142
Ӛз-ӛзін бақылау сұрақтары:
1. Мансаптың менеджментте алатын орны?
2. Менеджердің іскерлік қасиеттеріне нені жатқызуға болады?
3.Менеджердің жеке қасиеттері дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер
:
1 Бердалиев К.Б. Основы управления экономикой Казахстана. – Алматы: КазГАУ, 1998.
2 Кубаев К.Е. Теория и практика менеджмента.– Алматы, Қазақ әдебиеті, 2005
3 Кэмпбелл Д. И др. Стратегический менеджмент: Уч. пособие / Пер. с англ. Н.И. Алмазовой.
– М.: Проспект, 2003. – 336 с.
15-тақырып. Менеджмент тиімділігі
1.Менеджмент тиімділігі: ішкі және сыртқы параметрлері
2.Тиімділіктің экономикалық және әлеуметтік аспектілері
3.Менеджмент тиімділігін сандық бағалаудың методологиялық қағидалары.
4.Ӛнімділікті басқарудағы кешендік тәсіл
5. Еңбек ӛнімділігі ҧйым жҧмысының тиімділігін қамтамасыз ететін кӛрсеткіш ретінде
6 Ӛнімділікті қамтмасыз етуде коммуникциялар, шшім қабылдау және басшылық.
1 Менеджмент тиімділігі: ішкі және сыртқы параметрлері
Тиімділік» деген ұғым шығындармен және нәтижелерді ӛзара салыстырғанды ұйғарады.
Тиімділікті арттыру аз шығындармен кӛп және ӛте жақсы нәтижені алғанды кӛрсетеді.
Басқару аппараттың атқаратын жұмысының тиімділігін арттыру бірқатар факторларға
тәуелді, оларды әртүрлі белгілермен бір жүйеге келтіруге болады.
Мазмұны бойынша бұлар келесілерге бӛлінеді:
- ҧйымдық факторлар — бұл басқару аппараттың рационалды құрылымы, еңбектің
айқын функционалды бӛлінісі және кадрларды дұрыс іріктеу мен орналастыру, рационалды
құжат айналымы, еңбек тәртібі;
- экономикалық факторлар - басқару аппаратты ұстауға қажетті шығындардан,
материалдық сыйлықтар мен материалдық жауапкершілік жүйесінен тұрады;
- техникалық факторлар — баскару еңбектің механикалық қарулануымен,
техниканы пайдалану дәрежесімен, менеджерлердің техникалық мәдениеттілігімен
сипатталады;
- физиологиялық
факторлар
—
бұл
ең
алдымен
ой
еңбегінің санитарлық-гитиеналық жағдайы;
- әлеуметтік-психологиялық
факторлар
жеке
адамдар
арасындағы қатынастарды, басшылардың беделдігін, моральдық сылтауратудың
жүйесін қамтиды.
Ықпал кӛрсетудің формасы бойынша факторлардың тікелей және жанама түрлері
болады:
- баскару
еңбектің
тиімділігіне
тікелей
ықпал
ететін
факторлар. Бұндай факторларға әдетте менеджерлердің жеке атқарылатын жұмысын
ұйымдастыруды, олардың біліктілігін басқару аппаратта кадрларды дұрыс
іріктеу мен орналастыруды және т.б. жатқызады;
- ұйымның жұмысына жанама ықпал жасайтын факторлар. Бұлар ұжымның
психологиялық жайы, басқару стилі, топтардың формальды және формалъсыз
серпіндігі және басқалар.
Ықпалдың ұзақтығы бойынша қысқамерзімді және ұзақмерзімді түрлері болады.
Мысалы, қысқамерзімдік ықпалға еңбек тәртібін бұзғанды жатқызуға болады.
143
Факторлардың кӛбі ұзақмерзімдік ықпалға жатады. Мысалы, басқару стилі, психологиялық
жайлар және т.б..
Басқарудың тиімділігіне ықпал ететін факторларды формализациялау дәрежесі
бойынша санмен ӛлшенетін және ӛлшенбейтін түрлері болады. Санмен ӛлшеуге болады,
мысалы, басқару еңбекті механикаландырудың деңгейі, ақпарат тасқынының
интенсивтігі және т.б. Ал мынадай факторларды, мысалы, еңбекті і с -қ ыз метпен
қанағатганарлықты, психологиялық жағдайларды және басқа бірқатар факторларды санмен
ӛлшеуге мүмкін емес, сондықтан оларды формализациялауға болмайды.
Басқарудың тиімділігін бағалағанда мынадай сауалдарға жауап берудің
қажеттілігі туады: басқарудың нәтижесі деген не және оған жетуге байланысты шығындар
кандай? Сірә, басқарудың тиімдігі соншалықты және сондай дәрежеде болады, қандай шамада
ұйым жұмысының тиімділігін арттыртыруға оның кӛмегі болады. Бәріне белгілі, ұйымның
шаруашылық іс-жұмысының тиімділігі кӛбінесе ұйымдастыру жұмыстың деңгейімен
анықталатындығы, басқаша айтқанда ұйымның басқару аппаратынның және оның
бӛлімдерінің атқаратын жұмыстарының тиімділігімен.
Сонымен, басқару аппаратиың жұмыскерлерінің еңбек нәтижесі ең алдымен әр
деңгейдегі басқару жүйенің іс кызметінің түпкілікті нәтижесінен кӛрінеді. Бірақ аграрлық
сферада ұйымның айналысатын жұмысының тиімділігіне басқарудан басқа түрлі факторлар
ӛзінің ықпалын тигізеді: ӛткізуге жататын ӛнімнің сапасын, еңбек құралдарының ҒТП
сәйкестігі, айналым қаржысымен қамтамасыз етілуі, тӛлемқабілеті бар сұраныс және т.б.
Басқару жүйенің іс-қимылының тиімділігін бағалай отырып, оны ұстаута кететін
шығындарды басқару іс-қызметтің пайдалы нәтижесімен салыстырған қажетті. Бұл да
басқарудың тиімділігін бағалайтын маңызды бір түрі.
Басқару аппаратың басты міндеті басқарылатын объектіге оның іс-қимылының
кӛрсеткіштерін жақсарту мақсатында белсенді ықпал кӛрсету болып табылады.
3 Менеджмент тиімділігін сандық бағалаудың методологиялық қағидалары.
Жүйенің бағытына және іс-қимылының жағдайына қарай оның тиімділігінің
критериясы болып әртүрлі кӛрсеткіштер болуы мүмкін. Бұнымен бірге басқарудың
тиімділік критериясы басқару объектің оңтайлы іс-қимылмен анықталып қоймайды. Ол
басқару жүйесінде еңбектің сапалығын экологиялық және әлеуметтік тиімділікті сипаттауы
керек.
Сірә, басқарудың экономикалық тиімділігінің критериясы кӛп түрлі және оларды
қандай болмасын бір кӛрсеткішке сайып келтіруге болмайды.
Алдымен басқару объектіге жататын тиімділік критериясын қарастырайық. Бұл
критериялардың кӛрсеткіштер шеңбері ӛте кең.
Жалпы критериялар — түгелдей алған басқару жүйенің атқаратын іс-қызметінің
экономикалық нәтижесі, басқаша айтқанда кәсіпорынмен (немесе саламен) іс-қызметте қол
жеткен жетістік — ең аз шығынмен алынған ӛте кӛп техника- экономикалық нәтижелер.
Жеке жергілікті критериялар тобы:
- ӛнімді ӛндіруге немесе қызметті кӛрсетуге кеткен жанды еңбектің ең аз шығыны;
- материалдық ресурстардың ең аз шығыны;
- қаржы ресурстардың ең аз шығыны;
- негізгі ӛндіріс қорларды (Н.Ӛ.Қ.) пайдаланудың ӛте жоғары кӛрсеткіштері;
- ең аз шығындар;
- ең
жоғары
рентабельдік.
Сапалық критериялар тобы:
- кәсіпорынның техникамен жабдықталуының жоғары деңгейі;
- жұмыскерлердің қуатын (шаруасын) азайтуға әкеліп отыратын олардың еңбек
жағдайы;
Достарыңызбен бөлісу: |