1 требования к структуре умк дисциплины



жүктеу 4,26 Mb.
бет13/15
Дата22.05.2018
өлшемі4,26 Mb.
#16265
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Бақылау сұрақтары:

1. Лизинг жүйесінің мәні.

2. Коммерциялық банктер сенімгерлік операциялары.

3. Банктегі құжат айналымдылығы.


Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

  1. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Алматы: Экономика, 2007

2. Положение «О классификации активов банка и условных обязательств и расчет провизий по ним банками второго уровня РК» №218 от 23.05.1997 г. с учетом изм. и доп.

3. Закон Республики Казахстан «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года N 234



10 Тақырып. Банктегі негізгі құралдар, тауарлы материалды қорлармен және материалды емес активтермен операциялар есебі


  1. Банктің негізгі қүралдарына жалпы сипаттама және оның жіктелуі.

  2. Негізгі қүралдарды бағалау және олардың тозуы..

  3. Материалдық емес активтер есебі




  1. Банктің негізгі қүралдарына жалпы сипаттама және оның жіктелуі.

Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады. Сонымен қатар олардың қатарына Орт-сақтандыру сигнализациясыда жатады.

Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін.



Өндірістік емес бағытқа - жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады.

Өндірістік бағыты бойынша - жарғылық қызметті жүзеге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі кұралдарға банктің дәрежесін жоғарылатуға арналған заттар (картиналар, вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып, олар өздерінің құнын жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизация (тозу) сомасында көрсетілген қызметтерге аударады.

Келесі топтарға бөлінеді:

а) ғимарат және құрылыс;

ә) компьютерлер;

б) көлік құралдары;

в) құралдар және басқа да шаруашылық құрал-саймандар;

г) басқа да негізгі құралдар.

Негізгі құралдардың бухгаптерлік есеп үрдісінде банк келесі сұрақтарға жауап беруі қажет:

1. Активтерді қай уақытта тану қажет?

2. Олар баланста қандай кұнмен көрсетіледі?

3. Амортизациялық аударымдар мөлшері қандай?

4. Ақпараттарды алу үшін қандай талаптар қойылады?

16 «Негізгі құралдар» Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес (ХҚЕС) негізгі құралдар объектісін актив ретінде тану болады егер төмендегі шарттар орындалған жағдайда жүргізіледі

- берілген активтен банк келешекте экономикалық пайда алады деген ықтималдық бар болса;

активтің өзіндік құны операцияларды жүргізу кезінде сенімді түрде өлшенуі мүмкін.

Негізгі құралдардың есебі жинақталған амортизацияларды есеп-тегеннен кейін әділ баға болып табылатын, не бастапқы құн, не қайта бағалану сомасы принциптері негізінде жүзеге асырылады. Енді осыдан, негізгі кұралдарды бағалаудың төрт түрін көрсетуге болады:

• бастапқы;

• ағымдағы;

• баланстық;

• өтімділік.

Егер клиентке экономикалық тиімділік алынады деп күтілсе, жаңалықтарды алуға байланысты шығындар негізгі құралдардың ағымдық бағалық құнына қосылады.

Егер активтердің пайдалану мерзімі ұзартылса ғана банк эконо-микалық пайда ала алады.

Жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шығындары оларды жүзеге асыру шаралары бойынша жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаларына сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны — бұл негізгі құралдарды сатып алуға, тұрғызуға, өңдеуге немесе жақсарту үшін негізгі құралдарды сатып алумен, жеткізумен немесе жақсартумен тікелей байланысты, арнайы пайдалану үшін қажетті жағдайда орнатуды қоса есептегендегі барлық шығындарды қамтитын төленген сомалар.

Сонымен катар Халықаралық каржылық есеи стандарттары (16 ХСҚЕ) бойынша бастапқы құнға өтелмейтін салықтар, импорттық төлемдер де кіреді.



Ағымдық - анықталған күнге, нарықтағы сәйкес баға бойынша негізгі құралдардың құны.

Баланстық - активтердің есеп және есеп беруінде бейнелейтін жинақталған амортизация сомасын есептен шығарғаннан кейінті негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.

Жою қүны - бұл негізгі құралдарды жою кезінде істен шығару бойынша күтілетін шығындарды алып тастағаннан кейінгі пайдалану мерзімі аяқталған уақытта туындайтын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының, қоқыстардың болжанатын құны.

Нарықтық құнның өзгеруімен байланысты олардың құнының көбею коэффициентінің есебімен негізгі кұралдарды қайта бағалау индекстеу жүргізіледі. Индекстеу кезінде толық қайта қалыптасу құны келесі әдістердің бірімен анықталады: қайта есептеудің ұсынылатын коэффициенттері немесе кезекті жылдың 1 қаңтарына

жазылатын негізгі құралдардың сәйкес түрлері мен көрсетілген құралдардың нарықтық құны туралы құжаттар мен сараптаушы қорытындыларына жататын бағаға сәйкестендірілетін баланстық құнды қайта есептеу. Банк өзінің негізгі құралындағы кез келген бөлікті бір әдіспен, ал басқасын екінші әдіспен қайта бағалауға құқығы бар. Негізгі құралдардың қайта бағалануы ағымды құн бойынша жүргізіледі. Егер өндірісті алдын ала белгіленген нормативтен асырып орындаған жағдайда ғана, 16 БЕХС сәйкес негізгі құралдар объектісімен байланысты шығындар актив ретінде танылуы мүмкін. Келешек экономикалық пайданы көбейтуге әкелетін жақсартудың үлгілері:

- негізгі құралдардың қуаттылығын жоғарылата отырып, пайдалану мерзімін көбейту модификациясы (модернизация);

- өндірілетін өнім сапасын айтарлықтай жақсарту мақсатында машина бөлшектері мен буындарын игеру;

- бұрын есептелген өндірістік шығындардың қысқаруын қамтамасыз ететін жаңа өндірістік үрдісті енгізу.

Негізгі құралдарды пайдаланғанға дейінгі алғашқы операциялық залалдар шығындар ретінде танылады.

Негізгі құралдардың орталықтандырылған есебі кезінде банктің бэк-офисінде негізгі құралдар есебінің тобы бойынша әрбір бөлімшелерге шот жоспарына сәйкес келетін нұсқаумен жекелей шоттар ашылып жүргізіледі.

Фронт-офистен негізгі құралдарды кіріске алу немесе істен шығару туралы алынған мәліметтер негізінде банктің бэк-офисі, баланстан шығатын негізгі құралдардың шығуы немесе қабылдануы бойынша өткізбелерді жүзеге асырады. Ақпарат амортизация аударылып және қайта бағалау жүргізілгеннен кейін олардың баланстан тыс шотта көрсетілуі үшін банк филиалдарына жібереді. Негізгі құралдарды балансқа алу теңгемен жүзеге асырылды. Банктің бэк-офисі әр айдың аяғында ағымдағы айдың 1-күніндегі жағдай бойынша банктің негізгі құралдарының тізімдемелерін қолма-қол екі дана етіп, банктің әрбір бөлімшелеріне есеп тобының бөлігінде басып шығарады. Бірінші данасы банктің бэк-офисінде хронологиялық тәртіппен тігіледі, екіншісін банктің филиалына жібереді. Содан кейін банктің бэк-офисі өндірістік төлем төленгеннен кейін келесі күннен қалдырылмай төлем ордерінің қосымшасының кешірмесімен жеке шот бойынша көшірмені банк бөлімшелерінің бэк-офисіне жібереді. Бөлімшелердің бэк-офисі төлем ордерінің көшірмесінде көрсетілген сомаға қосылған дербес шот бойынша көшірме алу кезінде капитал салымдары бойынша лимит қысқартылады.
Бэк-офис негізгі құралдар есебініц әрбір тобы бойынша дербес шот баланстан тыс шотта жүргізіледі (олардың нөмірлерін бас банктің бас бухгалтериясы анықтайды). Негізгі құралдардың келіп түсуінде әрбір түрі және әрбір құрамы бойынша бөлек түгендеу карточкалар жасалады және бағдарламалық мүмкіндік жүргізуге болатын негізгі құралдардың есебінің журналында сәйкес келетін жазу жазылады. Жазулар теңгемен тиынсыз жазылады. Түгендеу карточкасында олардың алынуына сәйкес заттың атауы, құжаттың деректемелері көрсетіледі. Карточкалар негізгі құралдардың топтары бойынша картотекаларда орналастырылады. Жазылған жазумен бірге банктің балансына кірістеу үшін түгендеу карточкасындағы көрсетілген барлық қажет деректемелер банктің бэк-офисіне жіберіледі.
Негізгі құралдарды алу

Банктің есеп саясаты бас банктің келесідей ескертулерімен банк бөлімшелері негізгі құралдарды ақысыз өздігінен қабылдай ала ма жоқ әлде тек банктің рұқсатымен бе деген сұрақтарды қарастырады.

Негізгі құралдарды алуда жасалған келісімшарт орталықтандырылып төлеуінде фронт-офис бөлімшелері оны төлеу үшін банктің бэк-офистерінде көрсетіледі. Жекелей есеп тәртібінде келісімшарттың тәртібімен келісе отырып, банк бөлімшесінің фронт-офисі өз кезегіндегі уақытша жауапты келісімшартты орындау үшін басшысының қолын қойып төлемді жүзеге асыруға бұйрық жазып береді және бұйрықты бэк-офис бөлімшесіне береді.

Бэк-офис келісімшарттың дұрыс рәсімделуін және төлемді жүзеге асыру бұйрығын тексеріп, содан кейін ғана келісімшарттарымен келісе отырып сомаларды өтейді. Сондықтан қосымша құнға төленген салықтар негізгі құралдарды алумен қосымша құнға салықтарды (ҚҚС) төлеу шотында бейнелейді. Банктің есеп саясаты ҚҚС олардың құнына кіретін негізгі құралдардың қатарын қарастырады. Банктің жауапты қызметкері төлеу алдында жасалған келісімшарттар журналының тізімінде белгілеп қояды.

Банктің бас бухгалтері әрбір жасалған келісімшарт бойынша банк бөлімшелеріне сәйкес келетін жекелей шарттар ашады.

Банк бөлімшелерінің фронт-офисі жабдықтаушылардан негізгі құралдарды алғаннан кейін айрықшалау және шот-фактура келісімінде көрсетілген негізгі кұралдардың атауын, санын, баға өлшемін және жалпы құнын салыстырып қабылдап-өткізу актісін толтырады. Жоғарыда аталған деректемелер бірлігіне тексеріс жүргізілгеннен кейін банктің бэк-офисі алғашқы құжаттардың көшірмесін жасайды да, негізгі құралдарды кірістеудің типтік

тізімдемемен соңғы есебін банктің бэк-офисі бөлімшесі көп затты қолма-қол негізгі құралдардың әрбір заттарының құнын типтік тізімдемеде көрсетеді. Банктің бэк-офисі бөлімшелеріне жекелей төлемдер құжаттары бағытталады.

Негізгі құралдарды қабылдағанда негізгі құралдарды қабылдау актісі толтырылады (1-қосымша).

Түскен негізгі құралдарды және сонымен қатар жөндеуді талап етпейтін құрал-жабдықтарды балансқа алу келісімдегі төлемдер жүргізілгеннен кейін қолма-қол жасалынады. Келісімшарт сомасына банк бөлімшесінің атауы көрсетілген төлем ордері жазылады. Жабдықтарды орнату бойынша құрастыру жұмыстарының құны, олардың құндарының көбеюі орындалған жұмыстардың 3 және 2 актісін алғаннан кейін ғана жатқызылады.

Банктің бэк-офисі ақысыз алған негізгі кұралдарды балансқа есепке алу банктің бағалау комиссиясы орнатқан негізгі құралдардың құнына сәйкес жасалады.

Негізгі құралдарды кірістегенде және сатып алған кезде қойма басшысы, тауар тасымалдау үстемесі салыстыру шоттар жиынтыгы және негізгі құралдардыц нақтылығын растайтын басқа да құжаттар негізінде кіріс түбіртегін (квитанциясын) жазады. Кіріс квитанциялары бэк-офис бөлімшелеріне беріледі, оларды өз кезегінде кірістеу үшін банктің бэк-офисіне береді.

Есепке алынатын негізгі құралдардың әрбір объектісіне түгендеу нөмірі жазылады. Ол объектінің барлық пайдалану және ондағы жазылған бояуларды жэне т.б. білдіреді. Тізбекті қатар жүйесі бойынша негізгі кұрал-жабдық объектілері нөмірленіп, бухгалтерлік нөмірі есептің бастапқы құжаттарында көрсетіледі. Көлік құралдарының түгендеу нөмірлеріне оларға мемлекеттік автоинспекцияда енгізілген нөмірлер жатады. Шыққан объектілерге түскен негізгі құралдар сияқты түгендеу нөмірін беруге болмайды, бұл қателікке және шатасуға әкелуі мүмкін. Негізгі құралдардың аналитикалық есебі әрбір зат үшін жасалған түгендеу карточкасында, сонымен қатар негізгі кұралдардыц есебі журналында да жүргізіледі (2-косымша).

Карточкаға құралда қойылған нөмір қойылады (бастапқы немесе қайта қалпына келтіру құны, амортизациялық аударым мөлшері, кіріске алуға дейінгі тозу мөлшері және т.б.). Карточкалар бір тектес құралдардың топталған картотекасына салынады. Жалға алынған ағымдық заттардағы негізгі құралдарға түгендеу карточкалары ашылмайды. Олардың аналитикалық есебінде жалға берушісінін актісінде ұсынылған карточкалары пайдаланылады. Объектілерді қайта өңдеу, аяқтау немесе толық жабдықтау кезінде

жаңа карточка ашылады. Негізгі құралдар істен шығарылған кезде картотекадан түгендеу карточкалары алынып тасталынады.

Негізгі құралдарды алу және құрылыс, жер учаскесінің барлық жұмыстардың аяқталуымен жобалы сметалық құжаттар кассаға сақталуға беріледі және 1 теңгеге бағаланып шот меморандумға кірістеледі. Алынған негізгі құралдар ал атаулы негізгі құралдарды салуға немесе алуға кеткен барлық нақты шығындарды қоса отырып, оның ішінде сонымен қатар сатып алу кезінде төленген өтелетін салықтар және алымдар (мысалы: сатып алу кезінде келісімшартты жасауда төленген ҚҚС және т.б.) жеткізу шығындары, құрастыру, орнату, пайдалануға қосу, құрылыс кезінде алынған несиелер бойынша пайыздар, (бұндай шығындар несиелерді ұзақ пайдалануға байланысты капиталдандырады) және кез келген белгісі бойынша оларды пайдалануды жұмыс жағдайына активтерді тартумен байланысты басқа да шығындар бастапқы құнының кірістелуі кезінде бухгалтерлік баланста көрсетіледі. Шұғыл қажет деп танылмайтын шығындар (мысалы: тасымалдау кезіндегі бұзылу шығындарын өтеу) бастапқы құнды қоспай ағымдық мерзімнің шығындары болып ескеріледі.
Құрылыс жүргізу кезінде есеп айырысу тәртібі

Негізгі құралдардың құрылысы шаруашылық немесе мердігерлік әдіспен жүргізіледі. Капитал құрылысы бойынша келісімшартта көрсетілген мөлшерде аванстың бірінші белігін төлеу бекітілген келісімшартта анықталған мерзімде банк бэк-офисінде жүргізіледі, ал қалған сомаларды төлеу 2-3 нысаны бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісі мен бюджетпен қарастырылған ақша сомасы шегінде бөлімше басшысының қолы қойылған, бұрын төленген аванстарды ұстап қалудың үйлесімді есебімен нақты сомасы көрсетілген шоттарды төлеуге ұсынылған жұмыстардың құны туралы жабдықтаушылардан алынған анықтама (3-нысан) негізінде жүзеге асырылады. Мердігерлік ұйымдар әр айдың 27 жұлдызынан кешіктірілмей 2-3 нысандағы орындалған жұмыстар актісін ұсынады.

Сонымен қатар банктің бэк-офисінің (белімшесінің) жауапты қызметкері төлем жургізгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей жүргізілген төлемдер журналына белгілеп қояды.

Банктің бас бухгалтериясы әрбір мердігер бойынша төленген аванстардың сомасы есебінде бөлек дербес шоттар ашады. Капитал құрылысы бойынша жүргізілетін шығындар есебі негізгі құралдардың сәйкес топтары арқылы жүргізіледі. Келісімшарт қосымшаларымен бірге құрылыс және жөндеу бойынша мердігерлік жұмыстармен қатар тарифтерді, калькуляцияларды, еркін сметалық есеп айрысуларды банк немесе оның бөлімшелерінің басшылары тексеріп, қолдарын қоюлары керек.

Банк (белімшелер) фронт-офисі қарыздың нақты сомасын төлеу нұсқауларымен қатар, негізгі құралдарды кірістеудің нұсқауларын береді, сонымен бірге келесі жағдайларды көрсетеді:

- негізгі құралдардың жалпы сомасын;

- амортизациялық аударым әдісін;

- пайдалану мерзімі мен аударылған амортизация мөлшерін;

- өтімділік кұнын;

- негізгі кұралдарды өндірістік және өндірістік емес салада пайдалануын.

Кұрылыстың шаруашылық әдісі кезінде банктің шаруашылық қызмет жұмысшыларымен есептесуі төлем кестесіне сәйкес жүргізіледі. Құрылыстың мердігерлік әдісі кезінде мердігерлік ұйымдармен есептесу банктің жоғары басшыларымен қарастырылып, бекітілуіне сәйкес құжаттар және сметалар шегінде келісіліп жасалған шарт негізінде жүргізіледі. Егер кұрылыс банк алған материалдар есебінен жүргізілсе, онда бөлімше материал құнын төлеу үшін материал алуға мердігердің хаты мен сенім хатының жазбаша көшірмесін банкке жібереді.

Құрылыс жұмыстары аяқталысымен мердігермен, ал өндірістің шаруашылық әдісі кезінде жұмысшылар және міндетті тұлғалармен барлық есеп айырысулар аяқталуы керек. Материалдардың қалдықтары басқа объектіге жіберіледі немесе қоймаға қайтадан кірістеледі. Түпкілікті есеп айырысу банк бөлімшесінің бастығымен тексерілген және арнайы комиссиямен бекітілген объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісі негізінде жүргізіледі, сонымен қатар келісімшарт журналында түпкілікті есеп айырысуды жүргізу туралы белгі қойылады.



Негізгі құралдарды күрделі және ағымдық жөндеу

Күрделі жөндеу жүргізу үшін бас офис таңдап алынған саясатқа байланысты келісімшартта берілген сомаларды олармен жасалған келісім-шартпен өздерінің филиалдарының өкілдігін анықтайды. Келісімшарт төлемі орталықтандырылған немесе жекелей болып жүргізіледі.


Ағымдық жөндеу жұмыстарының шығындары банктің фронт-офисі арқылы алынатын шот фактура немесе келісімшарт негізінде көрсетілетін банктің бэк-офисімен төленуі мүмкін. Негізгі құралдардың ағымдық жөндеуге жасалған келісімшарттың немесе шот фактураны орталықтанған төлемінде фронт-офис бөлімшелері төлеу, үшін банктің бэк-офисіне ұсынады. Жекелей есептің тәртібінде франт-офис келісімшартына сәйкес фронт-офисі басшысының қолымен банк төлеуге өкім жазып береді және өз кезегінде келісімді орындау жауапкершілігінде өкімді бэк-офис бөлімшелеріне береді.

Банктің (бөлімшенің) бэк-офисі төлем өкімі мен келісімнің дұрыс рәсімделуін тексереді және содан кейін ғана келісімшарттарына сәйкес төлемді жүзеге асырады.

Күрделі жөндеуді жүзеге асыру барысында мердігермен жасалған келісімшартты немесе шот-фактураны жекелей төлеу кезінде бөлімшелердің бэк-офисінде өз бетінше тіркеледі.

Ағымдық жөндеу бойынша келісімшартта қарастырылған мөлшерде аванстың бірінші бөлігін төлеу банк бөлімшесінің басшысымен бекітілген төленуге тиісті шоттар мен банктің жауапты қызметкері тексеріп, қолы қойылған 3 және 2-нысандағы орындалған жұмыс туралы ұсынылған акті негізінде жасалған келісімшартта анықталған мерзімде банктің (бөлімшенің) бэк-офисімен жүргізіледі. Банк (бөлімше) бэк-офисі дебиторлардың қарызын жабады.




  1. Негізгі қүралдарды бағалау және олардың тозуы.

Амортизацилық аударымдар мен негізгі құралдарды қайта бағалау құны банктің ағымдағы жылға қабылдаған бухгалтерлік есеп (есеп саясаты) әдістеріне сәйкес жүргізіледі.

Амортизацияларды есептеу үшін келесі әдістер қолданылуы мүмкін: құнды бір қалыпты (түзу сызықты) есептен шығару, құнды орындалған жұмыс көлеміне сәйкес есептен шығару (өндірістік әдіс), құнды сандардың жиынтығы бойынша есептен шығару (шоғырланымдық әдіс), қалдықтық кему әдісі.



Құнды бір қалыпты (түзу сызықты) есептен шығару әдісі. Осы әдіске сәйкес объектінің амортизацияланатын құны оны пайдалану мерзімі ішінде бір қалыпты есептен шығарылады. Бұл әдіс амортизация сомасының қызмет ету мерзімінің ұзақтығына тәуелді болуына негізделген. Әрбір мерзімге амортизациялық аударымдар сомасы Амортизациялық құндарды пайдаланудың объектінің есепті кезеңдерінің санана бөлу жолымен есептеледі. Амортизация мөлшері тұрақты болып табылады.

Мысалы, банк бастапқы құны 100 мың теңге болатын ксерокс сатып алды, оның 5 жыл пайдаланғаннан кейінгі жою құны 10 мың теңге. Бұл жағдайда жылдық амортизация амортизациялық аударым құнынан 18 пайызды немесе түзу сызықты есептен шығару әдісіне сәйкес 18 мың теңгені құрайды. Бұл есептеулер келесі жолмен жүргізіледі:



Бастапқы құн — жою қуны =

қызмет ету мерзімі



100 000 теңге - 10 000 тенге = 18 000 теңге

5

5 жыл ішінде амортизацияны аудару 11-кестеде көрсетілген.



11. Аударылған амортизациялар: түзу сызықты әдіс, мың теңге

Мерзімі

Бастапқы құн

Амортизацияньщ жылдық сомасы

Жинақталған тозу

Қалдық құны

Сатып алған күні:

100










Жыл соңында:













бірінші

100

18

18

82

екінші

100

18

36

64

үшінші

100

18

54

46

төртінші

100

18

72

28

бесінші

100

18

90

10

Кестеден үш жағдайды көруге болады:

1) барлық 5 жыл ішінде амортизациялық аударымдар бірдей;

2) жинақталған тозу бірдей өсуде;

3) бағалық жою құнына жеткенге дейін, қалдық кұны бір қалыпты төмендейді.

Орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды амортизация есептеу әдісі. Бұл әдіс, амортизация-пайдаланудың нәтижесі болып табылады және оларды есептеу үрдісінде уақыт ешқандай роль атқармайды деген ұғымға негізделген.

Мысалға, ксерокс операциялардын анықталған көлемін жүзеге асыра алады делік, ал оның қуаттылығы 900 мың бет көшіруге есептелген. Бетке амортизациялық шығындар келесідей жолмен анықталады:

_Бастапқы құн — жою құны_

бір жұмыс бірлігінің болжанатын саны (11)


100 000 теңге - 10 000 теңге 900 000 бет= 0,10 мың бет

Егер ксероксты бірінші жылы пайдалану кезінде — 200 мың бетті, екінші жылы - 300 мың, үшінші жылы -100 мың, төртінші - 200 мың және бесінші - 100 мың бет шығаратын қуаттылығы болды десек, онда амортизациялық аударымдар 12-кестеде былай сипатталатын болады.



12. Амортизацияларды есептеу: өндірістік әдіс, мың теңге

Мерзімі

Бас-тапқы құн

Мың бет

Амортизацияның жылдық сомасы

Жинақ-талған тозу

Қалдық құны

Сатып алған күні:
















Жыл соңында:

100

200







100

бірінші

100

200

20

20

80

екінші

100

300

30

50

50

үшінші

100

100

10

60

40

төртінші

100

200

20

80

20

бесінші

100

100

10

90

10

Амортизацияның жылдық сомасы мен жұмыс бірлігінің немесе пайдалану арасында тікелей байланыс бар екенін байқаймыз. Жинақталған тозу, жұмыс бірлігінен немесе пайдаланудан тікелей туындап жыл сайын көбейтіледі.

Қалдықты азайту әдісі сол сандар сомасы әдісінің принципіне негізделген. Осы әдіс кезінде кез келген тұрақты мөлшерлеме қолдануы мүмкін, көп жағдайда түзу сызықты әдісте пайдаланып жүрген қалыппен салыстырғанда бәрінен бұрын екі еселенген амортизация мөлшерлемесі алынады. Бұл үрдіс әдетте екі еселенген амортизация мөлшерін пайдаланатын қалдықты азайту әдісі деп аталады.

Алдыңғы мысалда ксерокстің пайдалану мерзімі 5 жыл болды. Түзу сызықты әдіске сәйкес әрбір жылға амортизация мөлшері 20% (100% / 5 жыл) кұрайды. Есептен шығарудың екі еселенген

мөлшерімен қалдықты азайту әдісі кезінде амортизация мөлшері 40% (2 / 20%) тең болады. Бұл 40% тұрақты мөлшерлеме әрбір жылдың аяғында қалдық құнына жатады. Амортизация есептеген кезде болжанатын жою құны соңғы жылдан басқа есепке алынбайды, соңғы жылғы амортизация сомасы заттың қалдық құнын жою құнына дейін азайтуға қажетті шамамен шектеледі.
14. Амортизацияны есептеу: қалдықты азайту әдісі, мың теңге


Мерзімі

Бастап-қы құн

Амортизацияның жылдық құны

Жинақталған тозу

Қалдық құн

Сатып алған күні:

100







100

Жыл соңында:













бірінші

100

(40% х 100)=40

40

60

екінші

100

(40% х 60)=24

64

36

үшінші

100

(40% х 36)=14,4

78,4

21,6

төртінші

100

(40% х 21,6)=8,64

87,04

12,96

бесінші

100

(40% х 12,96)=2,96

90

10

14-кестеден амортизацияның тұрақты мөлшері әрқашанда бұрынғы жылдың қалдық құнына қолданып отырғанын көруге болады. Амортизация сомасы жылдан жылға азаяды соңғы жылдағы амортизация сомасы қалдық құнды жою құнына дейін азайтуға қажетті сомамен шектелген.

Негізгі құралдардың әр түрлілігіне байланысты әр түрлі әдістерді қолдануға рұқсат етіледі. Банк таңдап алған амортизация есептеу әдісі есеп саясатымен анықталуы керек және бір есепті кезеңнен екіншісіне кезекпен қолданылуы тиіс.

Амортизацияны аудару негізгі құралдардың әрбір тобы бойынша айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей ай сайын жүргізілуі керек.

Негізгі құралдардың бастапқы құнын анықталған күнгі қолданыста жүрген, бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілердің қайта бағалануы жүргізіледі, нәтижесінде есеп және есеп беруде негізгі құралдар ағымдағы құн бойынша көрсетіледі. Негізгі кұралдарды қайта бағалау жылына кем дегенде бір рет жүргізілуі керек.

Активтерді пайдалану шамасына қарай қайта бағалау сомасы жыл ішінде немесе жылына бір рет қолданылатын есептеу әдісіне сәйкес анықталатын көлемде бөлінбеген табысқа аударылады. Қайта бағалаудың барлық сомасы активтердің шығуы кезінде ғана бөлінбеген табысқа аударылады.

Негізгі құралдарға қайта бағалау жүргізу күніндегі тозудың есептелген сомасы негізгі құралдар құнының өзгерісіне пропорционалды түзетіледі.

Егер қайта бағалау кезінде негізгі құралдардың құны өссе, онда өсу бухгалтерлік баланстың 3540 «Негізгі құралдарды қайта бағалау қорың бабында меншікті капиталдың өсуі ретінде көрсетіледі, бірақ қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесінің есебінде табыс ретінде танылмайды. Тозуды түзетудің сомасы банктің шығындары ретінде есепке алынады.

Егер негізгі құралдар құны азайтылатын болса, онда бұл банктің қайта бағалау қоры есебінен жүргізіледі. Осы қордың қаржылары жетіспеген жағдайда негізгі құралдардың құнын төмендету банктің шығындары есебінен жүргізіледі. Негізгі кұралдарды қайта бағалау жүргізген күндегі тозудың жинақталған сомасы негізгі құралдардың құнының өзгерісіне проипорционалды түзетіледі.

Негізгі құралдардың құнын қайта бағалау мен амортизациялық аударымдарды есептеу бойынша операциялар әрбір объект бойынша жүзеге асырылады.

Орындалған жұмыс нәтижесі бойынша банк бэк-офисі орталық-тандырылған есеп кезінде әрбір түгендеу объектісі бойынша амор-тизацияларды есептеу немесе қайта бағалау бойынша жүргізілген операция туралы өкім көшірмесімен бірге дербес шоттардың үзінді көшірмесін банк бөлімшесінің бэк-офисіне жіберіледі.

Есеп беру айының соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей банк бөлімшесінің бэк-офисіне әрбір түгендеу объектісі бойынша айналым сомасын ажыратып, амортизацияларды есептеу немесе қайта бағалау бойынша жүргізілген операциялар туралы мемориалдық ордер көшірмесімен бірге дербес шоттар алу негізінде келесілер жүргізіледі:

Негізгі құралдардың есептен шығуы және істен шығуы

Банк, негізгі құралдарды қалпына келтіру мүмкін емес немесе экономикалық тиімсіз болған, сонымен қатар оларды қалпына келтірілген түрінде сату немесе заңды және жеке тұлғаларға тегін беру мүмкін болмайтын жағдайда ғана есептен шығаруға жататын объектілерді анықтайды.

Негізгі құралдарды жою кезінде негізгі құралдарды жою актісі толтырылады (3-қосымша).

Филиалдар мен сәйкес бөлімшелер филиалдардың құрылысын жүргізу, кеңейту, қайта құру немесе техникалық қайта жабдықта-


уына байланысты босатылған негізгі құралдар объектісін өткізуді жүзеге асырады.

Негізгі құралдарды өткізу үшін филиал негізгі құралдарды өткізу кезінде сомалар мөлшерін анықтау ұсынылады:

- өз бетінше;

- банк төрағасы бекіткен банк комиссиясьшьщ шешімі негізінде;

- банктің жоғары басшысының рұқсатымен; Шығарылатын негізгі құралдардың өткізу бағасы нарықтық бағаны ескеріп өз бетінше банктің есептен шығаруы бойынша комиссиямен анықталады.

Негізгі құралдарды өткізу туралы банктің жоғары басшысының шешімі келесі мәліметтерді қамтуы керек:

1) атауы;

2) баға немесе аукцион жүргізу кезіндегі бастапқы баға;

3) филиалға немесе сәйкес бөлімшеге банк бэк-офисіне сәйкес құжатты ұсыну және өткізу туралы тапсырмасы;

4) филиалдан немесе сәйкес бөлімшеден алынған құжат негізінде банктің баланстық шоты бойынша банктің бэк-офисіне сәйкес келетін жазуларды толтыру жөніндегі тапсырмасы;

5) өткізілетін негізгі құралдар атауының тізімі оларды сатып алу мерзімі, түгендеу нөмірі, баланстық және қалдық құнын, есептелген амортизация сомасы, қайта бағалау сомасы, сондай-ақ автокөлік бойынша қосымша мемлекеттік нөмірі, двигательдің және шассидің нөмірі көрсетілетін қаулыға қосымша.

Негізгі құралдарды өткізу арнайы қабылданған заң бойынша сату-сатып алу келісімнің қорытындысымен және екі жақтың да басшыларының қолы қойылып, расталған мөрімен жүзеге асырылады. Жасалған келісімшарт алдын ала бас бухгалтермен және банк филиалының заң қызметінің басшысымен бекітіледі.

Банктің негізгі құралдарын заңды тұлғаның балансына беру, банктің жоғары басшысының колма-кол шешімімен бар болса, атауы, түгендеу және зауыттық нөмірі, сатып-алу күні, бастапқы және баланстық құны, есептелген амортизациялардың сомасы, берілген негізгі құралдың қайта бағалануы көрсетілетін қабылдап-өткізу актісінің негізінде жасалады. Актіге екі жақтың өкілдерінін қолы қойылады және бас банкте банк әкімшілік қызметінің басшысымен бекітіледі және банктің баланстық шоты бойынша сәйкес жазуларды жүзеге асыру үшін актінің бірінші данасы банктің бэк-

офисіне жіберіледі. Сонымен қатар, берілген негізгі құралға филиал немесе тиісті бөлімше екі данада үлгілік тізімдеме кұрастырып, біреуін банктің бэк-офисіне жіберіледі.

Жеке тұлғаларға негізгі құралды қайтарымсыз берген кезде филиал немесе сәйкес бөлімше сыйға беру туралы келісімшартты толтырады. Келісім- шартгын бірінші данасы үлгілік тізімдемесімен бірге банк бэк-офисіне жіберіледі.

Банк бэк-офисі филиалдан немесе сәйкес бөлімшеден алынған үлгілік тізімдемесі мен қабылдап-өткізу актісі негізінде банктің баланстық шоты бойынша сәйкес келетін жазулар толтырады.

Кт 3599 «Бөлінбеген таза кіріс (өтелмеген шығындар)». Қалдық құнымен негізгі құралдарды есептен шығару кезінде баланстық құн мен есептелген тозу сомасы және жасалған қайта бағалау арасындағы айырмашылық сомасына мынадай өткізбелер жасалады:

Нақты қолда бар негізгі құралдардың болуын анықтау және олардың сақталуына бақылау жасау мақсатында нормативтік, құкықтық және басқа да актілерге сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жасалынады.

Түгендеу жүргізу кезінде негізгі құралдардың есеп мәліметтері мен қолда болуы арасындағы сәйкестікті орнатады, олардың жиын-тықтылығын, техникалық жағдайын, мақсаты бойынша пайдалану деңгейін анықтайды. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін банк бұйрығы бойынша түгендеу комиссиясы құрылады. Түгендеуді бастамас бұрын түгендеу карточкаларының, техникалық паспорттың, жалға өткізілген және қабылданған объектінің жағдайын тексереді, қажет құжаттарды дайындайды және негізгі кұралдардыц тұрған жері бойынша тізімін анықтайды.

Комиссия мүшелері лауазымды немесе материалды жауапты тұлғалардың қатысуымен негізгі құралдарды қарастырады және атауы, белгісі, түгендеу нөмірі бойынша қолда бар болу сәйкестігін тіркейді. Түгендеу кезінде анықталған есепке алынбай қалған субъектілер, сондай-ақ пайдалану мен қайта орнатуға жарамсыз негізгі құралдар бөлек жазылады. Есепке тіркелмеген объектілер кайта қалпына келтіру құны бойынша тізімдемесінде көрсетіледі. Бір мезгілде есепке алынбай қалған объектілер қашан және кімнің укімі бойынша сатып алғаны, сәйкес шығындар қайда жазылғаны анықталады. Түгендеу мәліметтері негізгі құралдардың Түгендеу тізімдемесінде көрсетіледі (4-қосымша).




  1. Материалдық емес активтер есебі

Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің анықтамасы негізгі құралдардың анықтамасына сәйкес келеді, яғни жай қызметтер үрдісінде сатуға арналмаған және ұзақ мерзімге пайдалану мақсатымен сатып алынады. Егер оларды пайдаланудан болашақта табыс алынады деген ықтималдылық болса және егер оларды сенімді бағалауға болатын болса ғана олар танылады.

Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес (№38 ҚЕХС) материалдық емес активтер басқа тараптарға жалға өткізу немесе әкімшілік мақсаттар үшін өндірісте немесе тауарлар мен қызмет көрсетуде физикалық мәні жоқ сәйкестендірілетін ақшалай емес активтер болып табылады. Және іскерлік пікірден айқын ажыратылады. Көп жағдайда мұндай активтерге бақылау орнатылады және іскерлік беделден айқын ажыратылады.

Сонымен қатар материалдық емес активтер ретінде ішкі пікірді қалыптасқан ішкі беделді, жарияланатын атауларды, клиенттердің тізімі және сәйкес сипаттың ұқсас баптарын қабылдаудың қажеті жоқ.

Патенттер, авторлық құқықтар, франшизалар, тауар таңбалары, ұйымдық және жедел шығындар айтарлықтай кең тараған материалдық емес активтер болып табылады.

Материалдық емес активтерді екі үлкен топқа бөлуге болады: айырбастауға жататын және жатпайтын.
Айырбастауға жататын материалдық емес активтер фирманың баска активтерінен бөлек сәйкестендіріліп және бөлек сатылуы мүмкін.

Кейбір айырбастауға жататын және субъектінің қызметінде айтарлықтай жиі кездесетін материалдық емес активтер төменде көрсетілген.



Патент - бұл заңды тіркелген және танылған ерекше құқық. Патенттік құкық — сырттан басқа тұлғалар араласпаған кезде патент таратылатын үрдісті немесе қызметті, бұйымдарды пайдалануға, өндіруге, сатуға және бақылауға иесіне мүмкіндік береді.

Өндіріс дизайның тіркеу өндірілетін бұйым туріне, үлгісіне немесе моделіне сәйкее келетін патентке ұқсайды. Өндіріс дизайнын тіркеу сыртқы нысанды ғана қорғаса патент қызмет көрсетуді қорғайды.



Авторлық құқық - бұл әдеби, музыкалық шығармалардың өнертапқыштар және тағы басқа авторлардың құқықтарын заңмен қорғау нысаны.

Тауар маркалары немесе тауар атаулары — бұл компанияларға, өнімдерге немесе қызметтерге берілген атаулар, символдар немесе басқа да анықталатын ұқсастықтар. Олар иемденуді көбейту үшін тіркелінуі мүмкін. Франшизалар нақты бағытты және нақты кызметті пайдалану құқығын иелену үшін шаруашылық субъектілерінің мемлекеттік меншікті пайдалану құқығын иелену немесе коммуналдық қызмет көрсету үшін үкімет органдарымен ұсынылады.

Жалға алынған меншіктің құнын жақсарту үшін мысалы, жалға алынған меншіктің модификациясы жалға алынған мүліктін шотынан дебетіне жатады. Жалға алынған мүлік жалгерге тиісті болмаса да, жал меншігін жақсарту материалдық емес активтер ретінде жіктелінеді. Жалға алынған меншікті жетілдіру жалға алынған мерзімнің қалғанына амортизациялануы немесе осы мерзімдердің қайсысы қысқарақ болуына байланысты жақсаруы керек. Сәйкестенбейтін активтер бөлек сашлуы мүмкін емес. Төменде сәйкестенбейтін активтердің кейбір мысалдары келтірілген. Материалдық емес активтердің кейбіреулерінін екі арнайы сипаттамасы бар: олар ұзак мерзімді аванстық төлемдер болып табылады және басқа сатылатындай иеленушіге ешқандай құқық бермейді. Бұл материалдық емес активтер жеке идентификациялануы мүмкін, бірақ айырбастауға жатпайды.

Кейінге қалдырылған шығындар, яғни оларды бухгалтерлік есепте болашақта табыс әкелуі мүмкін қызметтерге кеткен шығын-

дар деп атайды. Олар баланста алдын ала төленген ұзақ мерзімді шығындар ретінде көрсетіледі. Кейінге қалдырылған шығындар физикалық формасы жоқ ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.

Ұйымдастыру шығындары бұл қызметті ұйымдастыру кезіңде пайда болатын шығындар.

Материалдық емес активтерді бағалау кезінде бастапқы құн принципі қолданылады. Яғни материалдық емес активтер, активтерді сатып алумен байланысты барлық шығындарды қосатын сатып алу кұны бойынша бағаланады. Сатып алу құны - бұл барлық төлемдер немесе олардың нақты анықталғанына байланысты, алынған активтердің ағымдағы нарықтың құны. Материалдық емес активтерді есепке алу кезінде өте маңызды сұраққа материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін анықтау жатады. Қызмет ету мерзімін анықтағанда келесі факторлар ескерілу қажет:

• қызмет ету мерзімін ең жоғары шектейтін заңды, реттеуші және келісілген ереже;

• болжамды қызмет мерзімін өзгертуі мүмкін жаңарту немесе ұзарту үшін шарттар;

• кызмет ету мерзімін азайтатын тозу, сұраныс және басқа да экономикалық факторлар;

• жұмыстардың орындалуының күтілген мерзімге сәйкес келетін қызмет мерзімі;

• материалдық емес активтің бар бәсекс қабілеттілігін шектейтін бәсекелестердің және басқа да субъектілердің күтілген әрекеті;

• материалдық емес активтердің жиынтығына кіретін басқа активтердің қызмет ету мерзімі.

Материалдық емес активтердің құны активтердін қызмет ету мерзімінде жүйелі түрде есептен шығарылуы керек. Материалдык емес активтердің амортизациясы оның пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде жүйелі түрде жүзеге асырылады. Амортизацияны пайдалану әдісі активтердің экономикалық тиімділігін банктерде пайдалану моделін сипаттау керек. Егер мұндай үлгі нақты анықталған болмаса, амортизацияны теңбе тең аудару әдісін пайдалану керек. Материалдық емес активтердің тиімді қызмет ету мерзімін мерзім сайын қайта қарастыру керек. Қандай жағдайда болмасын, материалдық емес активтердің амортизациялық кезеңі, олардың сатып алған күннен бастап 40 жылдан аспауы керек. Халықаралық стандартқа сәйкес ХҚЕС 381 материалдық емес активті пайдалануда оның ағымдық, баланстық құны кәсіпорын үшін экономикалық тиімділігінен жоғарылап кетуі мүмкін. Бұндай жағдайда аморти-зацияланбаған құнды есептен шығарып және активтің құндылығының азайғанын көрсететін, шығынды мойындау керек. Сату кезінде, айырбастауда немесе материалдық емес активтердің қандай да басқа жолымен шығыс етілуі кезінде одан түскен пайданы бейнелей отырып материалдық емес активтің шотынан оның амортизацияланбаған құны есептеу шығарылады. Материалдық емес активтерде келесідей бухгалтерлік жазулар жасалынады:


  1. Екінші деңгейлі банктерде товарлы-материалды қорлар есебін жүргізу
    тәртібі.




Тауарлы-материалдық қорлардың есебі




Бухгалтерлік өткізбелерді жүргізу үшін келесі шоттарды іске асыру қажет:




ЖШЖ




Шоттардың атауы






1602




«Басқа тауарлы-материалдық қорлар»




1351,2151




«Бас офиспен есеп айырысу»




1352,2152




«Жергілікті филиалдармен есеп айырысу»




1867




«Негізгі емес қызмет бойынша басқа дебиторлар »




2851




«Бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер бойынша есеп айырысулар»




2867




«Негізгі емес қызмет бойынша басқа кредиторлар»




4922




«Негізгі емес қызметтен түскен басқа да кірістер»




5740




«Жалпы шаруашылық шығыстар »




5922




«Негізгі емес қызметтен басқа шығыстар»














Бақылау сұрақтары:

1. Комерциялық банктердің қыметі.

2. Банктегі негізгі құралдардың жіктелуі.

3. Материалдық емес активердің жіктелуі.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Закон Республики Казахстан «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года N 234

2. Инструкция по ведению бухгалтерского учета доверительных операций и кастодиальной деятельности банками второго уровня Утверждена постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 ноября 2007 года № 134


  1. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Алматы: Экономика, 2007



12 Тақырып. Дебиторлық және кредиторлық берешек есебі және қызметкерлеріне енбеқақы төлеу есебі
1. Банктің дебиторлармен жүргізілетін операцияларының есебі

2.. Коммерциялық банктердің кредиторлармен жүргізілетін операцияларының есебі



  1. Банк қызметкерлеріне еңбек- ақы есептелу және төлену есебі


1. Банктің дебиторлармен жүргізілетін операцияларының есебі

Дебиторлық берешек деп көрсетілген қызмет, жабдықтаушыларға тауарлар және қызмет көрсетулері және т.б. үшін алдын ала төлем жүргізу нәтижесінде туындаған банк әріптестерінің қарызын айтады.

Шаруашылық қызметі бойынша дебиторлармен және кредиторлармен операциялардың есебі мен бақылауы бас банктің әкімшілік- шаруашылық қызметін бағдарлау және бақылау Департаментінің жауапты бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.

Күрделі қаржы жұмсалымы бойынша дебиторлық берешек есебі жөндеу-құрылыс материалдары, жабдықтар мен құрал-саймандар үшін жабдықтаушылармен есеп айырысу, сатып алу және күрделі жұмсалым мен күрделі жөндеу бойынша шығындар үшін есеп беретін адамдарға аванс нәтижесін көрсететін 1856 «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар» баланстық шотында жүргізіледі.

Банк қызметкерлерімен есеп айырысу іс-сапар шығыны мен басқа да шығындар бойынша банк қызметкерлеріне берілген аванстық төлемдер сомасын көрсетіп 1854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу» баланстық шотында жүргізіледі.

Басқа да дебиторлар мен кредиторлар есебі уақытша және кездейсоқ сипатқа ие банктің дебиторлық берешек сомасын, басқа баланстық шоттар бойынша түсу мезетінде анықталмаған тағайындау сомасын, сондай-ақ шаруашылық қызметі бойынша есеп айырысу сомаларын көрсететін 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар» баланстан тыс шотында жүргізіледі.

Кепіл бойынша дебиторлық берешек есебі берілген кепілдік бойынша қарыз алушының берешегін көрсететін 1861 «Кепілдіктер бойынша дебиторлар» баланстан тыс шотында жүргізіледі.

Банкке көрсетілген қызметтер үшін алдын ала төлемдер (үй-жайды жалға алу, телекоммуникациялық қызметтер, телефон және ұялы байланыс қызметтері, пошта қызметі, телеграф қызметі, радио нүкте үшін абоненттік төлемдер, негізгі құралдарды жөндеу үшін алдын ала төлеу, күзет және дабылдама (сигнализация) бойынша қызметтер үшін алдын ала төлеу, коммуналдық қызметтер және т.с.с. үшін алдын ала төлеу) жабдықтаушылар ұсынатын шот-фактуралар негізінде келісімшартта келісілген тәртіпте және мерзімде жүргізіледі.

Шарт келесілерден тұрады: шарттың мағынасы, мерзімі нысаны, тауарды жеткізу мерзімі мен тәртібі, тараптардың міндеттемелері, міндеттемені орындамаған үшін тараптардың жауапкершілік шаралары, шарттың қызмет мерзімі, тараптардың заңды мекен-жайлары, СТН, экономика секторының коды, резидент екенің дәлелдейтін белгі, тараптардың өкілетті өкілдерінің қолдары, мөр таңбасы. Шарттың бір данасы банктің дебиторлар мен кредиторлар есебі бөлімшесіне тіркеу, сақтау және бақылау үшін беріледі, ал екінші данасы жабдықтаушылар ұйымына беріледі.

Банк бюджет бабындағы келісімшарт негізінде келесі деректемелер бойынша жабдықтаушыға «Іс» папкасын ашады:

- шарт түрі;

- негіздеме;

- төлем ынтагері;

- шарт нөмірі;

- жабдықтаушының атауы;

- шарт сомасы;

- есеп айырысу шоты (төлем жүргізілетін дербестік шот);

- шот атауы;

- мақсаты;

- төлем кестесі.

Түскен құжаттарды тексеріп болғаннан кейін жауапты орындаушы жинақталған және төлем құжаттарын растайды, содан кейін бөлімшеде шоттар бойынша сәйкес бухгалтерлік жазбалар жасалады.

2.Коммерциялық банктердің кредиторлармен жүргізілетін операцияларының есебі
Дебиторлық берешек бойынша мәжбүрлі шығындар дебиторлық берешектің қайтарылмай қалу залалдарын жабу немесе олардың кұнын азайту (банктің әкімшілік-шаруашылық қызметі бойынша, күрделі салым бойынша, кепілдіктер бойынша, қаржылық фьючерс бойынша) үшін қажетті қаражаттар сомасы.


  1. Банк қызметкерлеріне еңбек- ақы есептелу және төлену есебі

Банк қызметінің үдерісінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату жүргізіледі, қызметкерлердің жеке құрамының өзгеруі, жұмыс бабы бойынша ауысулар жүзеге асырылады. Есеп қызметкерлермен жұмыс басқармасында жүргізіледі. Ол барлық қызметкерлердің саны мен құрамы туралы және оның құрылымдық бөлімшелері туралы жалпы мәліметтерді алуды қамтамасыз етеді.

Еңбекақы есебі және оның төлемінің негізгі мақсаты еңбек шығындарын және төлемді есептеу шығындарын дұрыс анықтау, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануды, еңбек тәртібін және еңбекке ақы төлеу қорын пайдалану ережесін бақылау болып табылады.

Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары нормативтік құқықтық актілермен, «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңымен, жеке және ұжымдық келісімдермен реттеледі. «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңына сәйкес жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек.

Жұмысқа қабылдау, жұмысқа алу туралы бұйрықпен немесе еңбек келісімшарты негізінде жүргізіледі. Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші жұмысшының еңбек қызметін растайтын кұжаттарды талап етуге құқылы. Ондай құжаттарға еңбек кітапшасы немесе жеке еңбек келісімшарты, немесе жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрыктың көшірмесі жатады. Жұмысқа алғаш рет кірген жұмысшыларға еңбек кітапша, олардың сұрауы бойынша толтырылады.

Қызметкерлермен жұмыс бойынша басқарма жұмысқа қабылдау туралы бұйрық негізінде жеке карточка толтырады. Жұмысшыларды жұмыстан шығару кезінде «Еңбек келісімшартын тоқтату туралы бұйрық (өкім)» нысаны қолданылады. Жұмысшыны бір бөлімнен екінші бөлімге ауыстыру кезінде «Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрық (өкім)» толтырылады. Кезекті демалыс жұмысшыға «Демалыс беру туралы бұйрық (өкім)» негізіңде беріледі.

Еңбекақыны төлеу негізгі және қосымша деп бөлінеді. Негізгі, банк қызметкеріне белгіленген қызметақы бойынша жұмыс істелген уақыт үшін есептеледі. Қосымша еңбек туралы заңға сәйкес жұмыс істелмеген уақытқа есептеледі: кезекті демалысқа төлем, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс уақытына төлем т.б. Еңбекақы құрамына жұмысшыларға дивидент және пайыз түрінде төленетін төлемдер кірмейді.

Негізгі еңбекақы штат кестесінде немесе еңбек келісімшартында белгіленген көлемінде еңбек уақытын есептеу тізімінің негізінде есептеледі. Банктер еңбекақыны төлеу кезінде уақытпен төлеу нысанын қолданады. Осы нысан бойынша еңбекақыны есептеу күндік мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады, еңбекақы көлемі істелген жұмыс уақытын белгіленген тарифтік мөлшерлемеге көбейту арқылы табылады.

Жұмыс уақытын есептеу арнайы табельде жүргізіледі (1-қосымша). Бухгалтерияға келіп түскен құжаттар тексеріліп, одан әрі өңдеуге жіберіледі. Еңбекақыны есептеу үшін банк бухгалтериясында еңбекақыға арналған кітап қолданылады (2-қосымша). Онда әрбір жұмысшының еңбекақы сомасын, зейнетақы қорына жіберілген сомалар және тағы басқалар көрсетіледі.

Еңбекақы бойынша есеп айырысулар еңбекақыны төлеу үшін немесе еңбекақы және төлем тізімдемесі бойынша кітапта қолданылатын есеп-төлем тізімдемесінде жүргізіледі (3-қосымша).

Еңбекақы айына бір рет жеке және ұжымдық шартта белгіленген күнде төленеді. Егер төлеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келетін болса, онда алдын ала бір күн бұрын төленеді. Жұмыс берушінің кінәсі бойынша ақшаны беру кешіктірілген кезде, ол міндеттемені орындау күні бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша әрбір мерзімі өткен күнге өсімпұл төлейді.

Еңбекақы мөлшері еңбек шартында белгіленеді және заң актілерімен белгіленген минимумнан төмен болмауы тиіс.

Жұмысшыларға еңбекақыдан басқа, қосымша келесілер төленеді:

- демалыс уақытына төлем, пайдаланбаған демалыс уақытына жәрдемақы;

- жұмыс сипатының өзгеруіне немесе көлемінің қысқаруына (ұйым жабылып қалған кезде, құрамның, штаттың және т.с.с. қысқаруы кезінде, сондай-ақ өндірісте жазатайым уақиғаға байланысты жұмыстан босату) байланысты босатылған жұмысшыларга демалыс жәрдемақысы;

- қызметкерлердің саны немесе штаттың қысқаруымен, ұйымның қайта ұйымдастырылуы немесе жойылуына байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлерге жұмысқа қабылданған уақытқа дейін төленетін сома;

- жұмысшының орындаған жұмысына байланыссыз белгілі бір жағдайларда қызметкерлерге көрсетілетін материалдық көмек, мысалы, баланың өмірге келуінде, ақылы операция жасау


кезінде және құжатпен расталған басқа да жиынтық емес сипаттағы төлемдер; өндірістік жарақат нәтижесінен еңбек қабілеттілігін жоғалтумен байланысты жәрдемақы, еңбек міндеттемелерін орындау кезінде зиян шеккен адамдарға зиянның орнын толтыру;

— ұйымның қаражаты есебінен төленетін жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқу үшін мекеменің жіберген студенттері мен окушыларына төленетін шәкіртақы;

— кұрылыс, тұрғын үй сатып алуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға, қарызды өтеу шығындары (оның ішінде ипотекалық) және осы мақсаттарға жету үшін қызметкерлерге берілетін материалдық көмек, субсидиялар;

— әлеуметтік сақтандыру қорларынан және басқа да бюджеттік емес қорлардан жәрдемақы;

— уақытша еңбекке жарамсыз, екіқабат және баланы дүниеге әкелуге байланысты және т.с.с, жұмысшының денсаулығына зиян тигізу немесе жарақат алу жағдайындағы табыстың немесе басқа да шығынның орнын толтыру;

— қызмет бабымен жасалған іссапарларға заңды нормада бекітілген шекте іссапар шығындары;

— басқа тұрғылықты жерлерге жұмысқа жіберу, бағыттау және қабылдаумен байланысты шығындардың орнын толтыру; Қазақстан Республикасының бекітілген заңды нормасының шегінде іссапарға шығу үшін жеке көлікті пайдаланғаны үшін жәрдемақы.

Демалыс уақытына төленетін төлем

Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы беріледі. Қызметкер сол банкте 12 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін кезекті демалысқа шығуға құқылы. Еңбек демалысына төленетін төлем демалыс басталғанға дейін үш күн бұрын төленуі қажет. Демалыс мерзімі ұжымдық келісімшарттар мен ережелерге сәйкес белгіленеді, бірақ ол 18 күнтізбелік күннен аз болмауы керек. Жұмыскердің қалауы бойынша еңбек демалысы бөлініп берілуі мүмкін.

Еңбек демалысы мен пайдаланылмаған демалыс күндеріне өтемақы төлеу үшін орташа жалақы мөлшері 12 күнтізбелік айға сәйкес жалақы есебінен анықталады. Егер қызметкер демалысқа шығар алдында ұйымда бір жылдан аз уақыт еңбек еткен болса, онда

еңбек демалысы кезінде сақталатын орташа жалақысы демалысқа шығар алдындағы айдан бастап жұмыс істеген күнтізбелік айларына байланысты анықталады.

Егер барлық есептік кезең толығымен орындалған болса, онда еңбек демалысы, мен пайдаланылмаған демалыс күндеріне өтемақы төлеу үшін орташа күндік жалақы есептік кезеңце есептелген жалақы сомасын 12-ге және жұмыс күні мен белгіленген еңбек демалысын төлеу кезінде өндірістік күнтізбе бойынша жұмыс уақытының жыл сайынғы балансына сәйкес жұмыс күндерінің орташа айлық санына бөлу арқылы есептеледі.

Егер есептік кезеңдегі 12 ай толығымен орындалмаған болса, онда еңбек демалысы мен пайдаланылмаған демалыс күндеріне өтемақы төлеу үшін орташа күндік жалақы істелген жұмыс уақытына есептелген жалақы сомасын жұмыс істелген уақытқа (еңбек демалысын жұмыс күніне сәйкес беретін болса) немесе жұмыс істелген уақытқа (еңбек демалысын күнтізбелік күнге сәйкес беретін болса) сәйкес алты күндік жұмыс аптасы күнтізбесіндегі жұмыс күндерінің санына бөлу арқылы анықталады.

Еңбек демалысын есептеу үшін қабылданған енбекке төленетін сома 12-ге (бір жылдағы айлардың саны) және жұмыс уақытының балансына сәйкес анықталатын бір айдағы жұмыс күнінің орташа санына бөлінеді. Ол 1998 жылы алты күндік жұмыс аптасы үшін 25,67, ал бес күндік жұмыс аптасы үшін - 21,42 құрады. Орташа жалақы есебіне уақытша жұмысқа қабілетсіздік жәрдемақысы да қосылады. Жәрдемақы төленетін уақыт өтелген жұмыс деп саналады. Алынған орташа күндік жалақыны еңбек демалысының күніне көбейтеді.
Пайдаланылмаған еңбек демалысына төленетін өтемақы

Жеке еңбек келісімшартының қандай негізде бұзылғанына байланыссыз жыл сайынғы еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмысшыға өтемақы төленеді.


Уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде төленетін жәрдемақы

Жәрдемақы қызметкердің сырқатттануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыз кезінде, протездеу, жанұя мүшелерінің біреуі ауырған кезде қарауға кеткенде, карантин және туберкулез ауруына шалдығуына немесе кәсіптік сырқатқа байланысты басқа жұмысқа уақытша аудару кезінде, басқа жағдайларда үкімет белгілеген тәртіпте төленеді. Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы

төлеудің және есептеудің негізі еңбекке жарамсыздық парақшасы немесе анықтамалар болып табылады.

Еңбекке жарлмсыздық парақшасы - еңбекке жарамсыздығын растайтын құжат, жұмыстан босату және уақытша еңбекке жарам-сыздық бойынша, екіқабат және босану кезінде жәрдемақы алу үшін негіз болып табылады. Енбекке жарамсыздық парақшасы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға жататын кез-келген жұмыста істейтін тұлғаларға беріледі. Жұмыстан шығарылған тұлғаларға еңбекке жарамсыздық парақшасы берілмейді.

Еңбекке жарамсыздық парақшасы мен уақытша еңбекке жарам-сыздық туралы анықтама бланкілері қатаң есептілік құжаттары болып табылады. Олардың нысандары белгіленген тәртіпте бекітіледі.

Жалпы ауырған кездегі жәрдемақы көлемі жұмысшының үздіксіз өтелуіне (стаж) байланысты: жалақы есебінен 5 жылға дейін 60 пайыз, 5 жылдан 8 жылға дейін - 80 пайыз, 9 жылдан бастап -100 пайыз төленеді. Заңдылықтарда үздіксіз стажына байланыссыз 100 пайыз жалақы мөлшерінде жәрдемақы беру қарастырылған: еңбек жарақаты немесе кәсіптік сырқат нәтижесінде, ҰОС қатысқан мүгедек жұмысшыларына және басқа да мүгедектерге, 16 жасқа толмаған үш және одан да көп бала асырап отырған тұлғаларға, екіқабаттарға, сондай-ақ заңдылықтармен қарастырылған басқа да жағдайларда.

Еңбек жарақаты немесе кәсіптік сырқатқа байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы еңбекке жарамсыз болған күннен бастап жұмысқа шыққан уақытқа дейін орташа жалақының 100% көлемінде немесе жұмыс берушінің әлеуметтік сақтандыру Қорына төлеген сомасының келешекте орнын толтыру негізінде мүгедекті анықтау кезінде төленеді.

Жәрдемақыны есептеу үшін нақты жалақыға сол объектіде бекітілген енбекакы төлеу жүйесімен қарастырылған жалақының, ақшалай сыйақылардың барлық түрлері, үстемеақы және қосымша төлем, еңбек сіңірген жылдар үшін және жыл нәтижесі бойынша сыйақылар кіреді.

Азаматтарға мынадай жағдайларда жәрдемақы берілмейді: қылмыс жасау нәтижесінде жарақат алған кезде, ішімдік, нашақорлык және т.с.с. пайдалану кезінде өз денсаулығына қасақана қастандык жасаған кезде. Сонымен қатар соттың шешімі бойынша мәжбүрлі емделуге тартылған (психикалық аурумен ауратындардан басқа), олардың кінәлары анықталған кезде сот-медициналық сараптамасынан өтетін, сондай-ақ қамалудағы тұлғаларға берілмейді.


Жүкті әйелдерге және дүниеге сәби әкелуіне байланысты берілетін жәрдемақы

Әйелдерге жүкті болуына және бала босануына байланысты 70 күнтізбелік күн көлемінде және бала туылғаннан кейін елу алты күнтізбелік күн көлемінде демалыс беріледі. Жәрдемақы босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыс кезінде жалақының 100 пайыз көлемінде белгіленеді және төленеді. Ол мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға жататын жұмыс істейтін әйелдерге беріледі. Сонымен қатар сол банкте қанша уақыт жұмыс істегеніне байланыссыз беріледі.


Демалыс және мереке күндерінде істелген жұмысқа төленетін төлем

Егер жұмысшы оған белгіленген демалыс және мереке күндерінде жұмыс істейтін болса, онда екі апта ішінде демалыс берілуі қажет. Егер банк әкімшілігі демалыс бере алмайтын болса, онда сол күнге еңбекақы екі есе көлемінде төленуі қажет.


Еңбек жарақаты немесе кәсіптік сырқатқа байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы

Еңбек жарақаты немесе кәсіптік сырқатқа байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы еңбекке жарамсыз болған күннен бастап жұмысқа шыққан уақытқа дейін орташа жалақының 100% көлемінде немесе жұмыс берушінің әлеуметтік сақтандыру Қорына төлеген сомасының келешекте орнын толтыру негізінде мүгедекті анықтау кезінде төленеді.


Бала туылған (асыран алу) кезде берілетін біржолғы жәрдемақы

Бала туылған кезде сол жылдағы республикалық бюджет туралы ҚР Заңында белгіленген көлемінде біржолғы жәрдемақы төленеді. Өлі бала туылған кезде жәрдемақы төленбейді.

Бала туылған (үш айға дейінгі баланы асырап алған кезде) кезде берілетін біржолғы жәрдемақыны алуға ата-аналардың біреуі немесе орнын ауыстыратын адамның құқығы бар. Егер екі және одан да көп бала туылған кезде, жәрдемақы әр балаға бөлек төленеді. Оның көлемі ағымдагы жылға бекітілген зейнетақыны, жәрдемақыны және басқа да төлемдерді есептеу үшін қарастырылған 4 еселенген есептік көрсеткішке тең. Жәрдемақы тек бала туылғаннан кейін 6 ай ішінде шешесінің жұмыс орнынан, ал шешесі жұмыс істемесе - әкесінің жұмыс орнынан әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.
Жерлеуге төленетін жәрдемақы

Сол жылғы республикалық бюджет туралы ҚР Заңына сәйкес бекітілген көлемде беріледі. Жәрдемақы қайтыс болған адамның отбасына немесе жерлеуді өз мойнына алған басқа да жеке және заңды тұлғаларға беріледі. Өлі бала туылған кезде жерлеу үшін жәрдемақы жалпы негізде беріледі.


Қызметкерлер санының немесе штаттардың қысқартылуына байланысты берілетін жәрдемақы

Қызметкерлер санының (штаттың) қысқаруы бойынша шараларды жүзеге асырумен байланысты еңбек келісімшартын бұзу немесе кәсіпорынды қайта құру және жою кезінде кәсіпорынннан, мекемеден, ұйымнан қысқартылатын қызметкерлерге орташа жалақы көлемінде жәрдемақы төленеді.



Жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы алуға зейнетке шығуға құқығы басталғанға дейінгі еңбекке жарамды азаматтар, бекітілген тәртіпте танылған және тіркелген жұмыссыз азаматтар құқылы. Мұндай құқықты жұмыс іздеп жүрген немесе ұзақ мерзімнен кейін (бір жылдан аса) еңбек қызметін орындауға тырысатын адамдар да иемденеді.

Жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы азаматты жұмыссыз деп тіркеген күннің 8-күнінен бастап жұмысқа орналасу мәселесі шешілгенге дейін, бірақ 26 күнтізбелік аптадан аспайтын мерзім ішінде, ал жұмысын және табысын (еңбек табысын) жоғалтқан тұлғаларға, ұзақ мерзімнен кейін (бір жылдан аса) еңбек қызметін орындауға тырысатын адамдарға 112 ай ішінде төленеді.

Жұмысын және табысын (еңбек табысын) жоғалтқан азаматтар үшін жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы, егер олар жұмыссыздық басталғанға дейінгі 12 ай ішінде толық жұмыс күні немесе толық емес жұмыс күні ішінде 12 күнтізбелік аптадан кем емес уақыт аралығында жұмыс істеген болса (еңбек табысы болса) төленеді.

Жұмысын және табысын (еңбек табысын) жоғалтқан тұлғалар үшін жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы көлемі алдындағы жұмыс орны бойынша негізгі жалақыға пайыздық қатынаста анықталады.

Барлық басқа жағдайларда (оның ішінде жұмысқа енді тұрайын деп жүрген азаматтарға) жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен анықталған күнкөрістің ең төмен деңгейіне пайыздық қатынас ретінде бекітіледі.

Жәрдемақы көлемі бекітілген тәртіпте индекстеледі.


Көрсетілген және басқа да шығындарды есептеу олардың нақты төлеу уақытына байланыссыз ағымдағы айдың соңында тенгемен төленеді. Жұмыспен қамтамасыз етіп отырған жерде қызметкерлер жұмыс істеген уақыт аралығында әлеуметтік салықты, әлеуметтк қамсыздандыру алымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін жарналарды, жұмыспен қамту қорына аударымдарды шығын ретінде таниды.

Қызметкерлерге төленетін шығындар қатарына іссапарлық шы-ғындар жатады.

Шетелге қысқа мерзімді іссапарға шыққан қызметкерлерге шығындарды қайтару 29.09.98 жылдан бастап №967 «Шетел валютасында іссапар шығындарынын орнын толтыру мөлшері туралы Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысымен бекітілген мөлшер шегінде растайтын құжаттарды ұсынған кезде нақты шығындар бойынша жүзеге асырылады.

Заңмен бекітілген мөлшерден асатын іссапар шығындарын өтеу, материалдық және әлеуметтік сипаттағы төлемдер қызметкерлерге төленетін шығындар қатарына жатады. Сонымен қатар салық заң-дылықтарына сәйкес банк төлем көзі сомасынан 15% мөлшерлеме бойынша материалдық және әлеуметтік төлемнен табыс салығын ұстап қалады. Егер қызметкерлерден жеке тұлғалар табыс салығының мөлшерлемесі бойынша жалақымен бірге салық салынса көрсетілген төлемдер банктің жылдық жиынтық табысынан алынады



Бақылау сұрақтары:

1. Банк дебиторлық сұрақтары.

2. Коммерциялық банктердің кредиторлармен жүргізілетін операциялар.

3. Банктегі еңбекақы есептеудің түрлері.


Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Алматы: Экономика, 2007

2. Правила ведения документаций по кредитованию БВУ № 327 от 31.12.1998 г. с учетом изм. и доп.

3. Положение «О классификации активов банка и условных обязательств и расчет провизий по ним банками второго уровня РК» №218 от 23.05.1997 г. с учетом изм. и доп.



13 Тақырып. Банк кірісі және шығысының есебі
1.Банктің кірістері мен шығыстары түсінігі және жіктелінуі.

2.Банктің кірістері есебі.

3.Банктің шығыстары есебі.

4.Банктің бөлінбеген пайда есебі.




  1. Банктің кірістері мен шығыстары түсінігі және жіктелінуі.

Кез келген кәсіпкерлік қызметтің ең маңызды мақсаты - табыс табу болып табылады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің ең басты қызметі — осы мақсаттарға жету жолындағы банктің жетістіктері мен сәтсіздіктерін анықтау және есептілікті көрсету. Пайда — шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капитал өсімі; бұл толық табыстан толық шығыстарды шегергенге тең. Бірақ бұл анықтамалар әр түрлі қабылдануы мумкін. Бухгалтерлер «бөлінбеген пайда немесе таза табыс» терминдерін қолданғанды жөн кореді.

Таза табыс = табыс шығыс (17)

Егер шығыс табыстан асып кетсе, онда жабылмаған шығын жайлы сөз қозғалады.

Шығындар - бұл шаруашылық жүргізуші субъектіге тиесілі келісімшарттар және оқиғалардың нәтижесінде, сонымен қатар шығынның немесе акционерлік капиталды үлестірудің нәтижесі болып табылатындарын қоспағаидағы субъектіге әсерін тигізетін барлық басқа да мәмілелер, оқиғалар меи жағдайлар нәтижесінен капиталдың азаюы.

Табыс және шығыс ұғымдары әр түрлі анықталады. Жиі қол-данылатындары:

Табыс — есепті кезең аралығындағы активтер ағымы немесе өсуі немесе банк қызметінің табыс алуға бағытталған және капиталды өзгерте алатын түрлерінің нәтижесінде орын алған, жалпы қабылданған есептілік қағидаларына сәйкес өлшенген және мойындалған несиелік қарыздың азаюы нысанындағы экономикалық пайданың көбеюі.

Шығыс - есепті кезең аралығындағы экономикалық табыстың активтердің кері ағыны немесе пайданылуы түріндегі азаюына әкелетін қарыздардың пайда болуы, бұлар меншікті капитал үлесінің иелері арасында бөлетіндерінен басқасы.

Табыс банктің өмір сүру кезі болып табылады. Банксіз табыс жоқ, табыссыз банк жоқ. Табыстың мәнін анықтау, бағалау және табысты уақытпен байланыстыру бухгалтерлік есептің негізгі мәселелері.

Табыстар екі түрге бөлінеді: негізгі және негізгі емес қызмет түрлеріне байланысты.
Нәтижелі шоттарды құру тәсілін, табыстар мен шығыстардың құрамын, оларды есепке алу және есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі анықтайды және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес банкті басқару және оған салық салу үшін жеткілікті деңгейде түсінікті болуы қажет.

Бухгалтерлік есептің жалпы қағидалары тануды субъектінің қаржылық есебіне бап енгізу үрдісі ретінде анықтайды. Тану іске қосылған соманың есептің қорытынды көрсеткіштерінде көрініс табуынан тұрады.

Табыс және шығыс баптарын қанағаттандыру өлшемдері мынадай:

- бап өлшеу үшіи сәйкес негізге және іске қосылған сомаға саналы бағалау жүргізу мүмкіндігіне ие;

- болашақта экономикалық пайда алуға немесе жоғалтуға негізделген баптар үшін осындай пайдалар алынуы немесе алынбай қалуы мүмкін ықтималдық кездеседі.

Табыстар әдетте мәміле орындалған және түсімді алу және оны өлшеу мүмкіндіктеріне қатысты қатаң сенімділік болған жағдайда мойындалады. Шығыс немесе шығындар шығыс немесе алдында мойындалған актив болашақтағы экономикалық пайданы ұстай алмаған жағдайда мойындалады.

Өнімді сатудан түскен табысты мойындаудың негізгі өлшемдерінің бірі - сатушы сатып алушыға сатылған өнімге меншік құқығынан сыйақы және елеулі тәуекелдерді беруі болып табылады. Егер сатушы оны өзінде қалдырса, онда ереже бойынша, бұл мәмілені сату ретінде тануға болмайды.

Өнімді өткізгенге дсйін танылған табыс

Екі әдіс арқылы жүзеге асырылады:

1) аяқталған келісімшарт, ягни мәміле аякталған кезде табыс және шығыс шоттарымен бірге барлық шоттар жабылады және жиынтық табыс мойындалады (әдетте құрылыс кезінде);

2) аяқталу пайызымен — табыс, шығыс, жиынтық табыс әр есепті кезеңде құрылыс жобасының аяқталуын бағалау пайызы негізінде мойындалады.



Өткізу кезінде мойындалған табыс

Табысты мойындау үшін жағдайлар - мәмілені орындау және түсім алу мүмкіндігі әдетте өнімді немесе қызметті өткізген кезде орындалуы мүмкін. Бұл сату кезеңі деп аталатын әдіс.



Өткізгеннен кейін танылған табыс

Бұл жерде екі әдіс қолданылады: ақысын біртіндеп төлейтіндей етіп сату және шығындардың орнын жабу.

Бірінші жағдайда табыс сату кезінде емес, тек ақша алынған жағдайда ғана мойындалады. Екіншісі табыстардың немесе пайдалардың ақырғы өткізуін мойындауға болмайтын жағдайда.

Табысты қызмет көрсетілуі бойынша мойындау келесі әдістермен жүзеге асады:

- нақты орындалу (бір операцияны орындау кезінде қызмет көрсеткені үшін алынған табыстар есепке алу үшін қолданылады);

- үйлесімді орындалу (көп сатылы табыстарды мойындау үшін қолданылады);

- аяқталған орындалу (қызмет көрсетуден түсетін табысты есепке алу үшін қолданылады - орындалудың бірдей немесе бірдей емес кезеңдер сериясы, олардың қорытынды актісі қызмет көрсету бойынша жалпы операцияларға байланысты айтарлықтай маңызды);

- инкассолау (табыс ақшалай қаражат алынған кезде мойындалады, себебі белгісіздік өте жоғары).

Табыстар мен шығыстардың әрбір түрі банктің қызмет етуінің тиі-мділік деңгейін бағалау үшін жеке ашылады. Банктің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп құру үшін табыстар мен шығыстар маңызына қарай сәйкестілік қағидаларына сай топталады.

Табыстар және шығыстар баптарын бөлек ашып қарастыруға алып келген жағдайлар мыналарды қамтиды:

• тауарлы-материалдық қорлар құнының өткізудің таза кұнына дейін, ғимараттар мен құрал-жабдықтар құнының - қалпына келтіру кұнына дейін төмендеуі, сонымен қатар осындай төмендеуді қайта реверсиялау;

• банк қызметі құрылымының өзгеруі және кұрылымның өзгеруі бойынша шығындарға арналған кез келген резервтерді жою;

Жалпы көлемде елеусіз үлеске және бір реттік сипатқа ие табыстар мен шығыстардың жеке түрлері жеке аналитикалық жайғасымға бөлінбей, банктің басқа да табыстары мен шығыстары құрамында есептеледі.

Осылардың әрбір түрі клиенттерге ұлттық және шетел валютасында қызмет көрсетуге пайдаланыла алады. Ол үшін валюталар шегінде ақпарат алуға мүмкіндік беретін жайғасымдар (позиция) қарастырылған.

Жоғарыда айтылып кеткендей, банк шығындары - бұл есепті кезең ішінде меншікті капитал (дивидендтен басқа) үлесінің иелері арасында бөлінетін түрінен өзгеше, капиталдың азаюына алып келетін активтердің жылыстауы немесе пайдаланылуы не болмаса қарыздардың пайда болуы түрінде экономикалық тиімділіктің азаюы.

Экономикалык шығындарды табыс алу үрдісінде банк қызметтерін және өнімдерін пайдалану және тұтыну ретінде анықтауға болады. Шығыстар тек банк өнімдері немесе қызметтері табысты қалыптастыру үрдісінде қолданылған кезде пайда болады. Шығыстардың бухгалтерлік есепшоттарында және қаржылық есептілікте көрініс табуы есептілік кезеңде не кешігіп, не мерзімінен бұрын орындалады. Есепті кезең қабылданған табыс тұжырымдамасымен анықталады. Шығыстар өнімдердің немесе қызметтердің құны төмендеуі орын алғанда немесе болашақта бұларды пайдалану есебінен құн өсімі ұсынылмаған жағдайда көрініс табады. Ақша қаражаттарыньщ келіп түсуіне негізделген табыс тұжырымдамасы шығыс шегу кезеңіне уақыты бойынша шекті жақындатылып көрсетілуі қажет.

Шығыстар есепте сәйкестілік қағидасы бойынша себеп-салдарлық байланыс негізінде көрсетілген табыспен мойындалады. Сәйкестілік тек табыстар мен шығыстар арасында негізделген байланыс бекітілген жағдайда орын алады.




  1. Банктің кірістері есебі.

- есепті кезеңде шыққан өткен кезендер табыстары (өткен жылдар қателерін анықтау нәтижесінде): өткен жылдарда алынған алдын ала есептелінген пайыздар және комиссия, өткен жылдары банктің клиентерге артық төленген талап етуге дейінгі сыйақы және комиссиялық ақы, алдында үмітсіз деп есептен шығырылған қарыздардың келіп түсуі, егер олар күмәнді қарыздар бойынша резервті көбейтуге бағытталмаса;

- банк қызметкерлерінің олардың кінәсі есебінен банктің төленген айыппұлдарының орнын жабуға түсімдердің түсуі;

- алынған айыппұлдар, өсімпұл, тұрақсыздық төлемі және басқа да экономикалық санкциялар, соның ішінде есен айырысу операцияларын орындау ережелерін бұзғаны үшін клиенттерден алынатын айыппұлдар, сонымен қатар, мерзімінде жеткізбеу, корресионденцияны жоғалтқаны үшін байланыс кәсіпорынынан алынған айыппұлдар;

банк меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін табыс, сонымен қатар мәмілеге сәйкес факторингтік және форфейтингтік операцияларды жүзеге асырудан түсетін түсім;

- банк алатын басқа да түсімдер: сатылған макулатура, металл сынығы, өнделген пломба, банк көлігін иайдалану, істен шыққан материалдарды қалдық заттар ретінде өткізуден түскен табыс, негізгі қорларды жоюдан түсімдер, жұмысшыларға еңбек кітапшасын және оларға қосымша бет (вкладыш) беруден алынатын сомалар, түгендеу кезінде анықталған артық негізгі қорлар, баланстан балансқа ауыстыру тәртібі бойынша қабылданған инвентарь құны (сыйға тарту) және т.с.с.

- күтілмеген жағдайлар салдарынан туындаған басқа да төтенше табыстар.




  1. Банктің шығыстары есебі.

Ақша айналысы саласында атқаратын қызметі және негізгі шаруашылық қызметімен байланысты банк қаражат жұмсайды. Олар екі бөлікке бөлінеді: операциялық және әр түрлі шығындар және басқару аппаратының шығындары.

Операциялық және әр түрлі шығындар құрамында ең үлкен үлес салмағы банкаралық несие бойынша, мерзімді және талап етуге дейінгі салымдар бойынша есептелінген және төленген пайыздар алады.

Басқару аппаратына кететін шығындар барлық қызметкерлердің, соның ішінде басқару аппаратының жұмысшыларын қоса алғанда, еңбекақысын және әлеуметгік қамтамасыз ету шығындарын қамтиды.

•белгіленген нормалар шегіндегі іссапар шығындарының орнын жабу;

•банк штабында тіркелмеген жұмысшылардың келісілген азаматтық-құқықтық сипаттағы мәмілелері бойынша орындаған жұмыстары үшін (егер жұмысшымен есеп айырысуды тікелей банк өзі жүзеге асырса); •мәжбүрлі бос жүрген уақытына акы төлеу;

• негізгі қорлар бойынша амортизациялық аударымдар, материалдық емес активтердің тозуы, негізгі қорлардың жалға берілген бөлек объектілері бойынша амортизациялық аударымдар (негізгі қорлардың материалдық емес активтерді жоспарлы қолдану мерзіміне байланысты), егер мәміле шарттарына сәйкес амортизациялық аударымдарды жалға беруші жүзеге асыратын болса, онда негізгі қорлардың жеке объектілерінің жалына есептелген сома жалға берушіге тиесілі;

•қызмет ғимараттарының, құрал-жабдықтың барлық жөндеу түріне кеткен шығындарды қосқандағы банк құрал-саймандарының істен шығуы:

•жылуға, жарыққа, өрттен қорғау және күзетті қамтамасыз ету төлемдері;

•активтердің жіктелуіне және банктің баланстық емес міндеттемелеріне сәйкес мәжбүрлі шығындар құру;

-бланкілерді дайындау, сатыа алу және аударып жіберу шығындары, соның ішінде магниттік ленталардың қатаң есептілік бланкілері, есептеу техникаларына шығысталатын материалдар, қағаздар, қораптау материалдары;

-құжаттарды және құндылыктарды тасымалдау және сақтау үшін қолданылатын сөмкелерді, каптарды сатып алу, жөндеу және жаңарту шығындары;

-ақша каражаттарын, құндылыктарды, банк құжаттарын тасымалдау және сақтаумен, сонымен қатар басқа да банктің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындары; жұмысшылар жинауды ұйымдастыру бойынша көтерме шығындары;

-кепілдік жөндеу жұмыстарын жүргізу және банктің жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қолданылатын негізгі қорларга қызмет көрсетулер, байланыс қызметтеріне және есептеу орталықтарынын қызметтеріне ақы төлеу;

-жарнамага кететін;

-өндірістік кызмет пен кеңсе пошталық-телеграфтық, операциялык, іссапар шығындары;

-кеңес беру, ақпараттық және аудиторлық қызметтерге ақы төлеу;

- банк қызметімен байланысты өкілеттілік шығындары:

• шетел банктерін, ұйымдарын қоса алғандағы басқа банктер мен ұйымдарды ресми қабылдауды жүргізу шығындары;

• банк штабында тіркелмеген аудармашылар қызметіне ақы төлеу;

• мәдени, ойын-сауық іс шараларға бару және жұмыс бабына байланысты болған:

- қызмет автокөлігін ұстау шығындары және қызмет бабына байланысты іссапарларға өз көлігін пайдаланғаны үшін өтемақылық төлемдер;

- акцияларды, облигацияларды және басқа да бағалы қағаздарды шығарумен және орналастырумен байланысты шығындар (бағалы қағаздардың бланкілерін сатып алу, баспаханалық шығындар, бағалы қағаздарды орналастырғаны үшін басқа банктерге комиссиялық сыйақы төлеу, т.б.);

- салықтардан, алымдардан және қолданыстағы заңға сәйкес бекітілген басқа да міндетті төлемдер;

- тауар, қор, валюта биржалар қызметінің құнынан, брокерлік, дилерлік, маркетингтік қызметтерді, кеден баждарын қоса есептегенде;

- мүлікті, несиелерді және басқа да сақтандыру төлемдерін сақтандыру, егер сақтандыру төлемдері сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін міндетті түрде қайтарылуға жатпаса;

- айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы және басқа да төленуі тиісті экономикалық санкциялар;

- күтілмеген жагдайлардан туындаған басқа да күтілмеген шығындар.

Алайда акционерлердің салымдары мен өндіріп алулары шығыс және табыс болып танылмайды.

Банктің таза пайдасы табыстар мен шығыстар арасындағы айырма ретінде анықталады және акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша үлестірілуге жатады.

Банк шығындарының маңызды үлесін есеп айырысу, ағымдағы, корреспонденттік шоттар және кәсіпорындар меп азаматтардың мерзімдік салымдары бойынша есептелген пайыздар құрайды.

Салық салу мақсаты үшін нормаға келтірілген шығыстардың (өкілдік, банк қызметімен байланысты іссапар шығындары, жарнама шығындары, оқыту мекемелерімен келісім бойынша қызметкерлерді оқыту шығындары) асып кеткен бөлігі банк жұмсауында қалған табысқа жатқызылады немесе арнайы қорлар арқылы жабылады.


  1. Банктің бөлінбеген пайда есебі.

Соңғы қаржылық нәтиже - пайда немесе шығын - есепті кезең аралығында банк алған шығыстар мен табыстарды салыстыру арқылы анықталады. Осыған байланысты табыстардың азаюы салық салынатын табыстың, орталықтандырылған қорларға және резервтерге аударымдардың төмендеуіне, дивидендтердің азаюына негіз болатынын ескере отырып, олардың толықтығын, дұрыстығын, мерзімділігін және бухгалтерлік есепте көрініс табуын тексеру қажет. Керісінше, есептегі қателіктер салдарынан және басқа да себептермен табысты асырып көрсету кері нәтиже туындатады, қайтарылуы өте қиынға түсетін табыстан негізсіз төлемдер жүргізуге алып келеді.

Банктің табыстары мен шығыстары есептіліктің, сақтық және сәйкестіліктің негізгі халықаралық принциптерін негізге ала отырып танылады.

Әдетте есепті кезең аралығында танылған табыстар мен шығыс-тардың барлық баптары таза пайданы немесе шығынды анықтауда қолданылады. Осылармен бірге таза пайданы (шығынды) анықтауға төтенше баптар және есенті бағалардағы өзгерістер нәтижелері қолданылады. Осындай екі жағдай бар: маңызды қателерді түзету және есептеу саясатындағы өзгерістер нәтижелері.

Іс жүзінде есепті кезеңдегі таза табысты немесе шығынды аныққтауда қолданылатын барлық кіріс жоне шығыс баптары банктің күнделікті қызметі барысында пайда болады. Сондықтан тек кейбір жағдайларда ғана шаруашылық қызмет немесе операция төтенше баптың пайда болуына әкеледі.



Төтенше баптаркәсіпорынның күнделікті қызметінен айқын ерекшеленетін шаруашылық қызмет немесе операциялардың жүзеге асуы нәтижесінде пайда болатын табыстар немесе шығындар, сондықтан олар жиі және ылғи да пайда болады деп күтілмейді.

Шаруашылық қызмет немесе операциялардың төтенше баптардың пайда болуына негіз болатын жағдайлары активтердің экспроприациясы немесе жер сілкінісі, басқа да дүлей апаттар.

Төтенше баптардың сипатын және сомасын ашу табыстар және шығындар есебі құрамында немесе қаржылық есеп ескертулерінде жасалған кезде табыстар және шығындар есебінде жасалынуы мүмкін.

Тоқтатылған операциялар нәтижелері әдетте күнделікті қызметтен түсетін пайдаға немесе шығынға енгізіледі. Алайда кейбір жағдайларда үзу шаруашылық қызметінің немесе қалыпты емес операцияларды жүзеге асыру иәтижесінде пайда болса және олардың үнемі қайталанып отырылуы қарастырылмаса, үзу нәтижесінде пайда болған табыс немесе шығын төтенше баптар ретінде қарастырылады.

Экономикалық қызметке тән белгісіздік салдарынан қаржылық есептің бірнеше баптары нақты өлшене алмайды. Бұл жағдайда соңғы мәліметтерді қоса есептегендегі пікірталастарды енгізетін бағалау үдерісі жүргізіледі. Мысалы, үмітсіз қарыздар, тауарлы-материалдық қалдықтардың ескіруі, пайдалы қызмет ету мерзімі немесе амортизацияланылатын активтердің экономикалық пайдасын тұтынудың күтілетін үлгісінің бағасы талап етілуі мүмкін. Тиімді бағаларды пайдалану қаржылық есептерді құрудың маңызды бөлігі болып табылады және олардың нақтылығының дәрежесін төмендетпейді.

Әр түрлі кезеңдердегі қаржылық есептердің сәйкестілігін қамтамасыз ету мақсатында, есептік бағалардағы өзгерістердің бұрын кәдуілігі кәсіпкерліктен түскен табыс немесе шығындар есебіне қосылған бағаларға әсері таза пайда немесе шығын құрамына енгізіледі.

Қаржылық есептерді толтыру кезінде қате математикалық дұрыс есептемеулер нәтижесінде, есеп саясатын қолдануда, фактілерді дұрыс талқыламау, жалған мәліметтер алу немесе абайсыздық нәтижесінде туындауы мүмкін. Түзетулер, соның ішінде кезекті кезеңдегі әдетте ағымдағы жылдағы таза табыс немесе шығынды анықтауға негізделеді.

Болашақ кезеңдерге қатысты маңызды қатенің түзетілуі сомалары есеп беруде бөлінбеген пайданың бастапқа сальдосын түзету жолымен жүргізіледі.

Кезекті кезеңнің салыстырмалы мәліметтерін қоса есептегендегі қаржылық есеп беруде маңызы зор қателер сол қате жіберілген есепті кезеңде түзетілгендей етіп ұсынылады. Сондықтан әр ұсынылған есепті кезеңге жататын түзету сомасы оның таза табысын немесе шығынын қамтиды. Ұсынылған кезеңдердің ең алғашқысының бөлінбеген пайдасының алғашқы сальдосы қаржылық есеп берудегі салыстырмалы мәліметтерге енгізілген кезеңнің алдындағы кезеңге жататын түзету сомаларына түзетіледі. Өткен жылдардағы қаржылық мәліметтерді баяндау сияқты кезекті кезеңдерге көрсетілген кез келген басқа мәліметтер де басылымдарға қайта шығарылады.

Табысқа кірістірілген қаражатты алу мүмкіндігіне қатысты белгісіздік туындаған жағдайда, алынбаған немесе алынуы мүмкін емес сома алғашқы мәліметтерді түзету ретінде танылады.

Банк өз активтерін жіктейді және соларға қарсы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі анықтаған шарттарына сәйкес қажетті мәжбүрлі шығындарды анықтайды. Мәжбүрлі шығындарды құру банктің шығысы ретінде танылады.

Егер шығынға қосылған соманы банктің төлемеуіне немесе пайдаланбауына қатысты сенімділік пайда болса, онда олар басында мойындалған шығындарды түзету ретінде танылады.

Алғашында есептен шығарылған активтердің сомасын қайтару осы есептен шығару жүзеге асырылған баптардың орнын толтырады.

Банк пайдасын макрореттеу оны төмендету үшін қызмет етеді және баланстық пайда мен таза пайдаға қатысты болып келеді. Сонымен қатар жиынтық сомаларына толығымен тәуелді болатын және солармен қатар өсіп отыратын міндетті төлемдер түрі бар. Яғни табыс өскен жағдайда, оған осы үрдіспен өсуіне жол бермей, сәйкесінше шығыстар да өседі. Жәрдемақыға, жарнамаға, амортизацияға, резервтерге, негізгі құралдарды, техниканы және құрал-жабдықтарды сатып алу шығындарының шектен тыс көп болуы банктің таза табысын азайтады.

Микрореттеу мақсаты баланстық және әр уақытта максималдау кезіндегі салық салынатын табыстың азаюы болып табылады. Баланстық табыстың көбеюі таза имидждік ауыртпалықты көтереді: банк балансын баспаға шығару, баспаға шыққан банктердің кезекті рейтингіде алатын орнының жоғарылау мүмкіндігі - банктің нақтылы жағдайымен тікелей байланысты және оның болашақтағы даму мүмкіндіктерін анықтайтын, экономикалық маңызы зор және өмір сүруін қамтамасыз етуші мәселе.

Табысты макрореттеу әдістері: несие бойынша пайыздарды төмендету, депозиттер бойынша пайыздарды есептеу жолымен қызметкерлердің еңбекақысын төлеу, несиелеу әдісі бойынша құрал-жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды сатып алу және т.б. Сонымен қатар пайданы микрореттеу көп дәрежеде табысты банк операцияларын кеңейтіп және шығынды операцияларын қысқарту жолымен жүзеге асырылады. Оның үстіне әр кезеңдерде бұл операциялар әр түрлі болып келеді. Осылайша, соңғы жылдары Қазақстан Республикасында банктер валюталық операциялар, банкаралық несиелеу, корреспонденттік қатынастар айырбастау орындары, бағалы қағаздар бойынша, жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды алғашында ұлғайтып, кейіннен қысқартты. Табыстар бөлімінде осындай ұлғайту-қысқарту «толқындары» банктердің филиалды дамуының, құрылыс және жаңа бөлімшелер ашу саясаты мысалында байқалады.

Табыстар, пайдалар, шығыстар және шығындар шоттарының ерекшеліктері - олардың қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері жайында есен беру шоттары болып табылатындығында. Оларды уақытша шоттар деп атайды, себебі, мәліметтерді тек ағымдағы кезең үшін ғана жинақтауға қолданылады. Әдетте бір жыл болып келетін әр есепті кезеңнің соңында олардың қалдықтары келесі кезеңге ауыстырылады немесе жабылады. Бөлінбеген табыс туралы есеп берудегі бұл кезең аралық көшіру жабылатын өткізбелер көмегімен жүзеге асады; олар әдетте екі мақсатта қызмет етеді: таза табысты немесе шығынды бөлінбеген пайдаға аудару, келесі есепті кезеңді бастау үшін әр уақытша шоттардан нөлдік мөлшерлеме тағайындау. Осылайша, бұл шоттар келесі жылға мәліметтерді уақытша жинақтау қызметтерін атқаруға дайын болады.

Бухгалтерлік баланс шоттары (активтер, міндеттемелер, меншікті капитал) кезең аралығында жабылмайды, сондықтан оларды тұрақты шоттар деп атайды. Демек, бір есепті кезеңнің ақша қаражаты шотындағы ақырғы сальдо кезекті кезеңде де осы шоттың ақырғы сальдосы болуы шарт. Тұрақты шоттағы нөлдік сальдо тек көрсетілген объект (мысалға, құрал-жабдық) бұдан былай кәсіпорын меншігінде болмаған жағдайда (немесе толығымен амортизацияланған) орын алады. Баланстың әр шоты бойынша жыл соңындағы қалдық Бас кітапқа кезекті кезеңнің бастапқы қалдығы ретінде аударылып жазылады.

Шотты жабу - оның қалдығын келесі шотта өткізбе жолымен ауыстырып жазуды білдіреді. Мысалға, кредиттік сальдосы бар шот табыс шоты сияқты) қалдыққа тең сомаға дебеттеліп және осы қалдық аударылып жазылатын сомаға кредиттеліп жазылады. Жабылу үдерісінде кредиттік сальдо келесі шотқа кредиті бойынша, ал дебеттік - дебеті бойынша аударылады. Жабылатын өткізбелерге есепті кезеңнің соңғы күні қойылып, журналға кәдуілгі «Дебет=Кредит» пішімінде кірістіріледі және дереу Бас кітапқа тіркеледі.

Табыстар және шығыстар шоттарын жабу үдерісінде арнайы «Салыққа дейінгі табыс» деп аталатын 4999 біріктірілген шоты қолданылады. Қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері жайында есептің барлық шоттары - табыстар, пайдалар, шығыстар және шығындар осы шотқа жабылады. Кредит және дебеті бойынша қорытынды сомалардың арасындағы айырма кейіннен «Бөлінбеген табыс (шығын)» шотына аударылатын таза табыс немесе шығын сомасы болып табылады.

Жабылу үдерісі аяқталғаннан кейін қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері жайында есептің барлық шоттары нөлдік сальдоға ие болады. Содан кейін олар жаңа есепті кезеңде табыстар мен шығыстарды бейнелеуге дайын болады. Баланстың барлық шоттарында келесі жылдың бастапқы қалдығы ретінде аударылатын ақырғы қалдық болады.

Осылайша, «Салыққа дейінгі кірістер» 4999 шоты бюджетке салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленгенге дейін банк табыстарының сомасын есептеуге арналған. Дебет бойынша шығыстардың баланстық шоттары жабылған кездегі банк шығыстарының сомалары және «Бөлінбеген таза кіріс (өтелмеген шығындар)» 3599 баланстық шотына есептен шығарылған сомалар жүргізіледі.

4999 шоттың дебеті бойынша қалдық өз алдына шығыстардың табыстардан асып кетуі нәтижесінде алынған шығынды көрсетеді, кері жағдайда 4999 шоттың кредиті бойынша табыс тұрақталады.

Алынған қаржылық нәтиже дивидендтерді төлеуге жұмсалуы, резервтік қорларға аударылуы немесе қайта инвестициялануы, яғни банк қызметін кеңейтуге қолданылуы мүмкін.

5999 «Табыс салығы» баланстық шотымен қалдықтағаннан кейін, шоттың кредиті бойынша банк табыстарының сомасы жүргізіледі.


жүктеу 4,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау