12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет1/32
Дата24.11.2018
өлшемі2,65 Mb.
#24536
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру

(эксперимент)

Әдістемелік құрал

Астана

2013



2

Ы.  Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім  академиясы Ғылыми  кеңесімен

баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы № 3 хаттама).

12  жылдық мектепте  бейіндік  оқытуды ұйымдастыру  (эксперимент).

Әдістемелік

құрал.


Астана:  Ы.Алтынсарин  атындағы

Ұлттық

білім


академиясы, 2013. – 87 б.

Әдістемелік құралда үлгілік оқу жоспарында бейіндік пәндер бойынша оқу

жүктемесінің ерекшеліктері, пәндер  бойынша бейіндік  білім беру мазмұны,

мектептерде  бейіндік  оқытуды ұйымдастырудың жолдары  және  бейіндік

сыныптарда

білім  алатындардың педагогикалық кадрларының деңгейіне

қойылатын талаптар қарастырылады.

Құралда  бейіндік  оқытуды ұйымдастыруда  оқушылар  мен  ата-аналардан

алдын ала  сұрақтар бойынша пікірлерін білу және нақты аймақ, қала, ауданның

еңбек  нарығының сұранысы  тірек  ретінде  алынады.  Мектептің  (мамандар,

материалдық-техникалық  қоры)  мүмкіндігі  де  маңыздылығы  жағынан  жоғары

көрсеткіш болып саналады.

Әдістемелік құрал мұғалім-экспериментаторларға, білім беру ұйымдарының

басшыларына,  12-жылдық

білім  беруге  көшу  бойынша  экспериментке

жетекшілік  ететін  облыстық  (қалалық) педагогикалық кадрлар  біліктілігін

арттыру және қайта даярлау институттарының әдіскерлеріне арналады.

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013



3

Кіріспе

Бейіндік  оқыту  мектепте  білім  беруді  дамытуда өзекті  және  маңызды

қадам  болып  табылады.  Осы  сияқты  көлемдегі  барлық басқа  жаңа

енгізілімдер  сияқты,  бұл қадам  да  барынша  ойлануды,  тындырымды

нақтылауды    керек  етеді.  Ең алдымен,  «бейіндік  оқыту»  және  «бейіндік

мектеп» ұғымдарын ажырату қажет.



Бейіндік  оқыту – саралай  және  даралай  оқытудың құралы,  білім  беру

үдерісінің құрылымында, мазмұны мен ұйымдастыруында өзгертулер енгізе

отырып, 

оқушылардың 

 

қызығушылықтарын,



қабілеттері 

мен


бейімділіктерін 

ескеретін, 

жоғары 

сынып 


оқушыларының

бейіндік


қызығушылықтарына  және  таңдаған  бағыттарына  білімді  жалғастыруына

сәйкес оқыту жағдайларын жасау.



Бейіндік  мектеп – осы  мақсатқа  жетудің институционалдық формасы.

Бұл  негізгі  форма  болғанымен,  жекелеген  жағдайларда  бейіндік  оқытудың

басқа  формалары  перспективалы  бола  алады,  оның ішінде  білім  стандарты

мен бағдарламаларды  жүзеге  асыруда    жеке  білім  беру ұйымынан  тысқары

шығара алатын формалар да болады.

Бейіндік  оқыту  жеке  тұлғаны қалыптастыруға  бағдарланған оқыту

үдерісін 

жүзеге 


асыруға 

бағытталады. 

Бұл 

ретте 


оқушылардың

индивидуалдық білім  алу  траекториясын  реттеу  мүмкіндігі  кәдімгідей

кеңейеді.

Бейіндік оқытуға көшудің көздеген мынадай негізгі мақсаттары бар:

- жалпы  орта  білім  берудің жекелеген  пәндерін  тереңдете  оқытуды

қамтамасыз ету;

- оқушылардың индивидуалдық білім  бағдарламаларын құрудың кең

ауқымдағы және  икемді  мүмкіндіктерін  анықтай  отырып,жоғары  сынып

оқушыларын оқыту мазмұнын мәнділікпен саралауға жағдай жасау;

- оқушылардың 

қабілеті 

мен 


индивидуалдық

бейімділіктеріне,

қажеттіліктеріне  орай,  түрлі  категориядағы  оқушылардың

толыққанды

білім алуға  тең қолжетімдігін орнатуға ықпал ету;

- оқушылардың  әлеуметтену  мүмкіндіктерін  кеңейту,  жалпы  және

кәсіби  білім  беру  арасындағы  сабақтастықтың  қамтамасыз  ету,  мектеп

түлектерін  жоғары  кәсіби  білім  бағдарламаларын  меңгеруге  тиімділікпен

даярлау.

Бейіндік білім беру ұйымы бүгінгі күні аса қажет ететін мәселелер:

- оқушылар мен тәрбиеленушілерге кәсіби бағдар беру, бейіналды және

бейіндік даярлауды жүзеге асыру брйынша жүйелі жұмыс жүргізу, нәтижесі

түлектердің



болашақ

мамандығын 

игеруге 

жоғары 


деңгейдегі

психологиялық және интеллектуалдық (білімдік) даярлығы болуы;

- кәсіби  бағдар  беру,  бейіналды  және  бейіндік  оқыту  бағдарламалары

бойынша 


көрестілетін 

білімдік


қызметке 

білім 


беру

үдерісіне

қатысушылардың сұранысы болуы;

- біліктілігі бар мамандар құрамы болуы;




4

- қажетті материалдық-техникалық базасы болуы;

- таңдалған бағыт бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі;

- оқушылардың  өзін-өзі  тануы  мен әлеуметтік  бейімделуі үдерістерінің

жүйелі психология-педагогикалық қамтамасыз етілуі;

- бейіндік  пәндердің оқытылу  сапасын  бақылайтын  және әдістемелік

қамтамасыз  ететін әдістемелік  кеңес  болуы;    бейіналды  және  бейіндік

оқытуды


ұйымдастыру 

мен 


нәтижелерінің

бағаланымы 

бойынша

аналитикалық іс-әрекеттер  жасау;  таңдалған  бағыттар  бойынша  зерттеулер



мен әзірлемелердің оза  жүру  сипаты;  бейіналды  және  бейіндік  оқытудың

бағыттарына  сәйкес    келетін  кәсіби  бағдар  беру  жұмысының мазмұны  мен

формаларын әзірлеу;

- ақпараттық-талдау қызметін ұйымдастыру.

Жалпы  білімнің жоғары  сатысын  жаңалаудың басты  идеясы - мұндағы

білім  беру  барысының неғұрлым  индивидуалдануы,  функционалдануы  мен

тиімді болуы.

Көпжылғы  тәжірибе  көрсеткендей,  жасөсіпірім  шақтың  15

жас

шамасынан 



бастап 

білім 


беру 

жүйесінде 

оқушылардың 

өз

қызығушылықтарының,  қабілеттерінің және  мектептен  кейінгі өмірлік



жоспарларының жүзеге асырылуына жағдайлар жасалынуы керек.

Әлеуметтік  зерттеулер  жоғары  сынып  оқушыларының көпшілігі  (70%

шамасы)  «негізгі  пәндердің басты қағидаларын  білу,  ал  терең оқуға  тек

мамандануға  байланысты  пәндер ғана  таңдалуына»  мүдделі  екендігін

көрсетеді.  Басқаша  айтқанда,  жоғары  сынып  оқушыларында  оқытуды

бейіндендіру  жоғары  сынып  оқушыларының көпшілігінің

білімдік  және

өмірлік


ұстанымдарына  сәйкес  келеді.  15-16  жасқа  таман  көптеген

оқушыларда  болашақ кәсіби қызметіне  бағдар қалыптаса бастайды.

Қазіргі  кезеңде  жоғары  сынып  оқушыларының ЖОО-ға  түсу  мен

сынақтардан

өтуі 

бойынша 


мектепте

қосымша 


мамандандырылған

даярлықтың қажеттілігі туралы тұрақты пікір қалыптасқан.

Жалпы  білім  беретін ұйымдардағы  жоғары  сынып  оқушыларының

дәстүрлі 

бейіндік 

емес 


даярлығы 

мектеп 


пен 

ЖОО


арасындағы

сабақтастықтығы  бұзылуына  алып  келді,  ЖОО-ларда  көптеген  даярлық

бөлімдерін,  репетиторлық, ақылы  курстар  т.б.  ашуға  жетеледі.  Жалпы  орта

білім  беретін  мектептің міндеті – жоғары  сынып  оқушыларының кәсіби

бағдар алуына жағдайлар жасау.

Әлемдік    ақпараттық кеңістіктің дамуына  байланысты,  білім  беру

саласын да жаңа қарқынмен, жаңа мазмұн байлығымен дамыту керек. Білім

мазмұнында қоғамның құндылықтары, рухани және шығармашылық әлеуеті

қалыптасатындай күш болуы керек.

Ол үшін    білім  беруге  деген  көзқарас  түбегейлі өзгеруі  керек,  атап

айтқанда,  оқушылар  тек  білім,  білік,  дағдыны  меңгеріп қоюы ғана

көзделмей,  есесіне,  адамдық болмысының  қалыптасуына, әрқайсысының

қайталанбас өзіндік  тұлғасы қалыптасуына  ден қою  керек.  Бейіндік

оқытудың түпкі көздейтін мақсаты  осындай болуы керек.




жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау