|
134 Мәтіндік сұрақ-мәтін. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
|
бет | 7/12 | Дата | 20.12.2022 | өлшемі | 61,66 Kb. | | #40700 |
| Мәтін сұрақтар 202114-мәтін. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
2.1993 жылы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап теңге Қазақстан Республикасындағы бірден-бір заңды төлем құралына айналсын.
3. Теңгені Қазақстан Республикасының аумағында меншік нысандарына қарамастан барлық жеке заңды тұлғалар төлемдердің барлық түрінде, сондай-ақ ешқандай шектеусіз салымдар мен шоттарға қосу үшін банктер қабылдауға міндетті.
4. Осы жарлық қол қойылатын сәтінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев.
Алматы
12 қараша, 1993 ж.
Мәтін бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы енгізілді: ++ 15 қараша 1993 ж.
15-мәтін. «Жылқының ертерек қолға үйретілгені жөніндегі тың дәлелдерді Scierce журналының жаңа санында ағылшынның Эксетер университетінің Алан Оутрам басқарған көпұлтты археологтар командасы жариялады. Еуразия тарихына деген көзқарасты түбірімен өзгертетін жаңалық туралы шетелдік басылымдар жарыса жазуда. Біріншіден, ғалымдар төрт жерден табылған жылқы қаңқаларының түрі мен өлшемін талдаған. Оларды осы өңірлерде, осы кезеңдерде өмір сүрген жабайы жылқылардың, бұдан жүздеген жылдар кейінірек қола дәуіріндегі қолға үйретілген жылқылардың және монғолдың қолға үйретілген жылқыларының сүйектерімен салыстырған. Зерттеушілер, сүйегі ірі жабайы жылқыларға қарағанда бұл жылқыларының «сымбаттырақ» болғандығын және қолға үйретілген жылқыларға жақындау екендігін айтады. Дәлелдердің екінші тобы жылқының тістеріндегі іздер мен қаңқа тканінің бұзылуына байланысты. Зерттеушілер оны жұмысқа пайдаланған жылқыны басқару үшін кигізілген жүген мен ауыздықтың, жауырдың салдары деп есептейді. Тістегі мұндай кетіктерді археологтар бұрыннан бері қолға үйретудің дәлелі деп есептен келеді. Дәлелдердің үшінші тобы қыш ыдыстың қабырғасындағы май қышқылдарының дағымен байланысты. Ыдыс қабырғасындағы дақтар бие сүтінің ізі. Бұның өзі тұрғындардың қымызды қалай ашытуды білгенін дәлелдеп тұр». Мәгінде сипатталған шетелдік археологтар қазба жұмыстарын жүргізген өңірді анықтаңыз:++Ботай
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|