1 требования к структуре умк дисциплины



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет57/63
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2077
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63

 
 
144 
          -  қысқамерзімде  берілген  норманың  шегіндегі  шығынмен  тапсырмаларды, 
келісім шарттарды (немесе қызмет кӛрсетуді) орындау; 
-  берілген  норманың  шегіндегі  тұрақгы  шығынмен  кӛрсетілетін  қызметтің 
жоғары сапасы; 
-  берілген  барлық  баска  кӛрсеткіштерді  орындауда  қызметкерлер  құрамының 
тұрақтылығы; 
- экологиялық тазалық. 
Басқарудың  тиімділігінің  критериясы  белгілі  бір  жағдайда  ӛнімнің  ең  кӛп 
шығарылуы немесе кӛрсетілетін қызметтің ең кӛптігі болуы мүмкін. 
Басқару  субъектің  іс-қимыл  жағынан,  басқаша  айтқанда  ӛзінің  басқарылатын 
жүйелеріне  қарай  алғанда,  экономикалық  тиімділіктің  критериялары  болып  саналуы 
мүмкін: 
-  басқару шешімдерді қабылдауға қажетті ақпаратты тез жинау; 
          -  оңтайлы шешімді қысқа мерзімде қабылдау қабілеттігі; 
- шешімді орындаушыларға тез арада жеткізу; 
- шешімнің айқын орындалуын қамтамасыз ету; 
- шешімнің орындалуын байқау үшін кешенді бақылау жүргізу. 
Осы  критериялардың  барлығы  белгілі  кӛрсеткіштер  жүйесінде  кӛрсетілуі  керек. 
Қысқасы  басқару  еңбектің  тиімділігін  бағалауда  бұлардыңң  бәрі  жалпы  алғанда  ұйымның 
атқаратын   іс-қызметінің   түпкілікті   нәтижелері кӛрінісін табу керек. 
Менеджердің  еңбегі  —  бұл,  аппарат  басқарудың  қызметіңде  кәсіби  қатысатын 
адамның  еңбегі.  Менеджердің  жұмысын  натуралды  кӛрсеткіштері  арқылы  тікелей 
есептеуге  қиын  келеді,  менеджер  ӛзіндік  заттар  мен  еңбек  құралын  (персоналдық 
компьютерлер, оргтехника, тесттер және т.б.)  пайдаланады;  келешектегі  басшының  оқу 
мен дайындау кезеңі ұзақ уақытты алады; басқару сапалығына жоғары талаптарды ұсынады. 
Бұның бәрі басқарушьшық еңбектің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері туралы айтуға 
мүмкіншілігін береді. 
Кез келген дәрежелі басшының қызметінде екі құрамдас бӛліктерді бӛлуге болады: ұйым 
жұмысын ұйымдастыра білуі және ӛзіндік ӛз жұмысын ұйымдастыра алуы. 
Менеджер  адамдардың  басқаруын  жүзеге  асыра  отырып,  анықталған  басқару 
стилін  шығарады.  Осы  кезде  басқарушылық  қызметі  басшыға  анықталған 
жауапкершілігін  тартқызады  және  қоғамда  кабылданған  моральдік-этикалық  нормаларын 
сақтауға талап етеді. 
Менеджердің  жеке  жұмысын  ұйымдастыру  (немесе  ӛзін-ӛзі  басқару)  құжаттармен 
жұмысы, іскерлік сұхбаттары мен келіссӛздерін  жүргізу,  жиналыстар  мен  мәслихаттарды 
ұйымдастыру сияқты осындай қызмет түрлерін алып жатыр. 
Ӛнімділікті басқарудағы кешендік тәсіл 
Еңбек ӛнімділігі ұйым жұмысының тиімділігін қамтмасыз ететін кӛрсткіш ретінде 
Алдында белгілегендей, басшының қызметінде екі құрамдас  бӛлікті бӛледі: ұжымды басқара 
алу, жеке жұмысты ұйымдастыра білу. 
Ұжымды  басқара  алуы  белгілі  бір  ұйымның  (немесе  кәсіпорынның)  алдына  қойған 
міндеттерді  шешу үшін ұжымның жігерін бағыттауға қабілеттіліктен тұрады. Осы  бӛлігінде 
басшы еңбегінің мазмұнына мыналары кіреді: 
- ұйым      қызметінің      басты      және      жеке      мақсаттарын  анықтау  және  соған  жету 
жолдары; 
        - басқару жүйесінің қалыптастыруын ұйымдастыру; 
- қажетті 
басқарушылық 
шешімдердің 
іске 
асуы 
мен 
дайындығына басшылык ету; 
- ағымдағы        қызметке        қажетті      түзетімдерді        енгізу  мақсатында    қабылданған   
шешімдердің   ӛткізу  тиімділігін талдау және бағалау; 
         - кадрларды   іріктеу,   орналастыру   және   олармен жұмысы; 


 
 
145 
- Менеджер  қызметкердің      жұмысын  ұйымдастыра  отырып,    жалпы    ережелер  
жиынтығына  басшылық етеді, оларды келесіден жатқызуға болады: 
1. 
Әр  жұмысшыны  ӛзінің  іскерлік  және  жеке  қасиеттерімен,  ұйымға  анағұрлым 
пайда келтіре алатын, тиісті жұмыс орнына пайдалануды қамтамасыз ету. 
2. 
Әр  бағынушыға  тапсырылған  ісі  үшін  қатаң  жауапкершілікті  белгілеу  және 
орындауды бақылау. 
3. 
Еңбекке    адал    ниеттік    қатынасты    және  бастаманы кӛтермелеу. 
4. 
Ұйымның        стратегиялық        пен        тактикалық  мақсаттарды  анықтай  білу 
және соған жетуді қамтамасыз ету. 
Ұжымды  сәтті  басшылық  етудің  маңызды  шарты  болып,  менеджердің  ұйымның 
стратегиялық  мақсаттарын  танып  білу  ғана  емес,  сонымен  бірге  осы  мақсатқа  жету  үшін 
ұжымның  жігерін  бағыттау  табылады.  Осы  кезде  басшының  ұжымға  сүйене  білуі, 
шешімдерді  қабылдауға  бағынушыларды  тарта  білуі  қажет.  Менеджер  ӛз  "командасын" 
құрастыра білуі қажет, яғни ұйымның алдына қойған міндеттерді шешуге қабілетті ұйымшыл 
серіктес  ұжым  болуы  тиіс.  Осындай  "комаңданың"    бар    болуы,    бір  жағынан,    жауап 
тартатын шешімдерді қабылдағанда қателерді жасамауға жағдай жасайды, екінші жағынан, 
жұмысшыларды  шешімдерін  қабылдауға  қатыстыра  отырып,  олардың  белсенділіктерін 
арттырады. 
Дегенмен,  "комаңданы"  құру,  басшыдан  жауапкершілікті  тӛмендету  мен  істеген 
қылықтарда  еркіндікті  білдірмейді.  Керісінше,  жақсы  басшыға  деген  кемшіліктерге 
шыдамсыздығы  мен  ӛзіне  және  ӛзінің  бағынушыларға  жоғары  талапшылығына  тән  болуы 
тиіс.  Соған  қоса  басшы  қатынастың  жоғары  мәдениетке  —  бағынушылармен  араласуында 
тактқа, кішіпейілділікке, сыпайыгершілікке ие болуы керек. 
Басшы  —  бұл,  ұйымның  (немесе  ішкі  бӛлімнің)  басшысы  ғана  емес,  сонымен  бірге 
бағынушылардың тағдыры үшін жауап тартатын адам. Сондықтан, ұжымға және бӛлек тұрған 
әр  жұмысшыға  камқорлығы    жақсы  басшының  ажырағысыз  бӛлігі.  Осы  туралы  "Адам 
қатынастардың  теориясы"  Мэйода  айтылады  және  жапондық  менеджменттің  практикасы 
дәлелдейді. Жұмысшы басшының қамқорлығына жауапты тапсырылған ісін одан да жақсы 
және тез орындауға тырысады, бұл ақырғы санақта ұйымның жұмыс тиімділігін арттырады. 
 
4 Ӛнімділікті қамтмасыз етуде коммуникциялар, шешім қабылдау және басшылық. 
 
Ұйымның  жұмыс  тиімділігі  басым  бӛлігінде  басшының  еңбегін  ұйымдастыруынан 
байланысты болады. 
Ол  үшін  ол  еңбек  тиімділігін  арттырудың  басты  қоры  ретінде  ӛзінің  жұмыс  уақытын 
жоспарлауға және уақытын экономдап қарастыруға үйрену керек. 
Басшының жеке жұмыс тиімділігі басым бӛлігігінде ӛз мақсаттарын дәл анықтай білуден 
және ӛз жұмысын жоспарлай алудан байланысты болады. 
Кез келген жұмыс мақсаттың қойылуынан басталу керек. Мақсаттың қойылу үрдісі үш 
кезеңнен тұрады: 
- мақсаттың орналасуынан (мен нені қалаймын?)  
- жағдайлық талдауынан (мен нені жасай аламын?)  
- мақсаттың    тұжырымынан    (мен    нақты    неге  кірісемін?) 
Мақсаттың  қойылуы  —  жоспарлаудың  басты  кезеңі.  Жоспар  -  мақсатқа  жету  үшін 
орындауға қажетті істер тізбесі. Еске сала кетсек, әр іс анықталған мерзімде орындалуы тиіс. 
Жапондық менеджерлердің пікірлері бойынша, жоспарлауға жұмсалған бір сағат, 
жұмысты орындаған кезде 3-4 сағатты үнемдейді. 
Ӛз  жұмысын  жақсы  жоспарлау  үшін,  әр  жұма  сайын  күннің  екінші  жартысында 
келесі  жетіге  негізгі  тапсырмаларды  анықтаған  пайдалы.  Бұл  үшін  апталық  кітапшаны 
пайдаланған жақсы. 
Апталық жоспарды құрастырған кезде келесі ережелерге ұстанған орынды болады: 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау