Сабақтың тақырыбы: Астана күні
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды еліміздің бұрынғы
астаналары мен қазіргі астананың тарихымен,
олардың эмблемаларымен таныстыру.
Дамытушылық: Астанамыздың шығу тарихын,
бұрынғы астаналардың шығу тарихын есте сақтау,
сөздік қорын дамыту .
Тәрбиелік: Отанын , елін, жерін сүюге, ана тілімізді құрметтеуге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді азамат етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі
-Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Бүгін бізде ашық сабақ.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
а)«Менің Отаным-Қазақстан» (3 оқушыдан үй тапсырмасын сұрау, қалған оқушыларға салыстыру тестін үлестіру.)
ә) Физикалық картамен жұмыс: Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс, Каспий теңізін, Атырау, Ақтау, Қарағанды қалаларын табу. Онда не өндірілетінін атап шығу. Көршілес елдерді табу.
б) Сергіту сәті
Күндей жайнап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап.
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі сабағымызды бастайық!
III. Жаңа сабақ:
Астанға арналған өлең шумақтарын оқу
1.Жаса,жайна Астанам,
Өркен жая бастаған!
Болашақтың есігін,
Өз қолыңмен аш маған!
2. Астанамыз сүйкімді,
Гүлдей жайнап құлпырды.
Қызықты боп барады,
Бір күнінен-бір күні.
-Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Астана»
Еліміздің бұрынғы астаналарына шолу жасау:
Орынбор-тұңғыш астана.1920жылы .Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып құрылды.Орынбор бас қала болып жарияланды.Қазақ халқын алғаш өнерге, білімге үндеген «Айқап» журналы осы қалада басылып шыққан.Орынбор қаласының эмблемасымен таныстыру.
1925жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті.Қызылорда қаласының эмблемасымен таныстыру.
1929жылы Қызылордадан Алматыға көшірілді. Алматы қаласының эмблемасымен таныстыру.
1997жылы 10желтоқсаннан бастап Ақмола қаласы ҚР-ның жаңа астанасы болып жарияланды.Президенттің 1998 жылдың 6 мамырындағы Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді. 1998 жылы 10 маусымда Астана қаласының тұсаукесер тойы салтанатты түрде аталып өтті. Бұл тойдың құрметіне 20 теңгелік металл ақша шығарылды.
Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы берілген мәтінді оқып шығу.
IV.Қорытынды
а)Салыстыру тестін үлестіру
ә) Қаладағы алып ғимараттарға саяхат жасау.
1.Қалаға келгенде ең алғаш «Нұр Астана» мешітіне келеміз.Сұрақ: Алматыдан Астанаға қай жылы көшті? (1997ж)
2.Үкімет үйіне келеміз.
Алыстан көз тартады,
Әлемге аян атағы:
155 метр...
Биік ол,
Бұлттан да ірі асады.
Қиюласып тастар нақ
Кеткен шырқап аспандап
34 қабат...
Үй емес,
Көкке бастар баспалдақ.
Сұрақ: Астанада қандай өзендер бар? (Есіл мен Нұра)
3. «Қазақстан»деп аталатын спорт кешеніне келеміз.
Күміс бауыр,
Еңселі,
Ұшақтардай ол тегі:
«Қазақстан» атанған –
Зәулім спорт кешені.
Сұрақ: Астананың бұрынғы атауы қалай аталған? (Ақмола)
4.Еуразия Ұлттық Университетіне келеміз.
Сұрақ:Жылдың қай мезгілінде жәрмеңке өткізіледі? Жәрмеңкеге қай жерлерден келеді?(Көктемде. Ресей, Орта Азиядан, Қытайдан, Үндістаннан келеді)
5.ҚР-ның президенттік мәдениет орталығына келеміз.
Сұрақ:Қаланың кәсіпорындары не шығарады? (электр тетіктерін, ауылшаруашылық машиналарын т.б. шығарады)
6.Астана-Бәйтерегіне келеміз.Биіктігі 97 метр. 1997 жылы салынған.
Ұмыт қалған жазылмай,
Есте жоқ ескі тағдырдай:
Әлем-
Әлі көрген жоқ
Бәйтеректей дәл мұндай.
Сұрақ: Қала Есілдің қай жағалауында орналасқан (оң жағалауында)
7.Кешкі Астан. Саяхатымыз аяқталды.
б) Дәптермен жұмыс жүргізу
1997 жылы- Алматыдан Ақмолаға көшірілді.
6 шілде-Астана қаласының және президент Н.Ә.Назарбаевтың туылған күні.
1997 жылы Бәйтерек салынған.Биіктігі-97 метр
V.Үйге тапсырма: Астана тақырыбын оқу.Дәптердегі жазуды жаттау.
VI.Оқушыларды бағалау,мадақтау:
Достарыңызбен бөлісу: |