12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет23/32
Дата24.11.2018
өлшемі2,65 Mb.
#24536
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32

54

Жоғары  басқыштың бейінділігі  идеясының жүзеге  асырылуы  негізгі

басқыш түлегін жауапкершілігі жоғары таңдау жасау қажеттілігіне алып келеді

– өзінің


болашақ мамандығын  таңдаудың тірегі  болып  табылатын бейіндік

бағыт алдындағы оқушының еректенуі басталады.

Бейіналды  дайындықты  таңдау  курстары  арқылы  енгізу - білім  кеңістігін

құрудың  қажетті  шарттары  ретінде  танылады.    Таңдау  курстарының басты

қызметі - кәсіби бағдар беру.

Осымен  де  байланысты,  мұндай  курстардың саны,  мүмкіндігінше,  мол

болғаны  дұрыс.  Ол  курстар қысқамерзімді  және  алмаспалы  болып  келуі  және

оқу модульдері түрінде жинақталып берілуі керек.

Одан әрі  негзгі  басқыш  түлегінің аттестациялануы  мен  олардың мектептің

жоғарғы  бейіндік  сатысына  түсуін ұйымдастыруы  туралы  мәселе қойылады.

Қазіргі бар тәжірибеге сүйенетін болсақ, білім алуды  нақты жалпы білім беру

ұйымдарының жоғары  сыныптарында  (лицей,  гимназия)  жалғастырудың

бейіндік  сыныптардан  гөрі  көп  екенін  көреміз.  Бейіндік  оқытуға  көшу

жағдайында өзекті  болуы  мүмкін  конкурстық іріктеу  жағдаяты  туындауы

мүмкін.  Сондықтан    мұндай  конкурстық іріктеудің ашық жариялы өткізілу

жайы туралы мәселені шешу керек.

Атап өтетін  мәселе,  жекелеген  жалпы  білім  беру ұйымдарының жоғары

сныптарына конкурстық іріктеу әр баланың жалпы білім алуға деген бекітілген

құқығына қайшы келмейді.

Осымен  байланысты,  мектептің негізгі  басқышы  түлектерінің  қорытынды

аттестациясымен қатар,  оқушылардың белгілі  бір  бейін  бойынша  білімін

жалғастыруға  дайындық

деңгейін  айқын  бағалаудың белгілі  бір    формасын

анықтау  керек.  Сонымен  бірге  бейіндік  мектепке  конкурстқы  іріктеудің

рационалды  және  жариялы  ашық тетіктерін  жаппай  тәжірибеге  енгізетін

негіздемелерді жасау қажет.

Бұл  ретте  маңызды  орын  жинақтау  бағасын  (портфолио – «жетістіктер

портфолиосы») 

енгізуге 

беріледі, 

онда 


оқушының

түрлі 


жобаларды

орындаудағы,  реферат  жазу,  шығармашылық жұмыстар  орындаудағы,  таңдау

курстары  бойынша қолл  жеткізген  нәтижелерінің

жетістіктері  белгіленіп

отырады.

Облыстық білім  беруді  басқармалары қол  жеткізуге ұмтылған әрбір

оқушының жалпы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Қазіргі  заманның бейіндік  мектебі  тек қажетті  мамандар  болғанда ғана

аяғына  тік  тұрып  кете  алады.  Ондай  мамандар  бейіндік  пәндерді  жүзеге

асырып,  оқыту  барысын  негізсіз ұсақ бөлшектенген  оқу  материалдарымен

ауырлатпайды,  және  де    бейіндік  емес курстарды  оқытуға қойылатын

талаптарды  күрделендірмейді.



Бейіндік сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер мыналарды айқын есте

тұтулары тиіс:

- бейіндік сыныптардағы білім мазмұнын өзгерту;

- білім беру технологияларын өзгерту;

- бейіндік оқытуды нормативтік тұрғыдан қамтамасыз ету;




55

- оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

- оқушылардың бейіндік дайындығын бағалау критерийлерін анықтау.

Жоғары  сынып  оқушыларын  бейіндік  оқытатын  педагог  мамандардың

дайындығы  мәселелісн  шешуде  жоғары  педагогикалық білім  беретін ұйымдар

мен педагог мамандарды қайта даярлау жүйесіне ерекше орын беріледі.

Бейіндік  мектеп  мұғалімінің алдына қойылатын  жаңа  міндеттер  оның

барлық күш-қуатын  бойына  жинап,  педагогикалық еңбек  еткен  жылдарда

жинақтаған білімін, білігін жайып шығара алатын болуы керек.

Бүгінгі  күні  бейіналды  және  бейіндік  оқыту  енгізіліп  жатқан  облыстарда

оны  жүзеге  асырып  жатқан  педагогтердің алдында қалыпты  бір қиындықтар

туындап жатыр. Ол қиындықтарды атап айтатын болсақ:

- мұғалімдердің бейіндік  оқытудың енгізудің нормативтік-құқықтық

базасын білмеу, мақсаты мен міндеттерін айқын түйсінбеуі;

- бейіналды және бейіндік оқытудың арасындағы мақсат пен міндеттерінің,

жүзеге асырылуының айырмашылықтарын түсінбеуі;

- бейіндік білім берудіңмазмұнын, оны оқу-дидактикалық және әдістемелік

қамтамасыз етудің жолдарын толық білмеуі;

- жобалау  біліктерін  меңгермеуі:  мұғалімдер  базалық, бейіндік  не

элективтік  курстарды  жобалай  білмейді,  белгіленген  курстардың мақсатын

айқындай алмайды, ол курстардың мазмұнын әзірлей алмайды;

- мұғалімдердің

психологиялық

білімдерінің

таяз 

болуы; 


сөйтіп

оқушылардың еректену, өзін  таныту  және  ойлағынын  іске  асыру,  ішкі  «Мен-

бейнесін» қалыптастыру барысын  сауаттылықпен ұйымдастыра білмеуі;

- қолжетімді диагностиканыі әдістемесі мен жүргізу жолын білмеуі;

- озық педагогикалық технологияларды және оларды білім беру үдерісінде

өз орнымен қолдана білмеуі;

- оқытудың белсенді әдістерінің  қорыжеткіліксіз  білуі,  оның ішінде

базистік  оқу  жоспарында  көрсетілген  жоба әдісі,  ізденім-зерттеу әдісі,  оқу

тәжірибесі бар;

- компьютерлік  сауаттылығының төмен  болуы,  сөйтіп  оқыту  барысында

ақпараттық,

мультимедиалық,  ғаламторды  және  интерактивтік

әдістерді

қолдану  мүмкіндігінің шектелуі;  ал  оқушылардың  өз  бетімен  білім  алуын

қалыптастыру мүмкіндіктерін пайдалана алмауы т.б.

Бұл  тұста  бейіндік  мектепте  жұмыс жасауы  тиіс    болашақ мұғалімдерді

даярлайтын    педагогикалық ЖОО-ң

орны  аса

үлкен.  Жоғары  сынып

оқушыларына  бейіналды  және  бейіндік  оқытудың мақсаты  мен  міндеттерін,

негізгі  модельдері  мен құралдарын  танытатын  таңдау  курстарын  енгізу ғана

қажет  емес.  Осымен қатар,  жоғарыда  көрсетілген  мәселелерді  кең танытатын

психология,  педагогика,    жекелеген  пәнді  оқыту әдістемесінің базалық

курстарын қайта құру мәселе де аса маңызды болып табылады.



Бейінді оқытудағы педагогтың рөлі

Үкіметтің

білім  беру  саясатында  оқушылардың

танымдық


және

жасампаздық  қабілеттерін  дамытуға,  жеке  жауапкершілігі  мен  жүйелі  білім

алуларына басымдық беріледі.



жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау