|
1.«Индустрияландыру», «жаңғырту» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз. «Индустрияландыру»Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің екінші кезеңін сипаттаңыз
|
бет | 9/37 | Дата | 24.04.2023 | өлшемі | 242,77 Kb. | | #42304 |
| 1.«Индустрияландыру», «жа ырту» тарихи терминдеріне аны тама бе38. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің екінші кезеңін сипаттаңыз.
Қазақ халқының ұлт – азаттық күресінің екінші кезеңі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орын алды. 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформасы қазақ қоғамында дербестіктің ізін де қалдырмады, ал 1886 жылы (Түркістан уалаяты бойынша) және 1891 жылы күшіне енген Ережелер қазақ жерін орыс мемлекетінің меншігі деп жариялады. Столыпиннің аграрлық реформасы тұсында жүргізілген орыс шаруаларын қазақ жеріне әкеліп жаппай қоныстандыру шаралары қазақ қоғамының дәстүрлік құрылымына әсер етпей қоймайды. Міне, осындай жағдайда ұлт тағдыры мен оның табиғи сұраныс-тілектерін, сондай-ақ ұлттық мүмкіндіктерді ортақ мақсаттарға жұмылдыра алатын заман талабына сай қабілетті әлеуметтік күш өзін көрсете бастайды. Ол ұлт зиялылары еді.
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы бастаған бұл топ ұлттық құндылықтарды қорғау және негізгі мақсат-міндеттерді анықтау тұрғысынан халық ағарту ісін негізгі мұрат ретінде алға тартты. Газет-журнал және кітап бастыру ісі қолға алынды. Заман сұранысына жауап реакция ретінде өмірге қазақ ұлтшылдығы келді. Бұл сыртқы экспансияға қарсы және оны тоқтатуды көздейтін, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды қорғау және оларды жаңғырту ұстанымындағы ұлтшылдық болатын. Ұлттық күрестің негізгі идеялық тіректері қазақ жерінің тұтастығын сақтау, ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру, ана тіліне негізделген білім жүйесін қалыптастыру сияқты ұғымдардан тұрды.
1916 жылғы көтеріліс ресейлік биліктің терең дағдарысқа келіп тірелгендігін, қазақ халқының отарлық езгіге қарсы шығуға әзір тұрғандығын көрсетті. Ал 1917 жылдың күзінде Алаш партиясының өмірге келуі, осы жылдың соңына карай Түркістан (Қоқанда) және Алаш (Орынборда) автономияларын құру туралы шешімдердің қабылдануы ұлт-азаттық қозғалысының империядағы басқа да азаттық үшін күресуші күштермен бірлікте жүргізген қызметінің басты нәтижелері болды.
Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды. Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|