|
1.«Индустрияландыру», «жаңғырту» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз. «Индустрияландыру»Ботай мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттаңыз
|
бет | 7/37 | Дата | 24.04.2023 | өлшемі | 242,77 Kb. | | #42304 |
| 1.«Индустрияландыру», «жа ырту» тарихи терминдеріне аны тама бе33. Ботай мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Ботай-Терсек мәдениеті -адамзат тарихындағы жылқы өсірушілердің алғашқы мәдениеті. Ботай қонысы б.з.б. 3700-3100 жылдары өмір сүрді. Ботай мәдениеті- мыс тас дәуіріне жататын ескерткіш. Ежелгі адамдардың алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі Еуразия жылқы өсірушілердің ғажайып мекені. Орналасқан аумағы – Солтүстік Қазақстан облысы, Иманбұрлық өзені бойында тұр. Ботай қалашығына арнайы экспедициялар ұйымдастырып, қазба жұмыстарын жүргізілді, 158 елді мекеннен 120 мыңға жуық зат табылды. Шаруашылық құралдары тұрақта көп кездескен. Көбіне алуан түрлі тастан, саз балшықтан, сүйектен жасалған. Ботайлықтардың жылқы асыру мәдениеті Ұлы Дала көшпелілер өркениетінің қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Олардың бұл мәдениеті болашақтағы қазақтардың көшпелі өркениетінің тікелей негізі саналды. Осы мәдениеттің жұрнағынан қазақтардың бүгінге дейінгі мәдениетіне тән белгілерді көруге болады (жылқы өсіру, жылқы еті және қымызды пайдалану). Б.з.б. ІІІ мыңжылдықта Ботай мәдениеті өз ерекшелігін жоғалытты. Оған себеп-қуаңшылық.
34. Ақ Орда мен Қазақ тарихи сабақтастығын анықтаңыз.
Ақ Орда мемлекетінің этникалық құрамына кіретін рулар мен тайпалар, кейіннен құрылған Қазақ хандығының этникалық ядросын құрады. Бұл жайлы белгілі башқұрт ғалымы Ахмед Зәки Уәли былай деп жазады: "Барақ хан өлтірілгеннен кейін (1428 ж.) Көк Орда мен Ақ Ордада шейбани әулетінен шыққан Мақмұдқожа хан мен Әбілқайыр күшейіп, Барақ ұрпақтарын қуғындай бастады. Әбілқайыр оларға тиеселі жерлерді тартып ала бастады, бұл әрекет Есен Бұғаға ұнамады. Әбілқайырдан зорлық көрген Керей мен Жәнібек сұлтандар қарамағындағы халықтармен моғол ханы Есен Бұғаның қарамағына көшіп барды. Осында көшіп келген Ақ Орда халқының өкілдері "қазақтар" деп атала бастады. Сөйтіп, олар күшті Қазақ хандығының негізін қалады. Хандықтың басында Керей хан мен Жәнібек сұлтандар тұрған еді".
Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығы тарихи ақиқат еді. Ақ Орда Жошы ұлысынан таарлды. Жошы ұлысындағы ру-тайпалар кейін қазақ хандығының ьасты рулары болды. Ақ Орда ханы Орыс хан біріктірген орасан аумақ қазақатардың этникалық аумағы және болашақ Қазақ хандығының мемлекеттік аумағы. Сондықтан Орыс ханның ақ ордасы бірінші қазақ мемлекеті болып есептеледі.
35. Қазақстанның киелі ескерткіштерін сипаттаңыз.
Қазақстанның киелі жерлеріне діни ғибадат орындары: Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық-мұражайы, Қожа Ахмет Ясауи кесенелері, Арыстан Баба, Бекет ата кешені сияқты ұлттық мақтаныш орындарын жатқызуға болады. Екінші мысал - Баянауыл мен Шығыс Қазақстан облысындағы үңгірлер, Алатау таулары, Алтайдағы Белуха тауы, Ұлытау. Бұл қасиетті орындар тарихи мақтаныш. Сондай-ақ Қазақ хандығының ірі ортағасырлық қалалары мен астаналары Сығанақ, Отырар, Сауран, Сарайшық, Тараз. Бір ескерткішке тоқталсақ, онда Бабаджа Хатун кесенесі (Х-ХV ғ) Айша биге арналған кесененің құрылысы туралы аңыздармен байланысты. Аңыз бойынша, Айша бибі қайтыс болғаннан кейін оның күтушісі Бабаджа хатун оның қамқоршысы болады, ал қайтыс болғаннан кейін оны қыздың кесенесінен жиырма қадам жерде жерлейді. Адал әйел үшін арнайы кесене тұрғызып, оны Бабаджа хатун кесенесі деп атады. Бұл екі ғимарат қажылық жасайтын мұсылмандар үшін керемет ескерткіштер мен қасиетті орын. Бүгін кесенеге әйелдер ерлі-зайыптылық бақыт пен ұрпақ сұрап келеді. Келесі бір үлгісі - Ибраһим ата кесенесі. Кесене Қожа Ахмет Яссауидің әкесіне арналып тұрғызылған. Сол заманда ол кісі де діни тұрғыдан үлкен тұлға саналған, осы өңірлерге танымал уағызшы болған. Бүгінде бұл ескерткіштер қазақ халқының рухани байлығы, баға жетпес қазынасы болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|