61
студенттердің қызметі бейінді оқыту жағдайында педагогикалық міндеттер
жүйесін құру, педагогикалық жобалау нысандарын таңдау жолымен, ойын
модельдеудің
түрлерін кеңінен пайдалану, бейінді оқыту жағдайында
оқушылардың жеке білім траекториясын жасау жолымен оқытушының
инновациялық қызметін модельдеуге бағытталуы тиіс.
Болашақ ұстазды даярлау үшін ең маңыздысы - жалпыкәсіптік пәндер,
арнайы курстар мен арнайы семинар циклдері бойынша таңдалатын пәндер.
Бұл пәндер педагогикалық жоғары оқу орын студенттерін даярлаудың негізгі
деңгейін ұлғайтады және толықтырады және кәсіби қызметте болашақ
оқытушылардың тиімді бейімделуге мүмкіндік туғызады. Бейінді оқыту
жағдайында пәндерді тағдау бойынша меңгеру аясында пәндік салалардың
ықпалдасуы (педагогика, психология, оқыту әдістемесі) айрықша өзектілікке ие
болады.
Ауылдық шағынжинақты мектептер туралы кейбір мақалаларда ауылдық аз
ғана мектептерде бейінді оқытуды іске асырудың күрделілігі айтылады.
Біріншіден, ауылдық шағынжинақты және аздаған мектеп мұғалімдерінің
бейінді оқытуды жүзеге асыру үшін оқу сағаттарының аз болуы әсер етеді,
себебі олардың жүктемесі мектептегі жиынтық-сыныптар санына байланысты.
Екіншіден, азын-аулақ мектеп жағдайында барлық бағыт бойынша жоғары
деңгейлі мамандар тапшы болып келеді.
Кейбір ауыл мектептерінде аздаған кедергілерге қарамастан, бейіндік және
элективтік курстарға бірден, болмаса, екі профиль бойынша өткізеді. Қазір,
бұрынғы замандағыдай, ауыл оқушысы таңдай алмайды, себебі шешімін
таппаған кадрлық проблема – педагогтардың жеткізілксіз даярлығы кедергі.
Сондықтан ауыл оқушыларды бейінді оқыту сапасы қалалық оқушылармен
салыстырғанда айтарлықтай төменгі деңгейге бағдарланады.
Алайда ауыл оқушыларын бейінді оқыту сапасын желілік ұйымдар есебінен
көтерудің әлі де мүмкіндіктері бар.
Бірінші нұсқа, тұжырымдамада көрсетілген жағдай мектеп арасының
ұзақтығына байланысты ыңғайсыз саналады. Бір-біріне жақын орналасқан
(9-30 км) мектептер арасынан өзгелері үшін «ресурс орталығы» болатын біреуін
таңдау қажет. Алайда, қарашадан бастап сәуірге дейін жалғасатын сібір
қысында оқушыларды «ресурс орталығына» жеткізу денсаулыққа зиян болуы
да мүмкін. Экономикалық тұрғыдан бұл да тиімсіз.
Және екінші нұсқа, тұжырымдама авторларының ұсынғанын біздің
жағдайда жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл тағы да елді мекендер-ауылдар және
аудандық әкімшілік орталықтары немесе қалалары арасының қашықтығымен
байланысты. Бұл жерде ара-қашықтық 20 дан 500 км аралыққа дейін саналады.
Жоғары оқу орындары ауыл оқушыларына көшпелі ақылы «жексенбілік
мектеп» сияқты дайындық курстарын ұйымдастырады, бірақ бітірушілер
оқытушыларымен аптасына бір рет қана кездеседі. Мұндай курстар аудан
орталығының білім беру ұйымдарының бірінің негізінде өткізіледі. Қазіргі
көлік мәселесінің туындауына байланысты аудан орталығында тұрмайтын
аздаған оқушылар ғана осындай курстарға қатысып жүр. Бұған қоса, ауыл
62
шаруашылығында қолдары босамайтын, 6-7 жыл бойы жалақыларын ала
алмайтын ата-аналар балаларының оқуын төлеуге қауқарсыз.
Жоғары сынып оқушыларын бейінді оқыту міндетін шешу үшін басқа да
идеяларға жүгініп көрдік. Олардың
бірі мектептердің
педагогикалық
ұжымдарын өзара әрекеттестіру есебінен пайда болды.
Бейінді оқыту ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану
арқылы қашықтықтан оқыту режимінде іске асады. Бес жалпы білім беретін
«серіктес» мектептердің жоғары сатыларында, негізінен қашықтықтан оқитын
оқушылардың бейіндік тобы қалыптасады.
Бейінді оқыту әртүрлі мектептерде қызмет ететін педагогтар тобымен
жүзеге асырылады. Топта – жетекші ұстаз (ұстаздар), элективтік курс
оқытушылары, кәсіптік топ кураторлары қызмет етеді. Жетекші ұстаздар
«серіктестіктің» әлдеқайда жетік даярланған педагогтары қатарынан шығады.
Бейіндік және элективтік курсқа жетекшілік ететін жетекші ұстаздар міндетіне
оқушыларға арналған оқу материалдарын әзірлеу және оларды қашықтықтан
оқыту режиміне үйрету кіреді. Бейіндік топ кураторлары оқушылардың жеке
білім беру бағдарламаларын
құру және оларды іске асыру
үдерісін
ұйымдастырады. Сонымен қатар, кураторлар қашықтықтан оқыту үдерісінде
балаларды «сүйемелдеушілер» болып табылады. Олар әртүрлі жастағы және
түрлі деңгейлі оқу топтары жағдайында алған тапсырмаларын орындауды
ұйымдастырады, оқу үдерісі кезінде туындаған қиындықтарды анықтауға
көмектеседі, жетекші
ұстаздар немесе элективті курс
ұстаздарының
сұраныстарын ресімдейді, күндізгі кеңес беру
қажеттілігін анықтайды,
оқушылардың ата-аналарымен өзара байланысын қолдайды және т.с.с.
Тоқсанына бір рет оқушылардың профиль оқытушыларымен күндізгі
кездесуі ұйымдастырылады (күндізгі сессия). Күндізгі сессияның мақсаттары
мен міндеттері әртүрлі болуы мүмкін – нұсқаущы, сынақ, зертханалық-
тәжірибелік, іздеу-зерттеу және т.б. Мұндай кездесулер қатарына «қысқы және
жазғы мектептер» кіреді, онда бейінді оқыту міндеттері ғана емес, бітіруші
түлектерін тәрбиелеу және
әлеуметтендіру міндеттерін шешу жүзеге
асырылады. Қашықтықтан оқыту режимінде іске асырылатын профильдермен
қатар «күндізгі» оқыту да жүргізіледі. Мысалы, технологиялық профиль -
«тракторшы-машинист» мамандығы, «шаштараз» және т.б.
Негізгі жалпы білім беретін пәндер әр мектептің пән-мұғалімдерімен
қарапайым режимде жүреді.
Бейінді оқыту үдерісін басқару «серіктестіктің» директорлық корпусымен
жүзеге асырылады. Жауапкершілік мектеп директорларының
арасында
төмендегідей бөлінген:
- оқушылардың әртүрлі жастағы бейіндік топтарын ұйымдастыру;
- оқыту бейініне қарай оқушылардың өзін-өзі анықтау үжерісін қамтамасыз
ету: жаратылыстану-математикалық, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық,
технологиялық;
- оқыту үдерісін ұйымдастыру: негізгі, бейіндік және элективтік курстарға
арналған оқу кестесін құру;