2. АҒымдағы жағдайды талдау


-сурет – Ақтөбе облысында ҚР резидент-заңды тұлғаларынан сатып алынған тауарлардың көтерме сауданың құрылымы



жүктеу 4,2 Mb.
бет6/18
Дата11.01.2020
өлшемі4,2 Mb.
#26349
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

9-сурет – Ақтөбе облысында ҚР резидент-заңды тұлғаларынан сатып алынған тауарлардың көтерме сауданың құрылымы

Мәлімет көзі: «Көтерме сауда саласында қызметтер көрсететін кәсіпорындардың есебі – 1 Вт (қосымша)» бюллетень деректері негізінде есептелді. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті


Облыс Қазақстан Республикасының 10 өңіріне белсенді тауар жеткізеді. Облыстың өңіраралық тауарайналымындағы негізгі әріптестері Алматы қаласы болып табылады. Ақтөбе облысының шығару құрылымындағы оның үлесі 76%-дан астам құрайды. Жеткізілетін өнімнің негізгі түрлері шикі мұнай болып табылады (шығару құрылымында 50%).

Облыстың Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарымен және Астана қаласымен сауда қатынастары ретке келтірілген. Осы өңірлердің үлесіне Ақтөбе облысынан шығарылатын барлық өнімнің 20%-нан астамы тиесілі. Шығарылатын өнімнің негізгі ассортименті алкогольды ішімдіктер, өсімдік майлары және құрылыс материалдары.



Сондай-ақ Ақтөбе облысы Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарына химия өнеркәсібі өнімін, мұнай өнімін және алкогольды ішімдіктерді жеткізеді. Алайда олардың көлемдері шамалы және Ақтөбе облысының шығару құрылымында шамамен 3,2%-ды құрайды.



10-сурет – Ақтөбе облысынан ҚР өңірлеріне тауарларды шығару

Мәлімет көзі: «Көтерме сауда саласында қызметтер көрсететін кәсіпорындардың есебі – 1 Вт (қосымша)» бюллетень деректері негізінде есептелді. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті


39-кесте – Қазақстан Республикасының өзге өңірлеріне шығарылатын тауарлардың негізгі түрлері

Өңір

Тауарлардың атауы

БҚО

Фосфидтер; карбидтер; гидридтер; нитридтер; азидтер; силицидтержәне боридтер

Жамбыл

Арақ, химиялық құрамының өзгеруісіз тазартылған күнбағыс майы және оның фракциялары, коньяк

Қарағанды

Ұшқын тұтандырумен, құрамында 0,013 г/л аспайтын қорғасын, сондай-ақ газойли бар қозғалтқыштарға арналған моторлы бензин (айырып шығару температурасы - 30-220 Цельсий градусы)

Қостанай

Арақ, химиялық құрамының өзгеруісіз тазартылған күнбағыс майы және оның фракциялары

Қызылорда

Ликер-арақ өнімі; химиялық құрамының өзгеруісіз тазартылған өзге май және оның фракциялары; аралас өсімдік майлары және өзге өсімдік майлары

ОҚО

Арақ

ШҚО

Өңделген сұйық сүт, диагностикалық реагенттер және өзге фармацевтикалық дәрі-дәрмектер

Астана қ.

Қойылтылмаған немесе тәттілендірілмеген майлылығы 6%-дан астам кілегей, кірпіштер, блоктар, плиталар және тас кремнезем ұнтағынан немесе топырақтан жасалған өзге керамика бұйымдары, соқалар (плиталар, панельдер, қуыс брикеттер, цилиндерлер, құбырларды қоса алғанда)

Алматы қ.

Битум минералдарынан алынған мұнайды қоса алғанда шикі мұнай (көмірсутектердің табиғи қоспасы), диагностикалық реагенттер және өзге фармацевтикалық дәрі-дәрмектер

Мәлімет көзі: «Көтерме сауда саласында қызметтер көрсететін кәсіпорындардың есебі – 1 Вт (қосымша)» бюллетень деректері негізінде есептелді. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті
Өңіраралық инвестициялық ынтымақтастық

2014 жылы Ақтөбе облысының кәсіпкерлері Қазақстан Республикасының өзге өңірлерінің экономикасына 1 945 млн. теңге инвестициялады. Өзге өңірлердің экономикасына бағытталған негізгі капиталға жұмсалған 80% инвестиция көршілес Батыс Қазақстан облысының үлесіне тиесілі. Өңір Астана қаласының экономикасына белсенді инвестициялайды, 2014 жылы оның үлесі 12%-ды құрды. Сондай-ақ өңір Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының экономикаларына инвестициялайды. Ақтөбе облысының сыртқы инвестицияларының құрылымындағы олардың үлесі 8%-ды құрайды.





11-сурет2014 ж. ҚР-ның өзге өңірлерінің экономикаларына бағытталған Ақтөбе облысының негізгі капиталына жұмсалған инвестициялардың құрылымындағы өңірлердің үлесі

Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің бюллетені. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет туралы


Сонымен қатар Ақтөбе облысының экономикасына Қазақстан Республикасының бірқатар өңірі белсенді инвестициялайды. 2014 жылы Ақтөбе облысы Қазақстан Республикасының 8 өңіріне 30 722,6 млн. теңге инвестициялады.

20-кесте - ҚР өзге өңірлерінен Ақтөбе облысына негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (мемлекеттік бюджеттің қаражатын қоспағанда), мың теңге



Өңір

Сома, мың теңге

Меншікті салмағы, %

Алматы

245

0,0

Атырау

2 971 007

9,7

Батыс Қазақстан

772 470

2,5

Қостанай

38 116

0,1

Маңғыстау

64 845

0,2

Шығыс Қазақстан

26 274

0,1

Астана қаласы

18 591 576

60,5

Алматы қаласы

8 258 058

26,9

Барлығы:

30 722 591

100

Мәлімет көзі: Қазақстан Республикасы ҰЭМ Статистика комитетінің бюллетені. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет туралы
Ақтөбе облысының экономикасына жұмсалған инвестициялардың 87%-дан астамы Астана және Алматы қалаларына тиесілі. 2014 жылы осы қалалар 13 424,8 млн. теңге инвестициялады.

Сонымен бірге Ақтөбе облысына Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары инвестициялады. Алайда, олардың көлемі шамалы және 12,6%-дықұрайды.





12-сурет – 2014 жылы Ақтөбе облысының негізгі капиталына жұмсалған инвестициялар құрылымындағы өңірлердің үлесі

Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің бюллетені. ҚР инвестициялық қызмет туралы


Өңіраралық ынтымақтастықтың белсенділігі экономиканың базалық секторлары негізінде дамиды. Ақтөбе обылысында сүт өңдеу бойынша бірнеше кәсіпорын бар, олардың жұмыс бастылығы 44 % құрайды, батыс өңірге РФ импорттың келу фактін ескере отырып, батыс өңірінде, жеке алғанда Маңғыстау және Атырау облыстарында нарықтық үлесті көбейту үшін, кәсіпорындардың қуатын көбейту керек. Және де көкөніс қоймасының үлесін көбейту және ауыл шаруашылық өнімдерді тамшылап суаруды дамыту керек, ол ішкі нарықты, солай өңірдің климаттық жағдайларына байланысты, онда осы тауарлардың тапшылығы байқалатын көршілес нарықты қамтуға мүмкіндік береді.

Және де облыстың көпшілік бөлігінде топырақтың құнарлығы көкөністер мен картоп өсіруге мүмкіндік береді, ол тапшылықты қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, онда көкністер импортының үлесі 99,8% құрайтын Маңғыстау облысында өңіраралық экономикалық байланысты күшейтуге мүмкіндік береді.

Облыста жекілікті шикізат базасы бар. Барлау жұмыстары жүргізілді және мына кен орындары бойынша келесі шикізат саны бекітілді: Кенжалы (бор) – 259,1 млн.тонна, Сыр-Ирек (мергель) – 135,1 млн.тонна, Кенжалы (балшық) – 21,1 млн.тонна, Өтесай (диатомит) – 27,7 млн.тонна, ол ішкі нарықты, сондай-ақ тапшылығы жоғары көршілес өңірлерді (Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары) қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қазхром» ТҰК ферроқорытпа зауытын пайдалануға енгізумен оның жобалық қуаты – жылына 440 мың тонна ферро-хромды құрайды. Жобаны іске асыру өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және тауарлық жоғары көміртекті феррохромды шығаруды көбейтуге мүмкіндік береді. Республиканың жоғары көміртекті феррохромды шығару бойынша экспорттық әлеуеті 16 пайызға, Ақтөбе облысында – 46 пайызға көбейеді. Бұл Павлодар облысымен өңіраралық экономикалық байланысты күшейтуге (Ақсу ферроқорытпа зауытына шикізатты жеткізуді көбейтуге) мүмкіндік береді.

Жаңажол мұнай газ өңдеу кешенінің газды жентек күкіртті, газды және тазартылған мұнайды жеткізуге мүмкіндігі бар. Және де көршілес шекара маңындағы өңірлерге газды жеткізу жүзеге асырылады. Қуаты жылына 6 млрд. текшеметр газ, газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегінің құрылысын іске асырумен оңтүстік өңірлерді, біздің елдің бірнеше облыстарын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Облыста елде аналогы жоқ медициналық маңыздағы әртүрлі рентген диагностикалық жабдықтарды өндірумен айналысатын "Ақтөбрентген" АҚ қызмет етеді. Өнім елдің барлық өңірлерінің медициналық мекемелеріне жетікізіледі.

Қазақстандық экспортерлардың қажеттілігін қанағаттандыру және транзиттік әлеуетті іске асыру үшін, жүк базасын қалыптастыруға әсер ету мүмкіндігі болуы және жүк жіберушілермен тура диалог жүргізу үшін, Ақтөбе агломерациясының шеңберінде көліктік-логистикалық орталықтардың пәрменді желісін құру қажет. Бұл ретте трансконтиненталдық дәліздердің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету үшін, сауда ағымдарының пайда болу және өтеу орындарында, солай кері жүк ағымының көліктік-логистикалық инфрақұрылым объектілеріне тура ие болу, серіктестік және альянстар арқылы қалыптастыруда қатысуы аса маңызды.

Инвестициялар және инновациялар



2012-2014 жылдар аралығындағы инвестициялар көлемінің динамикасы жыл сайынғы өсудің оң беталысына ие.2014 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 525,6 млрд. теңге инвестицияны құрды, бұл 2013 жылға қарағанда 2,2%-ға артық. Облыс инвестициялар көлемі жағынан Атырау, Маңғыстау облыстарынан және Астана қаласынан кейін өңірлер арасында 4-орынға ие болды. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 69,2%-ды құрған тау-кен өндіру өнеркәсібі инвестициялық салымдар үшін барынша тартымды сала болып қалып отыр.



жүктеу 4,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау