(A)
(мкТл)
(мкТл)
1
2
3
4
5
Бақылау сұрақтары
1.
Био-Савар-Лаплас заңын пайдалану реті.
2.
Дөңгелек тоқтың центріндегі магнит өрісінің индукциясы.
3.
r
B
мәні орам санына байланысты ма?
4.
Магнит өрісінің кернеулігі.
5.
Н
г
=
𝑁
2𝑅
𝐼
𝑡𝑔𝛼
өрнегін қорытып шығару.
3,4 - Зертханалық жұмыс
Линзалардың фокус аралығын анықтау тәсілдері
Жұмыстың мақсаты:
Оң (жинағыш) және теріс (шашыратқыш) жұқа
линзалардың фокус аралығын анықтау әдістерімен танысу.
Құрал-жабдықтар:
оптикалық тұғыр, жинағыш және шашыратқыш линзалар,
экран жарық көзі, көру түтігі, нәрсе.
Теориялық кіріспе
Бір немесе екі жағынан сфералық қисық беттермен
шектелген біртекті мөлдір
денені
линза
деп атайды. Линзаның қалыңдығы оның беттерін шектейтін қисықтық
радиустарымен салыстырғанда көп кіші болса, ондай линзалар
жұқа
деп аталады.
Линзалар жинағыш (қос дөңес, жазық дөңес, ойыс дөңес) және шашыратқыш (қос
ойыс, жазық ойыс, дөңес ойыс) болып екі топқа бөлінеді.
Жинағыш линзаның бас
оптикалық осіне параллель түскен сәулелер линзадан өткеннен кейін оның фокусы деп
аталатын нүктесі (суреттегі
1
F
және
2
F
нүктелері) арқылы өтеді (20.1 а)-сурет).
Шашыратқыш линзаның бас оптикалық осіне параллель түскен сәулелер линзадан өткен
соң шашырап шығады (20.1 б)-сурет). Шашыраған сәулелердің
кері бағыттағы жалғасы
бас оптикалық осьте қиылысады. Бұл нүкте шашыратқыш
линзаның
фокус аралығы (CF
2
)
деп аталады. Бұл анықтамаларды линзаның сыну көрсеткіші сәулелер түсетін ортаның
сыну көрсеткішімен салыстырғанда үлкен болатын линзалар үшін қолдануға болады.
20.1-суреттегі С нүктесі линзаның оптикалық центрі. Оптикалық центр арқылы
өткен сәулелер өз бағыттарын өзгертпейді.
Линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін кез келген түзу
оптикалық ось
деп, ал
оптикалық және қисықтық центрлері (О
1
және О
2
) арқылы өткен түзу
бас оптикалық ось
деп аталады.
Жинағыш линза үшін фокус аралығы –оң, шашыратқыш линза үшін
теріс шама
болып табылады.
Линзаның фокус аралығына кері шама
f
D
1
=
линзаның оптикалық күші
деп
аталады да, ол диоптрия деп аталатын метр бірлігімен өлшенеді: 1 диоптрия – фокус
аралығы 1 метрге тең болатын линзаның оптикалық күшіне тең шама
м
Дптр
1
1
=
.
Жұқа линзаның
f
фокус аралығы, линзадан нәрсеге дейінгі
a
қашықтық және
линзадан кескініне дейінгі
b
қашықтық арасындағы қарапайым қатынас арқылы беріледі:
f
b
a
1
1
1
=
+
. (20.1)
Линзаның фокус аралығын оның қисықтық радиустары
1
R
және
2
R
арқылы және
линза затының
n
салыстырмалы сыну көрсеткіші арқылы да анықтауға болады:
+
−
=
2
1
1
1
)
1
(
1
R
R
n
f
. (20.2)
Линзаның көмегімен дененің кескінін салу үшін линзадан өткенде
таралуы белгілі
сәулелер қолданылады; әдетте келесі үш сәуленің екеуі қарастырылады (20.2-сурет);
1-
линзаның оптикалық
центрі
арқылы
өтетін
сәуле
(линзадан өткенде өзінің бағытын
өзгертпейді);
2-
линзаның бас оптикалық
осіне параллель түсетін сәуле (бұл
сәуле
линзадан
өтіп,
оның
оптикалық осін фокусында қиып
өтеді);
3-
линзаның
фокусы
арқылы өтетін сәуле (ол линзадан
өткеннен кейін оның бас оптикалық осіне параллель бағыт бойынша таралады).
Нәрсенің линзадан қандай қашықтықта орналасқанына
байланысты АВ нәрсенің
кескіні үлкейтілген немесе кішірейтілген, нақты немесе жалған болуы мүмкін. Егер
нәрсенің кескіні сәулелердің өзінен емес, олардың кері бағыттағы жалғасынан туындаған
болса, онда нәрсенің кескіні жалған болады.
Кескін өлшемінің нәрсе өлшеміне қатынасы
сызықтық ұлғаю
деп аталады. Демек,
a
b
AB
B
A
Г
=
=
. (20.3)
Линзаның фокус аралығын табу үшін нәрсені, линзаны және экранды олардың
центрлері бір түзудің бойында жататындай етіп орналастыру керек.
Жинағыш және шашыратқыш линзалардың фокус
аралығын анықтаудың едәуір
айырмашылығы бар, сондықтан оларды жеке-жеке қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: