12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)


 Бейіндік оқытудың нормативтік құқықтық базасы



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет2/32
Дата24.11.2018
өлшемі2,65 Mb.
#24536
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

5

1 Бейіндік оқытудың нормативтік құқықтық базасы

Елімізде білім беру үдерістерін реттеуші негізгі құжат болып 2007 жылы

қабылданып,  2011  жылы өзгертулер  енгізілген ҚР  «Білім  туралы»  Заңы

табылады [1].

Сонымен бірге бейіндік оқытудың нормативтік-құқықтық негізіне:

- Қазақстан  Республикасының  1997 жылдың  11 шілдесінде қабылданған

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы;

- Қазақстан  Республикасының  2002 жылдың  8 тамызында қабылданған

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» №345 Заңы;

- Қазақстан 

Республикасының

Президенті

Ұлт 


Көшбасшысы

Н.Ә.Назарбаевтың 

Қазақстан 

халқына 


Жолдауы 

«Қазақстан-2050»

стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»;

- Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020

жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы;

- Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту  мен қолданудың  2011-

2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-

2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары;

- «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру  объектілеріне

қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық

талаптар»

санитариялық

қағидаларын  бекіту  туралы Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  2011 жылғы

30 желтоқсандағы № 1684 Қаулысы.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға

арналған  Мемлекеттік  бағдарламасында  2015  жылдан  бастап  жалпы  білім

беретін 

мектептердің,

интеллектуалдық

мектептердің,

лицейлердің,

гимназиялардың

жоғарғы  сыныптарында  бейіндік  оқытуға  арналған

«Бейіндік  мектеп»  бағдарламасы  іске қосылады  деп  атап  көрсетілген.

Бейіндік мектепке қабылдау ұлттық тестілеу негізінде жүзеге асырылады.

Бейіндік  мектепте  10  сыныпты  аяқтаған  түлектердің  60% оқиды  деп

күтіледі.  Бұл  ретте  бейіндік  мектептер  ашып,  олардың

жанынан


жатақханалар  ашылып,  олардың жартысынан  көбі – ауылдық жерлерде

болады  деп  күтілуде.  Осымен  бір  мезгілде,  базаларында  бейіндік  оқыту

бағдарламаларын  жүзеге  асыратын  мектептер  ашылатын  40 базалық ЖОО

анықталған (11-12 сынып) [2].

Жинақталған  тәжірибе  мен

халықаралық

практиканы  ескергенде,

Қазақстанның білім  беру  жүйесі  2015  жылдан  бастап  БХСЖ  сатыларына

сәйкестендіріледі.  Арнайы  техникалық және  кәсіби,  ортадан    кейінгі  білім

жіктелісі қайта қарастырылатын  болады.  Жекелеген  орта  кәсіби  білім

бағдарламалары

үшіншілік  білім  беруге  (қолданбалы  бакалавриатқа)

жатқызылатын болады, сөйтіп колледждердің мәртебесі жоғарылайды.

Қолданбалы  бакалавриат  бағдарламаларына  оқуға  түсу үшін  толық

жалпы орта білімді аяқтау міндетті болып табылады.



6

Әлемдік  тәжірибені  ескере отырып,  оқушылардың оқу  жетістіктерін

бағалау  жүйесі дамытыла бастайды. Ұлттық тестілеу  бастауыш,  негізгі және

бейіндік мектепті аяқтаған соң жүргізілетін болады:

- бастауыш  мектепте – оқушылардың оқу  жетістіктеріне  мониторинг

жасау мақсатымен іріктелініп жүргізіледі;

- негізгі  мектепте  (10  сыныптан  соң)

оқытудың    әрі

қарайғы

траекториясын анықтау мақсатымен жүргізіледі;



- бейіндік  мектепте – алынған  білім  мен  білік  деңгейлерін  бағалау

мақсатымен жүргізіледі.

2015  жылға қарай    білім  алушылардың  құзыреттілігі қалыптасу  деңгейін

анықтауға  арналған,  жазба  тапсырмалар қосылған  тестілік  тапсырмалардың

қоры қалыптасады.

Сыртқы 


емтихандар 

жаңа 


ақпараттық

технологиялар 

негізінде

жүргізілетін  компьютерлік  тестілеу  бойынша  жүргізіледі.  Жоғары  білім

алуға үміткерлер  тәуелсіз ұлттық тестілеу  формасындағы қосымша  бейіндік

емтихандар тапсырады [2].




7

2

Үлгілік  оқу  жоспарындағы  бейіндік

пәндер  бойынша

оқу

жүктемесінің ерекшеліктері

Бейінді оқытудың әдістемелік негізі

Бейінді  оқыту – білім  беру үдерісінің  құрылымында,  мазмұнында және

ұйымдастырылуындаға өзгерістер  есебінен  оқушылардың  қызығушылықтары,

бейімдіктері  және қабілеттері  толық есепке  алынғанда,  оқуды  жалғастыруға

байланысты  жоғары  сынып  оқушыларының кәсіптік қызығушылықтары  мен

ниеттеріне  сәйкес  білім  алулары үшін  жағдай  жасалған  кездегі  білімді

дифференциациялау  және  даралау құралы.  Бұл  ретте  оқушының жеке  білім

траекториясын құру мүмкіндігі ұлғаяды.

Бейіндік  мектеп  осы  мақсатты  іске  асырудың институциналды  түрі, әрине

бірегей  емес  негізгі  түрі  болып  табылады.  Жекелеген жағдайда,  бейінді

оқытудың басқа  түрлері  де  перспективті  болуы  мүмкін,  мысалы,жеке  бір

мектеп қабырғасында,ы  сәйкес  білім  бағдарламаларын  іске  асыратын  түрлер.

Экспериментке қатыастын  жалпы  білім  беретін  мектептер  «сынақ алаңы»

ретінде ғана  емес,  бейінді оқытудағы  жаңа құрылымды  ашудағы  серіктес

ретінде танылады.

Профиль  базистік  оқу  жоспарымен  (ТОЖ)  бекітілетін  оқу  уақытының

минимальды  көлемі,  санитарлық жүктеменің максималды  лимиті  сияқты  оқу

жүктемесінің нормасына қатысты  жалпы  шекті  талаптарға  жауап  беретін

негізгі,  бейіндік  және  элективті  курстардың бірігуі  болып  табылады.  Демек,

негізгі,  бейіндік  және  элективті  курстарды  біріктіру  арқылы  оқушыларға

әртүрлі дайындық деңгейімен (оқушымен таңдалған) оқу орнын бітіріп шығуға

мүмкіндік  беретін  толық орта  білімді  алып  шығудың жеке  бағдарламасын

немесе жеке бағытын құруға мүмкіндік [3].

Бейінді  оқыту – бұл  оқушылардың  қызығушылықтары,  бейімдіктері  және

қабілеттері  есепке  алынатын,  оқушылардың кәсіптік  таңдауларына  сәйкес

олардың дамуына  жағдай  жасалатын,  оқу қызметін ұйымдастыру  түрі,  оқуды

дифференциациялау және даралау түрлерінің бірі.

Бейінді  оқытудың  әдістемелік  тәсілдері,  стратегиясы,  мақсаты  мен

міндеттері қандай? Алдымен түсініктердің мағынасын ашып алу қажет.

Жалпы  орта  білім – оқушылардың функцоналдық сауаттылығы  мен

әлеуметтік  бейімделуін қамтамасыз  етуге,  оларды қоғамдық және  азамттық

өзін-өзі анықтауына атсалысуға бағытталған жалпы білімнің соңғы сатысы. Бұл

функциялар өзінің азаматтық  құқықтары  мен  міндеттерін  тани  алатын, өзінің

әлеуетті  мүмкіндіктері,  таңдаған өмірлік  жолын  іске  асыру  ресурстары  мен

тәсілдерін  анық тани  білетін, әлеуметтік  сауатты  және әлеуметтік  мобильді

тұлғаны қалыптастыруға  мақсаттардың бағытталғанын  көрсетеді.  Аталған

мақсаттарды  тиімді  іске  асыру  оқытуды  даралар  және  оқушыларды

әлеуметтендіруге  бағдарланған,  соның ішінде  бастауыш,  орта  және  жоғары

кәсіптік  білім ұйымдарымен  мектептердің жоағыр  сатылары  профилі  мен

кооперациясының икемді  жүйесін  жасау  сияқты  еңбек  нарығының шынайы

қажеттілігі  есебімен,  жалпы  білім  беретін  мектептердің жоғары  сыныптарда



жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау