2. АҒымдағы жағдайды талдау



жүктеу 4,2 Mb.
бет1/18
Дата11.01.2020
өлшемі4,2 Mb.
#26349
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

Ақтөбе облысы Қазақстанның индустриялық дамыған өңірі болып табылады. Ақтөбе облысының жер қойнауында пайдалы қазбалардың мол қоры орналасқан, оның салдарынан өңірде тау-кен өндірісі, өңдеу, химия өнеркәсіптері, ферроқорытпа өндірісі және т.с.с. дамуын тапты.



Аумағы және халқы. Ақтөбе облысы Қазақстанның облыс аумағының көлемі бойынша екінші болып табылады. Өңір әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша 12 ауданға, 142 ауылдық округке бөлінеді. Облыс аумағында 8 қала орналасқан, олардың ішінде: 7 шағын қала (Алға, Жем, Қандыағаш, Темір, Хромтау, Шалқар, Ембі) және Ақтөбе қаласы, сондай-ақ 372 ауылдық елді мекен.

Облыс халқының саны 2015 жылдың 1 қазанына ҚР Статистика комитетінің деректері бойынша 831,3 мың адамды құрды.



Ақтөбе облысының экономикалық әлеуеті.

Облыс Батыс Қазақстан және Атырау облыстарымен шектеседі. Осы облыстардың мамандануы тау-кен өндіру өнеркәсібі болып табылатындығын ескере отырып, мұнай-газ саласы үшін мұнай өнімдерін, химия өнеркәсібі, машина жасау жабдықтарын тасымалдауда ынтымақтасу перспективалары аясында мұнай-химия кластерін жасау әлеуеті жоғары;

машина жасауда «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ мұнай өңдеуші өңірлерге өзінің мұнай кәсіпшілігінің жабдықтарын жеткізіп отырады: Оңтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Маңғыстау облысы, Батыс Қазақстан облысы, «Актюбрентген» АҚ еліміздің барлық өңірлерін медициналық техникамен жабдықтайды;

басқа да металл емес минералдық өнімдер өндірісінде өндірістік қызметті жүзеге асырады: «Ақтөбе бейметалл құбырлар зауыты» АҚ – құбыр өнімдері, «Стройдеталь» ЖШС – бетоннан жасалатын құрылыс конструкциялары, силикат және қыш кірпіш өндіретін кірпіш зауыттары, кеуекті бетоннан жасалатын блоктар: өнімдері көршеліс облыстарға да, еліміздің басқа да өңірлеріне жеткізілетін «Силикат-А» ЖШС, «Базальт» ЖШС, «Экотон-Батыс» ЖШС, «Ситал-2» ЖШС.

облыста майлы дақылдарды өңдейтін ірі кәсіпорындар бар. «Туркуаз Эдибле Ойл Индастриес» ЖШС-те (қазіргі уақытта «Savola foоds CIS» ЖШС) өсімдік майларын тазартатын жаңа цех пайдалануға енгізілген, қазір осы зауыт жылына 80 мың тоннаға дейін өсімдік майын шығара алады, бұл облыстың және өзге де өңірлердің барлық халқының қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

мал шаруашылығының өнімдерін өңдейтін 27 цех, оның ішінде сүт өңдейтін 12 цех, шұжық өнімдерін өндіретін 10 цех және жартылай дайын ет өнімдерін (тұшпаралар) өндіретін 5 цех жұмыс істейді. Шығарылатын өнімдер облыс ішінде, сондай-ақ Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарына іске асырылады.



Көліктік-транзиттік әлеует:

Қазақстан Республикасының алты облысымен шектеседі (Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары). Сондай-ақ солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен және оңтүстігінде Өзбекстан Республикасының Қарақалпақ автономиялық облысымен шектеседі, осылайша транзиттік әлеуетті дамытады және Қазақстанның басқа да облыстары үшін ресейлік және өзбекстандық нарықтарға шығатын жолды ашады;

облыс «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық инвестициялық мегажобаны іске асыруға қатысады. Дәліздің жалпы ұзақтығы 8445 км құрайды, оның ішінде Қазақстанның аумағы бойынша - 2787 км. Олардың ішінде, Ақтөбе облысы бойынша 621 километр көлік дәлізі салынатын болады. Осының барлығы облыстың көліктік әлеуетіне оң әсер етеді;

өңір аумағында халықаралық маңызы бар 1 әуежай орналасқан. Облыста әуе тасымалдары саласында әуе тасымалдарын және әуе-химия жұмыстарын орындайтын «Еуро-Азия Эйр» АҚ, «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ, «Казаэронавигация» РМК, «Эйр-Астана» АҚ, «Рус-Лайн», «СКАТ» авиокомпанияларының филиалдары, сондай-ақ «Аэро» ЖШС әуе кәсіпорындары жұмыс істейді;

облыс аумағы бойынша халықаралық маңызы бар 4 жол өтеді: Самараға шығатын М-32, Орынборға шығатын А-24, Орскіге шығатын А-25 және Астраханьға шығатын А-27;

дамыған көлік инфрақұрылымы көлік-логистика қызметтерінің даумына мүмкіндік жасайды (жүкті ауыстырып тиейтін терминалдар, қойма қуаттары).



БАҒЫТ: ЭКОНОМИКА

Өңірлік макроэкономика

2014 жылғы тұрғындардың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемін талдау Қазақстанның барынша және азырақ дамыған облыстары – өңірлері арасындағы айырманың күшейгендігін көрсетеді.

Ақтөбе облысын талдау нәтижелері бойынша орташа дамыған өңірге жатқызуға болады.

Облыстың жалпы өңірлік өнімі 2012 жылы 1674,7 млрд. теңгені құрған, ал 2014 жылы ЖӨӨ көлемі 1 849,1 млрд. теңгеге дейін өскен. Жалпы, өңірдің ЖӨӨ меншікті салмағы 2012 және 2013 жылдары сәйкесінше 5,5% және 5,3%. 2014 жылы меншікті салмақ 4,8%-ды құрады. Аталған төмендеу республиканың ЖІӨ өңірде орын алды. Ақтөбе облысы Қазақстанның өңірлері арасында 9-орын алады.




РК - 2258,1


1-сурет – Республикалық деңгеймен салыстырғанда Ақтөбе облысындағы халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ, мың теңге

Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті




жүктеу 4,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау