12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет22/32
Дата24.11.2018
өлшемі2,65 Mb.
#24536
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32

52

6

Бейіндік

сыныптарда

білім 

алатындардың

педагогикалық

кадрларының деңгейіне қойылатын талаптар

Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің ерекшелігі сонда, ол оқушыны тек қана

біліммен қаруландыруға ғана қабілетті болып қоймай, сонымен қатар өздігінен

үздіксіз  және  шығармашылық

тәсіл  арқылы  жаңа  білім  алуға  деген

құштарлықты қалыптастыру, өздігінен  білімін  жетілдіруде  біліктілігі  мен

дағдыларын  шыңдауға  жағдай  жасау.  Білімді  жетілдірудің басты  нәтижесі

ретінде  мектеп  бітірушілердің, жастардың  өз  амандығы үшін  де, қоғамның

амандығы үшін  де  жеке  жауапкершілікті  көтеруге  дайын  болуы  мен

қабілеттілігі қарастырылады.

Бейінді оқытудың жемістілігінің басты  және негізгі  шартының бірі,  жалпы

білім  беру  жүйесін  жетілдірудің артықшылық бағыты  ретінде  мұғалімдердің

кәсіби құзіреттілігін арттыру болып саналады.

Бейінді мектепке жаңа кәсіби сана-сезімді мұғалімдер қажет, тәжірибеде:

- білім беру үдерісін нұсқалық және тұлғалық бағыттылығын;

- білім беруді тәжірибелік әрекетке бағыттаушы;

- оқушылардың кәсіби өзіндік  таңдауын  аяқтауын қамтамасыз  ететін

мұғалімдер қажет.

Бейінді 

мектептің

мұғалімі 

оқушылардың

жобалау, 

іздеу-зерттеу

әрекеттерін ұйымдастырудың  әдістерін  меңгеруі  тиіс.  Мұғалімдердің кәсіби

қиыншылықтарын  оқып-білу,  дәл қазіргі  уақытта  жоғары  мектепте  бейінді

оқытуды  енгізу  мұғалімнің  өз қызметінің сапалы өзгеріске ұшырауына

дайындығына байланысты екендігі жайлы қорытынды шығарылды. Оларға:

1) пәннің бейінді және базалық деңгейіндегі мазмұнын меңгеру;

2)  сабақтың барысында  және  сабақтан  тыс  уақытта әрекеттің  әр  түрлі

тәсілдерін қолдану:    оқушылардың зерттеушілік  және  жобалық жұмыстары,

танымдық әрекетті ұйымдастырудың топтық және жеке түрлері;

3) мектепішілік бағалау жүйесінің өзгеруі, бағаны жинақтау технологиясын

меңгеру;


4) элективті курстардың сабақтарын ұйымдастыру әдістерін меңгеру;

5)  оқудағы құзіреттілік  көзқарастың мәнін  түсіну.  Басқа  сөзбен  айтқанда,

мұғалім әрдайым өз  білімін  жетілдіріп  отыруы,  жаңа  технологияларды

(сонымен қатар компьютерлікті де) және жұмыстың әдістерін меңгеруі тиіс.

Бейіндік  оқытуды  енгізудің бір  шарты - бейіндік  мектепте қызмет  ететін

педагог мамандарды дайындау, біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау.

Бейіндік  мектептің мұғалімі  тек  жоғары  деңгейдегі  маман,  бейінге  сәйкес

және өз қызметінің маманы  болып қана қоймай,  мыналарды қамтамасыз  етуі

тиіс:

- білім беру үдерісінің вариативтілігі мен жеке тұлғаға бағдарлануын (жеке



білім алу траекториясын жобалау);

- білім  беру үдерісіне  интерактивтік, қызметтік  компоненттерді  енгізе

отырып,  практикалық бағдарын қамтамасыз  ету  (жоба-зерттеушілік  және

коммуникативтік әдістерді игеру);




53

- жоғары  сынып  оқушыларының бейіндік  еректенуінің аяқталуын  және

олардың таңдаған  кәсіби  саласы  бойынша  білім  алуына қажетті қабілеті  мен

құзыреттері қалыптасуын.

Мұғалімге қойылатын  жаңа  талаптар  бейіндік  оқытуға  көшу  жағдайында

педагогикалық білім  берудің  әрі қарай  жалғасуын  және қызметте  жүрген

педагог  мамандардың біліктілігін  жоғарылатудың  қажет әрі  талап  екенін

дәлелдейді.

Жуық арадағы  жылдарда  бейіндік  мектептегі  оқытушылық жұмыстың

негізгі  көлемін қазіргі қызметттегі  педагогтердің корпусы  атқаратын  болады.

Осымен де байланысты, мұғалімдердің кәсіби дайындығының керекті деңгейін

қамтамасыз  ету үшін,  бейіндік  мектепте  жұмыс  жасауға  ниет  білдірген  арлық

мұғалімдерге  арналған қайта  даярлау  немесе  біліктілікті  жоғарылатудан өтіп,

арнайы куәлік (сертификат) алу міндеттеледі.

Педагогтерді  дайындаудан  басқа  тағы    да  бір  маңызды  мінде  бой  көтеріп

отыр, ол – бейіндік оқытуға кезеңмен көшу.

Бейіндік оқытуды енгізуді жоспарлау барысында назарда болатын маңызды

тетік – білім  беру  мазмұнын  жаңартуға  және  оны қамтамасыз  етуге

(стандарттар,  оқуқұралдары, үлгі  бағдарламалар,  оқулықтар мен әдістемелік

құралда,  мамандарды қайта  даярлау  т.б.)  дайындық жұмыстарының айқын

қажеттілік танытуы.

Бейіндік  оқытуды  енгізудің

алдын  ала  кезеңі

мектептің



негізгі

басқышыныда  бейіналды  оқытуға  көшу.  Білім  беруді  басқару  органдарының

қолдауымен 

 

мұғалімдер 



мен 

басшылардың

біліктілігін 

жетілдіруді

ұйымдастыру  керек,  мектепті  бейіндік  оқыту  талаптарына  жауап  беретін  оқу

құралдарымен, керек тұста оқулықтармен қамтамасыз ету.

Бейіндік  оқытуды  енгізер  алдында  жалпы  білім  беру ұйымдарында

оқушылардың

бейіндік  оқытуды  таңдауы  бойынша

қомақты  жұмыстар

атқарылуы керек (сауалнама жүргізу, ата-аналармен әңгімелесу т.б.).

Осылармен  бір қатарда  бейіналды  сынып  түлектерін  бейіндік  мектептерге

(сыныптарға,  топтарға)

қабылдаумен  байланысты  іс-шаралар  жүргізіліп

жатады. Түрлі  деңгейдегі  білім  беруді  басқарушы  органдар  білім  беру

ұйымдарының бір-бірімен желілік өзара байланыста жұмыс істеуіне мұрындық

болып, ұсыныстар  беруі  керек.  Мұндай  жұмыстардың нәтижесінде    жоғары

сынып  оқушылары    бейіндік  деңгейде,  бейіндік  емес  (жалпы  білім  беретін)

мектептерде, сыныптарда, топтарда толыққанды орта білім алу мүмкіндігіне ие

бола алады.

Келесі кезеңде жұмыс  жаңа замандағы оқу әдебиеттерін жасаумен, базалық

оқу  жоспарын  нақтылаумен,  бейіндердің  үлгілік  оқу  жоспарларын әзірлеу  мен

қабылдаумен, жыл сайынғы сәйкес аймақтық бағдарламалар негізінде бейіндік

оқытуға  көшетін  мектептер  мен  оқушылардың

саныны  көбейтілуімен

жалғастырылады.

Мектептің бейіналды дайындауға көшуі - маңызды міндеттердің бірі болып

табылады.




жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау