102
Басқару шешімдерінің түрлері бұл - ұйымдық шешім‚ сезуге негізделген шешім‚ пікірлерге
негізделген шешімдер‚ ұтымды шешімдер.
1) Ұйымдық шешiм дегенiмiз -лауазымды адамдардың ӛздерiне берiлген мiндеттердi
орындаулары үшiн таңдау қабiлеттiлiктерiнiң болуы. Оның мақсаты ұйымның алдында
тұрған мәселелер қозғалысын қамтамасыз ету. Сондықтан да, тиiмдi ұйымдық шешiм деп,
қабылдаған және орындалған мақсатты айтуға болады.
Ұйымдық шешiмдердi бағдарланған және бағдарланбаған деп бӛлуге болады.
А) Бағдарланған шешiм - математикалық теңдеулерде қолданылатын әрбiр қадам мен
қимылдың белгiлi бiр сәйкестiлiгiн жүзеге асырудың нәтижесi болып табылады. Немесе iс,
қимылдың айқын, белгiлi логикаға сәйкес нәтижелi түрде жүзеге асырылуы. Бұл жағдайда
альтернативаның мүмкiндiк саны шектеулi және таңдау ұйымдар белгiленген бағыттарда
жүзеге асырылады.
Бағдарлау - тиiмдi ұйымдық шешiмдер қабылдаудың кӛмекшi құралы.
Шешiмдердi қабылдауына қарай басшылар кемшiлiктердi жояды.
Б) Бағдарланбаған шешiмдер. Мұндай шешiмдер белгiсiз фактормен iлесетiн анықталған
ӛлшемде, жаңа болатын жағдайларда талап етiледi. Солай болғандықтан алдын-ала қажеттi
қадамдардың нақтылы реттiлiгiн құру мүмкiн емес. Бағдарланбағандардың санынс мына
типтегi шешiмдердi жатқызуға болады: ұйым мақсаттары қандай болуы керек, ӛнiмдi қалай
жақсарту керек, бӛлiмшенiң құрылымын қалай жетiлдiру қажет, қол астындағы адамдарды
қалай ынталандыру керек.
Келiсiмдер. Басқару проблемаларын зерттеу жӛнiнде маман ретiнде Роберт Кац былай дедi:
―Әрбiр шешiм соншама бағалы қайшылықтарды, мақсаттарды және белгiлердi меңгеруi керек.
Ол кӛзқарас жағынан үйлесiмдiден тӛмен болады. Ұйымдарға әсерiн тигiзетiн әрбiр шешiм
немесе таңдаулар (ұйғарымдар) оның қайсыбiр бӛлiгiнде негативтiк салдар ретiнде
қарастырылады.
Шешiмдердi қабылдау процесiн қарастыра отырып, ондағы екi мәселенi немесе жағдайды
қарастырған жӛн. Оның бiрiншiсі шешiм қабылдау қиын емес, бұл кезекте адам барлық iс-
қимылын таңдауға негiздейдi. Жақсы шешiм қабылдау қиын.
Ал
екiншiсi, шешiм қабылдау психологиялық процесс.
Адамның iс-қимылы, әрекеттерi
әрқашанда қимылды бола бермейдi. Бiздi кейде қисын (логика) билесе, кейде сезiм билеп
кетедi. Басшы қабылдаған ұйғарымдарға осындай екi тұрғыдан қарағанда аталған екi түрдiң
тек бiреуiне жатқызу дұрыс емес. Екеуi де қатар қолдануы мүмкiн.
Дегенмен мәселенi тек қана
сезiм
арқылы шешем деген адам, күтпген жерден кӛптеген кедергiлерге тап болады.
Статистиканың анықтауынша, қисынсыз (логика) қабылданған ұйғарымнан шығатын нәтиже
шамалы.
2) Сезуге негiзделген шешiмдер (интуитивное решение) -бұл шешімнің дұрыс екендiгiн
түсiнiк негiзiнде жасалған таңдау. Шешiм қабылдаушы бұл жағдайда ''қостаушылар'' және
''қарсыластар'' сапалы ӛлшемдерiмен айналыспайды, санаспайды.
3) Пiкiрлерге негiзделген шешiмдер. Мұндай шешiмдер кейде интуицияға да ұқсап
кетедi, себебi оларда қисын анық емес.
Пiкiрлерге негiзделген шешiмдер бұл бiлiммен немесе жинақталған тәжiрибеге сүйенген
таңдау. Пiкiр ұйымдық шешiмнiң негiзi ретiнде пайдалы, сондықтан, ұйымдарда кӛптеген
жағдайлардың жиi қайталану тенденциясы бар.
4)Ұтымды шешiмдер. Олар объективтi-аналитикалық процесстердiң кӛмегiне негiзделген.
Ұтымды шешiмдер бес кезеңнен тұрады.