1731 ж. – Xixғ. екенші жартысы. XVIII ғасырдың 20


«Алаш» ұлттық-демократиялық зиялылар қозғалысы



жүктеу 306,2 Kb.
бет15/112
Дата21.01.2022
өлшемі306,2 Kb.
#34185
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   112
тарих гос

«Алаш» ұлттық-демократиялық зиялылар қозғалысы.

Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының ұлттық сана-сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті.

Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, X.

Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, О. Әлжанов, т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Олар өз үлгі өнегесімен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, А. Сейітов, X. Болғанбаев сияқты көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп өсірді.

Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларын Қырым татарларының «Тәржіман», Еділ бойы татарларының «Ихтисад», «Шора», «Уақыт» және «Жұлдыз» сияқты басылымдарында жариялады. Онда патша үкіметі әкімшілігінің қазақтардың ежелгі заманнан бергі ата қонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шығу саясатын сынады. Мақала авторлары сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтардың ана тілін қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы күресті.

XIX ғасырдың соны мен XX ғасырдың бас кезінде Ә. Бөкейханов әуелі Тобыл губерниясын зерттейтін, кейін Ф. Щербинаның статистикалық экспедициясының жұмысына белсене қатысты. Осы кезеңде ол қазақ елінің экономикалық жай-күйін, шаруашылығын, этнографиясын, тұрмыс-салтын, материалдық және рухани мәдениетін зерттеді. 1903 жылы Петербургте «Ресей. Өлкеміздің толық географиялық сипаттамасы» деген ортақ атпен осы басылымның он сегізінші томы жарық көрді. Оның авторларының бірі Алаш қозғалысы көшбасшысы Ә. Бөкейханов еді.

1905 жылы Әлихан Бөкейханов Ресейдің земство және қала кайраткерлерінің Мәскеуде өткен съезіне делегат болып қатысты. Сол съездің биік мінберінен сөз сөйлеген ол өз халқының мүддесін, соның ішінде қазақ тілінің мәртебесін қорғап, былай деп мәлімдеді: «Мен Оралдан Алтайға, Сібір темір жолы желісінен Омбыға дейін... созылып жатқан орасан зор аумақта тұратын қырғыз деген халықтың өкілімін... Бізде... қырғыз тілінде оқытатын мектептерге қысым жасалады... шаруалар бастықтары (олардың басым көпшілігі бұрынғы ротмистрлер) әкімшілік және құқықтық істі қарау кезінде қырғыз тілін қолдануға мүлде жол бермейді. Қырғыздар ана тілінің еркін қолданыста болуына өте мұқтаж...» Ә. Бөкейханов халықтың біртуар перзенті, қазақ ұлт-азаттық қозғалысының шын мәніндегі көсеміне айналды. Омбы жандарм басқармасы бастығының мойындағанындай, ол «барлық митингілер мен петициялардың және үкіметке қарсы үгіттердің ұйытқысы, даладағы... қазақтардың барлық мәдени-саяси қозғалысының көшбасшысы және жетекшісі» болды.

1905 жылы Ә. Бөкейханов Ресей конституциялық демократтар (кадет) партиясына мүшелікке қабылданды. Осы жылы Қарқаралыда орыс отаршылдығына қарсы өткен қозғалысқа басшылық жасап, петиция ұйымдастырды. Ресейдің I Мемлекеттік Думасына Семей облысынан депутат болып сайланады. 1905— 1907 жылдары кадеттердің «Степной пионер», «Степной край», «Иртыш», «Омич», «Голос» атты газеттеріне белсенді түрде мақалалар жазып тұрды.

1913 жылы Ә. Бөкейханов ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері А. Байтұрсынов және М. Дулатовтармен бірге тұңғыш жалпыұлттық баспасөз ұйымы — «Қазақ» газетін ұйымдастырды. Газет беттерінде халыққа білім беру, ұлттық сана-сезімді ояту хақында көптеген құнды дүниелер жарық көрді. Ә. Бөкейханов ғылыми жұмыспен де белсене айналысты. Мәселен, ол Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің жұмысына қатысты. Ол екі тілге бірдей жетік еді, қазақша да, орысша да еркін жазды. Оның қаламынан көптеген тарихи және этнографиялық туындылар, атап айтқанда, «Қырғыздар» («қазақтар» - авт.), «Сұлтан Кенесары Қасымовтың тарихына қатысты материалдар», «Қарқаралы уезіндегі қырғыздардың рулық құрылымы», Абай қазасына арналған «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» атты қазанамалық мақаласы, тағы басқа зерттеулері жарық көрді.

Әлихан Бөкейханов 1917 жылдың 21—26 маусымында Орынборда I Бүкілқазақ съезін өткізіп, «Алаш» партиясы атқару комитетінің төрағалығына сайланады. Сол жылы Орынборда өткен «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезінде «Алашорда» үкіметі құрылып, Ә. Бөкейханов оның төрағасы болып сайланды. Кеңес өкіметі кезінде ол бірыңғай ғылыми, әдеби, аудармашылық қызметпен айналысады. Жазықсыз қуғынға ұшырап, 1937 жылы ату жазасына кесіледі. 1989 жылы ақталды.

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов бүкіл саналы ғұмырын өз халқын отаршылдық езгіден азат етуге, тәуелсіз мемлекет құруға, ел-жұртына білім беріп, оны гүлдендіруге арнады.

1905 жылы патшаның қол қойған манифесі бойынша елде сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы жарияланды. Мұның өзі Қазақстанда қазақтардың өздері шығаратын демократиялық басылымдарды — газеттер мен журналдарды шығаруына мүмкіндік берді. 1907 жылы Санкт-Петербургте қазақтардың тұңғыш қоғамдық саяси газеті «Серке» жарық көрді. Ол татар тілінде шығатын «Ульфат» газетінің қазақша қосымшасы ретінде шыға бастады. Алайда ол елде саяси реакцияның күшеюіне байланысты жабылып қалды.

Содан 1913 жылы ғана жалпыұлттық «Қазақ» газеті апталық басылым болып жарық көрді. Ол Орынбор қаласында шығып тұрды. Газеттің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынов болды. А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейхановтар барша қазақ елінің мүддесін білдіретін ғасырдың ұлттық газетін құра білді.

Олар осы газеттің белсенді авторлары болды. Атақты баспагерлер «Қазақ» газетінің төңірегіне Шәкәрім Құдайбердіұлы, Халел Ғаббасов, Хайретдин Болганбаев, Ғұмар Қарашев, Райымжан Мәрсеков, Мұхтар Саматулы сияқты көптеген көрнекті қайраткерлер мен ақындарды топтастыра білді.

XX ғасырдың бас кезінде қазақтар арасында рухани-діни және зайырлы мазмұндағы кітаптар пайда бола бастады. 1900 жылдан 1917 жылға дейін қазақ тілінде 400-ге жуық кітап басылып шықты, олардың жалпы таралымы 60 мың данаға дейін жетті. Кітаптар Санкт-Петербург, Орынбор, Уфа, Троицк, Орал, Астрахан, Верный, Ташкент қалаларындағы баспаханаларда араб әрпімен шығып тұрды.

3.



жүктеу 306,2 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау