ақтөбе ауданында 1200 орындық ОМ құрылысы, Заречный-3 ауданында 600 орындық ОМ құрылысы және Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылы маңында 320 орындық балабақша құрылысы.
Осылай, 2015 жылы 1550 орындық 5 мектепті пайдалануға енгізіледі (620 орындық 2 мектеп авариялылық проблемасын, 60 орындық 1 мектеп ескілік проблемасын шешеді, 870 орындық 2 мектеп оқушы орындарының тапшылығына жол бермейді).
2013 жылы 2020 орындық 15 заманауи мектеп пайдалануға енгізілді, олардың 10-ы апаттық мектептердің орнына, 4-уі бейімделген және ескі мектептердің орнына және 1 мектеп 3 ауысымды мектептерді жою үшін.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыс бойынша апаттық мектептер үлесі 2014 жылдың соңында 0,9%-ға дейін төмендеді.
Пәндік кабинетермен жасақтандырылу 57,3%-ы құрайды. Облыстың барлық мектептері компьютерлендірілген және интернетке қосылған. Сонымен бірге 48 орта білім мекемесі (10%) «e-learning». Электрондық оқыту жүйесіне қосылған.
Мемлекет Басшысының маңызды тапсырмаларының бірі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, әсіресе мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету болып табылады. Облыста 5159 даму мүмкіндігі шектеулі бала бар.
Аталған санаттағы балалар үшін үнемі 2 ПМПК, Оңалту орталығы, жалпы білім беретін мектеп жанындағы 69 логопедтік пункт және 11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті тұрақты түзету қолдауын көрсетеді. Сонымен бірге 4 арнайы білім беру ұйымы, 2 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді.
Ақтөбе облысы бойынша оқушылар контингенті 119383 оқушыны құрайды, олардың 76,5% (91290) қазақ тілінде және 23,5% (28093) орыс тілінде білім алады; оның ішінде: қалалық жерде – 67841 (56,8%) және ауылдық жерде – 51542 (43,2%).
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартын игеру деңгейін растайтын, білім сапасының сөзсіз көрсеткіші оқушыларды тәуелсіз сыртқы бағалау болып табылады. Облыс бойынша орташа балл 2015 жылы 82,7 балды құрайды (2014 ж. – 84,0, 2013 ж. – 76,8), бұл республикалық көрсеткіштен 3,3 балға жоғары.
2014 жылы жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқу бағдарламаларын табысты меңгерген жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үлесі – 60,36%. Оның ішінде ұлдар арасында – 57,65%, қыздар арасында – 63,19%. 2013 жылы жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқу бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылар үлесі 59,0% құрады (2012ж. - 58,8%).
Облыс бойынша негізгі орта білім бітірушілерін (9-сынып) жұмыспен қамту - 10814 түлек, 10-сыныпқа өткендер – 6647 (61,5%), ТжКБ ұйымдарына түскендер – 4081 (37,7%), жұмысқа орналастырылды – 9 (0,08%), жұмысқа орналастырылмады – 10 (0,09%), оқытуға жатпайды – 39 (0,4%).
Соңғы үш жылда 11 сыныптың түлектерін жұмысқа орналастыру 30 кестеде көрсетілген.
30-кесте – 2012-2014 жылдары 11-сынып түлектерінің жұмысқа орналасуы
|
2012
|
2013
|
2014
|
Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын бітіріп шықты
|
7947
|
7132
|
6586
|
Бітірушілерді бөлу: %
|
|
|
|
ЖОО-ға түсті
|
4488 (56,5 %)
|
3842 (53,9 %)
|
3987 (60,5 %)
|
ТжКБ-ға түсті
|
2815 (35,4%)
|
2512 (35,2 %)
|
2042 (31 %)
|
Жұмысқа орналасты
|
556 (7 %)
|
595 (8,3%)
|
429 (6,5 %)
|
Жұмысқа орналастырылмады
|
88 (1,1%)
|
155 (2,2 %)
|
105 (1,6 %)
|
ҚР-дан шығып кетті
|
0
|
3 (0,04 %)
|
0
|
Қарулы күштер қатарына шақырылды
|
0
|
20 (0,3 %)
|
14 (0,2 %)
|
басқалар
|
0
|
5 (0,07 %)
|
9 (0,1 %)
|
Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының білім басқармасы
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ортасына енгізу үшін жағдай жасау - инклюзивті білім беруді дамыту көзделген. Инклюзивтік білім балаларға қатысты кемсітудің алдын алуға көмектеседі және ерекше мұқтаждықтары бар балаларды өз қоғамдастығында және жалпы қоғамда тең құқылы мүше болу құқықтарын қолдайды.
Облыста мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы білім беру бағдарламаларымен қамту 2014 жылдың соңына 72,4%-ы қамтиды (2012ж.-65,2%, 2013ж.-71,5%). 3 жылда психолог-педагогикалық түзету кабинеттерінің саны 5 бірлікке артты (2012ж.-6 ППТК, 2013ж.-10 ППТК, 2014ж.-11 ППТК) (31-кесте).
Жалпы, 116 жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған, бұл облыс бойынша жалпы мектептер санының 27% (2012 ж. - 19%, 2013ж.- 27%) құрайды. Жоспарға сәйкес 2015 жылдың соңына дейін берілген көрсеткіш 30%-ға жетеді. 2014 жылы Ақтөбе қаласында № 4 ОМ базасында арнайы ұйым - Инклюзивті білім беру орталығы ашылды.
31-кесте – Инклюзивті білім беруді енгізетін мектептер бойынша мәлімет (2014 жыл)
Аудандар
|
инклюзивті білім беру ұйымдастырылған мектептер саны
|
инклюзивті білім берумен қамтылған балалар саны
|
инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған мектептер саны
|
Алға
|
18
|
109
|
8
|
с.і. Алға қ.
|
5
|
72
|
5
|
Әйтекеби
|
14
|
58
|
3
|
Байғанин
|
13
|
33
|
13
|
Ырғыз
|
13
|
50
|
1
|
Қобды
|
25
|
72
|
9
|
Қарғалы
|
12
|
58
|
5
|
Мартөк
|
14
|
37
|
1
|
Мұғалжар
|
16
|
80
|
7
|
о.і. Қандыағаш қ.
|
5
|
34
|
2
|
о.і. Ембі қ.
|
5
|
29
|
2
|
о.і. Жем қ.
|
1
|
3
|
1
|
Темір
|
18
|
83
|
9
|
о.і. Темір қ.
|
1
|
4
|
1
|
Ойыл
|
14
|
43
|
5
|
Хромтау
|
20
|
100
|
8
|
о.і. Хромтау қ.
|
6
|
75
|
6
|
Шалқар
|
19
|
71
|
9
|
о.і. Шалкар қ.
|
9
|
55
|
9
|
Ақтөбе қ.
|
38
|
114
|
38
|
ЖИЫНЫ
|
234 (54,7%)
|
908 (36,9%)
|
116 (27%)
|
Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының білім басқармасы
Жыл сайын жетім балалар саны азаюының оң үрдісі байқалуда.
Облыста жыл сайын жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар саны қысқаруда және 2012 жылы 1738 баланы, 2013 жылы 1567 баланы, 2014 жылы 1435 баланы құрайды. 3 жыл ішінде облыс бойынша контингент 303 балаға дейін төмендеді, 2015 жылғы 1 шілдеде балалар контингенті 1342 құрады.
Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу Алға облыстық балалар үйінде, Қобды, Темір, Хромтау аудандарындағы отбасы типтес балалар үйлерінде, облыстық Жасөспірімдер үйінде, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. 2015 жылғы 1 шілдеде жоғарыда аталған ұйымдардағы балалар контингенті 297 баланы құрады (2012 жылы балалар контингенті 435-ді, 2013 жылы-374, 2014 жылғы - 303 құрады).
Ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды орналастырудың ең жақсы нысандарының бірі бала асырау болып табылады, себебі бала өзі үшін ауыстыратын жанұя емес, нағыз жанұяны табады, сонымен бірге асырап алушылар мен асырап алынғанның арасында тек жақын туыстық қарым-қатынас қана емес, сол сияқты оны заңды түрде бекіту орын алады. Асырап алуға берілген балалр саны 2012 жылы 152 баланы, 2013 жылы 225 баланы, 2014 жылы 159 баланы, ал 2015 жылдың бірінші жартыжалдығында 62 баланы құрады.
1347 баланың, 273-інің бекітілген баспанасы бар, 1074 бала тұрғын үй алуға кезекке қойылған. 2015 жылғы 1 жарты жылдықта 24 адам тұрғын үй алды (2012-2014 жж. 112 пәтер алды).
Тәрбиеленушілерге "Тұрғынүйқұрылысбанкінде" шоттар ашу үшін қолданыстағы шоттарды толтыру үшін 12 тәрбиеленушіге 1 миллион теңгеге және 17 тәрбиеленушіге 100 мың теңгеге сертификаттар табыс етілді. Соңғы 3 жылда облыс әкімінің қолдауымен Жасөспірімдер үйі тәрбиеленушілерінің «Тұрғынүйқұрылысбанкіндегі» жеке шоттары 43,0 млн. теңгеге толықтырылды.
Кәсіби білім беру
Қазіргі уақытта облыста техникалық және кәсіби білім беру жүйесін контингенті 33003 студенті бар 42 колледж ұсынады, олардың 123 мамандық бойынша оқытылады.
Техникалық және кәсіптік біліммен қамту 19,3% құрады. (ҚР- 16,2%) (2012ж. -24,4% 2011ж. -24,2%).
2014 жылы облыста мемлекеттік тапсырыстың жаңа моделі құрылды, мұнда техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының басшылары және шағын, орта және ірі бизнестің 573 кәсіпорнымен әлеуметтік серіктестермен бірге кадрларға болжамды қажеттілік қаралды, ол техникалық және кәсіби білім беру мәселелері жөніндегі әлеуметтік серіктестердің Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды.
Мемлекеттік тапсырыс кадрлар даярлаудың мынадай бағыттары бойынша бөлінген: техникалық және технологиялық - 56,1%, ауыл шаруашылығы - 19,8%, медициналық мамандықтар - 7,3%, білім беру - 6,0%, экономика және сервис - 4,8%, кен өндіруші өнеркәсіп - 4,2 %, өнер -1,8 %.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде колледждерде 12,2 мың адам оқиды, бұл жалпы контингенттің 37%-н құрайды. Студенттерді жұмысқа орналастыру 2014 жылы - 77,0% (2011 ж. - 84%, 2012 ж. - 86,0%, 2013 ж. - 88,0%).
2013-2014 оқу жылында ТжКБ оқу орындары 7245 студент шығарды, олардың 5553-і немесе 77% жұмысқа орналасты және өздігінен жұмыспен қамтылған (ЖООғ-на, колледждерге түсті, ҚР ҚК-де қызмет өткереді, бала күтімі бойынша демалыста) - 6368 адам немесе 87,9%.
Түлектерді жұмысқа орналастырудан облыс республика бойынша алғашқы бестікке кіреді.
Мамандар даярлау сапасы көрсеткіштерінің бірі кәсіптік даярланғандығы деңгейін бағалау болып табылады.
2014 жылы кәсіптік даярлау сапасын тәуелсіз бағалау 86,2% түлектің талап етілген біліктілік деңгейін растады, 2013 жылы бұл көрсеткіш 89% құрады (2011 ж.-45%, 2012ж.- 67,0%). 2015 жылы - 91% түлек бірінші рет өткізгенде-ақ сертификатталды.
Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында облыста дуалды оқыту табысты енгізілуде.
Облыстың 6 жетекші колледжінде (Ақтөбе қаласы - Ақтөбе политехникалық колледжі, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі, Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі, Ақтөбе техникалық колледжі, Ақтөбе ауылшаруашылығы колледжі. Хромтау ауданында Хромтау тау-кен техникалық колледжі) ауылшаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнайгаз, химия және кен өңдеуші салалар үшін кадрлар даярлауда дуалды оқыту элеменеттері енгізілді.
Дуалды жүйені енгізу 2014 жылғы деректер бойынша кадрлар даярлауға 39 кәсіпорынды тартуға мүмкіндік берді. 25-тен артық мамандық бойынша өндірісте 60% тәжірибеден өтумен түбегейлі жаңа сызба бойынша кадрлар даярлау жүргізілді. Осылайша, кәсіпорын оқу орындарымен өзара тиімді серіктестік негізінде заманауи талаптар бойынша оқытылған мамандарды алады.
2015-2016 оқу жылдарында облыс колледждерінің 50 %-на дуалды оқыту жүйесін енгізу жоспарланып отыр.
Студенттер практикасын ұйымдастыру мен өткізу, қайта даярлау. біліктілікті арттыру және оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін машықтандыру, техникалық және кәсіптік оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатында Ақтөбе облысынің кәсіпкерлері палатасы мен Ақтөбе облысы білім басқармасы арасында техникалық және кәсіби білім беру саласында ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
Перспективалық жобаларды, білім беру бағдарламаларында өзара іс-қимылды, студенттер және оқытушылар алмасу, сондай-ақ инновациялық саладағы ынтымақтастықты іске асыру үшін Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының білім басқармалары арасында техникалық және кәсіби білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Техникалық және кәсіби білім беру жүйісінде кадрлар даярлауды 2454 адам жүзеге асырады, оның ішінде 72 %-ы мемлекеттік колледждерде жұмыс істейді.
Бүгінгі күні педагогтың қызметті 3 ғылым докторы, 28 ғылым кандидаты және түрлі бағыттағы 132 магистр жүзеге асырады. 1155 адам біліктілікті арттыру курстарынан өтті, олардың 64-і Институционалды даму бағдарламасы шеңберінде (Германия- 12 адам, Беларусь - 21 адам, Ресей - 25 адам, Ұлыбритания- 2 адам, Австрия- 2 адам), кәсіпорындар базасында 85 шебер және арнайы пәндердің оқытушылары машықтанудан өтті.
Денсаулық сақтау
Бүгінгі күні облыста халыққа 521 медициналық ұйым халыққа медициналық көмек көрсетеді (32-кесте).
32-кесте – 2014 жылы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау ұйымдарының желісі
Аудандар және қалалар
|
Ауруханалар және диспансерлер
(мемлекеттік, ведомстволық және жеке)
|
Амбулаторлық-емханалық ұйымдар
(мемлекеттік, ведомстволық және жеке)
|
бұдан басқа
|
Барлығы
|
басқа медициналық ұйымдар
|
Алға
|
1
|
32
|
|
33
|
Әйтеке би
|
2
|
27
|
|
29
|
Байганин
|
1
|
23
|
|
24
|
Қарғалы
|
1
|
18
|
|
19
|
Қобда
|
1
|
29
|
|
30
|
Мартөк
|
1
|
28
|
|
29
|
Мұғалжар
|
4
|
37
|
|
41
|
Ойылс
|
1
|
21
|
|
22
|
Темір
|
3
|
24
|
|
27
|
Хромтау
|
2
|
25
|
|
27
|
Шалқар
|
2
|
39
|
|
41
|
Ырғыз
|
1
|
19
|
|
20
|
Ақтөбе .қ қала маңы
|
0
|
20
|
|
20
|
Ақтөбе қ. өзі
|
33
|
117
|
9
|
159
|
Барлығы обл. бойынша
|
53
|
459
|
9
|
521
|
Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы
Облыс аудандары мен Ақтөбе қ. қала маңы аймағында 12 ОАА, 1АА, 3 РТБ, 1 АА,, 90 ВА (Ақтөбе қ. тағы 6 ВА), 16 ФАП және 218 МП жұмыс істейді. 2013 жылы медициналық ұйымдарға 673,7 млн. тг. сомасына жаңа жоғары технологиялық жабдық орнатылды (соның ішінде бауырды фибросанирлейтін аппарат, инсульт орталығы үшін компьютерлік томографиялық бірлік, 40 бірлік санитарлық автокөлік және басқалар).
Ақтөбе облысы медициналық ұйымдарының желісі, Облыстық инфекциялық аурухананы, МЕПК және облыстық тері венерологиялық диспансерін, оларда облыстық көпбейінді ауруханасы бар бірлестіктер мен ол бойынша жұмыстар 2016-2017 жылдарға жоспарланып отырған облыстық наркологиялық диспансерін қоспағанда, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.02.2014 жылғы № 114 қаулысына сәйкес келтірілді.
«100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасының шеңберінде 2013 жылы Ақтөбе қ. 300 төсек-орындық 1 Облыстық көпбейінді аурухана салынды, барлығы осы жоба бойынша 20,6 млрд. теңге сомасына 5 объекті енгізілді.
«350 дәрігерлік амбулаторий, фельдшер-акушерлік пунктер және емхана» жобасының шеңберінде 2,5 млрд. теңге жалпы сомаға 21 объект тұрғызылды, оның ішінде 50 келуге арналған 9 дәрігерлік амбулаторий салынды: Алға ауданының Үшқұдық а., Әйтеке би ауданының Қарабұтақ а., Байғанин ауданының Жарлы а., Мартөк ауданының Қаратоғай а., Мартөк ауданының Хлебодаровка а., Мұғалжар ауданының Сағашиелі а., Мартөк ауданының Шұбарқұдық а., Қобда ауданының Калиновка а. Және Шалқар ауданының Шілікті а.
Саланы ресурстық қамтамасыз етудің жақсаруы, басқару технологияларын жетілдіру және медициналық көмекті ұйымдастыру халықтың денсаулығы көрсеткіштерінде оң көрініс табады және оң медициналық-демографиялық үрдістерді бекітті (33-кесте).
33-кесте – Облыстың денсаулық сақтауының негізгі көреткіштері
Нысаналы индикаторлар/
тікелей нәтижелер көрсеткіштері
|
Өлш. бірл.
|
Ақтөбе обл.
|
2012
жыл
|
2013
жыл
|
2014
жыл
|
ҚР бойынша орташа алғанда(2014)
|
Туылған кезде халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы
|
жас
|
70,29
|
71,1
|
72,0
|
71,25
|
Ана өлімі
|
100 мың тірі туылғандарға шаққандағы оқиға саны
|
0
|
21,3
|
5,05
|
11,5
|
Жалпы өлім
|
100 мың тірі туылғандарға шаққандағы оқиға саны
|
754,8
|
694,81
|
681,4
|
764,0
|
Нәресте өлімі (1 жасқа дейін)
|
100 мың тірі туылғандарға шаққандағы оқиға саны
|
13,53
|
11,39
|
9,94
|
9,8
|
Балалар өлімі (1000 тірі туылғанға 0-ден 5-жасқа дейін)
|
100 мың тірі туылғандарға шаққандағы оқиға саны
|
16,18
|
13,59
|
10,26
|
12,04
|
Қан айналым жүйесі ауруларымен сырқаттану
|
100 мың тірі туылғандарға шаққандағы оқиға саны
|
1889,0
|
1840,7
|
1818,9
|
2430,2
|
Қан айналым жүйесі ауруларынан қайтыс болу
|
100 мың халыққа шаққандағы оқиға саны
|
201,88
|
169,37
|
157,0
|
162,45
|
Онкологиялық аурулармен сырқаттану
|
100 мың халыққа шаққандағы оқиға саны
|
174,1
|
182,8
|
163,6
|
197,7
|
Онкологиялық аурулардан қайтыс болу
|
100 мың халыққа шаққандағы оқиға саны
|
101,51
|
102,57
|
75,68
|
92,69
|
Туберкулезбен сырқаттану
|
100 мың халыққа шаққандағы оқиға саны
|
74,1
|
71,9
|
68,9
|
66,4
|
Туберкулезден қайтыс болу
|
100 мың халыққа шаққандағы оқиға саны
|
6,7
|
4,9
|
4,4
|
4,7
|
АИТВ таралуы (15-49 жас тобындағы инфекциялар) 0,2-0,6% шегінде
|
%
|
0,065
|
0,058
|
0,041
|
0,2-0,6
|
Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы
Облыста ана өлім-жітімін азайту жөніндегі облыстық штаб, нәресте өлім-жітімін азайту жөніндегі комитет жұмыс істейді. Облыста «Қауіпсіз жүктілік негіздері» және «Балалар сырқаттарын ықпалдастырылған жүргізу» бойынша ДССҰ халықаралық бағдарламасы енгізілген, ол ана және нәресте өлім-жітімінің деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Облыстық перинаталдық орталық пен Облыстық балалар клиникалық ауруханасы базасында үздіксіз оқыту орталықтары жұмыс істейді. Бүгінгі күні Халықаралық технологиялар негізіне акушер гинеколог дәрігерлердің 84%, педиатрлар мен медбикелердің 80%-ы оқытылды. Акушерлік және перинаталды көмекті өңірлендіру жүйесі жұмыс істейді, оған сәйкес жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсететін 3 деңгейлі перзентхана анықталды.
ҚЖА-дан ауыру мен өлім көрсеткіштерінің бірте-бірте төмендеуі, онкологиялық аурулардан ауыру мен өлім көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады
Облыс бойынша жалпы аталған көрсеткіштер бойынша оң ахуал болғанымен, кейбір аудандарда облыстық және орташа республикалық көрсеткіштерге қол жеткізбеу (асып кету) сәттері де бар.
˗ жалпы өлім-жітім, азаю үрдісіне қарамастан, Қарғалы, Мартөк және Хромтау аудандарында тым жоғары болып қала береді (1000 адамға шаққанда 9,48; 9,01 және 8,7).
˗ төмендеу үрдісіне қарамастан, Қарғалы, Байғанин, Мұғалжар аудандары мен Ақтөбе қаласында нәресте өлім-жітімі жоғары көрсеткіште қалады (1000 тірі туылғандарға шаққанда 28,69; 10,95; 10,71 және 10,93).
˗ төмендеу үрдісіне қарамастан, Мұғалжар, Ойыл, Мартөк, Байғанин және Алға аудандарында БСК сыртқаттану көрсеткіші жоғары болып қала береді (100 мың адамға шаққанда 3450,2; 2858,0; 2696,1; 2695,0 және 2549,4).
˗ төмендеу үрдісіне қарамастан, Мұғалжар, Қобды, Хромтау, Қарғалы және Мартөк аудандарында онкологиялық аурулармен сырқаттанушылық жоғары көрсеткіште қала береді (100 мың адамға шаққанда 298,0; 266,6; 251,9; 241,3 және 232,5).
˗ төмендеу үрдісіне қарамастан, Мұғалжар, Әйтекеби, Ырғыз аудандары мен Ақтөбе қаласында туберкулезбен сырқаттанушылық жоғары көрсеткіште қала береді (100 мың адамға шаққанда 87,7; 76,6; 72,3 және 76,8).
- Мартөк ауданында онкологиялық аурулардан (100 мың халыққа шаққанда 109,8) және Ойыл ауданында туберкулезден (100 мың халыққа шаққанда 10,5) өлім-жітімтің жоғары көрсеткіштері тіркелген.
Соңғы 4 жылда туберкулезден негізгі эпидемиологиялық көреткіштердің азаю үрдісі бар. Халықтың туберкулезбен сырқаттанушылығы 2011 жылғы 76,4-тен 2014 жылы 100 мың адамға шаққанда 68,9-ға дейін төмендеді (23-сурет).
Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші облыстық көрсеткіш 68,9 болған кезде Мұғалжарда –87,8 (2013г- 58,4), Әйтекеби – 76,8 (2013г -54,2) және Ырғыз -72,4(2013г -52,9) аудандары мен Ақтөбе қ. – 76,9 (2013г- 87,6) облыстық көрсеткіштен жоғары. Туберкулез эпидемиологиясының ауыр дәрежесін көрсететін маңызды индикаторлардың бірі балалардың сырқаттанушылығы болып табылады. Облыс бойынша балалар арасында сырқаттанушылық көреткішінің тұрақтану үрдісі байқалуда - 2013 жылғы 10-5-пен салыстырғанда 10,5 (ҚР бойынша - 10,2), 21 бала бойынша анықталды; көрсеткіш жоғары: Ырғыз – 41,9, Әйтеке би – 27,2, Мұғалжар – 17,1 аудандары мен Ақтөбе қ. – 13,1.
Эпидемиологиялқ жағдайдың ауырлық дәрежесін ескере отырып, бактерия бөлетін турберкулезбен сырқаттанғандарды оқшауламен, тәулік бойы күзетуді ұйымдастырумен туберкулезге қарсы ұйымдарда инфекциялық бақылау жүйесін құру туберкулез инфекциясы таралуының алдын алудағы басты талаптардың бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |