Қолдарындағы кілттердің түсі бойынша үш топқа бөлінеді
1 топ сары
2 топ көк
3 топ қызыл
Білезік – сөзі білек және жүзік сөздерінің бірігуінен шыққан. Білезікті әр түрлі жастағы және әлеуметтік деңгейі әртүрлі әйелдер мен қыз-келіншектер таққан.
Білезіктің түрлеі
Әр өңірде білезіктің өзіндік ерекшеліктері болған. Шығыс Қазақстанда білезіктер жұмыр және төрт қырланып соғылады. Солтүстік және орталық Қазақстандағы әйелдер жұқартып созылған, ширатылған білезіктерді қолданған. Оңтүстік өңірлер құйма, үлкен, сом білезіктерді жасаса, батыстағы жұрт көзді білезіктерді қалаған. Көзді білезіктерді үзбелі деп те атайды. Әр үзбенің үстіне тас орнатылады. Аталмыш білезікті көбіне батыс айтақтарда көп қолданған. Сәнді әрі бағалы саналатын 2-3 жүзікке шынжырлар арқылы бірігетін білезік жүзікті деп аталады. Баса назар аударатын білезіктің тағы бір түрі бес білезік. Оның бес саусақтың барлығына киілетін бес сақинасы болған. Жалпы білезіктің құйма білезік, қос білезік, қуыс білезік, бес білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, жалпақ білезік, сом білезік, жұмыр білезік, өбістірме білезік сынды түрлері өте көп.
Әйелдер білезігі ұрпақ сабақтастығының нышаны ретінде танылды. Мәселен, ертеден бері қалыптасып, жалғасып келе жатқан дәстүрдің бірі, қолындағы білезігін келініне сыйлауы – ененің аманаты. Енесінен сыйға алған білезікті, келіні ертеңгі күні өз келініне сыйлауды өзіне міндет санаған.
Әшекейді неден жасаған
Білезік сонау тас дәуірінен бастап әйел әшекейі ретінде қолданыла бастады. Ежелгі білезіктер сүйектен жасалған. Бертін келе білезікті күміс, алтын және өзге де қолда бар металдардан жасай бастады. Алайда, көбіне әшекейдің күмістен жасалған түрі көптеп таралды. Өйткені күміс қазақ ұғымында киелі металл болды. Ата-бабаларымыз күміс тиген жерін тазартатын күшке ие және адам денсаулығына да тигізер пайдасы мол деп санайды. Әшекейлі бұйымдар санатына жататын қымбат блезік түрлерін дәстүрлі қазақ қоғамында зергер ұсталар арнайы соғатын болған.
Видео мәлімет көрсетемін.
Техника қауіпсіздігін сақтау
1. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме
2. Қайшыны арнаулы қобдишаға сақтау керек.
4. Инені киімге қыстыруға болмайды.
5. Инені тістеп ауызға салуға болмайды.
6. Жұмыс орнын жинақы, таза ұстау.
Ескерту:
1. Пайдалы материалды үнемдеп ұстау.
2. Сәнді бұйымдарды жасай білу.
3. Әр істеген ісінде уақытты тиімді пайдалана білу.
4. Жасаған бұйымын әсем, әдемі болсын.
5. Өз жұмысың таза, ұқыпты болсын. .
Жұмыстың орындалу реті:
1. Қағаз бетіне білезікке арналған өрнекті сал (өлшемі18х4 см)
2. Өрнекті фольга бетіне көшір (фольганың өлшемі 22х10см)
3.Өрнекті бастырып сызып, ортасын толтырып шектемеле.
4.Пластмасса ыдыстан ұзындығы 18 см, ені 4 см жолақ қиып ал.
5. Қиылған жолақты өрнектелген фольгамен қаптап, екі шетін қайырып бүкте.
.
6.Білезіктің ортасын екі жерден бізбен тесіп, оған көзі бар түйме немесе моншақ өткіз.
7.Міне білезік дайын болды.
Білезік – білекке салатын әшекейлі, сәнді бұйым. Оны қымбат металдардан жасайды. Білезіктің пішіні, өрнегі әр түрлі болады.
|