1731 ж. – Xixғ. екенші жартысы. XVIII ғасырдың 20



жүктеу 306,2 Kb.
бет4/112
Дата21.01.2022
өлшемі306,2 Kb.
#34185
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112
тарих гос

«Әскери коммунизм»кезіңдегі әдеттер мен бұйрықтық тәсілдер қайта жаңғырды. Ықпал жасаудың экономикалық емес, әкімшілік тетіктеріне артықшылық берілді. Тарихтағы ең алғашкы жоспарлы индустрияландыру бағдарламасын ЖЭС-қа көшу жағдайында жүзеге асыру қажеттігі туды. Көпсалалы экономика,тауар-ақша қатынастары, нарықтық байланыстар өмірге енді. ЖЭС қағидалары өнеркәсіп саласында жеткілікті деңгейде орындалмады, ақырында байыпты әрі ұзақ мерзімге ойластырылған бұл саясат ауыстырылды. 1926жылы республикадағы өнеркәсіпті қайтадан калпына келтіру ісі әлі аяқталмады және бүкілодақтық деңгейден төмен болды. Қазақстанның өнеркәсібі өте баяу дамыды. Ауыржәне жеңіл өнеркәсіпошақтарын құру қажет болды. Өнеркәсіптіккұрылыс жүргізуге болатын пайдалы қазбалардың кең орындары далалы аймақта, шөлаудандарда орналасты. Жерасты байлықтарын пайдалану бұл орындарда жан-жақты игеру жұмыстарын жүргізуді: жаңа теміржәне автожолдар, жұмысшы кенттерін, жаңа қалаларды салу, сумен жабдықтаудың қайнаркездерін іздеу т. б. жұмыс ауқымын атқаруды талап етті.

Индустрияландыруға қаржы табу мақсатымен мемлекет шаруаларды астығын рыноктық нарықтан арзан бағамен сатуга мәжбүрледі. Бұл міндетті орындаудан бас тарткандар қуғын-сүргінге ұшырады. 1928жылдың қазанынан 1929жылдың желтоқсанына дейін 56 498 адам қылмыстықжазаға тартылып, 277 адам ату жазасьша кесілді.

Қазақстанда индустрияландырудың басталуымен Жезқазған,Қарсақбай,Атбасаржәне Спассккенді аудандарын, Қарағандыкөмір алабын, Қаратауполиметалл кен орындарын зерттеудің болашағы зор болды. Мыс өнеркәсібін дамыту мәселелерін зерттеумен қатар темір (Қарсақбай), марганец (Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты), корғасын (Қорғасын) кең орындарын зерттеу ісі басталды.

Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру барысында республикада ауыр өнеркәсіптің көптеген салаларын құрудың, сонымен қатар Қарағанды маңындағы Теміртаудаең ірі зауыт салынуының маңызы зор болды. Қазақстанның көрнекті ғалымдарының бірі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевбұл зауытты салу қажеттігін дәлелдеді. Ғылымның жетістігі объективті шарттар жасаумен ғана емес, сонымен қатар жекелеген ғалымдардың ерен еңбегімен тікелей байланысты болды. Қ. Сәтбаевтың бастамасы бойынша Маңғыстау,Мұғалжаржәне Торғайминерал қорларын зерттеу ісі жүргізілді. Ол 3 маңызды нәтижеге қол жеткізді: біріншісі - Жезқазған мыс кең орнын ашуы, екіншісі - Қазақстанның Ғылым академиясының ашылуына үлкен үлес қосып, оған басшылық етті, үшіншісі - Геологиялық ғылымдар институтын құруы.

Индустрияландыруды сәтті дамыту үшін дамыған қатынас жолдарын, атап айтқанда, темір жолжелісін салу кажеттігі туды. Алматыдан Семейге дейін созылуға тиіс болган Түркістан-Сібір темір жолысол кездегі Қазақстандағы ең маңызды құрылыс объектісі болды. Бұл жол пайдалануға берілмейінше республиканың ауқымды шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарындағы халык шаруашылығын қайта құруды сәтті түрде жүзеге асыру мүмкін емес еді. Түрксіб темір жол құрылысы 1931жылға қарай аяқталды.

Осылармен бір мезгілде республикада бірінші бесжылдық(1928-1932) жылдарында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қайта құрылып, жаңа кәсіпорындар ашылды. Пайдалы қазбаларға бай кең орындары Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті, әсіресе кең шығару салалары -мұнай,көмірсаласы және түстіметаллургияныдамытудың негізі болды. Риддер,Қарсақбайполиметалл комбинаттары, Қарағанды көмір кеңдері қайта қалпына келтірілді. Шымкент корғасын зауыты, Балқашжәне Жезқазғанмыс қорыту, Өскеменқорғасын-мырыш комбинаттарының құрылыстары басталды. Индустрияландыру өзін-өзі ақтамаған асқақ жоспарлар мен қарқынды арттыру жағдайында жүзеге асырылды. 1929жылдың өзінде-ақ бесжылдық жоспарды негізгі экономикалық көрсеткіштерді ұлғайтумен алмастыру туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде салынып жатқан құрылыс объектілерін жұмыс күшімен, шикізатпен, жабдықпен қамтамасыз етуде қиындықтар туды. Көптеген құрылыстар тоқтап қалды. Өнім шығарса да, кәсіпорындар толық көлемде жұмыс істей алмады. Жалпы индустрияландыру процесі Қазақстанда Екіншідүниежүзілік соғысқадейін жалғасты.

Өнеркәсіп құрылысын жүргізудің карқынды түрде өсуі жұмыс күшінің тапшылығына алып келді. Құрылыс нысандарын жұмыс күшімен қамтамасыз ету және жұмысшы қазақтарды үйретуге бөлінетін қаражатты үнемдеу мақсатында биліктегілер елдің жұмыссыздық шарпыған батыс аудандарынан жұмысшылар тартты. Еңбек өнімділігі күрт төмендеп, зауыттарда тәртіп сақталмай, маманданған еуропалық нәсілді жұмысшылар және маманданбаған қазақ жұмысшылары арасында қақтығыстар болып тұрды. Мамандық шеберлігі еуропалық нәсілді жұмысшылармен тең дәрежеде болған жағдайда да жергілікті жұмысшыларға төмен жалақы берілді, медициналықкөмек көрсетілмеді т. с. с. Республикаға мамандар сырттан өкелінді, кадрлар тұрақсыздығы орын алды. Индустриялық саясатты жүзеге асыру барысында Қазақстанға ерекше мән берілді. Бай табиғи қорлардың болуы республикада ірі индустриялды база құруға мүмкіндік беріп, жұмыс күші сырттан -Ресейжәне Украинаныңорталық аймақтарынан әкелінді. Қазақтар көшпелілер мен малшылар ретінде болашақ «социалистік Қазақстан» жүйесіне үйлесе алмады.



1926-1940жылдардағы индустриялық даму Қазақстанды ірі жетістіктерге жеткізді. Индустрияландыру арқасында Қазақстан 1941жылы ірі ауыл - шаруашылық өндірісі бар индустриялы республикаға айналды.

Елде көмір өнеркәсібі қауырт дамыды, 1940жылы оның 90 пайызы Қарағандыбассейнінің үлесіне тиді. Қарағанды көмір бассейні Донбасспен Кузбастанкейінгі КСРО-ның үшінші көмір ошағына айналды.

Алайда осындай жетістіктерге қарамастан КСРОжүйесінде шикізат аймағына айналған Қазақстанның халқы еңбек бөлінісінің адам өмірі мен денсаулығы үшін өте ауыр, аса қауіпті, зиянды бөлігін орындады. Технологиялық өндіріс көлеміндегі жеңіл өнеркәсіп үлесі 3% - дан аспады. Республика өндіріс көсіпорындары тұтыну бұйымдарының 60% - ын ғана канағаттандыра алды. Осылайша әміршіл-әкімшіл жүйе Одақтың біртұтас халық шаруашылық кешеніндегі табиғи қорларға бай Қазақстанның рөлін анықтап берді. Индустрияландыруды жүзеге асырудың барысында Қазақстанда жұмысшы табы қалыптасты. 1930жылдардың ортасында халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің 24 пайызын жұмысшылар құрады. Индустрияландыру кезеңінде қалалардың урбанизациялану және ірілену үрдісі жүріп жатты. 1940жылы қала халқының жартысына жуығы 50 мыңнан астам адам тұратын қалаларға шоғырланды.

Әлеуметтік саладабайыпты өзгерістер орын алды: жұмысшы табының саны және мамандық дөрежесі өсті, жұмысшылармен шаруаларданжаңа инженерлік - те хникалық зиялылар тобы қалыптасты, басқарушылар аппараты өсті. Халық шаруашылығын әміршіл-әкімшілдік тәсілмен басқару түпкілікті орнықты.

Қорыта айтқанда, большевиктер индустрияландыру саясатын жүзеге асыру нәтижесінде өлкенің экономикалық даму үрдісіне толық өзгеріс әкелді. Бұрынғы кезеңде жетекші орында болған ауыл шаруашылығы, әсіресе, көшпелі мал шаруашылығы және оның өнімдері әрі қарай дамытылмай, дағдарысқа ұшырады. Оның себебі большевиктік саяси басқару жүйесі өлкенің экономикалық дамуының бағытын өзгертті, яғни халық шаруашылығының жетекші саласы етіп өнеркәсіп өндірісін белгіледі және оның қарқынын жеделдетті. Кеңес үкіметі экономикалық дамудың объективті заңдылықтарын мүлде жоққа шығарды. Халық шаруашылығының барлық саласы әкімшіл-әміршіл большевиктік басқару әдісіне бағынышты болды. Өлкенің бұл кездегі өнеркәсіп өндірісінің дамуы шын мәніндегі индустриялық даму жолымен жүргізілмеді. Кеңес өкіметі республиканы тек шикізат көзі етіп пайдаланды. Сөйтіп, большевиктер патшалық Ресейдің өлкені экономикалық тұрғыдан отарлау саясатын одан әрі жалғастырды.

3.


жүктеу 306,2 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау