Сабақтың тақырыбы: Ас атасы-нан



жүктеу 65,39 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі65,39 Kb.
#6537
түріСабақ

№ 4 «Шұғыла» балабақшасы




Дене тәрбие жетекшісі: Төлегенова Рыскүл

Әйтеке би кенті

2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Бақшадағы гүлдер»

Мақсаты:Қоршаған ортамен таныстыру,туған жерге,табиғатқа

деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу,гүлдер туралы

мағұлмат беру,гүлдерді өсіру жолымен еңбекке баулу. Алдын ала жұмыс:гүл егетін атыздарды дайындау

Көрнекілігі: Мультимедия арқылы суреттер,табиғат көрінісі,

Керекті құралдар:шелек,тырма,гүл тұқымы,

Әдісі-тәсілі:Мнемо кесте арқылы тақпақ жаттату,түсіндіру,

әңгімелеу,





Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы


Ұйымдастыру

шылық-


іздестіру

Рефлексиялық-

түзетушілік
орындайды:
білді:
үйренді:


Шаттық шеңбер

Күн,мен сенісүйемін

Күн мен сенен өтінемін

Берші маған, алтын күн

Бейбітшілік,мейірімділік

Денсаулық пен жылылық

-Балалар,күн бізге не береді?
-Балалар,мына суретке қараңдаршы

-Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

- Енді осы суреттер арқылы өлең құрастырайық

Гүлдер,гүлдер шоқ гүлдер

Қызыл гүлдер,көк гүлдер

Бақшамызға сән бердің

Суарайын мен сені

-Жарайсыңдар,балалар! Біздер суретке қарап отырып өлең шығардық.

-Бүгінгі біздің іс-шарамызда осы гүлдерге байланысты екен

Тақырыбымыз: «Бақшадағы гүлдер»



Ортаға ара мен көбелек келеді.

-Ара,көбелек сендерге не болды?

-Неге таласып жатырсыңдар?

-Біз қонатын,өзімізге нәр алатын гүлдер таппай жүрміз.

-Көбелек, ара сендер таласпаңдар біздер сендерге көмектесеміз.

-Балалар,ара мен көбелекке көмектесеміз бе?

-Бүгін біз оқу іс-әрекетімізде гүлдер егеміз. Бізбен бірге балалардың қалай гүл егетінін тамашалаңдар.

-Балалар,бүгінгі ауламызда пойыз тұр онда вагондар тіркелген

-Вагондарды санайық

-Вагондар нешеу?

-4 вагон екен

-Біз олардың түстері қандай?

-Балалар біз жұмыс жасағанда бір-бірімізге көмектесеміз бе?

-Неліктен?

-Дұрыс балақайлар өйткені біз достармыз.

-Ал,енді күзде теріп алған гүлдерімізді вагондарға салынған топыраққа егейік.

Алдымен топырақтың үстінен жолақ сызық сызайық,сол жолға тұқымды себелеп шығамыз.Себілген тұқымның үстіне топырақпен бетін жабамыз.Енді су құямыз

-Жарайсыңдар,барлығың жақсы еңбек еттіңдер.

-Балалар,еңбек туралы мақалдар айтайық

Еңбек түбі береке

Көптің түбі береке

Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей
Еңбектің наны тәтті

Жалқаудың жаны тәтті


-Енді гүлге су құйып тұру керек.Сонда гүліміз әдемі болып,тез өседі.Көбелектер мен аралар келіп гүлімізге қонып нәр алады

Көбелек пен ара:Рахмет сендерге,балалар.Бүгін бәрің жақсы жұмыс істедіңдер.

Сергіту сәті:

Баяу музыка ойнайды.

-Өсімдіктер алғаш өнген кезде қандай болады?

-Жапырағын қалай жаяды?


-Гүлдері қалай өседі?
-Жаңбыр жауғанда гүлдер қайтеді?
-Жел соқанда гүлдер кайтеді?
-Балалар,мен сендерге ара мен гүл туралы аңыз айтып берейін.

Ертеде бір патша жарлық беріпті. «Гүл екпеңдер,бидай егіңдер»депті.Гүлдің бәрін құртуға бұйрық беріпті.Бір күні патша ауырып қалыпты.Патшаны емдеу үшін бал керек болыпты.Сонда бір бала гүлдерін құртпай сақтап қалған екен.Сол гүлге бал аралары қонып,бала бал алған екен.Патша сол балды жеп жазылыпты деседі.Содан кейін гүл егіңдер,гүлді көбейтіңдер депті.

Содан бері гүл бұрынғыдан да көп өседі екен

-Балалар гүлдің қасиеті қандай екенін көрдіңдер ме?

Гүлден бал,дәрілік шөптер алынады.Гүл туралы нақыл сөздер де бар «Қыз өссе елдің көркі,гүл өссе жердің көркі» деген.

-Балалар хан ауруынан қалай жазылды?

-Табиғат аясында өскен өсімдіктің,жан-жануарлардың өз пайдасы,өз орны бар
Енді гүлдеріміздің жанына бормен сурет салайық.

Егер саған бүгінгі іс-әрекетіміз ұнаса,күннің суретін көңілді,егер шаршаған болсаң,көңілсіз түрінде сал.



Күтілетін нәтиже:

қоршаған орта мен табиғатқа қамқоршы болуды:

өсіп тұрған гүлдерді жұлуға болмайтынын,оларды күтіп қорғау керектігін:

гүлдердің өсіру жолдарын үйренді.





Балалар қимылмен

орындайды

-жылуын береді,

шуағын шашады.


-гүлдер,қызыл гүл

көк гүл,


бақша,гүлдерге су құйып жатыр

-Иә

-1,2,3,4 вагон
-қызыл,сары,көк ,жасыл түсті

-Иә


- біз достармыз

Балалар отырады


-Жайлап көтеріледі

-Қолдарын екі жағына жаяды

-Қолдарын жоғары созады

-Қолдарымен бастарын жабады

-Музыка ырғағымен тербеледі

Тәрбиешіні мұқият қызығушылықпен тыңдайды.Сұрақтарға жауап береді



Тапсырманы орындайды.










жүктеу 65,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау